дәрістің тақырыбы Автобустың жалпы үйлесімі

15.1 Салмақтық және габариттік параметрлердің сипаттамасы

Жүргізушінің жұмыстық орнының геометриялық өлшемдерін, басқару органдары мен жүргізуші орнынан шолуды сипаттайтын параметрлерге қойылатын талаптар ГОСТ 12.2.023-76 анықтайды.

Жүктік автомобильдер сияқты автобустарға әлемнің көп елдерінде салмақтық параметрлер мен габариттік өлшемдер заңды түрде бекітілген.

ТМД елдерінде автобустар ( жүктік автомобильдер сияқты) екі топқа бөлінеді: А тобы - қала ішінде, қала маңында және қала аралық жолаушылар тасымалдайтын автобустар, яғни бұлар жалпы жол желілерінің 1 және 2 категориялы жолдарда пайдалануға арналған; Б тобы - жергілікті жолаушылар тасымалына арналған, яғни жалпы жол желілерінде пайдаланады.

А тобындағы автобустардың осьтік жүктемесі келесі шамалармен шектеледі: қалалық және қала маңында пайдаланатын автобустар үшін 15 кН, қала аралық автобустар үшін 100 кН; Б тобындағы автобустар үшін 70 кН.

Конструктор автобустарды үйлестіргенде қозғалтқыштың, берістер қорабының, қосалқы доңғалақ пен басқа агрегаттардың орналасуын қиылыстыра отырып, алдыңғы және артқы белдіктердің доңғалақтарының біркелкі жүктелуін ескеріп, осьтік жүктемелердің үйлесімді үлестірілуін іске асырады.

Автобустың массасын азайту күштік агрегатты артына орналастырып, оны сол жаққа жылжыту, пневматикалық аспа, төмен профильді шиналар, шанаққа эргономикаға сай келетін жаңа көтеретін жүйелер, жаңа материалдар, прогрессивті технологиялар және т.б. қолдану арқылы қол жеткізіледі.

15.2 Қозғалтқыш пен трансмиссия орналасуының құрылыстық схемаларын талдау

Автобустың үйлесіміне қозғалтқыштың орналасуы маңызды әсерін тигізеді. Қазіргі кезде қозғалтқыш орналасуының келесі негізгі схемаларын қолданады: Қозғалтқыш алдында орналасқан (15.1 сурет, а); алдыңғы белдік үстіне орналасқан (15.1-сурет, б); еден астында табан төңірегінде (15.1-сурет, в); қозғалтқыш артында бойлық орналасқан (15.1-сурет, г); қозғалтқыш артында және сол жаққа жылжытылған (15.1-сурет, д).

Қозғалтқыш алдында орналасқанда осьтік жүктемелердің жолға үлестірілуі қолайсыз болады және алдыңғы салбыратудың азаюына және артқы салбыратудың үлкеюіне соқтырады. Бұл схеманың кемшілігі болып салонның қозғалтқыштан жекеленуі нашарлауы, көп звенолы трансмиссия қолдануына байланысты діріл пайда болу қауіпі табылады.

Алдыңғы үйлесімнің артықшылығы ретінде мыналарды көрсетуге болады, атап айтқанда, күштік агрегатты басқару оңай болады, салқындататын радиаторды қою ыңғайлы болады, багажниктерді артына және бүйірден орналастыруға мүмкіндік береді.

Қала аралық және туристік автобустар үшін қозғалтқыштың артында орналасуы өте қолайлы болады. Оның артықшылығына мыналар жатады: салоннан қозғалтқыштың жекеленуі; мейлінше аз дірілдер; осьтік салмақ жақсы үлестірілуі; автобустың барлық ені бойынша көлемді багажниктер жасау мүмкіндігі; салон сыртында қозғалтқышқа жақсы қол жетімділік.

Соңғы екі схемалардың кемшілігі ретінде күштік агрегатты басқару мен қозғалтқышты салқындататын радиатордың орналасуының қиындауы есептеледі.

15.1-сурет. Автобустың қозғалтқышы мен трансмиссиясы орналасуының негізгі схемалары

Қалалық автобустар үшін қозғалтқыш пен трансмиссия орналасуын таңдап алу ең қиын мәселе болады, сонда жолаушылардың тез кіруін, өтуі мен шығуын және қауіпсіздігі мен ыңғайлығын сипаттайтын параметрлерді ескеру керек, ал бұлар саты санымен және биіктігімен, еден деңгейімен және оның тегістігімен, өту енімен, есік жанындағы жинақтайтын алаңдармен, есіктер санымен және олардың орналасуымен анықталады.

ТМД елдерінде үлкен және өте үлкен сыйымдылықты автобустар өндірісі көзделіп отыр. Мысалы, ЛиАЗ-677М қалалық автобустың орнына ЛиАЗ-5256 үлкен қалалық автобусы шығарылады, ал бұл автобуста күштік агрегат артқы салбыратуға орналастырылған, осының арқасында салонды жоспарлауды жақсартуға, еден деңгейін төмендетуге, шу мен дірілді азайтуға, жүргізушінің жұмыс жағдайын жақсартуға қол жеткізіліп отыр. Күштік агрегат артына қойылған үлкен және өте үлкен сыйымдылықты автобустардың екі түрлі үйлесімі болуы мүмкін: автобустың бойлық осьі бойынша қозғалтқыш артында орналастырылған (15.1-сурет, г) және автобустың бойлық осьіне 6о бұрышпен қозғалтқыш артында қойылған және де сол жаққа жылжытылған (15.1-сурет, д). Соңғы шешімнің бірнеше артықшылықтары бар, атап айтқанда, еденді автобустың барлық ұзындығы бойынша 630 мм биіктікте тегіс қылып орындауға мүмкіншілік береді, сонда оны бірінші шешіммен салыстырғанда 110 мм төмен орындауға болады, автобустың массасын шамалап 150 кг азайтуға, сатылар мен аяқ қойғыштар ауданын екі есе азайтуға мүмкіншілік береді.

15.3 Автобус табанан, алдыңғы және артқы салбыратуды таңдау

Бұлардың өлшемдері қозғалтқыш пен трансмиссия орналасуына, есіктердің орналасуына, осьтік жүктемелердің үлестірілуіне, автобустың маневрлік және жүргіштік, орнықтылық, басқару параметрлеріне тәуелді болады.

Қазіргі кездегі европалық ұзындығы 11 және 12 м болатын автобустардың табаны 5,4...6,7 м құрайды.Ұзындығы 11 м болатын қалалық автобустардың табандары әртүрлі елдерде тарлау аралықта өзгереді және 5500...5600мм құрайды.

Қала аралық автобустар үшін комфорт және орнықтылық шарттары бойынша доңғалақтық табанның үлкеюі жағымды келеді; тау жолдарында пайдаланатын автобустар болса, маневрлік шарттары бойынша оны азайтқан жөн; қалалық автобустарда маневрлік шарттары бойынша және алдыңғы және артқы салбырату төңірегінде есіктер орналастыру керектігінен оны азайтқан дұрыс болады.

Әлемнің көп елдерінде артқы салбырату автобус табанының келесі мөлшерін құрайды: Англияда 60 % аспайды, Голландия мен Швейцарияда 67%, Европаның көп елдерінде 60 % аспайды.

15.4 Еден деңгейінің биіктігін таңдау

Жолаушылардың қалалық автобусқа тез кіруі мен шығуы, қауіпсіздігі, ыңғайлығы сатылар санымен және олардың биіктігімен, еден деңгейінің биіктігімен және оның тегістігімен анықталады. Сондықтан қалалық автобустарда еден деңгейінің биіктігі төмендетуге және оны тегіс қылып жасауға тырысады. Еден деңгейінің биіктігі қабылданған қозғалтқыш пен трансмиссия орналасу схемасына байланысты болады. Қозғалтқышты артқа қою және оны сол жаққа жылжыту еден деңгейін төмендетуді қамтамасыз етеді және оны тегіс қылып орындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар еден деңгейінің биіктігі Н9 (15.2-сурет) доңғалақ радиусіне Н11, негізгі беріс картерінің биіктігіне Н1, аспаның динамикалық қысу жүрісін С анықтайтын аспаның түріне тәуелді болады.

15.2-сурет. Автобус еденінің деңгейін анықтауға арналған артқы белдіктің схемасы

ГОСТ 10022-75 еден деңгейінің биіктігін Н9 (15.4-сурет) анықтайды, сонда ол жүктелмеген қалалық және қала маңында пайдаланатын автобустар үшін келесі шамаларды құрауы тиіс: ұзындығы 7...7,5 м автобустар үшін 880 мм; 8 м және одан да үлкен автобустар үшін 740 мм; қозғалтқыш еден астында орналастырылса, онда автобус табаны төңірегінде 820 мм.

Орындықтар қойылған жерлерде еден деңгейінің биіктігі Н10 200 мм дейін жоғарылатуға болады.

Жол деңгейімен салыстырғанда аяқ қойғыш биіктігі Н11 ұзындығы 7...7,5 м болатын жүктелмеген автобус үшін 400 мм аспауы тиіс, ал ұзындығы 8 м астам автобустар үшін 360 мм аспауы керек. Саты биіктігі Н12 270 мм аспауы тиіс.

Орындықтар қойылған жерлерде еден деңгейінің жоғарылауы Н9 ГОСТ 21777-76 бойынша 270 мм дейін болуы мүмкін. Жол деңгейімен салыстырғанда аяқ қойғыш биіктігі Н10 жүктелмеген автобус үшін 430 мм дейін болуы тиіс, ал саты биіктігі Н11 300 мм аспауы керек.

15.5 Радиаторды, қосалқы доңғалақты, аккумулятор мен отын багын орналастыру

Радиатордың орналасуы көп факторлармен анықталады, сондықтан белгілі бір ұсыныс бұл туралы жоқ. Әрине, радиаторды қозғалтқыш жанына жақынырақ қойған дұрыс. Ең жақсысы оны қозғалтқыш қасына қою. Берілген қозғалтқыштың бойлық орналасуында радиаторды қозғалтқыш қасына оның осьіне параллель немесе перпендикуляр қояды. Бұл жағдайларды ауаның кәдімгі тегеурінін аздау пайдаланады және де желдеткіштің керекті шығыны үлкейеді.

Қосалқы доңғалақты орналастырғанда келесі екі мәселеге көңіл бөледі: жолға түсетін осьтік жүктемелер және жүргізушінің өзі массасы 80...140 кг болатын қосалқы доңғалақты алуға және қоюға керекті ең азғантай күш жұмсау мүмкіндігі. Қосалқы доңғалақты вертикаль қою жүргізушіге оны домалатуға, істік құралға оны бекітіп, көтеруге жеңіл болады.

Егер қосалқы доңғалақ еден астына орналастырылса, онда ол горизонталь жатады, ал еденнен жоғары (артында бүйір жағында, қозғалтқыш бөлігінде, алдында жүргізуші орындығының артында және т.б.) вертикаль қойылады.

Қалалық автобустарда қосалқы доңғалақ қоймайды.

Аккумуляторды шанақтағы арнайы жылжымалы жәшікке қояды, еден астына оны көбірек орналастырады, кей кездерде қозғалтқыш бөлігінде қояды. Аккумулятордың салмағы 60...120 кг болғандықтан, автобусты үйлестіргенде жолға түсетін осьтік жүктемелерді реттеуге болады.

Отын багын әдетте автобус табанының төңірегінде орналастырады. Қозғалтқыш бойлық орналастырылғанда отын багын рама астында артында орналастырған қолайлы болады, сонда жолға түсетін жүктемелерді жақсы үлестіруге мүмкіндік пайда болады. Шын мәнісінде автобустардың толық толтырылған отын багының массасы 95...350 кг құрайды.

15.6 Жолаушылар бөлмесін жоспарлау

Жалпы қойылымдар

Жолаушылар бөлмесін жоспарлау ретінде орындықтардың, жүргізушінің жұмыстық орнын, тұрмыстық құрылғыларды (багажниктер, туалет, буфет, киім ілгіштер), есіктерді, аяқ басқыштар мен қол ұстағыштарды орналастыруды түсінеді. Автобустың жолаушылар бөлмесін жоспарлау мыналармен анықталады: автобустың қажеттігі; стандарттар, нормалар немесе пайдаланатын кәсіпорынның талаптары; автобус өлшемдері; автобус үйлесімі (қозғалтқыштың орналасуы, доңғалақтық табан өлшемдері, алдыңғы және артқы салбыратулардың өлшемдері, шина өлшемдері); комфорт талаптары мен тұрмыстық құрылғылардың көзделуі.

Автобустардың жолаушылар бөлмесін жоспарлау өлшемдері ГОСТ 10022-75 және ГОСТ 21777-76 бекітілген.

Жолаушылар бөлмесін жоспарлау орындықтардың орналасуы және қатар саны бойынша жіктеледі. Қатар саны бойынша жоспарлау төрт қатарлы, үш қатарлы, екі қатарлы және аралас деп бөлінеді. Орындықтардың орналасуы бойынша автобустың қозғалыс бағытымен орналастырылған, автобустың қозғалыс бағытына қарама қарсы орналастырылған, борт бойымен, бойлық жылжытумен және купе тәрізді жоспарлау деп бөлінеді.

Қалалық және қала маңында пайдаланатын автобустардың жолаушылар бөлмесін жоспарлау

Қалалық автобустарға негізгі қойылатын талап болып жолаушылардың тез кіруі, өтуі және шығуы, қауіпсіздігі, ыңғайлығы, тез хабарлама берілуі, жолаушылар ағынының тәуліктік қарқындылығына бейімталдығы табылады.

Қалалық автобустар үшін үш қатарлы орындықтар жоспары негізгі ретінде қабылданған (15.3-сурет, а). Дәлелденген жағдайларда екі жақта екі отыратын орындықтар қоюға рұқсат етілген (15.3-сурет, б). Қала маңында пайдаланатын автобустарда төрт қатарлы орындықтар жоспары қабылданған (15.3-сурет, в).

Қалалық автобустарда номиналды сыйымдылықта түрегеліп тұрған жолаушылар орындары мен отыруға арналған орындықтар сандарының ара қатынасы 2:1, ал қала маңында пайдаланатын автобустар үшін 2:1 төмен болады.

а,б - қалалық автобустың сәйкес үш қатарлы және аралас жоспары; в-қала маңында пайдаланатын автобусты жоспарлау
15.3-сурет. Қалалық және қала маңында пайдаланатын автобустарды жоспарлау

Автобустың номиналды сыйымдылығын салонның пайдалы ауданы мен жолаушыға тиесілі номиналды аудан нормасынан анықтау керек. ГОСТ 10022-75 бойынша жолаушыларға қалалық және қала маңында пайдаланатын автобустарда бір отырған жолаушы үшін 0.315 м2 ; бір түрегеліп тұрған жолаушы үшін 0.2 м2 (1 м2 5 адам орналасуы тиіс) аудан көзделінген. Автобус шамадан тыс жүктелгенде қалалық автобустарда түрегеліп тұрған жолаушы үшін көзделінген аудан 0,125 м2 азайтылуы мүмкін (1 м2 8 адам орналасуы мүмкін).

Жолаушылар орындықтары мен жолаушылар бөлмесінің негізгі өлшемдері ГОСТ 10022-75 бекітілген (15.4-сурет).

15.4-сурет. Қалалық және қала маңында пайдаланатын автобустардың жолаушылар бөлмесін жоспарлаудың негізгі параметрлері

Қала аралық және туристік автобустардың жолаушылар бөлмесін жоспарлау

Бұл автобустарда жолшыбай жолаушылар алмасуы болмайды немесе жолаушылар алмасуы аздау болады. Қала аралық автобустарға қойылатын негізгі талаптар: комфорт жоғары деңгейде және қауіпсіздік, багажник болуы тиіс. Қала аралық және туристік автобустарда төрт қатарлы орындықтар қойылуы кеңінен тараған.

Автобустың номиналды сыйымдылығы жолаушылар бөлмесінің пайдалы ауданымен және отырған жолаушыға тиістілі ауданмен анықталады.

Қашық жолда жүретін автобустарда жолаушылар тек отыру керек, сонда пайдалы аудан ретінде орындықтар алып жатқан аудан мен жолаушы аяғын қоюға арналған ауданның жинағы есептеледі. Сонымен, ортасындағы адам жүруге арналған аудан және орындық ретінде пайдалануға болмайтын еденнің бос ауданы пайдалы ауданға жатпайды.

Жалғыз отырған жолаушыға тиістілі номиналды аудан нормасы ГОСТ 21777-76 бекітілген, сонда қала аралық автобустар үшін 0.340 м2, ал туристік автобустар үшін 0,370 м2 болады.

Қашық жолдарда жүретін автобустар үшін бас қойғыштары бар орындықтар пайдаланады, олардың жантаюы реттелінеді және ені бойынша реттелінетін екі орынды орындықтар қолдануы мүмкін. Екі орынды орындықтың ені барынша жақындатылғанда 880 мм кем болмау тиіс, ал барынша алшақтатылғанда 950 мм кем болмауы керек.

Жолаушылар орындықтары мен жолаушылар бөлмесінің негізгі параметрлері ГОСТ 21777-76 бекітілген (15.5-сурет).

Жолаушылардың қол жүгін арнайы еден астындағы багажникке қояды. Багажник сыйымдылығын бір жолаушыға шамамен 0.1 м2 көздеу арқылы табады.

15.5-сурет. Қала аралық автобусты жоспарлаудың негізгі параметрлері

Әдебиет: 2[136-144]

Бақылау сұрақтары:

1) Автобустардың салмақтық және габариттік параметрлеріне сипаттама беріңіз.

2) Қозғалтқыш пен трансмиссияның өзара орналасу құрылыстық схемаларына талдау жүргізіңіз.

3) Еден деңгейінің биіктігі қалай таңдалады?

4) Қалалық автобустардың жолаушылар бөлмесін жоспарлау қалай жүргізіледі?

5) Қала аралық автобустардың жолаушылар бөлмесін жоспарлау қалай жүргізіледі?








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 2364;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.017 сек.