Лекция 23,24 Логика. Білім жүйесі мен педагогикалық технологияларды жоспарлау логикасы
Мақсаты: білім жүйелерін жоспарлау логикасы туралы көріністі құру;
Кілттік сөздер: инновациондық жоспарлау, білім жүйесі, педагогикалық технологияларды жоспарлау, технологияны жоспарлау;
Негізгі сұрақтар:
1. Білім жүйелерін жоспарлау логикасы;
2. Педагикалық технологияларды жоспарлау;
1. Білім жүйелерін жоспарлау логикасы. Білім жүйесіндегі деңгеймен жоспарлауды әр мұғалім өз басынан өткізген болар, жоспарлау әрекетін игеру қабілеттілігі білім орындарының статустық сменасын қажет етті. Массалық масштабта бау-бақшалар мектепке дейінгі білім орындарына, ал метеп-гимназияларға, кәсіби-техникалық училищелер-лицейлерге ауысты. Кешегі институттар университтерге , ал ал институттар академияларға ауысты.
Қалыптасқан әлеуметтік практикаға сәйкес жоспарланған өзгерістердің білім жүйелерін дамытуға, модернизациялауға және реформациялауға деген бағыты көрсетіледі. Даму – алдын ала бағытталған процес, ол көбіне өзгерістерге алып келетін ішкі заңдылықтар бойынша жүріп отырады. Соның нәтижесінде білім жүйелерінің кейбір жағдайлары қарастырылады. Обьектінің дамуын жоспарлау жете дамуының ерекше бір логикасын ұсынады.
Реформациялау – берілген не көрсетілген бағыттағы сапалы өзгерістерді құру мақсатында процестің дамуына араласу. Білім жүйелерін реформациялауға бағытталған жоспарлар комплексті экспертизаларды қажет ететін деструктивті болып табылады. Модернизация арқылы білім жүйелерін жаңа қажеттіліктермен сәйкестенрдіру мәселесі түсіндіріледі. Осылайша, педагогикалық жоспарлау жаңа жүйені құруға (инновациондық жоспарлау), статустық өзгерісіне (белгілі бір жүйенің жаңа бір сапаға ауысуы(, тарихи-мәдени реконструкцияны немесе жүйелерді дамыту мақсатымен модификациялауға бағытталады. Жоспардың пәні болып сол уақытта жүйе, оның жеке компоненттері, құрамы, жүйелік сапалар болып табылады. педагогикалық жоспарлау мынаған негізделеді, яғни әдетте жоспарлау әрекеті бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отырады: концепцияны құрудан өңдеуге және білімнің өмірлік жүйелерінің мазмұнды және процессуаолы жақтарына әсер ету. Жоспарлау әрекетінің процесі кезінде бағалы таңдаулардың ситуациясы құрылады. Позициялардын туындайтын педагогикалық ұжым мен жетекшілік жоспарланған жүйелерді теориялық конструкт немесе өз ағза заңдылығы бойынша дамитын «тірі» ретінде қарастыруына тәуелді. Жоспарлаудың стратегиясы қатысушылардың жоспарлы әрекетті өздігінен анықтауына байланысты. Алғашқы жағдайда адамдардың қамтамасыз ету функциясы беріледі. Ал басқа жүйе адамдар мен қарым-қатынастың жаңа ішкі пісіп жетілу заңдылықтарынан бастау ала отырып, жоспарлау режимінде дамиды. Ол энергияны, қоректендіргіш әлеуметтік-педагогикалық процестерді құрады.
Білім жүйелерін жоспарлау әрекеттің бір құрамды субьект ретінде ұғыну табиғат пен жоспарлау логикасына басқаша қарауға мәжбүр етеді. Мұнда жоспарлау әрекеттің «субьект-обьект» қарама-қайшылықтары жойылады. Миссияны анықтау немесе әлеуметтік-мәдени көрсеткіштерді бейнелеу өмірплік білім жүйесін субьект ретінде қарастырумен тығыз байланысты. Жоспарлардың қатысушыларында сұраққа деген жауап қажеттілігі туындайды: неге білім жүйесі қоршаған ортаға және адамдарға қажет?
Балалар өміріндегі өзара тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін. Сапалы ЖОО үшін гимназиялық элиталарды әрі қарай дамыту үшін. Қатысушылардың қажеттілігі мен қызығушылықтарына орай шығармашылық мүмкіндігін немесе қабілетін дамыту үшін. Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын даярлау үшін. Балалар мен ересектердің денсаулығын күту мақсатына сай шарттарды құру үшін. Әлеуметтік орта мәселелеріне байланысты балалар мен жасөспірімдердің интеграциясына көмек көрсету үшін.
Білім жүйесінің дамуымен және модернизациясымен байланысты жоспарлы әрекет білгілі бір мәдени дәстүрге сай келеді. Мысалға мәдени білім моделінің бағытын дамытуға, өзінің көп ғасырлық тарихы бар оқу орындары үшін. Осы мақсатта лицейлерді жобалайтын болсақ, ол тарих ғылымында аналогиялық модельдермен салыстыруда қандай болатынына толық көз жеткізу керек. Афинадағы ежелгі грек типі бойынша құрылған классикалық лицейлерге? Қазіргі еуропалық үлгілерге сай техникалық лицейлерге? Демидовский және басқа ресейлік лицейлер үшін бе? Бұл өте нақты сұрақ, мазмұнды, педагогикалық байланыста мәдени аналогпен еш қатысы жоқ нәрсе мазмұндалмайды, неліктен лицейлерді жоспарлау керек? Мүмкін жақсы мектеп құру жайлы сөз қозғау керек шығар? Егер білім жүйесі тарихи-мәдени аналогиямен байланысса, онымен міндетті түрде толық танысу керек. тарихи аналогқа деген бағыт педагогикалық мәдениетті дамытуға денег біркелкілікті қамтиды. Мысалы, қазіргі кадеттік корпус, қыздар гимназиясын, ұлттық мәдени мектебін құруда әдетте осы оқу орындарының тарихына енген салт-дәстүрлер игеріледі. Бұл жұмыс мазмұны мен бағытын таңдауға, принциптерді, білім беру әдісін, оқу орнының регламентін, мамандарды даярлау әдісін анықтауға көмектеседі. Осылайша жүйе мәдени контекстіні қамтиды. тарихи аналогы жоқ оқу орнының білім жүйесін жоспарлау туралы сөз қозғалса, оның дамуының актуалды контекстін анализдеу жеткілікті болып табылады.
«Өзара тең дәрежедегі мектептерді» қру тек психологиялық-педагогикалық қана емес, әлеуметтік-экономикалық көрінісін де қарастыруын талап етеді. Жоспардың бастапқы эьтапында жоспарлаушыларға жоспар әрекетінде нені қалайтыны көрсетіледі. Соңында ол жүйені дамыту мен функциялау нәтижесіне айналады, қарым-қатынастың жаңа бір типі, мінез-құлық стилі, білім деңгейі, көзқарасы, оқу дәстүрі, білім оделінің жаңа типі транслияцияланады.
Білім жүйесін жоспарлауда субьектінің алғашқы құрамды көзқарастарын бейнелеудегі жоспарланған табиғат нәтижесін айта кету керек. Субьектінің мқызығушылықтарының сан аулуан түрлілігінен бұл тапсырмалар қарама-қайшы болуы мүмкін, бірақ олардың ешқайсысын алып тастамау керек: жоспарлардың әрі қарайғы шешімдері мен мүмкіндіктерін оптималды түрде табу керек.
Қазіргі білім жүйесін жүйелердің қасиетінсіз жоспарлау мүмкін емес. Ең алдымен жүйелі обьект дегеніміз не, ол ол қандай қасиеттерді қамтитыны жайлы білім болу керек. Обьект туралы жүйені құру компонентті құрам мен құрылымды бөлуін, әр компонеттің функционалды мәнін орнатуға деген көзқарас болу керек. Өмірлік жүйе мен мүмкіндіктің өмірлік контекстін де еске алу қажет.
Мектеп лабораториясын жоспарлау үшін міндетті түрде оның қандай бөлшектерден құралатынын түсіну қажет. Оның жаңа бір мектеппен салыстыруда қандай айырмашылығы бар: мамандар, организациялық құрылымдар, оқу программалары, білім беру қабілеті. Оқу орнын лабораторияға айналдырудағы не себеп: білімді аудан бойынша басқарудағы бұйрық, ғылыми жетекші мен методистер үшін қосымша үлгілер, кадр компоненттілігінің өзгеру деңгейі, әдістемелік кафедралардың пайда болуы, мұғалім мен білім процесіне қатысушылардың зерттеушілік функцияларының пайда болуы өмір мектебі мен оның басқа административті құрылымдарына қалай әсер етеді.
ЖОО гуманитарлы жүйе ретінде дамытуда гуманитарлық сапаның құрылымдық моделі болу керек.
Кез келген білім жүйесінің құрылымы өз компоненттерін бөлуде түрлі деңгейде деңгейде құрылуы мүмкін. Жоспарлар да алуан түрлі бағытталады. Жоспарланған күштер приоритетті түрде ұйымдардың дамуына бағытталады. Кез келген жағдайда құрылымдарды жоспарлауда құрылымдық жүйенің изморфына және оның қызметіне баса назар аудару қажет. Жүйенің дамуы жеткіліксіз болып келуі мүмкні. Аналогияға келетін болсақ, тірі ағзадағы табиғат аналогиялық функция мен орындалу принципі емес, бәсекелестік принципі бойынша әрекет ететін ағза көрсеткіштерін ұсынады.
Оқу орнының немесе Білім орнының ішкі жүйелі кеңістігінде қызметтерді орындайтын артық құрылымдық білім болмауы қажет. Басқа жағдайда әлеуметтік-психологиялық қысым пайда болады немесе ол педагогикалық емес, басқа қарым-қатынастарға әрекет ете бастайды. Егер базардың даму ситуациясына білім шарты сай келсе, онда білім кеңістігінің гуманизациясына деген бағыт жопарлы әрекеттің негізгі мәнін жояды. «Білім жүйелерінің компонеттік жинақтамалары» педагогикалық процестердің уақыт пен кеңістігі бойынша айналым логикасын қамтамасыз ету үшін қажет, яғни ол нақты адамдар мен ортаға арналатын мекеменің қызметі мен миссиясын орындауға бағытталған. Осы компоненттердің көбею және азаю саны өнімді болып табылмайды. Оқу жоспарына жаңа пәнді жобалау үшін немесе қандай да бір пәнді меңгерудегі сағатты қысқартуда мүмкін болатын болжамдарды негізгі алу қажет.
Жүйенің толық құрылымын қамтуға бағытталған жоспарлы әрекеттер әр түрлі жолмен қалыптасады. Бірінші жағдайда, жоспарды құрушылардың көзқарасы бойынша нақты бір құрылым жүйелендіріледі. Оның негізгісіне ғалымдармен құрылған концепция жатады. Кейін құрылымды «материализациялауда» ұйымдық және мазмұнды жолдар жоспарланады. Оларға жаңа ақыл-кеңес, орталықтар, лабораторияларды ашуға мүмкіндік беретін нормативті құжаттарды құру жатады. Соңында қозғалыстың жаңа негізгі бағытын анықтауға тура келеді.
Инициаторлардағы жоспарлы «өсулердің» өзгермелі стратегиясын таңдауда алғашқыда жүйенің, жалпы принциптердің құрылымдық емес бейнесі қалыптасады. Бұл жағдайда соңғы өнім емес, оның пайда болуының шарты жоспарланады. Мақсатына сай интерпритациясын тез арада игеруін қамтамасыз етеді және де жетілген позитивті тенденцияларды енгізуге, оларға сәйкес жаңа ішкі құрылымдық жүйелердің құрылуын қамтиды. Жоспарлы әоһрекетті құйымдастырушылардан қазіргі жағдайда «Тәжірибе сезімталдылық» деген сияқты сапа талап етіледі. Көптеген нұсқаулардың ішінен жоспарланғандардың бірі біртіндеп жаңа білім жүйесінің бейнесіне енеді. Бұл бейнеде субьектінің жеке қайта құруы секілді жаңа қажеттіліктері мен қызығушылықтары көрсетіледі. Жаңа құндылықтар, байланыстар, дәстүрлер, әрекет бағыттары бекітіледі, олар таңдау кезінде концептуалды өңдеулерді, нормативті құжат, бағдарламаларды, технологияларды құру деңгейі бойынша институциацияланады, олар жобаланған нәтижелерді вариативті шарттарда көрсетуге мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің құнды мағыналы шартының диагностикасы гуманитарлы позицияны барлығы керек етпейтінін көрсетті. Бұл кәсіби гуманитарлық әрекет пен мектепішілік байланыстардың «құпиясына» енуге деген қызығушылықты тудырды. Жұмыс гипотезасының нәтижесі бойынша, құнды бағыттардың динамикасы нуманитарлық көрсеткіштерінің белгілі бір жақтары арқасында мұғалім позициясының өзгерісіне алып келетінін көрсетті, ал мұның өзі өз кезегінде кәсіби әрекет пен қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Көптеген жұмыстардың нәтижесінен мектептің өмірлік әрекетінің мазмұны біршама өзгерістерді бастан кешірді. Осыған орай, бір ғана білім жүйесінің әсерінен біртіндеп басқа түрі дамыды.
Жоспарланған әрекеттің обьектісіне аттестацияларды, біртіндеп жоспарланған қадам бойынша жинақталатын конкурстар, ғылыми әдістемелік өнімдерді қорғау жатады. білім беру жүйесінің жаңа имиджін жоспарлау социализациялық процедуралардың бір бөлшегі болып табылады.
Білім беру жүйелерінің өзгерісіне бағытталаған жоспарланған әрекет оның қатысушыларын қайта құрудағы қосымша стимул боып табылады. Тәжірибе маңызды жоспарлардың бірі болып мамандарды даярлаудағы жоспарлау жүйелері болып табылатындығын көрсетеді. Әрі қарай дамып келе жатқан ұйымның көзқарасы білім берудің мазмұны топтың ішкі білім беру жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету керек екендігін және сырқы, ішкі әсерлерден басқа өзіндік иммунитетті құруын көрсетеді. Жоспарланған әрекет шартында ең маңыздылығына ішкі білім беру жүйелеріндегі топты түрлі деңгейлер мен бағыттардағы экспертиза; тарихи-мәдени, гуманитарлы, өндіруші жақтарға даярлау жатады. Осының барлығы білім беру жүйесінің жоспарына «үйреніп жатқан ұйым» деген түсінікті енгізуін көрсетеді. Төменде «білім беру жүйесінің» 3 анықтамасы көрсетілген. Кез келген анықтаманы таңдауды жоспарлардың стратегиясы қалай ерекшеленеді? Әр нұсқаулар ішінде қайта құрудың пәні болып не табылады?
Білім беру жүйесі – белгілі бір территориядағы ұлт топтарының сұранысын қанағаттандыратын және білім беру әрекетінің тұрақтылық нәтижесін қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының құрамы болып табылады.
Білім беру жүйеіс – тарихи және әлеуметтік мәдени контекстік жүйемен сәйкес қоғаммен және мемлекет күшімен арнайы құрылған.
Білім беру жүйесі – адамды мәдениетке кіргізуге, мәдениет эволюциясына қорғаныс, қауіпсіз жол беретін, яғни әрекетке деген белгілі бір дайындықты құратын, бейіиделу, ерік, коммуникация, кез келген облыс аймағындағы құндылықтарды продуциялау сияқты механизмдерді құруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған жүйе.
2. Педагогикалық технологияларды жоспарлау. Білім беру сферасында технология - жоспарлауға қатысты ең қызық және күрделі обьектілердің бірі болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша ол жоспарланған, өзіне нәтиженің болашақтағы күйі жайлы болжамдық білімдерді жинақтайды. Маманды қобалжытатын бірінші сұрақ: жай ғана әрекетті емес, технологияны қалай жоспарлауға болады? Яғни, қалай жоспарлау әрекеттің көмегімен мәдени-аналогия принципіне сай өнімді алуға болады. Оны шешуге ол жайлы теориялық көріністердің анализі көмектеседі:
- технология дегеніміз не?
- педагогикалық технология дегеніміз не?
Біріншіні анықтауда, міндетті түрде оны шешу өте маңызды, өйткені технология түсінігі педагогикалық контекстке енгізілген және білім беру сферасы үшін өнімді болып табылады.
Екінші позицияны анализдей келе, технологияны білім беру сферасындағы әдістемеден ажырата білу қажет. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде бұл мәселе түрліше қарастырылған. Осылайша, жоспарлаушылардың алдында концептуалды таңдау қажеттілігі туындайды. қазіргі сәтте жалпылама сипаттамалардың негізгілеріне баса назар аудару қажет. Кейінірек өзің үшін технологияны жоспарлау туралы сөз қозғалады. Қажетті педагогикалық қамту бірінші жағдайда жоспарланған күштер технологияны өнім (құрал) ретінде қарастыруға бағытталады. Екінші жағдайда технологиялық организация процесін құруға. Технология обьективті механизмнің обьектінің актульды күйден болжамға өтуін актуализациялайды, оны жоспарлаудың жалпы мәні болжамды модельдеукден және обьектіні дамыту ситуациясын басқару бойынша педагогикалық әрекеттерді біріктіруден құралады. Жоспарлардың деңгейін таңдауға байланысты нәтиже өңдей және детализация деңгейлері бойынше ерекшеленеді. Концептуалды деңгейде технологияны феномен ретіндегі модельдік жазбасы құрылады. Ол әдістемелік сипатқа ие. Осы жазбадан барлығы нақты әрі анық болуы керек, оны қандай құрылымдық компоненттерден құрылатыны, қандай принцип бойынша, қандай үлгі бойынша педагогикалық технология құрылуы қажет және оны қолданудың диапазоны қандай? Жоспарлаудың мазмұнды деңгейі қайта өңдеуді және теориялық негіздеулерді сыртқы және ішкі процестердің жазылуын талап етеді, жоспарлаудың процессуалды деңгейі технологияның алгоритмдік жазбасының әрекет жүйесі, шарты ретінде толықтай жазбасын сыртқа шығарады.
Педагогикалық технологияны жоспарлаудағы материалдарға мыналар қызмет етеді:
· педагогикалық обьектілердің табиғаты жайлы, оның өзіндік әрекеті жайлы білімі;
· обьект дамуының (теориялық негізде жасалынған) обьективті логикасының поэтаптық жазбасы (процестер, жүйелер, тұлғалық қасиеттер);
Дәл осы логика педагогикалық тапсырмалардың шешімін анықтайды. Сонымен бірге, педагогикалық әрекеттің уақыт бойынша орналасу реттілігін, этаптарын, кезеңдерін, процестің даму циклын қарастырып, жоспарға кіретін маңызды деген технологиялық қадамдардың көлемді әрі сапалы сипаттамаларын анықтайды.
- Технологиялық қадамдарды конструкциялауда басты материал болып табылатын технологиялық компоент типі жайлы білім; Олардың қатарына стандартты технологиялық компоненттер (құрал, тәсіл, әдіс), білім беру тәжірибесіндегі технологиялық қадам мен процедуралар кіреді;
- Авторлық құралдар мен технологиялық өңдеулер, әрекет ету табиғаты мұғаліммен рефлекцияланған және ол қажет әрі ол қауіпсіз болуы мүмкін. Осылайша, педагогикалық технологияларды жоспарлауда ең алдымен құрал спекторы мен потенциялы туралы жалпы көзқарас қалыптасуы қажет. Педагогикалық шеберлік немесе ұжымдық шығармашылық жоспарлар бірлескен әрекеттердің табиғаты жайлы әдістемелік және технологиялық білімдерінде негізделеді. Мұнда танымал апробирацияланған процедураларды нақты актуалды педагогикалық мақсат пен жұмыс мазмұнына жауап беретін мазмұнмен жинақтау жайлы сөз қозғалуы мүмкін. Бір ғана әдістемелік негізде түрлі нұсқалардың жоспарланатыны жайлы мысалға тұлғалық дамытылған білім беру технологиясын жатқызуымызға болады, ол В.В. Сериковтың жетекшілігімен волгоградтың ғылыми-педагогикалық мектеп қабырғасында қарастырылған. Олардың құрылымында бірнеше компоненттер көрсетілген:
- оқу пәнінің қабылдауымен сипатталатын даму ситуациясы ( тапсырмалар, мәселелер)
- әрекеттің, қайғы мен қобалжудың, рефлексивті актісінің « минимумдық » қажеттілігінен құралатын тұлғалық тәжірбие, педагогикалық процеске енуі үшін тұлға сол арқылы өтуі қажет;
- тұлға субьектісінің қарым-қатынастық жүйесіндегі оқу диалогының нұсқасы;
- білім беру мазмұнын игеру кезіндегі өз мінез-құлқын шығармашылық түрде жүйелендіру. Білім беру процесінің дамуымен қатар жүретін технологиялық арқан 1-ші базалық сипаттамалардан басқасына көшуіне байланысты қадамдарға бағытталады, мысалға диалогты және ойын формаларын параллелді ендіру көмегімен ол әрекетті күрделендіреді және тұлғаның тәжірбиені игеруін қамтамасыз етуге көмектеседі. Осы теориялық негіздемелерді қолдана отырып, нұсқалардың әр түрлерін жопарлауға болады. Кез келген педагогикалық технологияға маңызды универсалды процедуралар жағын атап көрсетейік: Ең алдымен бұл мақсат шеңбері мен мінез-құлықты анықтау, ол жетістікке жетудіәң бір құралы да болуы мүмкін, қазіргі жағдайда ол сапалы әрі көлемді диапазонды болжамдайды. Жаңа технологиялық білімді құруда біз бастапқы кезден бастап өзімізжі дидактикалық мақсатқа жетуге және қажетті деген нәтижені алуда алдыңғы жолға қарай итермелейміз.
Тәрбиелі технология тәрбиелік мақсатты анықтайды жіне тәрбиелік нәтижені қамтиды.
Басқару технологиясы басқару деңгейіндегі нәтижені алуға алып барады. Осыған байланысты табиғат процесі жайлы көзқарастынемесе бейнені қалыптастырмай технологияны қалыптастыру мүмкін емес. Ол нәтиже түрлерін қамтамасыз етуге міндетті. Экспертиза дейңгейінде диапазон және соңғы өзгерістер жайлы көзқарастарды құру, сонымен қатар процесті технологизакциялау мүмкін бе, соны тексеру өте маңызды. Мысалға адемі хатты құрудағы дағды технологиясы, топтық, ұжымдық дискуссияны жүргізудегі технологияларды айта кетуге болады. Тағы да педагогикалық мақсатқа, құрылым мен білім беру процесінің субьект масштабына сай ережелерді қатаң бақылауға алу қажет. Ол тез арада таңдалған мақсаттың шынайылылық сәтін бағалауға мүмкіндік береді. Кез келген тәрбие беру технологиясы оптималды түрде әрекет етеді. Өйткені, әрбір тұлғалық сипаттама өзінің әлеуметтік-психологиялық деңгейінде жүзеге асырылады.
Ұйымшылдық, патриотизм адамдардың тобында пайда болады, оларды жеке біреуін қалдыру мүмкін емес. Оқу дағдысын игеру, тұлғалық жауапкершілік сезімі индивидуалды жолмен құрылады.
Әр адамда жоспарлау пәні туралы жүйелі-құрылымды көзқарас қалыптасуы қажет, соның ішінде міндетті түрде технология құрылымы, оныңы құрылымдық компоненті және табиғат байланысы жайлы ілімдер болу маңызды.
Педагогикалық технологияның жоспары прогностикалық білім мен практикалық тәжірибеге негізделетін таңдау, іріктеу процедураларын қамтиды. Олар белгілі бір нәтижені алуға бағытталғна. Осылайша, технологияны жоспарлы түрде өңдеуде алгоритм формасындағы кез келген педагогикалық процестермен басқара алу қабілеттілігі қолданылады. Алғашқыда ол прогностикалық модель деңгейінде жүргізіледі. Жүйеде технология моделін құрастыруда қандай компоненттерді іріктеп алу қажет? Ол кез келген педагогикалық процестің обьективті логикасына тәуелді. Процестік логикасы педагогикалық тапсырмалардың шешімін ұсынады. Кәсіби әрекеттердің жүйесін модельдеуде әрбір технологиялық қадам үшін келесі мынаны анықтау талап етіледі:
1. Қандай педагогикалық құралды қазіргі сәтте қолдану қажет? «Қазір және осында» қолданудың педагогикалық маңыздылығы бар.
2. Қай масштаб субьектісіне әрекет бағытталады, оның адресаты есінде кім сайланады?
3. Педагогпен өңделген сыртқы реакция қандай формада және қандай диапазонда болады? Осы субьектіге сәйкес ұсынылып отырған ішкі реакция қандай? Осыған орай, ситуация, контекст және педагогикалық өзара әрекеттің сипаты қалай өзгереді?
4. Әрекет сәттілігі нені көрсетеді?
5. Технологиялық қадамды орындауда не кері әсер етеді?
6. Әрекет сәтсіздікке ұшырағанда әрекеттің қандай нұсқасы мүмкін болады?
7. Педагогикалық процестің логикасын дамытуда қандай жағдайлар көрсетілген? Технология кезінде әрбір орындалған қадам кері байланысты, форманы қажет етеді. Кері байланыстың әрбір актісінен кейін 2 нұсқа болжамдалады, олар алдын ала орындалады.
Технологияны жобалау оның орындалу әрекетін көрсетеді. Әр технологияның уақыттық және кеңістік шекаралары болады. Белгілі бір типтегі субьектіге байланысты оптималды мерзімдер қалыптасады. Олар өмірлік әрекеттің циклдарымен, үзілістерге деген дайындықтармен, инерциямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, субьект құралымен жұмыс істеу кезінде топтық динамиканың заңдылықтарын есептеп кетпеуге болмайды. Индивидуалдылықпен өзара әрекеттесе отырып, оның спецификалық ерекшеліктеріне, жасына, өмірлік тәжірибесіне бағытталу қажет.
Сонымен қатар педагогикалық әрекеттегі субьектінің технологиялық режимнен шығару-кіру сияқты қажеттілігі туындайды. Құрылымдық құрамына міндетті түрде оның кәсіби кепілдігі де енеді. Мұндай кепілдемелер мұғалімге обьективті сипатқа ие механизм белгілі болған жағдайда ғана пайда болады, ол субьект құрылымында ақпаратты-коммуникативті деңгейдің актуализациясын қамтиды. Оның педагогикалық әрекет үшін маңыздылығы жоғары. Табиғат таңдауы негізінен жұмыспен байланысты субьектінің мінез-құлқына, ситуациялық ерекшеліктеріне байланысты. Егер мұғалімге психологиялық жағынан индивидуалды жұмыс қажет болса, оған міндетті түрде әрекетті үйлестіру керек. Бұл оның белгілі бір тұрақтылығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Аудитория дифференциясы үшін диагностика нәтижесімен жасалған типология көрсетіледі. Егер бірлескен субьектімен әрекет ету жұмысы ұсынылса, педагогикалық әрекеттер білім процесінің барлық қатысушыларына лезде әсер ету керек. Технологияны қолданудағы кейбір әрекеттерді орындауда олар міндетті түрде әр адамға бір жақты жеткілікті болу қажет. Қарым-қатынастың белгілі бір жүйесіне технологиялық қажеттілік бойынша ену кезінде мұғалімде кепілдік болу қажет.
Технологияны жоспарлаудағы басты компоненттерге соңғы нәтижені алудағы уақыт пен форманы көру жатады. Мұғалім осы нәтиже қашан және қай кезде көрсетілетіні жайлы, қандай параллельді эффектілер пайда болатыны жайлы жақсы білуі қажет. технологиялық арқанды құрудың соңғы этапына педагогикалық процестегі қатысушылардың білім беру ситуациясынан шығу инструментовкасы жатады. Сонымен бірге психологиялық ыңғай қамтылуы қажет.
Басқа жағдайда тұлғааралық немесе топаралық эффектілерді алуға болады. Игротехникалық оқиға қатысушыларды ұзақ уақыт ішінде терең психологиялық қобалжуларды тудырады. Ақпараттық немесе эмоционалды толғаныстар қатысушыларда мұғалімдер сияқты шаршау мен тітіркену секілді сезімдерін тудыртады.
Оқу материалының мазмұндық көлемін игеруге бағытталған бір қадамды білім стратегиясының құрылуына негізделетін білім технологиясының қалай негізделетінін қарастырайық.
1 қадам. Қатысушылардың мазмұндалған жұмысқа, оның деңгейінің диагностикалық мүмкіндіктерін жоспарлау. Мазмұнда қадамдық қозғалыстың 3 негізгі технологиялық нұсқасы бар: «нөлдік нүктеден» оның көлемі мен деңгейінің игеру кезеңіне дейін; барлық ақпаратты алаңдардың панорамды-үлгілі көзқарасының бастамасынан индивидуалды сұрақтамалар бойынша дифференциациямен бірге жеке бөлшекьерін игеруге дейін; нормативті мазмұннан қатысушылардың актуалды ақпараттық күйіне дейін (бастапқы дайындық деңгейінің дифференциациясымен). Нұсқалардың әрқайсысы диагностиканың алуан түрлі жүріс тұрысын талап етеді, онда материалды поэтапты игеру процесін жүйелендіретін барлық механизмдер жазылған. Әдетте, мұғаліммен таңдалған нұсқалардың бірінде қадамдық стратегияны қолданудағы өмірлік әрекеттің негізгі бастамасын келесі қадамға өтуін құрайды. Ал, мүмкін емес болған жағдайда білім беру логикасы бұзылады, мазмұндық немесе мәндік ара қашықтық туындайды.
2 қадам. Мазмұндық бөлшектерге бөлмеу үшін оқу материалы мен оқу процесінің құрылуындағы «ақпараттық порция » мен принциптердің іріктелуі, мазмұндық жұмыстың құрылымдық бірлігі ретінде олар іріктеледі. Түсінік, категория, семантикалық ұяшық, өнер үлгілері, нақты әрекеттер, эмоционалды реакциялар, мазмұнды блоктар, модульдер, программа пакеттері және т.б. Оқу ақпаратының бірлігінің психологиялық жолымен қабылданатын мазмұнды минимумды анықтау маңызды.
3 қадам. Қатысушыларға мазмұн мен оның бағытын игеруге тиісті «қадамдарды» көлемі мен сипатын анықтау. Материалдың құрылу логикасы бойынша қадамдар жасау, сонымен қатар оны игерудің ішкі логикалық процесімен, үйренушінің даму құралы мен қасиет лгикасы бойынша да қадамдар әрбір қатысушыны оның мазмұнының жоғарғы деңгейіне апара алады.
4 қадам. Оқу ақпаратының қай механизмдерінің бірі мазмұн деңгейіне жетуге қажетті болып табылады. Ол психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде өте толық жазылған.
5 қадам. Кері байланысты орнату мүмкіндігі. Ол қатысушылар әр қадам сайын ұсынатын формалардың конкретизациясы мен әрекет жүйелерін ұсынады. Бұл білімнің немесе дамудың келесі бір кезеңіне өтудің өзіндік дидактикалық паролі болып табылады.
Қадамдық әрекетті жоспарлауда негізгі себептер туындайды:
1. Ақпарат орган мен канал дамымаған кезде қатысушылармен қабылданбайды. Егер ұсынылып отырған «ақпараттық сигнал» сезімталдықтың деңгейінде тұрған жағдайда ғана осы нұсқа мүмкіншілікке айналады. Мұғалім кей жағдайда оқушының еш нәрсе көрмейтіні, естімейтіні, сезбейтіні, түсінбейтіні жайлы өтінішін білдіреді.
2. Тұлғалық деңгейде басқа психологиялық тұжырым пайда болған: ұсынылып отырған ақпараттың жинақтайтын «қауіптілік» түйсігі, оны таратушысына деген сенімділіктің болмауы, алдыңғы жағымсыз тәжірибе, мінез-құлықтың моделімен немесе көрсеткіштерімен сәйкестендірілу мәні.
3. Ақпарат субьектінің мәндік алаңында танылмайды.
4. Білім деңгейінде түсініксіз жағдайда оқытылатын мазмұн.
5. Ақпаратты ұсыну темпінің жоғарылығы. Осыған байланысты ұсынылып отырған көлем есте орналаса алмайды және «жанынан» өтеді.
6. Материал күрделілігінің деңгейі өте жоғары.
7. Қатысушылармен ұсынылған мазмұнның қолданылу перспективасының түсініксіз болуы (қажет еместігі түйсініледі)
Кері байланыс фактісінде ақпаратты бірліктің сәтсіз жағдайында осы себептердің қайсысының түрін жатқызуға болатыны жайлы мүмкіндікті қолға алу.
6 қадам. Бастапқы нәтижені стандартпен қарама-қарсы қоюға негізделген бақылау жүйесінің құрылуы.
7 қадам. Технологияны қолданудың нәтижесі бойынша рефлексия формасын таңдау. 12-13 нұсқауларда технология мен оның фрагменттерін жоспарлау нұсқалары көрсетілген, ол авторлық түсінікке негізделген. Технологияға қатысты алынған жоспарланған өнімнің критериясы теориялық жұмыстарда көрсетілетін, оның белгілерінің жалпылау нәтижесінде өңделуінің арқасында қарастырылуы мүмкін. Қазіргі кезде келесі позициялардың құрастылыған әрекетін бағалауға болады:
- олармен көрсетілген обьектінің қасиеті мен өзгерістің нәтижесін алу мүмкіндігі;
- педагогикалық әрекеттің нормирозациялау мүмкіндігі;
- білім процесінің өнімділігін қамтитын педагогикалық әрекет пен операциялардың жалғаспалы логикалық бірлігі;
- кәсіби әрекеттің адамның даму заңдылығымен сәйкестендірілуі (педагогикалық процестің даму логикасына);
- алгоритмизация негізінде педагогикалық процестермен басқару мүмкіндігі;
- әрекеттің басқа субьектімен көрсетілуі;
- аналогиялық нәтиже жетістігімен вариативті ситуацияларда қолданылу мүмкіндігі.
Өзін-өзі анықтауға арналған сұрақтар
1. Неге білім беру жүйесі қоршаған орта мен адамға қажет?
2. «Технологиялық қадам - әрекеттің, технологияның логикалық байланысы » деген жү.йедегі технология моделін құрастырудағы қандай компоненттерді іріктеп алу қажет?
3. Жалпы логика негізінде білім беру стратегиясының технологиялық білімде құрылуында оқу материалының көлемін игеруге бағытталған технологиялық білімнің құрылу мүмкіндігі қандай?
Негізгі әдебиеттер:
1. Радианов В.Е Дәстүрлі емес педагогикалық жобалау.-СПб., 1996
2. Колесников И.А., Титова Е.В. Педагогикалық праксеология.-2005
3. Крюкова Е.А. Әлеуметтік-педагогикалық жобалауға кіріспе.- Волгоград,1998
Қосымша:
1. Громыко Ю.В. Білім берудің дамуын жоспарлау және бағдарлау.-М., 1996
2. Колесникова И.А. Педагогтың технологиялық мәдениетінің негізі.-М., СПб., 2003
3. Байденко В.И. Білім беру стандарты. Жүйелі зерттеу тәжірибесі.-Новгород,1999
Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 3226;