Оқу және техникалық жобаларға қойылатын негізгі талаптар.
Жобалау – кәсіби оқытудың міндетті бөлігі.Оның өнімдері ретінде оқу және техникалық жобалар жақсы белгілі. ЖОО-ғы оқыту тәжірибесінде жобалау іс-әрекеті әр түрлі бағыттарда қолданылады. Бір жағынан, дәстүрлі дипломдық жобалау ( әсіресе техникалық оқу орындарында) маман даярлауды ұйымдастырудың оқытушы, сонымен қатар бақылаушы формасы болып табылады. Курстық немесе дипломдық жобаларды дайындау нәтижелі акт ретінде көрінеді, ол студенттің кәсіби өнімді өз бетінше жасауы мен адамдар алдына көрсету қабілеттілігін анықтайды. Екінші жағынан – жобалау педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде, сонымен бірге білім беруді гуманитаризациялау мәселесін шешуде кең қолданылып келеді.
Кәсіби білім беру кезеңінде техникалық жобалау мақсаты болып тек жаңа объектіні( инновациялық өнім) құру ғана емес, оған жаңалық беру, жоғары сапа мен оның өмір сүру жағайларын өзгерту де есептеледі. Жобалауға деген талаптарды әдеттегідей тапсырыс беруші қояды. Инженерияда, құрылыс пен архитектурада жобалау үрдісі келесілерді талап етеді:
· Берілген іс-әрекет, ғылым немесе проктика саласында алдын ала зерттеулер жүргізу;
· Жобалауға қатысты тапсырмалар даярлау;
· Эскиздік ( бағдарлау жалпы көрініс деңгейінде ) жоба жасау;
· Жобалық-сметалық және техникалық құжаттарды дайындау;
· Жобалау процесі ұйымдастыру мен қамтамасыз ету.
Әдетте, бұл операцияларды сәтті орындау үшін студенттің алдын ала дайындығымен қатар, жобаны қолдау типінің дамуымен, кәсіби білік пен дағды кешенін, сонымен қатар мінез құлықтың еркін қырларын қалыптастырумен байланысты педагогикалық міндеттердің бір қатарын шешу қажет. Техникалық білім беру жүйесіндегі вуздық жобалау арнайы әдебиетте өңделіп, егжей тегжейіне дейін бейнеленген, сондықтан, оқырманды библиография мен Интернеттің сай келетін беттерін қарауға жіберіп, оған тоқталмаймыз . Берілген оқулық саласында жобалау іс-әрекетін педагогтарды дайындау жүйесінде қолдануға қызығушылық тудырады.
Жобалау алғашқы кәсіби ұстанымдарды қалыптастырудың әдістерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Стокгольмдік университеттің психология және педагогика факултетінің бірінші курс студенттерінің орындаған оқу жобаларынан мысал келтірейік. Оның пәндік нәтижесі болып адамдардың бет-әлпетін галериялық фотопрезентация саналады. Жобаның ортақ мәні барлық жас мөлшеріндегі адамдарды көрсетіп, өмірдің әрбір кезеңінің ерекшеліктері мен мағынасын көрсету болып есептеледі.
Болашақ педагогтар мен психологтар семестр бойы журнал басылымдарынан ізденіп, өз бетінше портреттер жасап, сюжеттік канва жасап, фотофилімге қажет музикалар қатарын жинақтады. Көрсетілім жарты сағат көлемінде болды, осы уақыт аралығында комментариялық бірде бір сөз айтылмады: тек қана калейдоскоп әр түрлі адамдардың бет әлпетін үлкен планмен және жас мөлшердің ерекшеліктеріне сай келетін, хроналогиялық тәртіпте: туылғаннан бастап қартайғанға дейін сипаттайтын ғажап музыка.
Бірінші курстықтардың жобалық ойларына терең енуі мен оны жүзеге асыру сапасынан алынған әсері өте күшті. Фотофильм өз бетінше уникалды педагогикалық психологиялық құбылысты көрсетті және кейінрек факултетте оқу құралы ретінде қолданыла алатын еді.
Жобаның жүру барысында көптеген студенттер өздеріне қажет тәжірибелік біліктерді меңгерді: суретке түсіру, суреттерді безендіру, дыбыс жазу монтажы бойынша жұмыстар. Бірақ, бұдан да жобаны жүзеге асыру барысындағы педагогикалық нәтиже ретінде « адамдардың бет әлпетіне » құнды ұстанымдардың пайда болуы мен бекітуі, әр бір студенттің адамға оның тағдыры контекстінде қызығушылық көрсетуі маңызды.
Кәсіби даярлаудың маңызды міндеттерінің бірі болашақ педагогтарды өз іс әрекеттерін жобалауға үйрету және ол ұйымдастыруға тиіс білім беру процестері есептеледі. Ол үшін, ең алдымен, бұл процестер мен іс-әрекет түрлерінің құрылымы және негізі, олардың қалыптасу механизмдері мен бағалаудың праксиологиялық кретерилері (өнімділік, «дұрыстық» критерилері) туралы жалпы теориялық елестету қажет. Бұл жағдайда студенттерде өздерінің әрекеттеріне рефлекцивті қатынас жасау, оларды мөлшерлеу, қайта мөлшерлеу, коррекциялау мүмкіндігі пайда болады. Бұл жұмыстың шынайы жағдайларына тез бейімделуге сонымен қатар, иновациялық іс- әрекетке енуге көмектеседі.
Осылайша, алғашқы мектептік практикаға шығу үшін дайындық шеңберінде педагогикалық ЖОО-ң гуманитарлық факултетерінің біреуінің студенттеріне өз бетінше жобалық режим бойынша өздерінің индивидуалды ерекшеліктері мен таныс емес балалар және педагогикалық ұжыммен танысуға актуалды дайындықты ескере отырып, алдағы жұмыстың бағдарламасын құру ұсынылды. Жоблаық іс-әрекеттің логикасы өзіндік диагностика мен алғаш практикалық сабақтарда меңгерілген, өзіндік күшті және әлсіз педагогикалық-тұлғалық жақтарына бағытталған әдістемелерді ұйғарды.
Кейін алынған мәліметтер негізінде өздеріндегі мүмкін болатын қиындықтарға индивидуалды прогноз жүргізілді. Сонымен бірге, кейбір студенттерде ұқсас мәселелер анықталды, соған байланысты пратиканы өтудің бағдарламасын құру тапсырмасы берілген мақсатты-мәселелі топтарды қалыптастыру қажет болды. Олар келесідей талаптарға жауап беруі қажет:
· Студент мүмкін болатын қиындықтарды жеңе алатын жұмыс істеу ситуацияларын құруға максималды әсер ету керек;
· өзінде бар мықты жақтарға сүйенетін сәтті іс-әрекетті қамтамасыз етуі керек;
· Практика барысында өнімді өзара әрекеттестікке түсе алатын, сонымен қатар практиканың өтуі индивидуалды немесе топтық формада өткенді қалайтын ересек және бала әріптес ерекшеліктерін, категориялар, жас мөлшерін таңдау жөнінде нұсқаулықтар болса.
Оқытушылардың паралелді күшімен студенттер үшін практикаға шықпас үшін өздеріндегі проблеммаларды жоюға көмектесетін сабақтар, тренингтер, кеңестер ұйымдастырылды.
Біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі жобалау.Біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі педагогикалық мамандықтағы жобалаудың мазмұны болып қызығушылықтары бар адамдардың күштерін саналы біріктіру негізінде педагогикалық шынайылықты өзгерту, сонымен қатар кәсіби конпетенттілік деңгейін көтеру есептеледі. Қосымша білім беру жүйесінде осы екі бастаудың бірігуі байқалады. Жобалау іс әрекеті кәсіби даярлау мен мамандықты жоғарылату жүйесінде мамандар алдында пайда болған міндеттерді шешу үшін кең қолданылады. Бұл жағдайда жобаның «ішіндегі» жұмыста мамандар жұмыс жасайтын әлеуметтік кеңістікте мақсатқа бағытталған немесе еркін мәселе нүктелерін іздеуді ұсынатын жоба алды зерттеу деңгейі орын алады.
Бұл ситуацияны диагностикалау түрлері критикалық нүктелер мен қарама қайшылықтарды анализдеуге, өзгерістің перспективалы бағыттарын іздеуге негізделген. Бұндай диагностиканың қарапайым формаларының бірі жобаға қатысушылар біртіндеп жауап беретін, сол арқылы өздері әрекет ететін бағыттар мен шарттарды айқындайтын сұрақтар сериясы бола алады. В.И. Слободчиковтың анықтауы бойынша, жоба – бұл білім берудегі, әлеуметтік педагогикалық қозғалыстағы, білім беру жүйелер мен институтарда, педагогикалық технологиялар мен іс әрекеттердегі иновациялық ойлардың хатталған кешені. Г.П. Шедровицковтың пікірінше білім берудің мақсатын бейнелейтін нақтылы жобаны болашақта оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын құра алатындай етіп анық жасау керек. Бұндай бағдарламалар білім беру жүйесіне енуі тиіс оқу пәндерінің саны, түрлерімен байланысын анықтау үшін қажет. Оқу құралдарының сипатына байланысты оқытудың әдіс тәсілдері жасалады.
Мысалы, біліми – ақпараттық порталды сәтті жасау оны жобалау барысында педагогикалық жобалау әдістемесінен алынған жағдайда мүмкін болады деген гипотеза келтіру мүмкін.
Біліктілікті жоғарылату жүйесінде жобалау кәсіби іс әрекетті нормалау, қайта нормалау әдісі ретінде, сонымен қатар, иновацияны транцлятцалаудың бір формасы ретінде қолданылады. Алғашқы жағдайда оқытушылардың негізгі рөлі әр түрлі іс әрекет түрлері мен олардың арасындағы байланысты орнатуға негізделеді. Нәтижесінде педагогтың кәсіби іс әрекетін оданда жоғары деңгейге ауыстыру жүреді, яғни шын мәнінде біліктілікті жоғарылату компетенттілік деңгейін көбейту, индивидуалды немесе корпаративті мәдениетті қалыптастыру, педагогикалық шеберліктің қалыптасуы жүреді. Жобалау ұйымдастырушы – іс әрекеттік сипат алады, ал оның өнімі болып іс әрекетке деген әдіснамалық жазбалар және іс әрекеттің өзінің сапасы есептеледі. Жобаны кеңістік пен уақытқа байланыссыз болашақ іс әрекет бөліктері ретінде түсіну ( Г.П. Шедровицкий ) әдіснамалық қызметті орындайтын педагогикалық іс әрекеттің әр түрлі түрлерінің жалпы, моделді бейне құруға әкеледі. ( білім берудегі жобалау мүмкіндіктері педагогтарды зерттеушілік іс әрекетке үйрету әдісі ретінде Н.А.Масюкованың: білім берудегі жобалау кітабында нақтылы анализденген).
Екінші жағдайда жобалау іс әрекеті іздеушілік – туындататын сипатқа ие. Біріккен жобалық іс әрекет барысында детализация мен өңдеудің әр түрлі деңгейінде инновациялық, білім беру өнімі ұйымның даму бағдарламалары, оқу бағдарламалары, нормативті құжаттар немесе концепциялар, осындай бағдарламалар мен концепциялардың моделдері ретінде пайда болады. Біліктілікті жоғарылату жүйесінде жобалау өнімінің кең тараған түрі ретінде процедуралар ( авторлық әдістер, жұмыстың өзіндік формалары ) сонымен қатар өзінің жұмысының сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін қатысушылар іс әрекетінің жаңа тәжірибесі саналады. Жалпы алғанда біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі жобалаудың обьектісі ретінде мекеменің білім берушілік проктикасын есептеуге болады. Бір жағынан практиканың дамуының әр түрлі жобалары, екінші жағынан жобалық өнімнің практикаға енгізуші инициатор және жасаушы қабілетті тыңдаушылар өнім бола алады.
Мысалы, жобалық іс-әрекет тәртібінде мектеп - лобаратория іс-әрекеті туралы жағдай, оқу немесе студенттік ғылыми қоғамның жұмысы; тест жүргізу бойынша нұсқаулар, білім беру стандартының құрылымдық моделі; белгілі бір типтегі білім беру мекемсінің концепциясы, білім беру жүйесін регионалды дамытудың прогностикалық моделін жасауға болады.
Жобаға қатысу - өзіндік кәсіби іс - әрекет ситуациясын рефлекциялауға жақсы мүмкіндік. Бұндай ситуацияны анализдеуді тыңдаушылармен бірге жобалау барысында әр түрлі көзқарастар мен өткізген дұрыс. Алғашында бұл – алдын ала жасалған диагноз, көз мөлшер арқылы ауыратын нүктелерді, ақ дақтарды, барьерлерді, тұйықтамаларды анықтау.
Сонымен қатар, жобалау обьектісі дамитын құндылықтық–мағналық және мақсаттық- құндылықтық негіздерді мұқият анализдеу қажет. Бұл оларды индивидуалды және топтық құндылықтар мен тыңдаушылардың мақсаттары мен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Мысалы, барлық деңгейдегі нормативті құжаттар массивін анализдеу негізі арқылы қазіргі кезде қоғам білім беру мекемелері іс әрекетінде нені бағалап қолдау көрсететіні жайында кешенді көзқарастар құру пайдалы. Біз бір кезеңде бұл инновациялық өзгеріс, басқа уақытта ҰБТ ны ендіруге дайындық, үшіншісінде мадернизация нәтижелерінің болуын көреміз. Осыған орай жобалау обьектісін таңдау әлеуметтік сұраныс шеңберінде немесе одан тыс жатуы мүмкін.
Обьектінің табиғаты туралы рефлексивті, пәндік, қосымша теориялық білім, оның даму заңдылықтары, олармен өзара әрекеттесу әдістерін алған соң тағы мақсатты түрде анализ жүргізу керек. Ол басқа бұрышта, кейбір әдетті әрекеттердің өнім бермейтіндігін анықтауға бағытталған амалдарды қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқытушының негізгі міндеті – алынған неготивті ақпаратты психологиялық түрде ұстауға және «өзінің білігі туралы білімді» кәсіби қозғалысқа стимул ретінде қолдануға көмектесу. Алынған әсерлерді бекітудің бір формасы жаднама немесе кәсіби тап құру болып табылады. Бұндай құжаттың мәтіні стандартты формалардан бастау алуы мүмкін. Мысалға, мынандай:
· «Егер мен балада менің пәніме қатысты қорқыныш дамымасын десем мен ешқашан істемеймін...»
· «Егер мен әріптестерім менің көзқарасымды шынайы тыңдап түсінгенін қаласам мен болмаймын...»
· «Егер біз біздің мектеп гимназияға айналғанын қаласақ біз... бастартамыз»
· «Егер біз жоба сәтті болғанын қаласақ, біз... бұндай қателерді қайталамаймыз».
Біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі жобалардың міндетті құраушылары болып жобалаудың пәндік саласын қамтитын арнайы терминалогиямен терең жұмыс есептеледі. Индивидуалды жобалық мәдениетті дамытумен қатар бұл теориялық - әдіснамалық білімнің жаңа қыртысын меңгеруге әсер етеді. Осылайша тыңдаушылар жоба, тұжырымдама, модель, рефлекция, камуникация, презентация, тағы басқалар не екенін нақты елестетуі керек. Бұл бірлескен іс-әрекетт ғана емес, іскерлік қарым - қатынас жүйесін нормалауға ұрықсат етеді. Сөздік ( тезаурус ) жобаны жасау мен түсіну үшін мақсатты түрде уақыт бөлу керек. Кәсіби лексика жұмысының мазмұны мен мағынасына терең енуге көмектесетін амалдардың бірі категориямен ұғымдардың құрылымдық логикалық схемасын құру есептеледі.
Біліктілікті жоғарылату курстарын ұйымдастыру тәжірибесінде ғылыми мәтіндер мен және оларды иллустрациялайтын құрылымдық логикалық сызбалармен жұмыс та бар. Құрлымдық – логикалық сызбаларды өңдеу негізігнде жеке ғылыми категориялардың мағыналық-мәндік жалпы қорытынды модельі жасалынады. Біліктілікті жоғарлату жүйесіндегі жобалау іс әрекеті оқу қырларын жоғалтпайды, себебі, білім беру мақсатына, тәуелді, оның өнімі обьективті жаңалығымен ерекшеленеді және кәсіби практикада қолданыла алады. Қорытынды өнім өмір сүретін форманы дұрыс анықтаған маңызды. Бұл жағдайда мәтін сызықша бейнелеуіш бағдарламаны, стандартты технологияны немесе олардың концептуалды, модельдік, жобалық ойларын құру туралы айтылып отыр. Жобалық іс әрекетке өнімді қолданатын корпоротивті субьект енген бірінші нұсқалы ситуация көбірек сай келеді. Бұл кезде мекеменің актуалды қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеретін детализацияның белгілі деңгейі болуы мүмкін. Екінші нұсқа курстарда әр түрлі категориялы әр түрлі аналогиялық сұраныс мекемелерінен тыңдаушылар жиналған, жобалық өнімді қолдану шарттарымен айтарлықтай ерекшеленетін ситуацияға бағдарланған. Мысалыға бұл әр түрлі мектеп типтерінің деректорлары мен олардың орынбасарлары немесе методисдтер болсын. Олар үшін ортақ амалдар, стратегиялық бағыттар, принцптер өңдеу, құжатты жасау құрлымы мен логикасы маңызды. Мысалы федералы тәжірибелік алаңды дамытудың жалпы моделі әр түрлі региондар мен халықтық орталықтарда нақтыланып, бөлшектенеді.
Осыған орай курстардың тематикасын қосымша кәсіби білім алу мекемесіне оқуға келген мамандардың іс әрекетіндегі шынайы проблемалармен кординациялау талаптары пайда болады. Тематиканы бірігіп таңдау аудиторияның кәсіби-тұлғалық тәжірибесіндегі тыңдаушылардың білікттілік деңгейлері туралы диагностикалық мәліметтері және олардың кәсіби мәселелерді шешуге қатысты позицияларының сәйкес келуіндегі проблеманы анализдеу негізінде жүзеге асады. Алғашқы позитцияға байланысты жобалық іс әрекет тәртібіне ересек адамды енгізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
Мысалы білім беру мекемесінің ішінде мұражайлық кеңістікті жобалау бойынша тапсырма беріліп, оларды болашақ мұражайлық педагогтар квалификацияны жоғарлату курстарында оқығанда жүзеге асырғанда қандай болар еді. (Музей мен мектеп білім беру кеңістігінде кітабынан мысал келтірілді.)
Тапсырма келесі мазмұнды мәтіндік нұсқаулықтар көмегімен енгізілді.
Бүгін сіздерге топтық жоба жасауға тура келеді, оның мақсаты- білім беру мекемесіндегі мұражайдың идеясын қалыптастыру мен қорғау.
Біздің практикалық семинар мен лекцияларда алынған мектептік немесе балабақшалық экспозицяны ұйымдастыру тәжірибесіне ие ақпаратты қолданыңыздыр.
Анықтаңыз:
· Экспозиция (коллекция) қандай тақырыпқа арналған;
· Мұражай қалай аталады;
· Қандай экспонаттар көрсетіледі;
· Композиция қалай құрылады: құрлымы мен бейнелік шешімдер, мағыналы бөліктер, басты экспонаттарды көрсету, кеңістікті ұйымдастыру;
· Экспонат туралы ақпарат қалай көрсетіледі (анотация, этикет, шығарма);
· Сіздің музейдегі экспозицияда қандай мұражайлық жұмыс формаларын қолдануды ұсынасыз.
Сіздің жобаңыздың халық алдында қорғалу кезінде сізге қажет:
· Экспозицялық жоспар сонымен қатар, сіздің идеянызға арналған кезкелген материялдар;
· Оған арналған бес минуттық комментери тезистері (болу үшін жоғарыда айтылған сұрақтарға жауаптарды қолдануға болады)
Жоба концепциясының нәтижесін талқылау барысында оның жүзеге асуының шынайылығын сегіз балды шкала бойынша бағалау, сонымен қатар, жобаны шынайы өмірде жүзеге асыруға кедергі келтіретін себептерді де қарастыру керек.
Осылайша, концепцияны жобалауда ортақ бағытты меңгеру әрбір ұйымның ерекшеліктерін ескерумен байланыстыру керек.
Жаңа мәселелермен принципиалды кездесу маман іс әрекетінің сипатында әр түрлі көрінуі мүмкін. Кейбіреулер сұрақтан қашып, басқалардың шешуіне мүмкіндік береді. Басқалары іс-әрекетін тоқтатып, нұсқаулар, әдістемелік бұйрықтар күтеді. Үшіншілері, өздерінің тәжірибесіне сүйеніп, өзбетінше шешуге тырысады. Төртіншілері, ішкі ресурстарының аздығын сезіп, әріптестерімен ақылдасады. Бесіншілері, мәселені шешуге көмектесетін жаңа білім мен тәжірибені алуға тырысалы, яғни күштің барлығын өзіне жұмсайды. Алғашқы аталған екі категорияларға шешім қабылдай алмаушылық кедергісін, өз күшіне сенбеушілікті жоюға көмектесетін жобаға енудің қосымша психологиялық және әдіснамалық инструменттерін қарастыру керек. Мысалы, әріптестерінің жобалық іс-әрекетінің өнімдерімен танысу немесе қиындықтарды жеңген және қолданған авторлардың жобаларымен танысу болуы мүмкін.
2.Әлеуметтік-педагогикалық жобалар.Әлеуметтік-педагогикалық жобалау дегенде педагогикалық құралдар арқылы әлеуметтік процестерді, құбылыстарды, жағдайларды өзгерту мүмкіндігі түсіндіріледі. Әрбір әлеуметтік-педагогикалық жоба өзіндік қоғамдық миссияға (мағынаға) ие. Ол қоршаған әлеуметтік ортаны өзгертуге және жоба қатысушыларының ортақ сапасына қатысты өзіндік анықтауды қажет ететін әлеуметтік болжау мен алдын ала көру негізінде пайда болады. Оның мақсаты әлеуметтік ортада позитивті өзгеріске әкеле алатын педагогикалық ұйымдасқан әрекеттер жүйесі көмегімен иницииррованиеболып табылады әлеуметтік-педагогикалық жобаның өзіндік контнксті әлеуметтік серіктестік қатынасын қалыптастырады. Бұл жағдайда әлеуметтік серіктестік әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік күштердің, әр түрлі жастағы және әлеуметтік деңгейдегі адамдардың жобалық іс әрекетте еркін және тең құқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі.
Бұл түрдегі жобалардың педагогикалық потенциялы қатысушыларды әлеуметтендіруге, жағдайларға саналы бейімделуге; қоршаған әлеуметтік кеңістікпен өнімді өзара әрекеттесу білігін қалыптастыруға бағытталған. Әлеуметтік-педагогикалық жобалардың дамуына қарай субьектілердің жаңа түрлері мен әлеуметтік белсенділіктің инновациялық формалары пайда болады, ол демократизацияның көрсеткіші бола алады. Тек қана білім беру кеңістігі шеңберінен шыға алатын, жоба шеңберіндегі жобалық іс әрекеттің барысы мен нәтижесін презентациялау кең мағынаға ие болуы мүмкін. Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарын және әр түрлі әлеуметтік, компютерлік желілік байланыстарды қарату маңызды.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалар қоршаған ортаны педагогикалық элементтермен құнарландыра отырып, ортаға белгілі жағымды әсер етуге қабілетті.
Әлеуметтік-педагогикалық жоба шеңберінде іс-әрекет логикасы жобалаудың ортақ логикасына сай келеді бірақ, мәселелілік, концептуализация, мақсаттылық және тағы басқа жобалық процедуралармен байланысты әрекеттер әлеуметтік ортамен, кең мағынадағы білім беру кеңістігімен өзара әрекеттесуді белсендендіруге бағытталған.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың типтік мысалы ретінде балалар және жастар клубтарымен, өмір сүру орындары орталықтармен, қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен байланысты жобалар жатады. Олардың өнімдері балалар бірлестіктері іс-әрекетінің бағдарламалары, мектептегі және мектептен тыс ұйымдардың жұмысының жаңа бағыттағы жобалары клубтық жұмыстар жобалары, қоғамдық жұмыс пен қоғамдық акциялардың сцинариі жатады. Осындай жобалардың бірнешеуін қарастырайық.
«Мен жауаптамын...» атты жобаға ірі волгалық қаланың балалық қоғамдық ұйымдарының біреуіне кіретін балалар бірлестігінің мүшелері, бірлестіктің потенциялды мүшелері болып табылатын 7 – 10 жастағы оқушылар, сонымен қатар, ересек халықтың әр түрлі категориядағы өкілдері қатысты. Жобаның мақсаты – жасөспірімдердің әлеуметтік маңызды іс әрекетін белсендендіру. Жобаның міндеттері – жас өспірімдерде әлеуметтік позетивті түрткілерді қалыптастыру мен, өзіне және қоршаған ортаға жауапты қатынасты тәрбиелеумен; жасөспірімдерді әлеуметтік маңызды іс- әрекетке ендіру жағдайларын жасаумен; жасөспірімдердің ұйымдастырушылық қабілеті мен ұжымдық қасиетін дамытумен байланысты. Балалар бірлестігінің әр қайсысы таңдалған бағытпен (журналистика, рақымшылық, экалогия, ойын, құқық, экономика) өз бетінше іс-әрекет бағдарламасын жасады.
Аталған жобадағы жиналған субьектілердің спецификалық түрлері болып ересектер палатасы (балалар бірлестігін басқарушылар) және балалар палатасынан тұратын екіпалаталы парламент; үлкен вожатилардың әдістемелік бірігуі, тренинг топтар әлеуметтік жетістік мектебінің секциялары, достар кеңесі, командирлер кеңесі, жобалық орталықтар, психологиялық жұмыс.
Үздіксіз білім беру жүйесіне қатысты әлеуметтік–педагогикалық жобалаудың мысалы.
«Санкт-Петербургтегі Европа Үйі» қоғамдық ұйымымен жасалған «Ересектерді білімдендіру аптасы» жобасының әлеуметтік миссиясы Ресейдегі адамдардың көп мөлшерін ересектерді білімдендіру тәжірибесіне араластыру болып табылады. Алғашында жобалық топ ғалымдармен бірге әр түрлі Европа елдерінен алынған аналогиялық мерекелерді өткізу тәжірибесін зерттеумен ұзақ уақыт айналысты. Бұл тәжірибе негізінде осындай жобалардың сәттілігін қамтамасыз ететін, барлық елдер үшін ортақ элементтер анықталды. Олардың ішінде:
· Қатысушы-ересек пен ұйымды, «Аптаны» өткізудің потенциялды серіктестерін арнайы мотивациялау қажеттілігі;
· Акцияның кең қоғамдық дыбысталуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату;
· Әлеуметтік серіктестік жүйесінде әр түрлі деңгейлі және сала аралық байланыс орнату;
· Қоғам алдында беделін көтеру үшін білім беру мәселесі бойынша саяси қайраткерлерді дебаттарға араластыру;
· Орталықтарда әрекеттерді координациялау органдарын құру;
· Жобаны әр түрлі финанстық қолдау формаларын біріктіру;
· Ересек оқушылардың жетістігін мойындау ситуацияларын мақсатқа бағдарланған түрде құру.
Ресей аудандарының қатарында қалыптасқан, ересектерді білімдендіру ситуацияларын анализдеу мен қорытындылау негізінде «Ресейдегі ересектерді білімдендіру аптасы» жобасы жасалды. Жобаны жүзеге асыру үшін Халхаралық ересектерге білім беру институтының педагогтар мен білім беру мекемелерінің басқарушыларына арналған форманы қолдануға шешім қабылданды. Арнайы поезда ересектерді білімдендіру бағыттары мен әр түрлі формалар өкілдері «Жалпы әлемдік мұра» бағдарламасы бойынша біліктілікті жоғарылату курсын өту ойластырылды. Санкт-Петербург – Владивосток маршруты жоба қатысушылары ЮНЕСКО –ның Бүкіл әлемдік мұралар обектілері қатарына енген елдің мақтанышын көре отырып, ересектерді оқыту ұйымдарының аймақтық тәжірибесімен пораллелді танысатындай етіп жасалған.
Жоба кең әлеуметтік контекстпен, белсенділіктің тармақталған құрылымымен ерекшеленді, себебі онда әр түрлі аймақтар мен елдімекендер, әлеуметтік серіктестіктер, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, бизнес- құрылымдар қатысты. Ересек халықты оқытудың қазіргі көптеген түрлері мен формалары көрсетілді. Жоба шеңберінде ересектерді білімдендірудің әр түрлі аспектілері мен андрогогика бойынша ғылыми-әдістемелік және арнайы әдебиеттер көрсетілді, «Ресейдегі ересектерді білімдендіру» тақырыптық жиынтық дайындалды. Қорытындыға келген соң, «Апталықты» өткізу салтын жалғастыру шешілді, ол үшін міндеті темір жолдық емес, теңіздік маршруттың жаңа нұсқасын өңдеу болып табылатын жаңа жұмыс тобы қалыптасты.
Бұндай маштабтағы әлеуметтік-педагогикалық жобалар бір жағынан, кең қоғамдық резонансқа, екінші жағынан - оларға қатысу нақтылы адамдар өмірінде естен кетпейтін жағдай болды, әлеуметтік-педагогикалық белсенділіктің жаңа түрлерін меңгеруге импулс беруге есептелген. Бұл жағдайдағы жобалау іс-әрекеті мағынасы бойынша бірнеше әр түрлі бағыттарға бөлінеді: бұл әлеуметтік-педагогикалық зерттеу, менеджмент негізінде құралдарды іздеу, потенциалды әріптестермен өзара әрекеттесу, қоғамдастықпен байланысты ұйымдастыруды қосатын жоба алды зерттеуді ұйымдастыру; педагогикалық мазмұнды өңдеу; алдын ала ұйыммен ғылыми- әдістемелік жұмыс; маршруттағы жұмыс. Бағыттардың әр қайсысы әрекеттерді болжамдық өңдеуді және кеңістікпен уақыттағы нақтылы коорденацияны талап етеді.
Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 3271;