Дәрістің тақырыбы Автомобильдің техникалық деңгейі мен экономикалық тиімділігі

4.1 Жалпы қойылымдар

Автомобиль құрылысының техникалық деңгейі оның пайдалануға ең тиімді бейімділігімен анықталады, яғни тасымалдау азғантай материалды және еңбек шығындарымен, өте тез, ГОСТ 2.116-84 «Өнімнің техникалық деңгейі мен сапасының картасы» негізінде жүктердің толық сақталуымен және жолаушыларға керекті ыңғайлылықпен орындау.

Автомобильдің техникалық деңгейін анықтайтын қолданушылық қасиеттерге мыналар жатады:

- меншікті жүк көтергіштік және меншікті материал сыйымдылық;

- тарту - жылдамдық қасиеттер;

- отын үнемділік;

- құрылымның қауіпсіздігі;

- жүргіштік;

- жүріс жайлылығы;

- сенімділік;

- эргономикалы көрсеткіштер.

4.2 Автомобиль құрылысына қойылатын негізгі талаптар

Автомобиль құрылысына қойылатын талаптарды шартты келесі топтарға бөлуге болады:

- қолданушылық

- өндірістік;

- әлеуметтік және заңдылық;

- бәсекелестік.

Қолданушылық талаптарға мыналар жатады:

- жоғары орташа жылдамдық;

- отын үнемділікті қамтамасыз еті;

- жүк көтергіштікті толығымен пайдалануды қамтамсыз ету;

- сенімділік;

- климаттық жағдайларға бейімділік;

- жүктің сақталуы.

Өндірістік талаптарға мыналар жатады:

- материал сыйымдылық, еңбек көлемділік және жасау құндылығы азғантай болуы;

- конструкторлық және технологиялық орын басушылық;

- агрегаттардың, тораптар мен тетіктердің жоғары дәрежеде бірыңғайлануы;

- құрылымның технологиялығы.

Әлеуметтік және заңдылық талаптарға мыналар жатады:

- құрылымның қауіпсіздігі бойынша талаптар;

- эргономикалы көрсеткіштер бойынша талаптар;

- экологиялы көрсеткіштер бойынша талаптар;

- ГОСТ, ОСТ және халық аралық стандарттарға сәйкес келу.

Бәсекелестік талаптарға мыналар жатады:

- қазіргі кездегі халық аралық талаптарға сәйкес келетін технологиялық деңгейді қамтамасыз ету;

- патенттік тазалық;

- халық аралық мойындауды қамтамасыз ету;

- сатып алушы елдердің арнайы талаптарына сәйкес келу.

4.3 Автомобильдің қолданушылық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері

Материал сыйымдылық көрсеткіштері

Материал сыйымдылық автомобиль құрылысының жетілгендігін сипаттайды және оның техникалық деңгейінің маңызды көрсеткіші болады. Қазіргі кезде автомобильдің материал сыйымдылығының негізгі көрсеткіші болып меншікті материал сыйымдылық табылады:

мұндағы - автомобильдің құрғақ массасы, кг; - оның жүк көтергіштігі, т; Т- күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс істеу уақыты (ресурс), мың км.

Зерттелетін автомобильдің материал сыйымдылығын аналогпен олардың ресурстары белгісіз болғанда салыстыру меншікті жүк көтергіштік бойынша жүргізіледі (автомобиль жүк көтергіштігінің оның жабдықталған массасына қатынасы).

Материал сыйымдылығының көрсеткіштерін салыстыру тек қана бірдей жол жағдайларында және шанақтардың бірдей қажеттіктерінде бірдей автомобильдер үшін жүргізіледі.

Тарту - жылдамдық қасиеттерінің көрсеткіштері

Қозғалыс жылдамдығы автомобильдің қолдану қасиеттерінің маңызды сипаттамаларының біреуі болып табылады. Автомобиль өнімділігі қозғалыс жылдамдығына тура пропорционал болады.

ГОСТ 22576-77 сәйкес автомобильдің (автопоездің) жылдамдық қасиеттері келесі көрсеткіштермен бағаланады:

- шапшаңдата қозғалу - екпінімен қозғалу жылдамдық сипаттамасы;

- жоғарғы және одан кейінгі жылдамдық сипаттамасы;

- айнымалы бойлық профильді жолдағы жылдамдық сипаттамасы;

- ең үлкен жылдамдық;

- шартты ең үлкен жылдамдық;

- 400 және 1000 м жолдағы шапшаңдата қозғалу уақыты;

-берілген жылдамдыққа дейін шапшаңдата қозғалу уақыты.

Сонымен қатар тағы бір көрсеткіш пайдаланады, яғни ұзақ қырдағы тұрақтанған жылдамдық (ГОСТ 21398-75).

ГОСТ 21398-75 сәйкес құрғақ тегіс төсемді горизонталь жолдағы ең үлкен жылдамдық мыналарға тең болуы тиіс, яғни толық массасы 3,5 т аспайтын жалғыз жүктік автомобиль үшін 100 км/сағ, ал толық массасы 3,5 т астам және автопоездер үшін 80 км/сағ.

Толық массалы автопоезд құрғақ қатты тегіс төсемді қыры 3 % ұзындығы 3 км кем емес жолда 30 км/сағ кем емес жылдамдықпен қозғалуы тиіс.

Қозғалыс жағдайын сипаттайтын сыртқы факторларға жол элементтері, оның күйі,қозғалыс қарқындылығы, қозғалысты ұйымдастыру, жылдамдықтың белгіленген шектеулері, метеорологиялық жағдайлар және т.б.

Автомобильдің тарту - жылдамдық қасиеттерін деңгейін анықтайтын параметр болып меншікті қуат саналады. Ол автомобильдің (автопоездің) энергетикалық қарулығын сипаттайды және қозғалыстың орташа жылдамдығын жоғарылатудың қайнар көзі болып табылады. Бұл көрсеткіш бір көліктік ағындағы әртүрлі автомобильдерді салыстырғанда өте маңызды болады.

Қозғалыстың қауіпсіздігін жоғарылату мақсатымен толық массасы 3,5 т астам жүктік автомобильдер автопоездер үшін ең үлкен жылдамдық ТМД елдерінде 70 км/сағ, АҚШ-да 90 км/сағ, ал кейбір европа елдерінде 80 км/сағ шектелген.

Автомобильдердің (автопоездердің) жылдамдық қасиеттерінің деңгейін бағалау үшін келесі әдістер қолданады: бақылау, аналогтық және статистикалық әдістер.

Бақылау әдісінде алынған сынау нәтижелерінің нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес болын тексереді (ГОСТ, ОСТ, ТУ және т.б.).

Аналогтық әдісте бағаланатын автомобиль мен автомобиль - аналогтың үлгілік пайдалану жағдайларында алынған көрсеткіштері мен сипаттамалары салыстырылады.

Статистикалық әдіс автомобильді сынауда алынған нәтижелерді осындай автомобильдер бойынша белгілі уақыт ішінде жинастырған орташа статистикалық мәліметтермен салыстыруға негізделген.

Отын үнемділік көрсеткіштері

Отын үнемділік автомобильдің техникалық деңгейін едәуір дәрежеде анықтайтын маңызды қолданушылық қасиеттердің біреуі болып табылады.

ГОСТ 20306-85 сәйкес автомобильдің отын үнемділігі келесі көрсеткіштермен бағаланады:

- бақылау отын шығыны;

- магистральді циклдік жолдағы отын шығыны;

- қалалық циклдік жолдағы отын шығыны;

- стендтегі отын шығыны;

- тұрақталған қозғалыстың отындық сипаттамасы;

- магистральді адыр жолдағы отындық сипаттама.

Отын үнемділігінің негізгі өлшегіші болып литрмен өлшенген 100 км жолдағы немесе 100 т-км көліктік жұмысқа шағып алынған отын шығыны есептеледі.

Бақылау отын шығынын шығаратын завод нормалайды және шығарылатын автомобильдің техникалық шарттарға сәйкес екендігін көрсетеді, сонымен қатар пайдалану кезінде автомобильдің техникалық күйін анықтау үшін қолдануға болады. Бұл көрсеткіш автокөлік құралдарының отын үнемділігі бойынша жетілгендік деңгейін көрсетеді.

Автомобильдің отын үнемділігін жан-жақты сипаттау үшін осы автомобильдің үлгілік жол жағдайларында әдеттегі пайдалану қозғалыс тәртіптеріндегі орташа отын шығынын қолданған пайдалы болады. Әртүрлі автомобильдердің отын үнемділігін салыстыру үшін меншікті көрсеткіш пайдаланады, яғни орташа отын шығынының жүк немесе жолаушылар тасымалдауы кезінде орындалған пайдалы жұмысқа қатынасы.

Автомобильдің қауіпсіздігі

Автомобиль құрылысының қауіпсіздігін шарты үш түрге бөледі: әсерлі, енжар және экологиялық қауіпсіздік.

Әсерлі қауіпсіздік жүргізушіге жол - көліктік уақиға болдырмауға көмектесетін құрылымның қасиеттерімен және сапасымен қамтамасыз етіледі. Автомобильдің әсерлі қауіпсіздігін оның тежелу қасиеттері; орнықтылығы, басқарулығы, маневрлігі, алдын ала ескертетін дыбыс және жарықтық сигнализация, сыртқы жарықтандыру жүйесі, эргономикалы қасиеттері қамтамасыз етеді.

Енжар қауіпсіздік жол - көліктік уақиға болған кезде жүргізуші мен жолаушылардың жарақаттануының салдарын ең кіші деңгейге дейін төмендететін құрылымның қасиеттерімен және сапасымен қамтамасыз етіледі. Автомобильдің енжар қауіпсіздігін оның сыртқы пішінінің жарақаттауға қауіпсіздігі, шанақтың немесе кабинаның соғу - беріктік қасиеттері, кабина ішінің жарақаттауға қауіпсіздігі, қауіпсіздік белбеулері мен бас қойғыш қамтамасыз етеді.

Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі деп оның әдеттегі пайдалану кезінде қозғалысқа қатысушылар мен қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін қасиетін түсінеді. Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігін сыртқы шудың шектік деңгейі, пайдаланған газдардың улылығының ең кішкентай мөлшері, түтіннің шектік мөлшері қамтамасыз етеді.

Автомобильдің қауіпсіздігі оның барлық басқару органдары мен механизмдерінің тоқтаусыздығымен, сонымен қатар жүргізушінің шаршау деңгейін анықтайтын эргономикалы көрсеткіштермен қамтамасыз етіледі.

Автомобиль құрылысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәселелер қарастыратын жетекші халықаралық ұйымдарға мыналар кіреді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Европалық экономикалық комиссиясының ішкі көлік Комитеті (КВТ ЕЭК ООН); Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ISO); Европалық Экономикалық Бірлестік (ЕЭС). Бұлардың ішінде айрықша орын алатын болып ЕЭК ООН табылады, өйткені ол европалық елдермен және АҚШ, Канада, Жапония мен Австралиямен тығыз ынтымақтастықта болады.

Автомобильдік техниканың ЕЭК ООН ережелеріне сәйкестігін ресми тексеру Францияға, Англияға, Германияға жүктелген және олардың берген ресми бекітуі автомобиль техникасының экспортқа шығарудың керекті шарты болып табылады. Жалпы ресми бекіту таңбасы бес элементтен тұрады: «Е» белгісі, ресми бекіту берген елдің реттік номері, ресми бекіту беру бойынша ЕЭК ООН Ережелерінің номері, осы Ережелердің бекітілген түзетулерінің соңғы сериялық номері, ресми бекітудің номері.

ЕЭК ООН Ережелеріне немесе ЕЭС Директиваларына сәйкестікке тексеру процесі омологация деп аталады.

Кейбір елдердің құрылым қауіпсіздігі бойынша ұлттық стандарттары талаптары ЕЭК ООН Ережелері мен ЕЭС Директиваларының талаптарынан асып түседі (Швеция, Жапония; АҚШ). Автомобильдерді экспортқа шығаратын елдерге осыны ескеруі керек.

Автомобильдің тежегіш қасиеттерінің көрсеткіштері

Жылдамдықтар мен қозғалыс қарқындылығының өсу жағдайында автокөлік жұмысының қауіпсіздігінің жоғарылауы автокөліктік құралдардың тежегіш жүйелерінің әрі қарай жетілдіруімен, олардың жұмыстарының әрі қарай жоғарылауымен байланысты болады.

Жұмыстық және қосалқы тежегіш жүйелерінің тиімділік көрсеткіштері болып тежелу басталу жылдамдығына байланысты тежелу жолы мен тұрақтанған бәсеңдеу табылады. Қозғалтпайтын және қосымша тежегіш жүйелерінің тиімділік көрсеткіштері болып сәйкес жүйенің беретін жинақталған тежегіш күші саналады. Автомобильдің тежегіш жүйелерінің тиімділік нормативтерін ГОСТ 22895-77 анықтайды. Тежегіш жүйелерге қойылатын талаптарды қалыптастыратын халықаралық европалық құжат болып ЕЭК ООН № 13 Ереже табылады.

Қазіргі кезде автомобильдердің тежелу қасиеттерін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, олар келесі бағыттарды қамтиды:

- жоғары жылдамдықтардан тежелу процесі жүргізілгенде автомобильдің орнықтылығын тежегіш күштерді сапалы реттеу жолымен жоғарылату (реттегіштерді, бір тұтастануға қарсы жүйелерді қолдану);

- жоғары температуралы тежегіш сұйықтарын қолдану;

- қызған кезде жоғары тұрақтанған үйкеліс қасиеттерді иемденетін және тозуға төзімділігі үлкейтілген тежегіш жапсырмаларын пайдалану;

- жеңіл автомобильдердің барлық белдіктерінде дискілі тежегіш қолдану. Магистральді автомобильдер мен жартылай тіркемелер үшін дискілі тежегіштер жасау;

- пневматикалық жүйелерде адсорбциялы дымқыл бөлгіштер пайдалану;

- ұзын табанды және көп звенолы автопоездердің тежегіш жетектерінің тез іске қосылуын электропневматикалық жетек қолдану арқылы жоғарылату.

Маневрлік көрсеткіштері

Автомобильдің (автопоездің) маневрлігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

- алдыңғы сыртқы доңғалақ ізінің ортасы бойынша ең кіші бұрылу радиусі (бұрылу центрімен салыстырғанда);

- сыртқы габариттік бұрылу радиусі;

- берілген сыртқы габариттік радиуспен бұрылғанда автомобильдің немесе автопоездің алып жатқан алқаптың ені.

Әдебиет: 2[53-62]

Бақылау сұрақтары:

1) Автомобильдің қандай қолданушылық қасиеттері оның техникалық деңгейін анықтайды?

2) Автомобиль құрылысына қандай талаптар қойылады?

3) Материал сыйымдылық көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.

4) Автомобильдің тарту - жылдамдық қасиеттерінің көрсеткіштерін айтыңыз.

5) Автомобильдің отын үнемділігі қандай көрсеткіштермен сипатталады?

6) Автомобиль қауіпсіздігінің түрлерін түсіндіріңіз.

7) Автомобильдің тежегіш қасиеттерін қандай көрсеткіштер сипаттайды?

8) Автомобильдің маневрлігінің көрсеткіштерін айтыңыз.

5-дәрістің тақырыбы Автомобильдің техникалық деңгейі мен экономикалық тиімділігі (жалғасы)

5.1 Басқару және орнықтылық көрсеткіштері

Автокөліктік құралдың басқаруын бағалау үшін белгілі бұру тәртібіндегі рульді штурвалдағы күш пайдаланады. ГОСТ 21398-75 сәйкес қатты тегіс төсемді жолдың горизонталь учаскесінде 10 км/сағ жылдамдықпен тіке қозғалыстан радиусі 12 м болатын шеңбер бойынша қозғалысқа (алдыңғы сыртқы доңғалақпен) өткенде рульді штурвалдағы күш келесі шамалардан аспауы тиіс: 17 м аспайтын жолда күшейткіші жоқ рульді басқару үшін 245 Н; 11 м жолда күшейткіші бар рульді басқару үшін 118 Н; 17 м аспайтын жолда күшейткіш әсері аяқталған жағдайда 490 Н. Алдыңғы осьге түсетін жүктеме 55 кН астам болғанда 17 м аспайтын жолда күшейткіштің әсері аяқталғанда рульді штурвалдағы күш 600 Н аспауы тиіс.

Қозғалыс кезінде басқару орнықтылығының көрсеткіштері автополигонда «ауыстырып қою», «бұру» және «бұру кезінде тежеу» маневрлерін орындау арқылы анықталады. Оларға мыналар жатады: траекторияны басқару орнықтылығы (баллмен); бағыттық басқару орнықтылығы (баллмен); аударылуға қарсы орнықтылық (баллмен); маневр орындаудың шектік жылдамдығы; траекторияны басқару орнықтылығы төмендеуі басталу жылдамдығы; бағыттық тербелістер пайда болу жылдамдығы; аударылуға қарсы орнықтылықтың азаюы басталу жылдамдығы.

Стендтегі сынауларда аударылудың ең кіші шектік бұрышы 21о құрайды.

Автокөліктік құралдың аударылуға қарсы көлденең орнықтылығын бағалау үшін көлденең орнықтылық коэффициент пайдаланады және ол автомобильдің масса центрінің автомобиль дөңгелеп қозғалғанда орнықтылық жойылу кезіндегі үдеуінің еркін түсу үдеуіне қатынасына тең болады.

Көлденең орнықтылық коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

(5.1)

мұндағы - қисайған алаңда автомобильдің көлденең орнықтылығының бұрышы; Егер бұрыш болса, онда

5.2 Сыртқы жарықтандыру мен жарықтық сигнализацияға қойылатын талаптар

Жүргізушінің жолды көруге керекті жағдайлар қамтамасыз ету үшін автомобильге төрт түрлі фара қояды: жақын дерді жарықтандыру, қашығырақ жерді жарықтандыру, тұманға қарсы және жылдам жүрген кезде жарықтандыру (қашығырақ жарықтандыру прожекторлары).

Әрбір көліктік құралдың жарықтандыру – дыбыс аспаптарына мыналар кіреді: бұру бағыттарын көрсеткіштер, тежелу көрсеткіші, габариттік шамдар, номер белгісін көрсететін фонарь, автопоезді байқататын фонарь.

Сыртқы жарықтандыру аспаптары бойынша халықаралық нормативтік құжаттарға мыналар жатады: ЕЭК ООН № 48 Ережесі, ЕЭС 76/756, 80/233, 82/244, 83/276 Директивалары және ISO-R-303. Біздің елде автомобильдің жарықтандыру техникасында европалық қауіпсіздік нормалары пайдаланады, сондықтан көліктік құралдардың жарықтандыру жабдықтарына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптары іс жүзінде ЕЭК ООН № 48 Ережелерінің талаптарымен бірдей болады.

5.3 Автомобильдің енжар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Қазіргі кезде енжар қауіпсіздік бойынша нормативтік құжаттар жеңіл автомобильдерге дайындалған.

Жеңіл автомобильдің жүргізушісі мен жолаушыларын жарақаттанудан қорғаудың негізгі әдісі болып шанақты соққанда немесе автомобиль аударылғанда оның майысуын болдырмайтын шанақтың тиісті беріктігі және қаттылығы қамтамасыз ету табылады. Жеңіл автомобильдің шанағының соғу - беріктік қасиеттері ОСТ 37.001.263-83 және ОСТ 37.001.264-83 бекітілген.

Жеңіл автомобильдердің салонының қаттылығы мейлінше үлкен болуы керек, ал шанақтың алдыңғы және артқы бөліктері соғу энергиясын сіңіретін жұмсақ болуы тиіс. Бампер құрылысына энергия сіңіретін серпімді элементтер енгізіледі, төтенше жағдай кезінде өз бетімен ашылуды болдырмайтын берік есіктер қолданады, синтетикалық қабаты бар жарқыншақсыз қалың әйнектер пайдаланады. Қауіпсіздік белбеулері мен бас қойғыштар (автомобильді артынан соққанда жүргізуші мен жолаушылардың мойын омыртқалары зақымданудан қорғалады) пайдаланады. Жүргізуші кеудесімен рульді штурвалмен соғысқанда оның жарақаттану қауіпін азайтатын серпімді элементтер рульді бағанаға қойылады. Салонның шығып тұрған бөліктерін жояды, салон іші жұмсақ қаптаумен қапталады, аспаптар панелі серпімді қаптаумен қапталады.

Кабина интерьерін жарақаттануға қауіпсіз қылып жасағанда мыналар көзделінеді: бақылау-өлшегіш аспаптарды, кнопкаларды және басқару тұтқаларын панельде тереңірек орналастыру; есіктердің ішкі панельдерінде әйнек көтергіш тұтқаларды, жабу механизмдерінің ішкі тұтқаларын тереңірек қою; аспаптар панелінің төменгі жағын кем дегенде 10 мм радиуспен жасау; жарық сіңіретін материалдан жасаған күн сәулесіне қарсы құрылғылар мен жарқыншақсыз әйнектер қолдану; бастың мүмкіндік соғысу жерлерінде қауіпті өткір қырларын болдырмау; кабинаның ішкі беттерін дененің соқтығысатын бөліктерінің пішінін қайталайтын жұмсақ жапсырмалармен қаптау, сонда соғу жүктемесі біркелкі үлестіріледі.

 

1-плита; 2-тегіс маятник
5.1-сурет. Кабинаны сынау схемасы

ЕЭК ООН № 29 Ережесіне сәйкес жүктік автомобильдің кабинасы сыналуы тиіс (5.1-сурет), сонда кабинада жүргізуші мен жолаушылардың денсаулығын қамтамасыз ететін өмірлік кеңістік сақталуы керек.

5.4 Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Атмосфераның автокөліктік құралдар бөлетін улы заттармен ластануын азайту өте күрделі проблемалардың біреуі болып табылады. Карбюраторлы қозғалтқыштардың пайдаланған газдарының негізгі улы компоненттері болып мыналар есептеледі: көмір тотығы, жанбай қалған көмірсутегілер, азот тотығы, қорғасын, ал дизель қозғалтқыштарында - азот тотығы, күйе. Азот тотығы ең улы болып саналады.

Атмосфералық ауаның ластануын автомобиль қозғалтқыштарының құрылысын жетілдіру арқылы азайтуға болады: карбюратордың орнына бензинді тікелей бүрку; форкамералы - факелді тұтандыру; шығару жүйесінде газды бейтараптандыратын құрылғы қою.

Дизель қозғалтқыштарының пайдаланған газдарының түтіндігін азайту отынға әртүрлі түтінге қарсы қосымшалар қосу арқылы шешуге болады (барийлы, марганецті және т.б.).

Автомобильдің құрылыстық жетілгендік белгісі болып оның шулық сипаттамасы табылады. Шу деңгейі «А» шкаласы бойынша децибелмен (дБ) өлшенеді.

Автомобильдер шуының шектік деңгейі ГОСТ 19358-74 белгілейді, сонда жеңіл автомобильдердің сыртқы шуының шектік деңгейі 82 дБА, жүктік автомобильдердің толық массасына байланысты 84...89 дБА, автобустардың толық массасы мен қозғалтқыш қуатына байланысты 84...91 дБА болуы тиіс.

Автомобильдердің сыртқы шу деңгейін белгілейтін халықаралық нормативтік құжаттар болып мыналар табылады: ЕЭК ООН № 51 Ережесі , не ЕЭС 70/157, 73/350, 77/212, 81/334 Директивалары.

5.5 Жүріс жайлылығының көрсеткіштері

Автомобильдің жүрісінің жайлылығына жүргізуші мен жолаушылардың физиологиялық күйлері, қозғалыстың орташа жылдамдығы, сонымен қатар автомобиль өнімділігі, қозғалыс қауіпсіздігі, тасылатын жүктің сақталуы, автомобиль агрегаттарының жұмысы мен ұзақ уақыттығы байланысты болады. Автомобильдің әрбір нүктелерінде тербеліс параметрлері әртүрлі болады, сондықтан олардың әсерлері де әртүрлі болады. Бұл тұрғыда автомобильдің мінездемелік нүктесіндегі діріл жүктелуі қарастырылады, атап айтқанда, жүргізушінің жұмыстық орнының діріл жүктелуі.

ОСТ37.001.291-84 жүктік автомобильдердің, автобустардың, жеңіл автомобильдердің, тіркемелердің, жартылай тіркемелердің, жүргізуші орындықтарында, жолаушылар орындықтарында, сонымен қатар автокөліктік құралдың рессорлы бөліктерінің мінездемелік нүктелерінің дірілдерінің шектік техникалық нормаларын бекітеді. Бұл нормаларды орындау жүргізуші жұмысының әдеттегі жағдайы, жолаушылар таситын салонның комфорттығы, тасылатын жүктер мен орнатылған жабдықтың сақталуы қамтамасыз етіледі.

Автомобиль жүрісінің жайлылығы жақсарту үшін онда болатын тербеліс параметрлерін ықшамдау арқылы іске асыруға болады, сонда автомобильдің үйлесім параметрлерін, алдыңғы және артқы аспалардың қаттылықтары мен өзара қатынасын, кабинаны және жүргізуші орындығын рессораларын таңдау арқылы жетуге болады.

5.6 Жүргіштік көрсеткіштері

Автомобильдің жүргіштігі профильді және тіреніштік деп екіге бөлінеді.

Профильді жүргіштік автомобильдің жолдың ой-қырынан, кедергілерден өту және жолдың жүріс бөлігіне сыю қабілетін сипаттайды.

Тіреніштік жүргіштік автомобильдің жолсыз, қарлы, мұздаған, ылғалды және тайғақ жолдармен жүру қабілетімен анықталады.

Профильді жүргіштікті бағалайтын көрсеткіштер болып мыналар саналады: жолға дейінгі саңылау, алдыңғы (артқы) салбырату, алдыңғы және артқы салбырату бұрыштары, бойлық жүргіштік радиус, өтетін қырдың ең үлкен бұрышы, өтетін ең үлкен қия беткей бұрышы,автопоездің иілу бұрышы.

Тіреніштік жүргіштікті бағалайтын көрсеткіштер болып мыналар саналады: автомобильдің (автопоездің) ілініс салмағы, ілініс салмақ коэффициенті, жолға түсетін доңғалақтардың меншікті қысымы (ГОСТ 17697-72).

Төменгі берісте құрғақ қатты төсемді жолда қозғалғанда толық массалы автомобильдің өтетін қырының ең үлкен шамасы мыналардан кем болмауы тиіс: жеңіл автомобильдер үшін 35 %, жалғыз жүктік автомобильдер мен автобустар үшін 25 % және автопоездер үшін 18 %. Осьтік салмақ 100 кН болатын автопоездердің қанағаттанарлық жүргіштігі болуы үшін оның ілініс салмақ коэффициенті автопоездің қажеттігіне, жолдық және климаттық жағдайларға байланысты 0,263...0,31 аралығында алу керек.

5.7 Автомобильдің эргономикалы көрсеткіштері

Автомобильдің басқару жеңілдігін қамтамасыз ететін оның құрылыстық ерекшеліктері төрт топқа бөлінетін оның эргономикалы көрсеткіштерімен сипатталады. Гигиеналық көрсеткіштер жүргізуші жұмыстық орнының санитарлық нормаларға сәйкестік дәрежесін анықтайды. Антропометрлік көрсеткіштер жүргізуші жұмыстық орнының және оның жұмыстық элементтерінің қолайлылық дәрежесін сипаттайды. Физиологиялық және психологиялық көрсеткіштер басқару органдарындағы керекті күштер мен басқа әсерлер жүргізуші организмінің психофизиологиялық мүмкіншіліктеріне сәйкес келуін сипаттайды. Психологиялық көрсеткіштер тобы жүргізушінің ақпаратты қабылдау және іске асыру дағдысын қалыптастыру мүмкіндігін анықтайды.

Әдебиет: 2[53-62]

Бақылау сұрақтары:

1) Автомобильдің басқару және орнықтылық көрсеткіштерін айтыңыз.

2) Автомобильдің енжар қауіпсіздігіне қандай талаптар қойылады?

3) Экологиялық қауіпсіздікке қандай талаптар қойылады?

4) Автомобильдің жүрісінің жайлылығы мен жүргіштігінің көрсеткіштерін айтыңыз.

5) Автомобильдің эргономикалы көрсеткіштерін айтыңыз.

6-дәрістің тақырыбы Автомобильдің техникалық деңгейі мен экономикалық тиімділігі (жалғасы)

6.1 Гигиеналық көрсеткіштер

Гигиеналық көрсеткіштердің біреуі болып ішкі шудың деңгейі есептеледі. Шу адам организмі мен жұмыс істеу қабілетіне өте жағымсыз әсер етеді. Оның әсерімен адамның әсерлік уақыты үлкейеді, көру қабілеті төмендейді, қозғалу координациясы мен вестибуляр аппараттың жұмысы төмендейді, ертерек шаршау орын алады. Бұлардың барлығы қозғалыс қауіпсіздігіне, еңбек өнімділігіне әсер етеді.

Автокөлік құралдарының ішкі шу деңгейлері ГОСТ 19358-74 белгіленген, сонда жеңіл автомобильдердің ішкі шуы 75 дБА шамасында болуы тиіс, жүктік автомобильдерде-85 дБА, автобустарда-80дБА.

Шудың жағымсыз әсерін олардың қайнар көздерінің беретін шуының шамаларын азайту арқылы, шу сіңіретін материалдар мен құрылғылар, сонымен қатар шу жекелегіштер қолдану арқылы төмендетуге болады.

Жүргізушінің жұмыстық орнының діріл жүктелу деңгейі гигиеналық көрсеткіштерге жатады. Діріл жүргізушінің нерв жүйесін қоздырады, бас ауруын туындатады, көру өткірлігі төмендейді, шаршауды жоғарылатады, психофизиологиялық және рефлекторлық жұмысты нашарлатады.

Жүргізушінің жұмыстық орнындағы микроклимат өте маңызды болады және ол температура, ылғалдылық, ауа алмасу жылдамдығы және ауаның химиялық құрамы жиынтығымен анықталады. Ең жағымды температура 18...24оС тең болады. Температураның төменгі шегі 10оС тең болады.

Автомобиль кабинасындағы зиянды қоспалардың шоғырлануының шектік шамасы келесі шамалармен анықталады, мг/г: көміртегі тотығы-0,02; көмірқышқыл газы-0,4; акролеин-0,007; бензин булары-0,1; күкірт қышқылының тотығы-0,0005.

6.2 Антропометрлік көрсеткіштер

Антропометрлік көрсеткіштердің біреуі болып жүргізуші жұмыс тұрысы есептеледі. Физиология тұрғысында жүргізушінің орынды дене тұрысы автомобиль басқарудың қолайлылығын қамтамасыз етеді, жүргізуші әсерінің дәлділігі мен атқару жылдамдығы жоғарылайды (мысалы, дене тұрысын өзгертпей рульді штурвалдың бұрылу бұрышын үлкейтуге мүмкіндік береді), жүргізуші мәнсіз шаршамай үздіксіз ұзақ уақыт жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Бұл кезде жүргізушінің дене бөліктері орны адамның функционалды тыныш жағдайына жақындайды, сонда оның салмағы тіренетін бетке біркелкі таратылады.

6.3 Физиологиялық көрсеткіштер

Басқару органдарын іске қосу үшін керекті жұмсалатын күштердің шамасы шектелген.

Жеңіл және жүктік автомобильдердің ілініс муфтасын сөндіру үшін керекті күш күшейткіш болғанда 145 Н, ал жүктік автомобильдер мен автобустардың ілініс муфтасын сөндіру үшін керекті күш күшейткіш болмағанда 245 Н аспауы тиіс.

Тежегіш баспасындағы күш 200...300 Н болуы тиіс, ал төтенше тежелгенде 490 Н дейін болуы мүмкін, қалғандары үшін 685 Н болуы тиіс. Қозғалтпайтын тежегіш жүйесінің рычагындағы күш 390 Н аспауы тиіс.

Отын беретін баспадағы керекті күштің шамасы шектелмеген. Жүктік автомобильдердің беріс қораптарының рычагтарындағы күш 145 Н, ал автобустарда-90 Н аспауы тиіс.

Жүктік автомобильдердің рульді штурвалдарындағы күш қатты тегіс төсемді жолдың горизонталь учаскесінде 10 км/сағ жылдамдықпен тіке қозғалыстан радиусі 12 м болатын шеңбер бойынша қозғалысқа келесі шамалардан аспауы тиіс: 17 м аспайтын жолда күшейткіші жоқ рульді басқару үшін 245 Н; 11 м жолда күшейткіші бар рульді басқару үшін 120 Н; 17 м аспайтын жолда күшейткіш әсері аяқталған жағдайда 490 Н. Автобустардың рульді штурвалдарындағы күш (күшейткіш болғанда) 115 Н аспауы тиіс.

6.4 Психологиялық көрсеткіштер

Автомобильдің ішкі мәліметтілігін көзбен шолу құрылғысына мәліметті көрсету құралдары және шолуды жақсартатын құрылғылар жатады. Автомобильді басқару процесінде жүргізушіге оның жүйелері мен агрегаттарының жағдайы туралы мәлімет керек, ал мәліметтер арнайы панельге орналастырылған аспаптар мен индикаторларға келуі тиіс.

Аспаптар панелі автомобиль жүйелері мен агрегаттардың жағдайын, олардағы процестердің жүруін, қозғалыс жылдамдығын көрсететін әртүрлі индикаторлардан тұрады.

Аспаптар панелін үйлестіргенде қойылатын негізгі талап болып жүргізушінің аспаптар беретін мәліметтерді толық көлемде қабылдау уақытының қысқаруы табылады.

Жүргізуші орнындағы шолу жүргізушінің жол жағдайларын толығымен қабылдау және дұрыс бағалау мүмкіндігін анықтайды. Шолуды жақсарту жүргізушінің орнын автомобильдің алдыңғы жағына жақындату арқылы, әйнектердің ауданын үлкейту арқылы және панорамалы әйнек қолдану арқылы іске асыруға болады.

Жүргізуші қозғалыс кезінде автомобильдің артындағы жол жағдайын бағалауы тиіс. Ол үшін артқы жағдайды шолу айнасын пайдаланады. Артқы жағдайды шолу айнасына қойылатын талаптар ГОСТ 13887-75 және ЕЭК ООН № 46 Ережесінде келтірілген.

6.5 Жобаланатын автомобильдердің техникалық-экономикалық талдауы

Автомобильдердің модельдерін үздіксіз жаңарту процесінің мақсаты болып экономикалық тиімділікті жоғарылату табылады. Техникалық-экономикалық талдау техникалық тапсырма жасау және оның алдындағы зерттеулер кезінен басталады және автомобиль жасау процесі кезінде мәліметтер жинақталуына байланысты әрдайым толықталып және анықталып отырады. Сонда шектелген мәліметтердің негізінде талдаудың жеткілікті дәлділігін қамтамасыз ету керек.

Жаңа автомобильді жасау және өндіріске енгізу пайдалы болуы туралы шешім қарастырылып отырған есептік жылда оның өндірілу көлемімен анықталатын күтілетін экономикалық тиімділік (жылдық экономикалық тиімділік) және оны негізгі техникамен салыстыру негізінде қабылданады. Есептік жыл ретінде әдетте жаңа техниканы сериялы шығарудың екінші немесе үшінші жылы алынады.

Жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігін анықтағанда салыстырудың негізгі ретінде келесілерді алады: ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жоспарлауды қалыптастыру кезеңінде, жаңа техника жасау туралы шешім қабылдау кезінде ТМД немесе шет елде жобаланған жақсы техниканың көрсеткіштері алынады; бірінші өндірістік серияны игеру жоспарларын қалыптастыру кезеңінде? Сонымен қатар жаңа техниканы енгізу кезеңінде алмастырылатын техниканың көрсеткіштері алынады.

6.6 Жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтау

Автомобиль өнімділігінің оның құрылысымен анықталатын параметрлер арасындағы функционалды байланысты мына түрде көрсетуге болады:

- жүктік автомобиль мен автопоезд үшін

(6.1)

- жеңіл автомобильдер мен автобустар үшін

(6.2)

мұндағы kг, kа- автокөліктік құрал түріне байланысты пропорционалдық коэффициент; mг- жүк көтергіштік; - жүк көтергіштікті пайдалану коэффициенті; vТ - автомобильдің орташа жылдамдығы; tпр- бір жүріс кезінде тиеу және түсіру процесінде тұру уақыты; - машиналар паркін пайдалану коэффициенті; n- автобустағы немесе жеңіл автомобильдегі жолаушылар орнының саны; vэ- қолдану жылдамдығы.

Автомобильдің жүк көтергіштігі оның үйлесімімен және шанақтың құрылыстық өлшемдерімен анықталады.Жүк көтергіштікті пайдалану коэффициенті шанақ өлшемдері мен жүк тығыздығына тәуелді болады.

Автомобильдің орташа техникалық жылдамдығы мыналарға тәуелді болады: қозғалтқыш қуаты; автомобильдің толық массасы; трансмиссияның беріліс сандары мен оның ПӘК; жетекші доңғалақтардың домалау радиусі; домалауға кедергі мен аэродинамикалық кедергілер.

Сонымен қатар орташа техникалық жылдамдық автомобильдің тежегіш механизмдерінің әсеріне, оның орнықтылығы мен басқаруының, жүрісінің жайлылығының параметрлеріне тәуелді болады. Орташа техникалық жылдамдық қозғалыс және автомобильдің істен шығуымен және оны дұрыстауға кететін уақыттардың жинағымен анықталады.

Машиналар паркін пайдалану коэффициентіне ұйымдастыру факторлары мен автомобильдің техникалық қарау мен жөндеу ұзақтығы әсер етеді.

Тиеу және түсіру процестерінің ұзақтығы автомобиль шанағының құрылысына, оның еденінің тиеу биіктігіне, борттардың құрылыстарына, арнайы тиеу-түсіру құрылғыларының тиімділік әсеріне байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар оның шамасы автомобильдің маневрлігіне, оның тиеу-түсіру жүйелері мен механизмдерді пайдалануға бейімділігіне тәуелді болады.

Көліктік жұмыстың өзіндік құны

Бір автомобильдің тасымалдауы үшін жұмсалатын жылдық пайдалану шығындарын оларды құрастыратын элементтерге ажыратып, былай жазуға болады:

Зт + Зсм + Зто + За + Зш + Ззп +Знр, (6.3)

мұндағы Зт- отынға кететін шығындар; Зсм- майлайтын материалдарға кететін шығындар; Зто- техникалық қарау мен жөндеуге кететін шығындар; За-амортизациялау шығындар; Зш- шина тозуын орнына келтіруге және оны жөндеуге кететін шығындар; Ззп- жүргізушінің жалақысына кететін шығындар; Знр- үстемелік шығындар.

Тасымалдауға кететін пайдалану шығындардың кейбіреуі автомобильдің құрылысына тәуелді болады.

1 т км көліктік жұмыстың өзіндік құны мына формуламен анықталады:

(6.4)

мұндағы - жүріс пайдалану коэффициенті.

Бір автомобильге шаққанда пайдалану шығындарының жылдық үнемделуі мына формуламен анықталады:

Рэ=(S1 + S2) П2, (6.5)

мұндағы S1, S2- негізгі және жаңа автомобильге сәйкес келетін көліктік жұмыстардың өзіндік құны; П2- жаңа автомобильдің өнімділігі.

Жаңа автомобильді пайдалануға енгізгенде болатын жылдық экономикалық тиімділігі мына формуламен анықталады:

(6.6)

мұндағы З1, З2- негізгі және жаңа автомобильдің сәйкес келтірілген шығындары: З=С+ЕнК; С- автомобильдің өзіндік құны; Ен-күрделі қаржыландырудың нормативтік тиімділік коэффициенті. Ол 0,15 тең болады; К- бір автомобильге шаққанда меншікті күрделі қаржыландыру; П1, П2- негізгі және жаңа автомобильдің сәйкес жылдық өнімділігі, т км; ; Д1, Д2 – негізгі және жаңа автомобильді толық орнына келтірудің баланстық құнынан берілетін үлестер: Е- нормативтік келтіру коэффициенті, Е = 0,1; Тс- автомобильдің қызмет істеу уақыты. Ол автомобиль ресурсының жылдық жүріске қатынасына тең болады; К1, К2- автомобильдік көлік базасының өндірістік-техникалық дамуына кететін меншікті күрделі қаржыландыру; А2 - есептік жылда жаңа автомобильдер өндірілуінің жылдық көлемі, дана.

Автомобильді (автопоезді) пайдалану объектісі қылатын және оның негізгі пайдалану тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер болып өнімділік, отын үнемділігі мен сенімділігі табылады. Автомобильді өндіріс объектісі қылатын техникалық-экономикалық көрсеткіштер болып оның материал сыйымдылығы мен өндірудің еңбек сыйымдылығы табылады, ал бұлардың негізінде автомобильдің өзіндік құны және өндіріске жіберілетін күрделі қаржыландыру есептеледі.

Әдебиет: 2[72-80]

Бақылау сұрақтары:

1) Гигиеналық көрсеткіштерді сипаттап беріңіз.

2) Физиологиялық көрсеткіштерді сипаттап беріңіз.

3) Психологиялық көрсеткіштерді сипаттап беріңіз.

4) Автомобильді жобалағанда техникалық-экономикалық талдаудың маңызы.

5) Автомобильдің өнімділігі қалай анықталады?

6) Көліктік жұмыстың өзіндік құны қалай анықталады?

7) Жаңа автомобильді пайдалануға енгізгенде болатын жылдық экономикалық тиімділік қалай анықталады?








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 5946;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.089 сек.