Жобалау әрекетінің субъектілері мен объектілері

Мақсаты: жобалау объектісі және пәні туралы түсініктің қалыптасуы.

Кілттік сөздер: жобалау ролі, жобалау командасы, ұшқыштар командасы, тьюторлар командасы, жоба алды бату, жобалау пәні.

Негізгі сұрақтар;

1.Жобалау іс әрекетінің субъектілерінің алуан түрлілігі.

2.Тұтастай субъектінің ұйымдастыру мәселесі.

3.Жобалау объектісі және жобалау әрекеті пәнінің өзіне тән ерекшелігі.

Жобалау әрекеті субъектілерінің көптүрлілігі. Әдіснамалық ғалымдардың көзқарасы бойынша, білім беру саласында жобалау әрекетін тұлғааралық қатынаста сараптамадын өтетін және келісім беретін жобалау субъектілерінің құндылық бағдарлы ұстанымдары қызмет атқарады. Оқу жобасының кейбір түрлерінде жобалаудың субъектілері балаларда ересектерде бола алады. Жобалау әрекетінің мақсаты және міндетіне қарай индивидуалдық немесе біріккен субъектілер, шығармашылық топтар, класс, білім беру ұйымдарының ұжымы бола алады. Білім беру және әлеуметтік педагогикалық жобалауда білім менеджерлері мен педагог мамандар, сондай ақ педагогикалық қоғамның өкілдері қатыса алады. Жобалау қатысушысының көзқарасының спецификасы.

Жобалық ой үйіннің қалыптасуының педагогикалық құрал сайманы жобалау әрекетіне қатысушының тәжірибесі мен субъектінің санасының даму деңгейімен сәйкес таңдадалады. Оқу жоспары шеңберінде бірлескен іс әрекет ретінде бастауыш сынып оқушылары қатысса бұл бөлек, ал егер бұл мәселемен жобалау әрекетін жүзеге асыратын технологияларымен таныс тәжірибелі мамандар айналысса, бұл басқа мәселе. Дегенмен кез келген жағдайда жобалау әрекетіне қатысушының әрқайсысының біліктілігі мен белсенділігінің өлшеміне нақты анықтама, сонымен қатар неге осы мамандардардың жобалау әрекетінің белгілі бір роліне осы мамандардар неліктен қатыстырылатынын түсіну қажет.

Жобалау ролдері.Жобалау әрекетішеңберінде оның субъектілері тапсырыс берушілер, көшбасшылар, координаторлар (менеджерлер), жетекшілер, эксперттер ретінде қатыса алады. Осы ролдердің әрқайсысы өз қызметтерін атқара отырып, жоба кезеңдерінің өтуінде маңызды. өнімге тапсырыс болмаған соң білім беру жобалары ешкімге қажеті жоқ. Басқарушысыз ресурстарды тартуда және іс әрекет координациясында қиындық туады. Эксперттсіз жоба нәтижесінің әлеуметтік маңыздылығын және жаңалығын талқылау күрделі. Жобалау ролдерінің дифференциациясы жобалауға қатысушылардың практикалық қажеттілігіне немесе әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асырылады.

Мысалы, «Гуманитар – мұғалімдерді қайта даярлау» жобасы шеңберінде іс әрекет. (Алексашина И. А. Проект «Переподготовка учителей-гуманитариев». Санкт-Петербургская модель. Информационный бюллетень проекта. Выпуск 1. — СПб., 1997.-С. 8, 9).

Тьютор қызметі:

бағдарламаның даярлық кезеңінде.

Жоба алды іс әрекетте ұйым.

Қатысушылар топтарын топтау.

Семинар, оқу жоспарларын, сабақ кестесін және т.б. жасауға қатысу.

Тыңдаушылармен кері байланысты орнатуды қамтамасыз ету.

4. Бағдарламаның соңғы қорытынды кезеңінде.

Бағдарлама қорытындысы бойынша аналитикалық түйін жасау.

Индивидуалды педагогикалық жобалар маркетингі.

Мұғалімдер аттестациясына сертификат беру.

Тьютор:

Пәндік сала аймағында жобаны таныстыруына;

Тотағы соңғы шешімді қабылдауға;

Оқу үрдісін және оқу тобының құрамын құруға;

Тыңдаушылардың қызығушылығын қорғауға;

Эксперт еңбегінің төлеуінуіне қатысты сұрақтарды шешуге қабілетті.

Педагогикалық жобаларда топталған субъектілерде қатыса алады. Іздеуші, ұшқыш топтар мысал бола алады. Субъект ретінде жобаға қатысушылар сутуативті түрде бірігеді.(масалы, компьютерлік желіні пайдаланушылар).

Типке және масштабқа сәйкес субъектінің қалыптасуы мен таңдау – жоба әрекетіндегі маңызды кезең. Әсіресе оқу жобалау рекетінде өте маңызды. Мысал ретінде жинақталған субъект саласына тән бірнеше жобаларды қарастырайық.

Үлгілеуші жұптар жобалау жүйесінде диада секілді топтық субъектінің алуан түрлілігі ретінде көрініс табады. Оны әртүрлі кәсіби (әлеуметтік, жас ерекшелік) категорияларына жататын қатысушылар қарым қатынас, іс әрекеттің актуалды немесе жобалық эталондық тәжірибесін, жұптық кәсіби іс әрекет шеңберінде эмоционалдық реакция тудыруға қажетті «ішкі» жобалау әрекетін мақсатты түрде қалыптастыру және пайдалану қажет. Жобалық мақсатта құрылған мұндай жұп өз әс ірекетінде инновациялық өзгерістерді үлгілейді.

Мысалы, волгоградтық педагогтардың тәжірибесінде үлгілеуші жұптар – «білім беру ұйымдарының жетекшілері – осы мектептің ағылшын тілінің мұғалімі» құрылды. Курста олар параллельді түрде мұғалім – тілді инновациялық әдіс арқылы үйретуге; директор- инновациялық өзгерістер арқылы басқаруды, инновациялық технологиялардың ағылшын тілін оқытудағы тиімділігінің шартын меғгереді. Қызмет орныныа оралғанда мұғалім меңгерген технологиясын оқыту практикасына енгізе бестады. Директор инновациялық орта, технологияны енгізуге жағдай жасады. Осының негізінде туындаған типтік мәселелер ситуациялық қиыншылықтар, жаңа әсерлер сол мезетте анализденіп, рефлексияға ұшырап келесі жобалау қадамдарын түзетуде ескеріліп отырылды.

Диагностикалық қызмет атқаратын үлгілеуші жұптарды қалыптастырудың ойындық нұсқасы да бар. Демек, өнімді кәсіби мінез құлық пән болып табылатын оқу жобалау шеңберінде бітіруші топ студенттеріне «мектеп директоры – жұмысқа алынып жатқан жас мұғалім» жұбын құрастыру талап етлді. Белгіленген уақыт жағдайынды жұмысқа алыну және еңбек келісімі бойынша барлық жұптар жеңіліске ұшырады.

Екі тарапқа да ортақ негізгі тұжырымдама – қызмет кездесулерімен байланысты өз қажеттіліктері мен сұраныстарын максимальды көлемде қанағаттандыру. Сонымен қатар жұптық жұмыстың әртүрлі тәртібін: кездейсоқ қарым қатынас береміз. Жұптық жұмыс нәтижесі бойынша жалпы дискуссия өткізіледі. Осылайша, «басқарушы» және «бағыныштылардың» сыртқы мотивтері, стереотиптер, штамптар бөлінеді.

Нәтижесінде бірлескен күштің арқасында жұмысқа жас маманды қабылдауда типтік ситуацияда өнімді мінез құлық үлгісі жобаланады. (Аналогиялық тәсіл мектеп басқарушыларының біліктілігін арттыруда курстарда пайдаланылды.)

Жобалық топ.Жобалық топ әлеуметтік педагогикалық немесе білім беру жобаларына тікелей қатысушы адамдардың негізгі шеңбері. Осы шеңбер ішінде жобаны жүзеге асыруды кешенді түрде қамтамасыз ететін қызметтерді бөлу жүреді. Оларға оқыту, сараптау, құжаттарды дасярлау, техникалық немесе әлеуметтік өңдеу, консалтинг, әдістемелік нұсқаулар, іс әрекет координациясы жатады.

Демек, желілік оқыту үшін жобаны топпен қамтамасыз ету тән. Мұндай топтың нұсқасы: топ жетекшісі (оқытушы, ұстаз); әдістемелік координаторлар, оқу (мақсаттық, тақырыптық ) топтарды билейтін көшбасшылар, қажетті программалық өнімдерді жасайтын және сайттар конфигурациясын өңдейтін программист; байланыс тұрақтылығын қамтамасыз ететін техник.

Ұшқыш топтар – жоба логикасында эксперименталды іс әрекеттерді жүзеге асыратын топ. Ұшқыш топ – қандай да бір инновациялық амалдың апровациясының үлесіне түсетін алғашқы жүрістер. Мұндай топтарға әдетте белгісіздік жағдайда тәуекелге бел буып жұмыс істей алатын білікті мамандарды таңдап алады. «Құқықтық білім » жобасы әртүрлі пәндерден сабақ беретін оқытушылардан ұшқыш топтарды құрды.

Тьютерлер (тренерлер) топтары – басқа топтардың алдын орап оқитын топ. Себебі өз тәжірибелері мен білімін қалған топтарға үйретіп отырады. Кейде олар параллельді түрде өз әріптестеріне әдістемелік қызметті атқарады.

Ағылшын тілі бойынша емтиханның жаңа форматын жасау жобасы бойынша тәжірибелі ағылшын тілі мұғалімдер тобы таңдалып, тілдік тестілеу процедура ұйымдарымен байланысты шынайы тәжірибелермен құқықтық құжаттармен, арнайы әдебиеттермен танысу үшін Ұлыбританияға жіберілді. Жобаның келесі кезеңі топтан ресейлік ағылшын тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмекші құралдарымен тестік материалдарды жасау әдістемесін меңгеру топтан талап етілді. Осыдан кейін олар көмекші құралдармен әріптестерән оқыта алды.

Жобалау барысында жоба әрекеті мақсатына және оныі кезеңдерінің жұзеге асуында әртүрлі қызметтерге байланысты оқу және жұмвс топтары пайда болды.

Мысалы, «Жаздық лагерь: болжам» ойындық жобасы барысында әр отрядта ұйымдастырушылық – жадтық орталық (ҰЖО) құрылды. Олардың міндеті идеялар туып, оларды сараптап, баға беріп миға шабуыл жасау болды. ҰЖО құрамына лагер өмірінен хабардар, дайындалған және беделді адам – консультант ұйымдастырушы; идеялар генераторы – ассоциативті ойлауға қабілетті, өз бетімен идеяларды дамыта алатын отряд мүшесі кіреді. Сарапшылар құрамы лагер өмірінде топтардыі табысты ұйымдастырылуын қалайтындардың қызығушылығын қамтамасыз етеді. Мұнда отряд мүшелері, жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушылары; кәсіподақ өкілдері мен пионерлік лагерь жетекшілері. Олардың міндеттері ұсынылған идеяларды өзәнәі кәсіби және қоғамдық көзқарасымен жан жақты анализ жасау болып табылады.

 

Халықаралық тәжірибеде оқу йірмесі деген ұғым пайда болды. Бұл формальды емес – қосымша білім беру жүйесіне қатысушылар топтары. Оқу үйірмелері жобалау әрекетінің субъектісі ретінде де қатыса алады.

Кез келген топтың құрылуы және оның іс әрекеті топтық динамика даму заңдылықтарын ескерумен жүзеге асады. Жобаны жүргізу барысында Нижный Новгород қаласынан келген мамандар жұмыс топтарына практика мұғалімдерді; жұмыс берушілер өкілдерін және осы бағыт бойынша сарапшыларды қосу қажет деді. Топ құрамы тұрақты болғаны дұрыс, себебі жобалық оқыту процесі рефлексия жіне топтық талқылау негізінде үнемі жетілу принципі бойынша құрылған. Егер де жоба халықаралық болса, онда топқа кәсіби лексиканы еркін меңгерген білікті аудармашы қажет. Бұл материалды талқылауда қате жібермеуге көмектеседі.

Жобалық әрекеттің субъектісі тренинг – топтар бола алады. Тренинг – топ жұмысы:

Тұлғалық көріністерді түзетуге және диагностикалауға;

Жоба шеңберінде өнімді қимылдауға кедергі келтіретін ішкі тосқауылдарды жоюға;

Топ ішінде эмоционалдық және психологиялық атмосфера құруға;

Жоба барысында топтық динамиканың сипатының өзгеруіне;

Жобаны сәтті жалғастыру үшін қосымша білік, білім, дағды, тәжірибенің қалыптасуына;

Қатысушылар көзқарасын белсендіруге бағытталуы мүмкін.

Жобалаудың жиынтықты субъектілеріне эксперттық, редакциялық және т.б. топтар жатады. Олардың қатарына әртүрлі мекеме, ұйым өкілдерн, мамандар категорияларын кіргіземіз. Жобалау әрекетінің субъектілер құрамы өзгермелі болып келеді.

Педагогикалық жобалау шеңберінде ең ірі субъектілер білім беру мекемелері болып табылады. Субъектілік қасиеттердің көрінуі жобалау объектісі ретінде бір мезетте болатындықтан өзіне тән ерекшеліктері бар. В.Е.Радионова пікірі бойынша педагогикалық жобалаудың объектілеріне екіжақтылық тән. Олардың әрқайсысы күрделі жүйе –өз өзін басқаратын және дамудың ішкі ресурстары бар дербес әлеуметтік «ағза».

Жобалаудың желілік субъектісі. Соңғы жылдары қоғамдық педагогиалық және инновациялық қозғалыста «желілік» атауын алған ортақ амалдармен бірлескен жобалар көбейіп келеді. Желілік ықпалдастықтың феномені формальды емес қарым қатынасқа, ал желіде жобалау жеке тәжірибеге және әлеуметтік ынта білдіруге негізделген. Желілік ықпалдастыққа жалпы коммуникативті ақпараттық кеңістік тән. Бұл желілнің басқа қатысушыларымен ақпарат алмасуға, ақпараттың өзіндік каналдарын ашуға мүмкіндік береді.

2. Бірлескен субъектіні ұйымдастыру мәселесі.Жобалау әрекетінің бірлескен сипаты бірлескен субъекті құру үшін арнайы педагогикалық күш салуды талап етеді. Ол ортақ мақсат, ортақ құндылықтар жүйесін қалыптастыруға, жоба тиімділігін талдауға; оны басқаруға қатысуға, ресурстарды бөлуге ықпал етуге; жоба әрекетінің мақсатын, нәтижесін басқаларға көрсетуге, ұжымдық қолдау және өз жұмысының бағасы ретінде кері байланысқа қол жеткізуге үйренеді.

Жоба әрекетінің бірлескен субъектісінің қалыптасуының жолдары әртүрлі. Класс, студенттік топ, педагогикалық ұжым секілді қоғамдастықтың ішінде жоба мотивациясының болуы. Немесе қандай да бір формальды емес, я болмаса белгілі бір жобаның жүзеге асуына арнайы кәсіби қоғамдастықтың құрылуын мақсатты көздеу. УҒЗҰ (уақытша ғылыми зерттеу ұжымы ) секілді бірлестіктер 1980 жылдардың соңынан бастап білім беру саласында белсенді іс әрекет атқара бастады. Жобалау әрекеті міндетін шешуде әлеуметтік немесе компьютерлік желінің қалыптасуы мүмкін. Педагогтың жоба жүзеге асуында бірлескен субъектінің қалыптасу арысында кездесетін негізгі міндеттерге тоқталайық.

Қатысушылар тобы таңдалды. Жобаға қатысушылар тобы көп жағдайда нақты адамдардың ролдік көзқарасынан, біліктілік деңгейінен, функционалдық міндеттерінен, жеке және кәсіби қызығушылығынан тәуелді. Сонымен қатар оның қалыптасуы білім беру орталықтарында қызмет атқаратын нақты адамдармен (ғалымдар, методистер, әкімшілік, педагогтар, оқушылар, ата – аналар, арнайы және ЖОО – ң өкілдері, министрлік және жергілікті билік өкілдері т.б.) тікелей байланысты.

Мысалы, егер оқушылардың дүниетанымы, жалпы мәдениеті, мінез құлық этикасы, қарым қатынасы оқытушылармен, тәрбиешілермен, шеберлермен күнделікті қарым қатынас жасау барысында қалыптаса бастайды.

Жоба мақсатымен байланысты ортақ қағидалар, ұстанымдардың қалыптасу күрделі әлеуметтік психолгиялық мәселе. Осы жағдайда ақпараттық тәсілді қолдануға болады.

Мысал ретінде жоба негізі болатын Санкт – Петербург мектептеріндегі құқықтық білім беру жүйесін өңдеумен байланысты тьюторлар топтар кездесуінде эпизодты айтайық. Аудиторияда ИПК –ға бағытталған мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, - тәжірибесі бар әртүрлі пәндер мұғалімдері жиналды.

Жобаның ғылыми жетекшісінің қысқа сөзінен кейін қатысушылар арасында экспресс – диагностика жүргізілді. әрқайсысына үш парақ берілді. Параққа («мен педагог ретінде», «менің оқушыларым», «менің оқушыларымның ата - аналары»)осы субъектілердің мектептегі әрекетінің міндеттері мен құқықтарын екі қатарға жазу.

Тапсырманы орындау барысында қатысушылар өзінің және білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары туралы жеткіліктк ақпараттанбағынын байқады. Кейбіреулер үшән шектелге құқық пен міндет қиын болды. Оқушылардың білім алуға деген құқығын міндеттер графасына жатқызды.

Топтық рефлексияның жүруі барысында алынған нәтижелерден әртүрлі себептермен мұңалімдердің, оқкшылардың құқықтары бұзылатыны байқалады. Мұғалімдерде психологиялық түрде мәселеге енгізілді. Нәтижесінде тұлғалық маңызы бар жобалық ұсыныстар қабылданды.

Топталған субъекті құрамына кіретін қатысушылар жобалық әрекеттің жалпы категориалдық – ұғымдық кеңістігін құру керек. әдетте бұл міндет бірлескен әрекетте қолданатын жобаның ортақ тілін өңдеу негізгі мақсаты болып табылатын оқыту жолымен шешіледі.

А.И.Герцен атындағы РГПУ білім берудегі инновацияның Халықаралық орталығында білім беру саласында кеңес берушілермен байланысты жобаны жүзеге асыру барысында біліктілігін көтеру жүйесінекірген оқытушылар Астрия мен Нидерландыдағы әріптестерінен оқыды. Топ қатысушылары осыдан кейін ресей аймағында кеңес беру үлгілерін өңдеуге қатысты. Олардың жобалық жұмыстары европалық білім беру тәжірибесіне сәйкес қабылданған кеңес беру әрекетінің ерекшеліктерін сипаттайтын жаңа лексикаға негізделіп жасалынды.

Мәдени коммуникациямен психологиялық түрде қамтамасыз ету.педагог топтық жобалық әрекетті ұйымдастыра отырып, топ ішінде мәдени коммникацияның дамып, топ тұтастығын қамтамасыз ету керек. Жобалау әрекеті барысында топ ішінде топтық динамиканың дамуы, лидердің ауысуы, интеллектуалдық, психологиялық шаршау секілді процесстер туындайды. Бұл тота жұымыс істеу, қарым қатынас дағдығын мегеру, ақпараттық алмасуды үйренуді тал ап етеді. Тағы бір міндет – шынайы және виртуалды тәртіпте жүзеге асуы мүмкін мәдени коммуникацияны психологиялық қамтамасыз ету болып табылады.

Топтық субъектінің жоба алды погружение секілді жоба командасындағы ұйымда топ тұтастығын сақтаудың тетіктерін қарастырайық. Мұндай семинарлар әдетте жобаның жүзеге ауы бойынша табысты бірлескен әрекеттің алышарттарын құру үшін өткізіледі. Оның өнімдері объекті даму стратегиясын және топ тұтастығының кешенді (эмоционалдық, мазмұнды, ұйымдастырушылық, технологиялық) алғышарттарын қалыптастыратын бағдарлама немсе нормативтік мәтін, концепция блып табылады.

Семинар қатысушылары алдымен қажеттіліктерін біріктіреді. Сондықтанда семинардың алғашқы қадамы қатысушыларды бәсекелестікке емес, бірлестікке тәрбиелеу болып табылады.

Ол үшін мәселеге шығармашылық әрекетке түрткі ретінде қарауды қалыптастыруға бағдарланған арнайы жаттығулар, тренингтік ситуациялар, ойындық техникалық тәсілдер сериясы қолданылады.

Келесі қадам «мәселелерді жинақтау және қалыптастыру», оларды жіктеу. Осылайша білім беру ұйымдарының жағдайын жақартатын мәселер шешімі табылады.

«Білім берудегі кеңес беру» семинарларының бірінде педагогтар тек зіндегі мәселені көріп, олардың балаларда да болуын байқамайтыны анықталды. Бұл семинар ұымдастырушлары алдында міндетті өзгертіп, ересектерді өз мәселесін емес, балалар мәселесін шешуге бағыттауды талап етті.

Ресурстарды қолдануға баға берілді. Ресурстарды бағалау SWOT – анализі (ғылшынтілінен ауд.күш, әлсіздік, мүмкіндіктер, қауіп төндіру деген мағынаны білдіреді.) бойынша жүргізілді.

Бұл бірлескен іс әрекеттің барлығы бірлескен шығармашылыққа дайындайды. Жұмыстың арықарайғы барысы ауыспалы (профильді) топ тәртібінде жүреді, ол білім беру жүйесін дамытуға қабілетті концепция, бағдарлама, нормативтік құжатты жасауына тікелей байланысты. Осы аталған прцедуралар өткеннен кейін жоба «ядросы»құрылды десек те болады.

Мұндай семинарларды педагогикалық психологиялық қолдау талап етеді: (3-5 күн жүреді.)

· Эмоционалдық күй динамикасы бойынша жұмыс күнінің басында немесе соңында жүйелі кері байланыс орнату;

· Ұжым жұмысы үшін онығ аралық нәтижелерінің есебінен контекстік фонды (газеттер мен үнпарақ шығару, күнделіктті фотосессиялар, арнайы қабырға тақталарында ақпарат болатын графикалық бейнелер және т.б.құру;

· Топ тұтастығы тәсілін қолдану;

· Іс әрекетті қалыпқа келтіру ережесін енгізу.

 

Семинарларды ұйымдастыруда бір логикалық қадам жасалынады . бұл өз ұжымына жаңа әдістерді меңгеріп келген маманның қадамы. Осы ситуацияда туындауы мүмкін «жобадан кейінгі әсер» немесі конфликтіні ескерту кері байланыс кезінде өте маңызды. Сонымен қатар ұжым мен басшылары арасында керемет жобалық идеялрмен бөлісуге көметесетін ауызша және мінез құлықтық қасиеттерді игеруге көңіл аудару маңызды.

Желілік қоғамдастықтың қалыптасуына байланысты жобалау субъектісі әртүрлі болуы мүмкін. Бір жағынан желі оның потенциалды қатысушыларының шынайы байланыстарынан біртіндеп қалыптасады. Мысалы, білім беру саясаты Инситуты жобасында біріккен «Эврика» атауын алған мектептердің жағдайы осылай болды. Екінші жағынан желі жобасы белгілі бір әлеуметтік педагогикалық немесе білім беру мәселелерін шешуі мүмкін. әлеуметтік желінің құрылуы да алдын ала ұйымдастырылған жұмысты талап етеді. Осындай жұмыстың бір нұсқасының логикасын иқарастырайық.

Ең алдымен осы мәселеге қызығушылық танытатын ұйым қажет. Олардың іс әрекет жасау формасы: семинар, миға шабуыл, видео немесе шынайы конференция, бірлескен танысы іс сапары болуы мүмкін. Келесі міндеттерді шешу ұсынылады.

· Қатысушылар тобы жобасына референтті қатынастың қалыптасуы.

· Жобалық әрекет тәртібінде іс әрекет жасауға дайын адамдар немесе мекемелер тобын құру.

· Арықарайғы байланыс формаларын қамтамасыз ету.

· Бірлескен жобалық әрекет контурын белгілеу.

Желілік тәртіптегі өнімді іс әрекеттің алғышарты толықтық пен бастапқы кезеңнің өкілдердің дәрежесі болып табылады. Мысалы, қажетті ресурстарды қанағаттандыра алатын әлеуметтік әріптестер шеңбері әлеуметтік ортаның көптүрлілігін үлгілейді. Бастапқы кезеңнңғ өзінде ақ бірлестік, қоғамдастық атмосферасын құру қажет.

Өара әрекеттестіктің табысты болуы үшін бірлескен іс әрекетте жба алды кездесулерге қатысушыларды тарту мотивтердің көрінуі қажет. өзгерістер, жоба лидердері мен координаторларын таңдаудағы анықтық та маңызды. Бірлескен күштің нәтижесінде бірлескен іс әрекетті қайта құруға бағытталған қорытынды «құжат» немесе материалдар пакеті туындайды. Жобалау барысында желілік қарым қатынасты ұйымдастыру үшін қатысушылардың желілік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етіп, өзара ықпалдастыққа регламент қою керек.

Балалар мен ересектердің бірлескен жобалық әрекетінің ерекшеліктері. Жобалау тәжірибесі кіші мектеп жасынан бастап қалыптасады. Сонымен қатар ғалымдар балалардың жобалу әрекетіне қатысуының, олардың білім беру мекмелерінің жобаларына қатысты айырмашылығы аталады. Балалар мен ересектердің жоблауға амалы бақылаулар бар. В.П.Бедерханова ескертпесі бойынша, «балалар мифологиялық кеңістікте жиі жұмыс істейді, олардың қимылы болашақтан осы шаққа қарай жүреді, ересектен айырмашылығы олар өткен шақтан келер шаққа қарай жүреді».

Гуманистік педагогикада жобалау процессінде бала көзқарасы мен ролі туралы сұрақ өте маңызды. Тәжірибе олар вариативті екенін көрсетеді. Бала жобалаушы әрекеттің тікелей белсенді қатысушы ретінде, тапсырыс беруші ретінде, іс әрекетке және оның нәтижесіне қатысты эксперт ретінде болуға қабілетті.

Сонымен қатар жобалау әрекетінде бала өз дербестігін көрсету қажеттілігі мен мүмкіндігімен соқтығысады. Бұл мынадай ситуацияларды талап етіледі:

· өзі туралы және жобалау объектісі туралы қоршаған ортаға айту, құрдастарымен ересектер арасында көзқарасын қорғау;

· өз мақсаттары мен құндылықтарын басқа адамдарымен келісу;

· өз қиыншылықтары мен мәселелерін анықтау және олардың себептері мен шешімдерін табу;

· өз әрекеттері мен алынған нәтижелері бойынша бірлескен рефлексия жүргізу.

Жобалық әрекетке бірлескен қатысу әртүрлі деңгейде өзара ықпалдасуды болжайды:

Олардың бірнешеуін атап өтейік:

· ақпараттық деңгей (жобалау әрекетінде алынатын – зерттеушілік, оқушы, диагностикалық және т.б. мазмұнды алмасу);

· практикалық жеңгей (бірлескен бірлескен іс әрекет);

· эмоционалдық деңгей (жоба барысында игеретін индивидуалдық және бірлескен әсер, уайымдау);

· этикалық деңгей (ережелер, өзара ықпалдастықтың конвенционалдық нормалары).

Жобалау әрекетінде қатысушылар арасында қарым қатынастың әртүрлі типтері жиналуы мүмкін:1) кооперацияға бағынышты; 2) жобаны орындаушылары арасында бірлестік пен әріптестік ұсынатын кооперациямен тең; 3) желілік қатынас. Желіге қатынас ерікті түрде белсендіріліп отырылады;

Осылайша субъект ретінде қатысатын ересек үшінде, балалар үшінде жоба әрекетінде өзара жетілу үшін жағдай туындайды. Жобалаудың әрбір қатысушысы сонымен қатар басқа адамдар үшін тұлғалық дамудың ерекше катализаторы болып қалыптасады. Әсіресежобалауда жас ерекшеліктеріне, көпұлтшылдыққа, мәдениетке байланысты мәселелер өте өзекті.

3. Жобалық әрекеттің пәні мен объектісінің ерекшелігі.Жобалаудың әртүрлілігі объектілері мен пәнін құруға бағытталған. Жобалау объектісі пән контексінің қайда деген сұрағына жауап беретін орта немесе процесс. Жобалау пәні – жобада көрсетілетін алғашқы өнім. Жобалаудың пәні мен объектісі өзара бір тұтасқа бірігеді.

Педагогтың жобалық әрекеті педагогикалық әрекетте жоспарланатын өзгерістермен байланысты. Оның объектісі осы әрекетте болатын әртүрлі құбылыстар мен процесстер болады. Оларға:

· әртұрлі масштабтағы білім беру жүйелері және олардың компоненттері;

· педагогикалық процесстердің көптүрлілігі және олардың компоненттері;

· білім беру мазмұнының қалыптасуы және оның қалыптасу деңгейі;

· білім беру және ақпараттық - коммуникативтік кеңістік;

· әлеуметтік – педагогикалық орта;

·

· Педагогиалық қатынас жүйесі;

· Педагогикалық әрекет барлық түрлері;

· Тұлғалық және тұлғааралық құрылым;

· Кәсіби көзқарас;

· Педагогикалық ситуация;

· Педагогикалық объектілердің сапасы.

Жобалау түрлерінің шеңберінде ерекше пәндерін бөліп көрсетуге болады. Білім беру жобалау: білім беру бағдарламалары; білім беру стандарттары; білім беру мекемелерінің типтері; білім беруді басқару органдары және т.б. Белгіленген объектісі шеңберінде қайта жасаудың пәні таңдалады. Мысалы, педагогикалық процес құрылымында жобалау мақсаты, мазмұны, технологиясы бар. Білім беру құрылымында жобалаудың концепциялары, бағдарламалары, оқу жоспары, дидактикалық материалдар және т.б. Аналогиялық объектілер мен пәні көптеген іс әрекет бейнеленеді, бір бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар. Жобалау әрекетінің пәнінің өзгермелі қасиеті бар.

Демек жобалауда парадокс бар: іс әрекет пәні осы әрекет те пән болмайды. Сонымен қатар, үнемі өзгерісті талап етеді. Осымен байланысты ұйым жүйесінде жоба әрекетінде үнемі жобалау пәнінің шекарасын диагностикалау болып қалыптасады.

Жобалық қатынас шеңберінде авторлық құқық мәселесі туындайды. Жобаны құруда көптеген кезеңнен өтеді, бұл кезеңдердің әрқайсысында кез келген қатысушысы өзінің индивидуалды өнімін құяды. Жобалау өнімдерінің әлеуметтік маңыздылығы жоба қатысушылары алдында авторларды бекіту қажеттігі туады. Инновациялық бағдарламаларды, әдістемелік материалдарды, зерттеу есептерін өңдеумен тығыз байланысты.Мақсатты түрде авторлық құқықты әлеуметтендіруге негізделген бастапқы атериалдарды құжаттау керек.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1. Жобалаудың жинақталған суббъектілер саласы үшін қандай ерекшеліктері бар?

2. мәдени коммуникацияны психологиялық қамтамасыз етудің мәні неде?

3. жобалау субъектісі бар кеңістікте неліктен авторлық құқық мәселесі бар?

 

Дебиеттер.

Негізгі:

1. Дитрих Я. Проектирование и конструирование: Системный подход / Пер. с польск. - М., 1981.

2. Заир-Бек Е. С. Основы педагогического проектирования. - СПб., 1995.

3. Ильин Г. Л. Проективное образование и реформация науки. - М., 1993.

Қосымша:

1. Педагогические основы проектирования образовательных систем нового вида. - СПб., 1995.

2. Колесникова И. А. Основы технологической культуры педагога. - М.; СПб., 2003.

3. Проектирование профессионального педагогического образования / В. А. Болотов, Е. И. Исаев, В. И. Слободчиков, Н. А. Шайденко // Педагогика. — 1997. — №








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 8956;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.047 сек.