Лекция 13,14. Жоба барысын бағдарлау мен жоспарлаудың педагогикалық негіздері.

Мақсаты:Жоба барысын бағдарлау мен жоспарлаудың негіздері туралы студенттер білімін жүйелеу.

Кілттік сөздер: мақсаттар декомпозициясы, білім беру бағдарламасы, жоспар қызметтері, даму бағдардамасы, ұйымдастырушылық жоспарлау.

Негізгі сұрақтар:

1. Жоба барысын бағдарлау мен жоспарлау;

2. Бағдарлама - жобаның ерекше түрі;

3. Жоспарлау типтері. Ұйымдастырушылық жоспардың түрлері.

 

Жоба барысын бағдарлау мен жоспарлау. Жобалау барысында алғашқы қалыптасқан бейне немесе мақсат олардың жүзеге асуы үшін міндеттер жүйесі және процедуралар қатары түрінде болашақ елестетулерді қажет етеді. Олар «жоба-болжау-жоспар» логикасында жүзеге асады. Болжау ситуацияның өзгеруі туралы ойлардың қалыптасуынан; тенденцияның даму перспективаларының сипатынан, ақ дақтарды жоюды, тәжірибені басқа жағдайларға ауыстырудан тұрады. Бұл өзгерістер логикасын анықтауға мүмкіндік береді ( жобаның жүзеге асуының кезеңдерін, этаптарын негіздеу).

Бұл кезге дейін жоба қатысушысының әр қайсысында ортақ іс-әрекетке өзінің еңбегінің мақсатында, міндеттерінде, көлемінде, түрлерінде, формаларында өзіндік айқындалуы үшін жеткілікті мәліметтер жинақталады. Сондықтан, мәселелер мен мақсаттарды декомпозициялау амалдары арқылы белсенділіктің болашақ «бұталану» бейнесін елестетуге болады. Топтық талқылау мен регламенттелген дискуссия режимінде келесі әрекеттер жүзеге асады:

· Алғашқы мәліметтер мен жағдайларда оптималды нәтиже алуға көмектесетін қойылған міндеттерді шешудің әдістері мен құралдарын теориялық жобалау;

· Қажетті шектеулер мен шығындарды ескере отырып, жобаның уақыт бойынша жүзеге асу жағдайларын бағалау;

· Жобалаудың нақтылы міндеттерін шешу этаптарын бөлшекті өңдеу;

· Мәселені шешу нұсқаларын анализдеу, жобалаудың нақты жағдайларынан бастап ішіндегі дұрысын таңдау;

· Алынған нәтижелерді жүйелеу мен жалпылау;

· Бар шешімдер нұсқаларын мүмкіндігі барынша біріктіру;

· Ұйғарылған нәтижені құрылымдау.

Мысылы білім беру саласындағы жұмысшыларды кәсіби дамыту саласында инновацыялық жобалардың біреуі келесі мақсаттарға жетуді көздеді:

1. инновациялық өзгерістерді басқару контекстінде білім беру мекемелеріндегі басқарушыларды қайта дайындау;

2. ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытудың қазіргі кездегі технологияларын енгізу саласында ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін көтеру;

3. білім беру мекемелерінде басқарушылар курстары үшін лекторларды дайындау.

Жобалық іс-әрекеттің алғашқы кезеңде мақсаттардың декомпозициясы жүргізілді.

1-мақсат:

· басқарушылар үшін инновациялық даму ситуациялары қажет ететін басқарушылық білім мен амалдарды меңгеру жағдайларын жасау;

· басқарушыларды қайта дайындау мазмұнының инновациялық компоненттерін анықтау, курстардың оқу бағдарламасын және сәйкес оқыту технологияларын өңдеу;

· мектеп педагогтарының инноватциялық өзгерістері мен иниятциваларын қолдау үшін басқарушыларда ұстаным қалыптастыру.

2-мақсат:

· ағылшын тілі мұғалімдері үшін оқытудың жаңа әдістері мен амалдарын меңгеруге жағдай жасау;

· мұғалімдерге олардың оқушыларынымұғалімдерге олардың оқушыларының мәдени аралық қарым қатынас дағдыларын жетілдіруде практикалық көмек көрсету;

· мұғалімдердің лингвистикалық және мәдени конпитенттілік деңгейін көтеру;

3-мақсат:

· басқарушылық, дайындық сұрақтары бойынша ректорларды оқыту үшін, топ кондидаттарын таңдау критерилері мен тетіктерін жасау;

· білім берудегі инновациялық, менеджмент бойынша курстар құрлымын жобалау;

· білім беру менеджерлерін дайындау курстарында оқу сабақтарын өткізу әдістемесін, сценарилер, диагностикалық әдістемелер, таратылатын материялдар, бағдарламалар қалыптастыру.

Кейінірек жобалау іс әрекеті бағдарлама жасау деңгейінде дамиды. Педагогикалық ойды жүзеге асыруда қажетті әрекеттер туралы ойлар болжау мен жоспарлау ұғымдарымен байланысты. Болжау ойлағанға жету үшін қажетті мерекелер мен әрекеттерді жинақтаудан тұратын бағдарламаны құру болып табылады. Жоспарлау қойылған мақсатқа жету жоспарын құрумен байланысты және стратегиялық сипатқа ие. «басқарушылық іс әрекет ретінде жоспарлаудың мәні соңғы нәтижеге жету жолында өтпелі өнімдер қатарын анықтау арқылы қойылған мақсатқа жету кезеңдерін анықтаудан тұрады» (Масюкова И.А Білім берудегі жобалау. Минск 1999).

 

1. Бағдарлама - жобаның ерекше түрі.Бағдарлама – алдымен құрлымдық қызметті орындайтын жобалау пәніне жетуге бағытталған нақтылы іс әрекеттерді анықтауды алға қоятын жобаның ерекше түрі. Бағдарламаның құрылымына мақсат туралы мәлімет, ұсынылған өнім, оны алу құралдары, сонымен қатар өзгеру обьектілері мен жобалау шеңберіндегі басқарушылық іс әрекет процедуралары енеді. Білім беру мекемелерінде кең тараған бағдарламалар қатарларына мыналар жатады:

· Білім беру бағдарламалары;

· Оқу бағдарламалары;

· Жылдық іс әрекет бағдарламасы (басқарушы, педагог, балалар ұжымы, ұйымның);

· Жылдық немесе оданда көп даму бағдарламасы (ұйым, бірлестік, ұжым);

· Нақты бағыт бойынша іс әрекет бағдарламасы (кадрлармен жұмыс бағдарламасы, зерттеушілік, тәрбиешілік іс әрекет бағдарламасы).

Барлық типтегі бағдарламаларды жоспардан ажырата білу керек. Жоспар педагогикалық іс әрекетті реттеуге, жоспарлылық және жүйелілік, басқарушылық және нәтижелердің бірігуі сияқты педагогикалық процестерге талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге арналған. Жоспар- іс әрекеттің мазмұндық бағдарларын беретін, оның тәртібін, көлемін, уақыт аралығын анықтайтын құжат. Түрі мен типіне, уақыты мен мазмұнына байланыссыз жоспар келесі қызметтерді орындайды:

1. бағыттайтын, ол іс әрекет сферасын анықтайды: жоспар жұмыстың мазмұндық шектерін бейнелейді, пәнді, педагогикалық іс әрекеттің нақты түрлері мен бағытын көрсетеді;

2. болжамдық: жоспар қажетті нәтижені нақтылы көрсетуге арналмасада, жанама түрде мағынаны көрсетіп, нақтылы әрекеттер арқылы нәтижені көрсетеді;

3. коррдинатциялық немесе ұйымдастырушылық (ол жоспардың негізгі қызметі болуы мүмкін): жоспар бір жағынан іс әрекет қалай, қандай құралдармен ұйымдасатындығын және оның субьектісі мен обьектісі кім болып табылатынын көрсетеді, екінші жағынан, іс әрекет тәртібін оның басқа түрлерімен байланысын көрсетеді, орнымен уақытын анықтайды, яғни кім, не, қашан, қай кезде деген сұрақтарға жауап береді;

4. бақылаушылық: біріншіден, педагогтың өзі жоспарды қолданып қойылған мақсаттардың орындалуын бақылай алады; екіншіден жұмыс біткен соң жоспар шынайылыққа қаншалықты сай келгендігін тексере алады. бұл жағдайда оның сапасы айтарлықтай деңгейде педагогтың конпетенттілігін көрсетеді;

5. репродуктивті: кез келген уақыт аралығаныда жоспар бойынша орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемін қалпына келтіруге болады.

2. Жоспарлау типтері. Ұйымдастырушылық жоспар түрлері.Жоспарлаудың бірнеше типтерін бөледі: Стратегиялық, құрылымдық-мазмұндық және мазмұндық-ұйымдастырушылық.

Құрылымдық-мазмұндық жоспар оның көлемін, тақырыптық блогы мен айту тәртібіне(мазмұнды жүзеге асыру), яғни оның құрылымын бейнелейтін қысқа мазмұндық тізбесі. Мазмұнына байланысты жоспардың түрлерін анықтауға болады: жазбаса жұмыстың жоспары (шығарма, мақалалар, кітаптар тағы басқа кітаптар) шығарманың мазмұндық құрылымын, оның айтылу тәртібін сипаттайды; синариялық жоспар-мағыналық блок бойынша синаридің мазмұнын қысқаша айту; оқу жоспары (білім беру мекемесі немесе құрылымдық бөлімше) – білім беру процесінің мазмұнын бейнелейтін және әрбір жас мөлшерлік катигория немесе оқу сатысы арналған тақырыптық блок бойынша жасалатын оқу дисциплиналарының тізімі; оқу-тақырыптық жоспар-оқу курсының көлемін және айту тәртібін, мазмұнды жеткізуді бейнелейтін, біртіндеп қыйындау логикасы мен жасалған тақырыптардың тізімі. Бұл пландардың формасы бейнелегіш-констациялық сипатқа ие.

Стратегиялық жоспарлау жобалаумен байланысты ұзақ мерзімдік приотиттрді қалыптастыруға мүмкіндік береді және шынайылықтың мақсатқа бағдарланған өзгерісіне әсер етеді. Көптеген жағдайда стратегиялық жоспардың мақсаты уақытша периюутқа обектінің дамуының жалпы контурын өңдеумен анықталып қана қоймай, іс-әрекеттің негізгі бағыттарын түсіну және қараумен анықталады.

Ұйымдастырушылық жоспарлау жоба барысын басқаруға кешенді амалды қамтамассыз етеді.Ұйымдастырушылық жоспардың мақсаты-максималды қысқа мерзімде белгілі бір міндеттің шешу әдістерін белгілеу. Бұл кезеңде шешімдер көп болатынын айтқан дұрыс сондықтан жобалық ұсыныстарды салыстырған дұрыс.

Ұйымдастырушылық жоспар алдынала белгіленген мазмұн көлемін және оны жүзеге асырудағы әрекет жүйесін анықтайды. Ол: не істеу керек, кім істейді, кіммен байланысты, қайда, қашан деген сұрақтарға жауап береді.

Әр түрлі параметрлер бойынша ұйымдастырушылық жоспардың келесідей түрін бөлуге болады.

Мазмұн көлемі бойынша (жоспарланған іс әрекет масштабы):

· Кешенді жоспар: іс әрекет оның барлақ бағыты мен түрлерінде жоспарланады (тәрбиелік жұмыс жоспары, қосымша білім беру педагогының балалар ұжымымен жұмыс істеу жоспары);

· Тақырыптық жоспар: іс әрекеттің бір бағыты немесе түрі жоспарланады (ата анамен жұмыс жасау жоспары, қосымша білім беру мекемесіндегі жалпы іс әрекет жоспары);

· Пәндік жоспар: нақты бір іс жоспарланады (конференсия жоспары, сабақ жоспары, мерекеге дайындалу және өткізу жоспары).

 

Жоспарланатын кезең ұзақтығы бойынша:

· Ұзақ мерзімдік (перспективалық) жоспар (мекеменің бір жылдық жұмыс жосапры, екі жылға арналған жоғарғы сынып оқушыларын кәсіби бағдарланған жұмыс жоспары);

· Кезеңдік орташа перспективаға арналған кезеңдік (периодтық жоспар): іс әрекеттің белгілі кезеңі жоспарланады (жарты жылдыққа арналған жоспар);

· Жақын арадағы перспективаға арналған аз мерзімді жоспар (бір аптаға, айға арналған жұмыс жоспары);

· Жақын арадағы нақтылы әрекеттің оперативті жоспары (күн жоспары).

Айтылған жоспарлар өзара байланысты, әр қайсысы бір бірін нақтылайды, коррекциялайды.

Жоспарлаудың субьектісіне байланысты:

· Индивидуалды жоспарды бір адам жасайды;

· Ұжымдық жоспарды ұжым, шығармашылық топ жасайды.

Жобаны жүзеге асыру жоспарында оның қатысушылары өтуге тиіс жол контуры бейнеленеді. Бірақ жобалау іс әрекеті жоспарға жетудің аралықты нәтиже мен алғашқы ойды сәйкестендіру, кері байланыс негізінде әрекеттерді әр дайым коррекциялауды болжайды.

Жобаны ойлауда көп жағдайда шектеулі болатын ресурстарды (адами, финанысты, материялды жоспарды) ескеру керек. Жобалаудың технологиялық ресурстарын анықтау қажетті

Базалық білім, дағды, білік, теориялық және практикалық іс әрекет тәжірибесі тізімін жасауды талап етеді. Жобалаудың тұлғалық ресурсын ойлау, мінез құлық, адамдардың қарым қатынасы ерекшеліктері құрайды. Оның сәттілігі көбіне субьективтілік және креативтілік сияқты қырлардың мәдениеттің коммуникативті және рефлексивті даму деңгейінің қалыптасуына тәуелді.

Жоспарлауды жүзеге асыру үшін жобалық процедураларды операцияға бөлу және әр бір кезеңдегі кешендік (әдістемелік, теориялық, технологиялық, бағдарламалы - әдістемелік, кадрлық, ресурстық) қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастырған дұрыс. Осыған орай әр түрлі, қатал және иілгіш жобалық іс әрекетті регламенттеу сызбалары және кері байланысты ортану қолданылу мүмкін.

Жобалық іс әрекет логикасының уақыт пен кеңістіктегі ашылуы бойынша алғашқы мағына әрдайым нәтиже мақсаты мен бейнесі деңгейінде нақтыланып отырады. Осыған орай іс әрекеттің құрлымын анықтайтын біріккен әрекеттер жоспары нақтыланады.

Орта мектептердің біреуінің базасында жүзеге асқан, «білім беру жүйесін басқарумен децентрализациялау» жобасы мысалында біріккен жобалық іс әрекеттің айналдыру логикасын иллюстрациялайық. Бұл жағдайда жобалық күштердің пәндік қосымша болып мектеп ішілік басқару жүйесі саналады.

Бірінші қадам. Білім беру процесіне қатысушыларға анкета жргізу, ата ана, балалар, педагогтардың өз көзқарастарымен мектептегі жұмыстар жағдайы туралы ақпарат алуға бағытталған өзіндік педагогикалық аудит.

Екінші қадам. Анкеталау барысында алынған материялдармен топтың аналитикалық жұмысын ұйымдастыру. 80- педагог, 510 жоғарғы сынып оқушылары және 1000 нан аса қатысқан ата ана анкеталарда өңдеу негізінде мектепте не жақсы істеледі, іс әрекеттің қай бағыты әлсіз өңделген немесе күрделі қамтамасыз етуді қажет ететіндігі туралы ойлар жасалды. Көзқарастардың сәй келмеуі және біліи беру процесіндегі әр түрлі категориядағы қатысушылардың көзқарастары арасындағы себептер анықталды.

Үшінші қадам. Аналитикалық мәліметтермен ұжымдық жұмыс негізінде мектеп дамуының артықшылықтары анықталды. Сай келетін жұмыс бағыттары бойынша алты жұмыс тобы құрылды: мектеп іс әрекетінің ұйымдастырушылық –педагогикалық мазмұны, біліктілікті жоғарлату, тәрбиелік жұмыс, сотцуммен жұмыс, денсаулық сақтау, әдістемелік базаны дамыту.

Төртінші қадам.Мектептің даму жоспарын дайындау. Жобалық семинарға қатысу үшін әкімшілікпен жұмыс топтарының өкілдері енген ұшқыш топтарды қалыптастыру. Жоба семинары барысында педагогикалық аудит мәліметтерін, ауданның білім беру жүйесінің даму бағытының концепсиясын, мектептің оқу тәрбие жүйесін анализдеуді қосатын мәліметтер пакетімен жұмыс негізғнде мектептің даму жоспарын құру.

Бесінші қадам. Педагогикалық кеңес отырысында жоспарды көрсету мен нақтылау. Жоба жоспарын, мектеп миссиясы және оның негізгі даму бағыттарын ұжымдық нақтылау. Жобаны жүзеге асырудағы ұжымның әр бір қатысушының рольін анықтау. Мектептің негізгі құжаттарын жасауда көптеген адамдарда қатыстыру.

Алтыншы қадам.Әр бір бағыт бойынша жұмыс жасау, оқу және әдістемелік өнімдердің жаңа түрлерін жасау; мектеп ішілік құжаттарды бірігіп жасау; өзіндік құалыптасу бойынша жұмысты жоспарлау.

Жетінші қадам. бағыттар бойынша іс әрекеттер нәтижелерін жалпылау.

Жоба алды кезеңді жобаны халық алдында көрсету аяқтайды. Жобалауға қатысты кең түсіндірілетін көрнекіліктерге педагогикалық талаптар тек қана адамның мәселені табуға араласуы ғана емес, сонымен қатар оны басқа адамдарға дәлелді түсіндіруді қамтиды. Ойды жеткізу сурет, сызба, іс әрекет принциптерін сөзбен бейнелеу арқылы көрсетілуі мүмкін. Жобаны көрсету формасына талаптарды қалыптастырған пайдалы. Мысалы ретінде «жазға лагерь: болжам» жобасына қойылған талаптарды көрсетейік.

Жобада тұжырымдамалы тақырыптардың біреуі өңделеді: «Бала және лагерь», «Лагерьдегі педагогика», «Қоғам және лагерь». Жоба ұжымдық шығармашылық негізінде жасалады.

Жобаның мазмұны мәселелер жүйесін шешуді немесе бір, бірнеше мәселе блоктарын мақсатты жасауды бейнелеуі мүмкін.

Жоба логикалы, аргументті көрсетілуі, бүгінгі күндегі кемшіліктер позитциясымен негізделуі керек. Ол уақытты озуы мүмкін, бірақ шынайы түрде қалады.

Жобаны көрсету формасы бойынша ғылыми, бұқаралық немесе әдеби шығармашылық болуы мүмкін.

Жобаның сызбамен, суреттермен және т.б көрсетілгені дұрыс. Көркем әсемдеу және театрализация элементтерін қолдануға болады.

Әр бір құрлымдық бюро және әр бір жобаның визиттік карточкасы болады: девиз, атау, эмблема.

Жобаның бастауы туралы соңғы шешімдерді қабылдау презентация барысында немес одан кейін оның сәттілік алғашарттарын эксперттік бағалау қабылдайды. Осындай авторлық және сыртқы, тәуелсіз, кешенді,

экспертиза кезінде тарихи педагогикалық аналогия әдістерін, мамандар бағалауын эмитациялық моделдеуді, рейтингтік бағалауды қолдануға болады. Ойды коррекциялау экспертиза шешіміне байланысты жүреді, сонымен жоба алды кезең аяқталады. Әрі қарай жобалық ойларды өмірде жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталады.

Өзін өзі бақылау,а арналған сұрақтар:

1. Жобалу іс әрекетінде мақсаттық ұстанымдардың «ауданы» қалай құрылады?

2. Жоспар дегеніміз не жіне ол қандай қызметтерді орындайды?

3. Жобаны ұсыну формасына қойылатын ортақ талаптарды жасап көріңіз?

Дебиеттер тізімі.

Негізгі:

1. Масюкова И. А. Проектирование в образовании. - Минск, 1999.

2. Бедерханова В. П. Становление личностно ориентированной позиции педагога. - Краснодар, 2001.

3. Колесникова И. А., Титова Е. В. Педагогическая праксеология. – М., 2005.

Қосымша:

1. Сериков В. В. Образование и личность: теория и практика проектирования педагогических систем. - М., 1999.

2. Педагогические основы проектирования образовательных систем нового вида. -СПб., 1995.

3. Громыко Ю. В. Проектирование и программирование развития образования. - М., 1996.

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 5587;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.029 сек.