Түзету мектебіндегі «Қол еңбегі» сабағының жалпы міндеттері.

Оқу сабағының негізгі мақсаты- балаларда дұрыс , жүгіртпелі, манерлі және түсініп оқу дағдысын қалыптастыру Оқу сабағының тағы бир ерекшелігі жетіспеушілікті түзету. Ақыл –есі кем балалардағы айтуының кемістігі сияқты кемістіктер түзеледі, зейіні тұрақты болады, есте сақтауы жақсарады, логикалық ойлауы дамиды. Оқығанның мағынасын түсіну жолындағы жұмыстар арқылы баланың ойлауын жөндеуге болады, сөздік қоры байытылады, монологикалық ойлауы жөнделеді.

Еңбекке оқытудың жалпы міндеттері болып мыналар табылады:

- Оқушы тұлғасын жағымды қасиеттерге тәрбиелеу ( еңбекке суйгіштік, ұжымда жұмыс истей алу қабілетін және т.б ) еңбек түрлері бойынша қарапайым білімдерді хабарлау, еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбектің қарапайым түрлерін тәсілдерін оқыту, еңбекке дербес болуын дамыту.

- Ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру, еңбек сабағына тура уакытысында келу, қол еңбегі сабағына ұйымдасқан түрде кіру, тек өзінің ғана жұмыс орнында жұмыс істеу, онда материалдар мен құрал саймандарды дұрыс жайғастыру, оларды соңынан жинастыру, жұмыстың ішкі тәртіп ережелері мен қауіпсіздіктерін білу және дұрыс орындау, сонымен қатар оларға қойылатын санитарлы- гигиеналық талаптарды ұстану.

Қол еңбегін танымдық сферасының кемістіктерін түзетуге міндетті түрде қолдануы тиіс. Ең алдымен байқағыштығын, қиялын, сөйлеуін, кеңістікті бағдарлауын түзетуі тиіс. Мұғалім зейіні оқушылардың материалдық ерекшелік теріне сүйене отырып, келешек бұйымның көрінісін жоспарлы және мақсатка бағыттап көз алдына елестету қабілетін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

Қол еңбегі сабағының арнайы міндеттері:

Ақыл есі кем балаларды еңбекке оқытуды көмекші мектебінің оқу жіне түзете тәрбиелеу жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызды бөлігі болып табылады. Бастауыш сыныптардағы қол еңбегі пәні арнайы және міндеттерді шешумен қатар оқушыларды кәсіптік еңбекке оқытуға дайындауға бағытталған.

Еңбекке оқытудың жалпы міндеттері болып мыналар табылады:

  1. Оқушы тұлғасын жағымды қасиеттерге тәрбиелеу ( еңбексүйгіштік, ұжымда жұмыс істеи алу қабілітін және т.б), еңбек түрлер бойынша қарапайым білімдерді хабарлау, нңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбек қарапайым тәсілдерін оқыту, еңбекке дербес болуын дамыту.
  2. Ұйымдастырушлық қасиетін қалыптастыру;
  3. Еібек сабағына тура уақытында келу, қол еңбегі сыныбына ұйымдасқан түрде кіру, тек өзінің ғана жұмыс орнында жұмыс істеу, онда материалдармен құрал сайманлдарды дұрыс жайғастыру, оларды соынан жинастыру, жұмыстың ішкі тәртіп ережелері мен қауіпсіздіктерін білу және орындау, сонымен қатар оларға қойылған санитарлық гигиеналық талаптарды ұстану.

Еңбекке оқытудың арнайы міндеті оқушылардың ақыл ой әрекетінің кемшілігін түзету болып табылады.Түзету жұмысы еңбек тапсырмаларын орнындауға арналған қажетті дағдылар қатарының дамуынан көрініс табуы қажет: тапсырма шоғырлануы ( бағдарлану) (обьектіні талдау, бұрынғы тәжірибені вбелсендіру), Бұйыммен жұмыс істеу кіріспесін алдан ала жоспарлау( өнімді жасап шығарудың логикалық бірізділігін жасап шығару, жұмыс тісілдерін және оның орындалуында қажетті құралдарды анықтау, жасаланған жұмыс жайлы есеп беру.), өзінің жұмысын қадағалау. ( іс әрекет пен олардың нітижелердің дұрыстығын анықтау, дайын бұйымдардың сапаларын бағалау.).








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 3676;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.