Дәріс. Педагогикалық жобалау қатысушыларына қойылатын талаптар.

Мақсаты: Педагогикалық жобалау қатысушыларына қойылатын талаптартуралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

Кілт сөздер: жобалық сана, жобалық қиял, жобалық ойлау, жобалық қарым-қатынас, жобалауға оқыту.

Негізгі сұрақтар:

1. Жобалық ойлаудың ерекшеліктері.

2. Жобалауға қатысуылардың қарым-қатынас жүйесі мен мінез-құлықының ерекшеліктері.

3. Жобалау іс-әрекетіне оқыту.

 

1.Жобалық ойлаудың ерекшеліктері. Қазіргі заманғы жобалау іс-әрекетіне қабілеттілік – бұл «адамзат білімділігінің жаңа деңгейі» (В.Е. Радионов). Жобалаумен айналысу үшін қандай қасиеттерге ие болу қажеттілігін айқындайық. Педагогикалық жобалау және білім жүйесіндегі жобалау туралы монографиялық мен оқушыларда, көбіне жобалау іс-әрекетінің ұйымдастырушылық – құрылымдық жағы мен оны жүзеге асырудың кезеңдері сипатталады, яғни сыртқы, көрінетін шарттар айқындалады. Біз ең алдымен, ішкі (субъективтік) , «көрінбейтін» шарттарға көңіл бөлгіміз келеді. Осы шарттарсыз жобалау іс-әрекеті субъект пен жағдайды жаңарта алмайды және жаңарту үрдісінің қатысушыларын өзгерту үшін қажет қасиеттерге ие болмайды. Яғни, жобалау іс-әрекетіне қатысушы адамдардың санасы мен мінез-құлқының серінен жобалау іс-әрекеті жаңа, қосымша қасиеттерге ие болады.

Жобалаушының бағыты өзіне жаңа мағлұматтарды алуға, басқа адамдармен бірге белсенділіктің жаңа түрін игеруге, «адамның жағдайын басқарушы» позициясын сезінуге мүмкіндік береді (О.С. Газман, В.П. Бедерханаова). Осындай бағытты таңдау белгілі бір тұлғалық сипаттамалардың қалыптасуына әсер етеді. Оларды нақтырақ қарастырайық.

Ең алдымен жаңалықпен, белгісіздікке сананың ашықтығы жобасының сана – бір жағынан білімді тәжірибеден алуға және оны аясында іс-әрекет жасауға бағытталған. Екінші жағынан – тәжірибе нәтижесінде алынған білімдер арқылы объектілердің болашақ жағдайы туралы алдыңғы қызметті атқаратын үлгілер жасауға мүмкіндігі бар.

Жобалау қиялы суретшілер, ақындар, жазушылар және тағы басқа шығармашылық мамандықтың өкілдері ие шығармашылық қиялға ұқсас келеді. Бірақ жобалау қиялы «методологииялық тәртіп» қасиетінің қасиетінің болуымен ерекшеленеді. Жобалау қиялының табиғаты қиял мен жобалау объектісін бірнеше контексттің фонында қиялдауға қабілеттілікті ұштастырады және оның біртұтас контесттін үлгісін жасай алады. Көбіне, жобалау кезіндегі шығармашылық қиял, өзінің жоспарлығымен ерекшеленеді.

Санада бір уақытта бірнеше образдарға біріктіру үшін «экран» деп аталатын амалды шынайы немесе қияли түрде қолданған кезде технологиялық жағынан мүмкін болады. Осымен жобалық қиял автордың көзқарасын білдіретін бір суретті сала алу қабілетімен сипатталатын «қарапайым» иқиялдан ерекшеленеді.

Туа пайда болған жобалық қиял санамен адамдарда ғана бар. Сонымен қатар, жыл өткен сайын адамда қабылдау туралы стериотптердің жиналуына байланысты оның қалыптасуы күрделенеді. Осыған байланысты педагогтердебұл қиялдың түрін балада кішкентай кезінен қалыптастыру және практикалық қолдану көптеген әдңістер, амалдар, технологиялар бар. Соның ішінде Э. де Боне нақты сипаттаған латеральдық ойлау дамыту технологиясын айтуға болады.

Латеральдық ойлау – 1997 ж. Терминді ұсынған Боне де Э. Сонымен қатар, жобалау іс-әрекетіне қатысу санының шекараларын кеңейту тәрізді сананы дамыту қызметін атқарады.

Пластилиннен жасалынған қарға туралы мультфильм – автордың жобалау қиялының мүмкіншіліктерінің айқын иллюстрациясы бола алады. «Қарғамен, ал мүмкін итпен, ал мүмкін сиырмен» болатын оқиғалардың өзгеруіне қарамастан, сюжеттің мәні өзгермейді және кім болмасын ақымақ, масайраған (самодовольный) тіршілік иесін айқындайды.

Жобалық қиялды енгізу мәселесі педагогиканың жобалау негізінде шынайылықты қабылдау мәдениетін қалыптастыру және дамыту қиыншылықтарымен кездеседі. Жобалау саласы туралы алғашқы шынайы түсініктер алу үшін сәйкес диагностикалық процедуралар мен зерттеушілік біліктілігін өзіндік дайындық деңгейіне және жобалық іс-әрекеттерге бағытталған.

Креативті (шығармашылық, нәтижелі, эвристикалық) ойлауды ізденушілік бастамасы, жаңа қағидаларды құбылыстар мен қоршаған ортаның үрдістерін жаңа контекстерде, басқа жағынан қабылдау арқылы жасаумен ерекшеленеді. Ойлаудың мұндай типіне мәселені шешу үшін стандартты емес бағыттарды іздеу және мәселені ойлау үрдісімен рахаттану тән. Егер ойлау креативтілігі бәріне мәлім мәселеге байланысты жаңа бағыттар, көзқарастар, идеяларды қалыптастырумен сипатталса, ал қиыншылық жаңа мәселелерді табумен қалыптастырумен, сонымен қатар, олардың табиғатын айқындаумен сипатталады.

Практика жүзінде жобаға қатысушылар әр түрлі деңгейлік қиыншылықтармен кездеседі. Практикалық қиыншылықтар қолданбалы мәселелердің болуымен және оны шешу амалдарының жоқтығының қарама-қайшылығынан пайда болады.

Ғылыми методикалықтар - іс-әрекетті ұйымдастыру туралы теориялық ойларды жүзеге асыру үшін сенімді жолдардың болмауының қарама-қайшылығынан туындайды. Теоретикалық қиыншылықтар құбылыстардың (үрдіс) мәтін түсінумен және оның көріну формаларының қарама-қайшылығынан туындайды (мысалы, объект әр түрлі контекстерді өзгереді немес үрдістің жүзеге асу амалы эффективті нәтиже алудың объективті логикасына қарама – қайшы).

Методологиялық қиыншылықтар – зат туралы мағлұматтарды, онымен байланысқа түскен кезде қалай қолдану керектігін түсінбеу арасындағы қарама-қайшылықтың нәтижесінде пайда болады. әр типтегі мәселені шешу үшін әр түрлі қабілеттіліктер қажет.

Жобалық ойлау методологиялық сипаттамаға ие. «Методология» сөзі әдетте практик-маманды үрейлетеді, себебі ол бұл түсініктік мәнін түсінбейді. Мәні өте қарапайым – «амал туралы білім», «шешу жолын ұғыну», «әдісті түсіну», мұнда шынайылықты, іс -әрекеттің негізін айқындау қабілеттілігін, нақты жағдайда жобалық іс-әрекетті зерттелінеді.

Методологиялық негіздерді айқындағаннан кейін адам іс -әрекеттің құрылымдық-мәндік жақтарын және олардың нәтижелерін айқындайды. Методология біз қолданатын жетекші идеялармен, басшылыққа алатын қағидаларды саналы таңдау процедурасы болып табылады.

Методологиянық ойлаудың сипаттамасы мен функционалдық қолданыс аясы көп ( 1 кестеге қараңыз).

1 Кесте. Методолгиялық ойлаудың сипаттамасы және функционалдық қолдану аясы

 

Қызметтері Іс-әрекетке әсері  
Дүниетанымдық Жобалау іс-әрекеттеріндегі жалпы концептуалдық бағыттары және позицияларды айқындайды.  
Зерттеушілік Жобаны жүзеге асырудың тактикасы мен стратегиясын жасау үшін қажетті білімді тәуелсіз алуды қамтамасыз етеді, мағлұматтардың қайнар көзімен жұмыс істеуін жеңілдетеді; белгілі бір шекарасынан дербес асып кетуге мүмкіншілік береді, үзбей өзіндік білім алудың алғышарттарын жасайды.  
Информациялық-ұйымдастырушылық Мағлұматты бүртұтас концептуалдық негізде, біртұтас логикада жүйелеуде көмектеседі.  
Интегративті Әр түрлі саладағы болжаудың объектісі туралы білімді жалпылауға, талдауға мүмкіндік береді, теоретикалық және практикалық мәселелер туралы ойлауды жаңа деңгейге өтуін қамтамасыз етеді.  
Болжау Жобалау іс-әрекетінде пайда болу мүмкіншілігі бар мәселелер мен қарама-қайшылықтарды алдын-ала көруді қамтамасыз етеді.  
Бағыттық-регулятивті Жобалау іс-әрекетінің мақсаттары мен қағидаларын жасауға көмектеседі, іс-әрекеттің мақсаттылығы мен тұрақтылығын айқындайды.  
Құрылымдық -өзгертуші Жобалауда өз іс-әрекетін түзеуге мүмкіндік береді, жобалау үрдісін саналы жетілдіруге көмектеседі.  
Ізденушілік-эвристикалық Жаңа мәселелерді шығумен қамтамасыз етеді.  
Бағалық-селективті Жобалау өнімдерін бағалаудың көрсеткіштері мен шарттарын жасауға мүмкіндік береді.  

 

Жобалық ойлауға рефлексивтілік, яғни шеттетілу қабілеттілігі, бақылтанып отырған құбылыстар мен үрдістерден алыстау.

Рефлексияның негізінде «өз өзінен » білімдерді шығару қасиеті тән. Reflexio (лат) – бейне, артқа шегіну. Осы жағдайдағы ойлау тұрақты даму арқылы жүзеге асады. Осылайша, ойлау іс әрекетке әсер ету арқылы, нәтижесінде өз шекараларынан шығу мүмкіндігіне ие болады. Декарттан бастап, рефлексия – философиялық танымның негізгі методологиялық қағидасы. Сананың қабілеттіліктерін қолдану арқылы адам шынайылықпен салыстырмалы терең қарым-қатынасқа түседі, нәтижесінде рефлексияның пәнінің мәні туралы пікірлерді ала алады.

Талдаумен салыстырғанда рефлексия актісі объектінің біртұтастығын санада ұстауға бағытталған ойлау жұмысы мен осы бір тұтастықты жүйелік қарастыруды қамтиды. Рефлексивті бастама субъект пен субъективті қасиеттердің даму негізінде жатыр.

Деңгейлік ойлауды дамыту туралы сөз болғанда; құндылықтық қарым-қатынас болғанда іс-әрекетті саналы түзету керек. Болағанда рефлексия қажет болады.

Жобалау үрдісі кезіндегі рефлексияның негізгі қызметтері мәселелендіру, концептуализациялау, іс-әрекетті қайта нормалау, жоба алаңында өзінді анықтау.

Рефлексия негізінде алынған білімдердің мазмұнының спецификасы мынаған негізделген:

Ø Қолдағы білімдер мен тәжірибені шамалы түрде қолдану қабілеттілігіне;

Ø өзіндік сана байланысына;

Ø методологиялық табиғатына;

Ø мәселелік сипаттамасына;

Ø рухани жетілуіне;

Ø мән туғыздырушы бағытымен;

Ø тәжірибе эмпериясынан теоретикалық негізделген білімге жол ашатын өтпелі жағдайға.

 

Рефлексия білімнің шекараларын белгілеудің эффективті құралы, сонымен қатар осы шекаралардан шығудың әмбебап құралы болып табылады. Бұл үшін алдын ала ойлау немесе іс-әрекеттің әдетті, бұрынғы ырғағын тоқтату керек. Мұндай жағдайда рефлексияның нәтижелелері жаңа негіздердегі іс-әрекеттердің амалдарфын қайта жобалауға мүмкнідік береді.

Бұл мағынада Л.Кэрролдың, Алиса туралы ертегісі нақты иллюстрация бола алады. Ғажайып әлемінде болған кезде барлық қалыпты заттар жоқ болып кеткен, сол кезде ертегі кейіпкеріне «ойлаудан, ойлаудан және ойлаудан басқа ешқандай амалы қалған жоқ». Нәтижесінде ол толық белгісіздік жағдайында рефлексивті тәртіптегі қорытындыларға ие болады. «Алғашында мен ондай болған жоқпын» - деп ойлайды ол. «Бірақ мен көп ретбір де мынадай, бірде басқа болғандықтан шатысып кеттім» Мен білуге тиісті нәрселерді білуім керек қой... Соңғы сөйлемді рефлексивті іс-әрекеттер арқылы өз білімдерінің, қабілеттіліктерінің, тәжірибенің шекараларын айқындайды (осылайша белгісіздік пен епсіздікте, білімсіздікте айқындалады). Оысндай «Ғылыми білмеушілік» айқындау (Н.Кузанский) өзіндік дамудың маңызды методологиялық алғышарты болып табылады.

Жобалаудағы ревлексивті бейнелеудің себебі басқалармен ортақ іс-әрекеттің пәні, басқалардың көрінісіндегі өзіндік тұлға, қарым-қатынас жүйесі болып табылады. Дұрыс педагогикалық инструментарий арқылы топтық рефлексия тек жобалау мәселелерін шешуге көмектесіп қана қоймай, өзіндік тануға да мүмкіндік береді.

Топтық жобалау жұмысында ортақ пікір өзіндік айнаға айналады, оның көмегімен индивид жаңа позицияларды, ұстанымдарды, өзіне деген көзқарасын қалыптастыру арқылы өз шекараларынан өтіп кетеді. Топ мүшелерінің тұлғалық қасиеттер туралы ой – пікірлерін айтуы мінез-құлықты түзету және тұлғаны дамытудың жаңа функционалдық мүмкіндіктерін ашады.

Жоғарыда айтылған қасиеттерге қосымша жобалық ойлау типі тәртіптің жоғары деңгейімен, жүйелеуге қабілеттілігімен, объектінің ішкі байланысы мен сыртқы орта байланысын көре алу қабілеттілігімен, ойлау процедураларын логикасына еру сияқты сипаттамалары бар.

 

2. Мінез-құлық және жобалауға қатысушының қарым-қатынас жүйесінің ерекшеліктері.

Жобаға қатысушыға шынайылыққа шығармашылық көзқарас, өзінің өзгерте алушылық күшіне сенімділік және позитивті нәтижеге бағыттылық сияқты қасиеттер керек. Жобаның тәжірибелі қатысушыларына ой ұшқырлық білімпаздық, қоршаған орта мен адамдарға деген қызығушылық тән. Бұл қасиеттерсіз өз сауалынды, өзіндік мәселеңді таба алмайсың және оларды шешу үшін жобалау іс-әрекеті ұйыдастырылады. Сондықтан жобалаумен айналысатын балалар мен ересектерге, таныс жағдайда мәселені, қарама-қайшылықты, өзіндік сауалдың туындауы тән.

Жобалау қатынас объектісі мақсатты түрде өзгерту қалауымен айқындалады. Ол әрдайым барлық байланыстар жүйесін қамтиды. Осы уақытқа дейін қалыптасқан және болашақта қалыптасатын. Бұл басқа қатысушылардың рөлін өзіне қабылдай алу икемділігін талап етеді.

Жобалау қатынас әрдайым прагматикалық, себебі практикалық пайдасы бар нәтижеге ұмтылады. Ол толықтай шынайы (реалистік) өйткені жобалауға қатысушылары қазіргі жағдайдан қалайтынта өтудің логикасын айқын түсінеді. Ол сонымен қатар, еріктілікті (энергетикалық бөлімді) қамтиды, себебі жоба ойларын жүзеге асыру кезінде «материалдық қарсылығына» және объектісі қоршаған ортасының қарсылығына төтеп беру керек болады.

Жоба кезіндегі іс-әрекеттер алдын-ала ойластырылып, мәселенің қай салаға жататындығы айқындалады. Бұған жобалау форматы тәуелді.

Жобалау іс-әрекеті ең алдымен нормативтіленгендігімен ерекшеленеді. Ол толығымен еріксіз немесе кездейсоқ бола алмайды, себебі жобалау іс-әрекетінің әрбір этапына тән белгілі бір жобалық процедуралар аумағында болады.

Жобалау іс-әрекеті мақсатты, құрылымды түрде жобалаудың жалпы методологиясымен айқындалады. Осы сипатымен ол инструктивті сезімдерге негізделген шығармашылық импровизациядан ерекшеленеді.

Жобалау іс-әрекетінің қатысушыларының жоғарыда айтылған қасиеттеріне байланысты белгілі бір мінез-құлық жүйесі қалдыптасады. Ол мынадай:

Ø саналы түрде сақсатты болу қабілеттілігі;

Ø жобалауда іс-әрекеттерді жүзеге асыру қағидалары мен нормалардың тұрақтығы, яғни жоба міндеттерін шешудің өзіндік стратегиясының болуы;

Ø өз қызметі мен мүмкіндіктерін есепке алумен және жобалау үрдісін түсінумен байланысты іс-әрекет логикасының болуы;

Ø өз іс-әрекетін жүйелеу және оны жобаны жүзеге асыру кезеңдерімен сәйкестендіру қабілеттілігі;

Ø кез-келген жобалау іс-әрекетіне шығармашылық – бейімделу және оны белгіленген мақсатқа жету үшін пайдалана алу қабілеттілігі.

Ø Рефлексияны жобалаудағы өз іс-әрекетінде бағалау, түзету, дамыту үшін қолдану.

 

Жобалау іс-әрекетінің құрылымына енген, әрқайсысы әр түрлі шығармашылық потенциялға ие адамдар жоба ережелеріне сәйкес, келісіп әлеуметтік және қызықты нәтижеге жетуге мүмкіншіліктері бар. Жоба топпен жүргізілуіне байланысты оның нәтижесі барлық қатысушылардың коммуниккативті қабілеттіліктерінің даму деңгейінен айқындалады. Осыған олардың бір-бірімен байланысты, психологиялық тіл табысуы бірігіп жұмыс істеу деңгейі тәуелді.

Әр түрлі авторлар мұндай қабілеттіліктердің типі мен түрін әр түрлі жіктейді (А.А. Бодалев, А.А. Леоньтев, Л. Тейлер), бірақ кез-келген жағдайда «коммуникативті жағдай сезімін» дамыту туралы айтылады, яғни оны талдау қабілеттілігі, түсіну, сонымен қатар коммуникативті амалдарды коммуникативті пайдалану. Жобалау іс-әрекеті кезінде оның қатысушылары бір-бірімен мағлұматтар алмасып отырады, бір-бірінің іс-әрекетін қабылдайды және бағалайды, бір-біріне психологиялық әсер етеді. Олар сонымен бірге топтың әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларына сәйкес келу керек және оны түсіну керек, өздерінің жағдайлық рөльдері болады. Бұл мәнде жобалау жұмысы күшті әлеуметтендіру фактор болып табылады. Коммуникативтік қабілеттіліктерді қамытудың және қалыптастырудың құралдарына әр түрлі тренингтерді, рөльдік ойындарды, топтық дискуссияларды жатқыздыруға болады.

3. Жобалау іс-әрекетіне оқыту.

Осылайша, жобалау іс-әрекеті адамның барлық тұлғалық құрылымдарына дамытады. Жобалауға қатысушылардың айтуы бойынша, жобалау іс-әрекетінің әрбір кезеңінде жоспардан тыс өзіндік тұлғалық өзгерістер болады. Қоршаған орта адамдармен қарым-қатынас өзгерді, құндылықтар, норма динамикасы көріне бастайды. Жобалаудың тұлғалық қызметін бастамасы өзін өзі жетілдіруге ынталандырады.

Жобалауды ұйымдастырушылар үшін негізгі сұрақ – жобаны жүзеге асыру кезінде ең алдымен не қолданылады: қол, сана, өзіндік сана, яғни жобалау іс-әрекетінде адамзаттың жетекші бастамасы не болады. Осы сауалдың жауабына оның дамушы потенциялы тәуелді.

Жобалау іс-әрекетіне оқытудың спецификасына іс-әрекет кезінде оқыту жатады. (Жобалауға жобалауда оқыту). Жобалауға өзінің қатыстылығын сезіну әр түрлі формадағы білімдердің, қабілеттіліктердің қалыптасуына әсер етеді. Жобалау іс-әрекетінің тәжірибесі функционалдық рөлдің және құрылымдық сипатта болса, онда жобалық қабілеттіліктердің дамуы да жедел жүреді.

Жобалауға оқыту бірнеше негізгі бағытта жүруі мүмкін. Ол мыналарды қамтиды:

Ø әр түрлі жағдайларда субъектіде қажетті тұлғалық және тлоптық қасиеттерді дамыту;

Ø әр түрлі жағдайларда субъектіде қажетті тұлғалық және топтық қасиеттерді дамыту;

Ø әр түрлі мағлұматтар жүйелерімен және мағлұмат иелерімен қарым-қатынасқа түсуді оқыту;

Ø жобалау іс-әрекетін нормалау амалдарын игеру;

Ø жобалау іс-әрекетін жүзеге асырудың тәжірибесін, барлық қажетті процедураларды қоса қалыптастыру;

Ø осы тәжірибеге байланысты рефлексия тәсілдерін оқыту;

Ø мәдени коммуникацияға оқыту;

 

1. Төменде жобалау іс-әрекетіне дайындығының шарттары жалпы түрде көрсетілген:

Ø жобалық типтегі ойлаудың болуы;

Ø «топта» жұмыс істеу алу қабілеттілігін;

Ø жоба тәртібі;

Ø жобаға қатысуға деген шынайы ынта, қызығушылық;

Ø әлеуметтік белсенділік;

Ø өзгерістерге ашықтық;

Ø өзінің іс-әрекеттерін түзеуге қабілеттілік.

 

Оларды оқушылар мен педагогтерге қатысты қолдану үшін әрбір шартқа бірнеше көрсеткіштер құрастырып, нақты мазмұнмен толықтырыңыз.

 

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 4767;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.032 сек.