Дәріс.7,8. Педагогикалық жобалаудың қызметі, түрі, деңгейі және принциптері.

Мақсаты: Педагогикалық жобалаудың қызметі, түрі, деңгейі және принциптері туралы білімдерін қалыптастыру.

 

Кілттік сөздер: табиғи, техникалық (инжинерлік) және әлеуметтік жобалар, жобалаудың деңгейлері, жобалау іс әрекетінің принциптері.

Негізгі сұрақтар:

1. Педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс әрекетінің қызметі.

2. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері.

3. Жобалау әс ірекетінің негізгі принциптері.

1.Педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс әрекетінің қызметі. Бүгінгі отандық педагогика ғылымында, педагогикалық жобалау тәрбиелеу мен оқыту процесінің жаңа күйін немесе бар процестің жаңарған түрін құрастыратын жеке ғылым ретінде сипатталады (В.П. Беспалько). Жобалау іс әрекетіндегі негізгі принциптері деп зерттеушілік, аналитикалық, болжам жасау, қайта өңдеу, нормаға келтіретінпринциптерді атайды.Сонымен қоса жобалауға білімді болжау негізінде практика үшін тиімді нәтижені беретін ұлттық және құрушы принциптерде сәйкес келеді. Осынсымен жобалау әс ірекеті ғылыми педагогикалық іс әрекеттерде болатын педагогикалық заңдарды айқындау мен сипаттаудан ерекшеленеді.

 

Жобалау әр түрлі педагогикалық контекстілерге рамкалық сипатта болады. Бұлай болатынының себебі, көп функционалды жобалау іс әрекеті төмендегідей сипатта да қолданылуы мүмкін:

-кең әлеуметтік білім беру контекстінде педагогикалық құрал ретінде , мысалы білім алушы ұйымдардың шеберінде корпаративті мәдениетті қалыптастыру;

-оқыту (тәрбиелеу) құралы, педагогикалық іс әрекеттің басқа түрлеріне мысалы оқу (диплом, курстық жұмяс) жобаларын жасауға қатысты қосымша рол атқаруы;

-басқа іс әрекет контекстіндегі процедуралар мысалы, білім беруді басқару;

-сол немесе басқа педагогикалық объектінің (жүйе, процес, құбылыс) жаңа(иновациялық) формасын дамыту.

 

«Табиғат қоғам адамнан» құралған класикалық үштіктен, жобалаудың табиғи, техникалық(инжинерлік), түрлері ерекшеленеді. Педагогика және білім беру саласындағы жобалар әлеуметтік жобалар болып есептелсе оның нәтижесі гуманитарлықжоба разрядына жатады. Мұнда ескерілетіні гуманитарлы жобаның мағынасы мен мақсаты адам табиғаты мен адам қатынастарында анықталатын ерекшеліктерді жақсарту болыпесептеледі.

 

Г.П.Шедровицки стратегиялық жоспарында, педагогикалық жобалаудың екі түрін бөліп көрсетеді: әлеуметтік ортаға және оның жағдайына (білім берудегі әлеуметтік сұраныстарға педегогтардың өзіндік жауап беру тәсілдері) бейімделу, қоршаған ортаның өзіндік құндылықтары, мақсаттары мен ұстанымдарына сәйкес жақсарту(усовершенствовать)

В.И.Слободчиков жобалаудың екі типін бөледі:

-білім алу, іс- әрекеттің негізгі амалы ретінде, оқыту процесіндегі педагогика -психологиялық жобалау;

-Сәйкес келетін процестердің жүзеге асатын білім беру институттары мен білім беру аймағындағыәлеуметтік – педагогикалық жобалар.

В.П.Бедерханов практикалық жобалаудың көптүрлілігін біліп, оның негізгі екі бағытын бөліп көрсетеді. Біріншісі өзіне интенсивті формада, жоболау мен жобаны жасауды қосады. Бұл түріне ұйымдастырушылық іс-әрекеттер, иновациялық, нәтижелі ойындар мен жобаланатын таңдаулер жатады. Екіншісіне қатысушыларымен бірге болатын білім беру процесінің жобалау іс -әрекеті жатады, мұнда жобалау процесі гуманитарлық бағытталған білім беру ұйымының құрылуының факторы ретінде қарастырылады.(В.П.Бедерханова Становление личностно-ориентированной позиции педагога.-Краснодар, 2001,-с.168-1789).

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 13866;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.