Тұлғалық қалыптасу жобалары. Педагогикалық іс-әрекеттің даму жобасы.
Адам туралы жаратылыстану ғылымдық білімдер қандай көқарастармен қарастырылсада, қаншалықты күрделі және сентетикалық болсада адамның педагогикалық жобаларын ауыстыра алмайды.
Сондықтан қазіргі таңдағы немесе өткен шақтағы адамдардың зерттеулерімен қатар «адамды» педагогикалық жобалау арнайы іс-әрекеті қалады ( Масюкова.Н.А. Білім берудегі жобалау. – Минск, 1999.-с. 28). Жаңа типтегі оқу орындарындағы (I Петрдің навигацтық мектебі, М.В. Ломаносовтың академиясы, Смолдық университет, Хандық ауылдық лицей) «Адамның жаңа түрін» жасаудағы көптеген тарихи мысалдар мағынасы бойынша белсенділіктің бір түрін саналы дамытатын педагогикалық жобалаудың бір түрін көрсетті. Бұл жағдайда педагогтар жобалық күштерін тұлғаның ішкі әлеміне, социумның талап еткен адамдағы қасиеттер мен ерекшеліктерін алуға бағытталған.
Жобалау механизмдері тәрбиелеу сферасында да өнімді болды. XX ғ. 20–30 ж Ресей педагогикасында дамыған ұжымдық тәрбиелеу феномені жобалау идеясымен параллельді түрде бұл идеялардың ұжым контекстінде тұлғаның мақсатқа бағдарланған өзгерісінің бөлігі болды. Жақын орташа және алыс перспективаларды жасаудағы перспективалық сызық әдісі ұжым дамуын субьект жиынтығы ретінде жобалаудың бір формасы деп бағалауға болады. Оның біркелкі даму кезеңдері педагогикалық талаптар жүйесінің сапалы динамикасы мен функционалды-рөлдік тұлға аралық қатынастар мен сай келеді.
А.С.Макаренко қолданған «ертеңгі қуаныш» педагогикалық ұғым оның тәрбиелеу жүйесінде қажетті келешек бейнесі қызметін атқарды. А.С.Макаренкомен оның ізбасарларының тәжірибесінде сәтті орындалған пораллельді әрекет педагогикасы бірыңғай қоғамдық мағыналы мақсат шеңберінде әр түрлі деңгейдегі субьектілердің параллельді дамуын қамтамассыз ететін жауапкершілікті тәуелділік жүйесінде үлкен тәрбиелік потенциалын көрсетті. Кейінгі кезеңдерде ұжымдық тәрбиелеу механизмі комунарлық әдістемені алып жүруші В.А.Сухомлинский, И.П.Иванова тәжірибесінде қолданылып, гуманизация саласында дамыды: жауапты тәуелділік жүйесінен қамқорлық пен гумандылық қатынасқа дейін. Қазіргі зерттеушілердің бір қатары ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) әдістемесін жобалық іс-әрекет разрядына жатқызады. Шын мәнісінде, әрбір ҰШІ барлық қажетті белгілермен: ұжымдық күшті жұмсау ауданын іздеу; ұжымдық жоспарлау; бірлескен шығармашылық; ерекше өнімді алу; бірлескен іс-әрекетпен оның нәтижесі бойынша рефлексия арқылы педагогикалық жобаға айналады.
Технология қатарын алынған тәжірибені бекіту мен ой бөлісу жүретін салдар стадиясы аяқтайды.
Берілген жағдайдағы жобалық нәтиже есебінде ұжымдық шығармашылық жұмыс қана емес, сонымен қатар, И.П.Иванов қамқорлық деп атаған шығармашылық тәжірибесі мен қарым – қатынастың ерекше түрі есептеледі. Ұжымдық шығармашылық жұмыстар жүйесі ұжымның өмірлік іс-әрекеті кеңістігінде жалпы қамқорлық тәжірибесінің жиналуына әкеледі.
Тұлғалық қалыптасуға бағытталған жобалық іс-әрекет разрядына акмелогиялық жобалау немесе тұлғаның кәсіби жолын өзіндік жобалау ( биографиялық жобалау ) жатады. Жобалаудың бұл тұрі білім беру тәжрибесінде XX ғ. 3-ші жартысында адамның функционалды жүйесінің жаңа түсінігі ретінде пайда болды.
Акмеологиялық жобалаудың негізінде Н.А.Бернштейн жасаған функционалдық жүйе дамуында ішкі бағдарламалардың (қажетті болашақ моделі, бейнелер) рөлін анықтайтын белсенділік физиалогия принциптері жатыр. Белсенділікті жаңа концептуалды түсіну адамды басқа адамдармен біріктіре, функционалдық жүйелерді индивидуалдық шеңберінен шығара отырып, олардың өмірлік шыңдарына субьективті шынайылық бейнелерін қозғалту мен дамыту процестерін бейнелеуге мүмкіндік береді.
Н.А.Бернштейннің әр түрлі әрекеттерді осы әрекеттер мәліметтері параметрлерін мақсат деңгейіндегі қалаулармен біріктіру арқылы басқару мүмкіндігі және «өз қалпынан» «қалай болу керекке» өзгерісі акмеологиялық жобаларды адами қасиеттерді жүйелі дамыту бойынша жұмыстар ретінде теория мен практикасын құрудың негізі болды (Ю.А. Гагин). Акмеологиялық жобалардың жүзеге асуының мағынасы мен мазмұны адамның өзінің өмірлік мәселелерін түсініп, «қазіргі қалпын» «қалай болу керек» жобасымен үйлесімдеу арқылы қалаған мақсаттарға жетуге тырысады. Ю.А.Гагин ұсынған бағытқа байланысты акмеологиялық жобалауда шынайы және маңызды күйлер үйлеседі. Гормондардан айырмашылығы олар қозғалыс, тыныс алу, кез келген арнайы таңдалған проктикамен іс-әрекет арқылы жанама әсер етеді. Болашақ бейнесін құралдардың бірі ретінде құру үшін «мақсатқа бағытталу матрицасын»қолдану керек. Оның көмегімен акмеологиялық үйлесімділік салаларының құрылымы анықталады және осы құрылымның негізінде акмеологиялық әрекеттер топтары қалыптасады.
Мақсаты педагогикалық шеберлікті қалыптастыру болып табылатын акмеологиялық жобаның жүзеге асу логикасын мысал ретінде көрсетеміз.
Алғашқы кезеңде педагог іс-әрекеті контекстін құрайтын адамдар (мұғалім, оқушы, ата-ана, акмеолог, басқа адамдар) шеңбері анықталады. Жобалауға ену процесі оның барлық қатысушыларының жалпыға ортақ қарым-қатынас пен тәрбиелеу мақсаттарын саналау және оларды императив ретінде қабылдаумен байланыстырылады. Жобаның мақсаттарын көп жоспарлы рефлексиялау кезінде педагогикалық процес қатысушыларының қол жетерлік шыңдарын түсіну жүреді. Акмеолог рефлексияны ұйымдастыруда және жоба қатысушыларының өзін жетілдіруінің мақсаттары мен мотивтерін келістіруде көмек көрсетеді.
Кейін мұғалімнің «қалай болу керек» педагогикалық іс-әрекетін зерттеу мен педагогикалық процстің қалған субьектілерінің іс-әрекет параметрлерін анықтау жүреді. Педагогикалық ситуацияны зерттеудің акмеологиялық бағдарламасы жасалады. Құрылған бағдарланған сызба негізінде әрбір қатысушы диагнозтикалық зерттеуге енеді. Оның шеңберінде бақылау өзіндік есеп тестілеу қолданылады. Акмеолог қарым-қатынастың сенімділігіне негізделіп жұмыста көмектеседі, ересектермен балаларға көмектеседі.
Бұл кезеңде болашақта жүйелі анализдеуді қажет ететін тұлға мен іс-әрекеттің маңызды сипаттарын анықтау керек. Инвариантты сипаттамаларды анықтау тұлға мен іс-әрекетті реттеудегі екі аналитикалық матрицаны құрумен анықталады. Матрицалық мәлімет негізінде іштей байланысқан және өзара күшейетін немесе өзара әлсіздене алатын тұлға мен іс-әрекеттің инварианттық қырларынан акмеологиялық жұптар құрылады. Әрбір жұп мақсатқа жетуіне байланысты жобалауға қатысушымен бағаланады. Ол өзінің жобада жұмыс істеу қабілеттілігі туралы шешім қабылдайды. Бұл жерде өзінің тәжірибесіне рефлексия амалдары қолданылады.
Келесі кезең педагогикалық іс-әрекеттің «қалай болу керек» құрылымын субъективті параметрлердің көптігін ескере отырып акмеологиялық моделді құрумен байланысты. Кейін педагогикалық іс-әрекеттің және оның субъектілерінің дамуы алдын ала жасалған акмеологиялық процедуралар көмегімен жобаланады. Жоба жоспарланға іс-әрекет жүйесі арқылы жүзеге асады. Нақтылы әрекеттер календарлық графиктерімен сәйкестендіріліп жүзеге асады (кездисоқ пайда болған ситуацияларға тәуелді өзгерістер енгізуге көмектесетін сызықтық және желілік).
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Техникалық жобалаудың гуманитарлықтан айырмашылығы неде?
2. «Әлеуметтік серіктестік» ұғымы нені білдіреді?
3. акмеологиялық жобалау негізінде не жатыр?
Әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1. Масюкова Н. А. Проектирование в образовании. - Минск, 1999.
2. Гагин Ю. А., Дмитриев С. В. Духовный акмеизм биомеханики. - СПб., 2000.
3. Соколов В. М. и др. Проектирование и диагностика качества подготовки преподавателя: Монография. - М., 1993.
Қосымша:
1. Беспалько В. П. Основы теории педагогических систем. - Воронеж, 1977.
2. Вопросы воспитания: системный подход / Под ред. Л. И. Новиковой. - М., 1981.
3. Громыко Ю. В. Проектирование и программирование развития образования. - М., 1996.
Лекция 21-22. Білім беру мазмұнын жобалаудағы ерекшеліктері.
Мақсаты: білім беру мазмұнын жобалау ерекшеліктерінің бейнесін құру.
Кілттік сөздер: концепция, білім беру мазмұнының концепциясы, концепцияны жобалау, программаларды жобалау, оқу жоспарын жобалау.
Негізгі сұрақтар.
1. Білім беру мазмұнын жобалау.
2. Білім беру мазмұнының концепциясын жобалау.
3. Білім беру программасын жобалау.
4. Оқу жоспарын жобалау.
1. Білім беру мазмұнын жобалау.Ол білім беруді жобалау сферасына жатады. Білім беру мазмұнын жобалаудың субьектілік шеңбері. Мүдделі тұлғалармен және білім беру қажеттілігін немесе білім берудіМүдделі тұлғалармен және білім беру қажеттілігін немесе білім берудің белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік шарттармен анықталады. Осы шеңберге ғалымдар, методистер, админстрация, мұғалім, қатысушылар, ата аналар, әлеуметтік және жоғары оқу орындарының өкілдері, министрліктегі жұмысшылар, аймақтық билік иелері қатыса алады.
Жобалау мазмұнының пәніне білім беру мазмұнының концепсиясы жеке оқу пәндері мен курстары, білім беру мен оқу программалары, оқу пособиялары, дидактикалық материялдар, программалық өнімдер жатады. Жобалық өнімнің детеализациялық дәрежесі мен деңгейі берілген формаларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Концептуалды, мазмұнды, процессуалды (жоба, мәтін программасы, пособия, курс, технология).
Білім беру мазмұнын құрудың әдістемелік негіздері атақты рессейлік ғалымдармен (М.Н скатин, И.Я лернер, В.В Краевско, В.Д Леднев, В.И Балденко) терең зерттеген. Көп жылдар бойы мектеп пен ЖОО дағы жұмыстар нәтижесінде инновациондық мазмұнның жобалауының өте бай тәжірибесі жинақталды.
2. Білім беру мазмұнының жобалау концепциясы.Концепция –мазмұндық жобалаудың жоғары деңгейі. Ол білім беру философиясын, оқу оқу және тәрбиелеу концепциясын, мазмұн құрудың әдістемесін, оны жүйелендірудің негізгі принциптерін ұсынады. Сол себептен қандайда бір мазмұндық концепцияны құру негізінде, мамандар міндетті түрде метадологиялық әрекет негіздерін игерулері қажет. Концепция деңгейінде мазмұнның қасиетімен сипаттамаларын жобалауға болады. Яғни жаңа типті оқу орны үшін өзіндік мазмұндық нұсқасын қарастыру (гимназия, оқу комплексі) немесе барлық әлемнің оқушылары үшін білім беру мазмұнын жобалаудың жаңа бағытын ұсынады.
Мазмұнның концептуалды жобалауы теориялық дайындықты және түрлі профилдегі көп көлемді қатысушылардың қатысуын қажет етеді. Олардың қатарына методологтарды, педагог өкілдерін ғылым мен дисцсплина бойынша мамандарды, методистерді, мұғаліммен практиктерді, білім беру менеджерлерін қосу міндетті. Сонымен қатар қатысушылар мен олардың ата –анасын кіргізу де қызықты болып табылады.
Мазмұндық концепциясының жобасын кез-келген типін өңдеу оның философиялық, жалпы ғылыми, әлеуметтік-мәдени контекстін игеруден басталады. Егерде гуманитарлық білімнің концепциясын құратын болсақ, философиядағы, мәдениеттанудағы, педагогикадағы гуманитарлық мәселелермен байланысты теориялар мен бағыттарға жүгіну қажет. Қазіргі кезде бұл түсініктің көптеген мағынасы бар. Жобалаудың негізгі бір жолы-әр түрлі авторлармен гуманитарлық феноменнің теориялық мағынасындағы инвариянттарын іріктеп алу. Осы инвариянттар ретінде келесі белгілерді көрсетуімізге болады. Мәдени контекстпен құндылық жүйесімен байланысу, тұлғалық бағдарлану, пәнаралық, әрекет жайлы түсініктің қалыптасуына деген ұйымшылдық .
Ғылыми әдебиеттерде гуманитарлық дайындықтардың ішінен мыналар бөлінеді.
· Рефлексия, интерпретация, метафоризацияға негізделетін ойлау мүмкіндігін игеру қабілеттілігі;
· Қабылдаудың гуманитарлық мүмкіндігін құру, ақпараттың субьективті мағынасының мәні;
· Гуманитарлы бағыт пен принциптерге негізделетін әрекет формасын игеру осылайша білім беру мазмұнының белгілі бір белгілерін құрудың обьективті қасиеттері шешіледі.
Белгілі бір типтің мазмұндық концепциясымен жұмыс істей келе, білім берудің соңғы нәтижесінің комплексті түсінігін қарастыруға болады, яғни ол берілген концепцияда орындалады.
Гуманитарлық білім үшін бұл нәтижеге белгілі бір оқу материялын игерумен қатар тұрмыстық мәселені қорғау қажеттілігінде , субьективті позицияны дамытуда, мәдениет алаңында, өз-өзін анықтауда, диалогта өзін көсетуде байқалады.
Гуманитарлық құбылыстың сипаты, обьектінің ерекше бір түрі ретіндегі гуманитарлық критериясы мен көрсеткіштері жайлы сөз болғанда алынған концепциядағы гуманитарлық экспертизаның критерясын жобалау және оның орындалуын бағалау сияқты мүмкіндіктер туындайды. Мазмұнның спетсификасын анықтаудағы көріністермен білім беру нәтижесі мазмұн компоненті мен оның деңгейін іріктеудегі негізгі шарттарын бөлуге көмектеседі.
Келесі маңызды қадам- білім беру мазмұнын құру үшін концептуалды негіздемелердің іріктелуі. Бұл- модульдік принцип, концептр жүйесі, қандайда бір авторлық бағыттың құрылуы мүмкін. Іріктеп алмас бұрын, жобалаушыларға міндетті түрде әр бағыттың спецификасы туралы білімі, оның педагоикалық потенциялы, қосуы мен азайтуы жайлы білімін игеру қажет. Кейін әр іріктелген структуралық компоненті мазмұнды түрде пәндік аймақ, оқу дисциплиналар бойынша конкретизациялау қажет. Оптималды шарттарды жобалауда, өңдеушілерге кеңес дәуіріндегі және халықаралық тәжірибелерге сүйенулері керек.
Тәжірибе гуманитарлық білім беру шеңберіне мыналар кіру керек екенін көрсетеді.
· Нақты адамның спецификасына және қажеттілігіне деген білім беру процесінің бағыты;
· Мәдениет контексіндегі білім беру процесінің ауысуы;
· Ойлаудың, жүріс-тұрыстың, қарым-қатынастың дамуын қамититын білім мен тәжірибелік мазмұндық құрылымына ену қажеттілігі;
· Метаоблстық білім мен интегративті, ұлтаралық дисциплина курстарына ену (ол ақпарат жалпылауларының деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік береді);
· Білім беру процесінде сөз, қарым-қатынас, ес, фантазия (қиял), шығармашылық сияқты құралдардың кеңінен қолданылуы.
· Тұлғаның кәсіби үздіксіз өсіміне қатысты құрылатын білім беру ашық моделіне деген бағыт;
Мұның соңғы өнімі, концепцияның, модельдің, макет немесе білім беру мазмұндық жобасының мәтіні ретінде көрсетіледі.
Концепцияны жобалаудың басқа стратегиялық жолы бар. Ол келесі қадамдарды қамтиды:
1. қатысушының қандайда бір категориялық қажеттілігін алдын-ала игеру, ол белгілі бір пәндік сфераны игеру үшін қажет;
2. осы категория жас білім берудің деңгейлері бойынша осындай қажеттіліктердің құрылымы мен диференциациясы
3. берілген мәселені шешудегі оқу пәні иен дисциплинада бар мүмкін болатын анализі. Қатысушылардың арнайы оқу орындарында, тәжірибеде қажеттіліктерін толық қанағаттандармайтын проблемелардың пайда болуы;
4. пән аралық байланыстың есебінен мазмұндық дамудың стратегиялық сызығының құрылуы, жаңа мазмұнды блоктардың, пәндер мен курстардың енгізілуі;
5. мазмұнның құрлымдық компоненттрінің ішінен әр іріктелгендердің концептуалды өңделуі;
Осы логика мектептерде ғалымдардың үлкен ұжымымен, методистермен, Санкт-Петербургтағы мұғалімдермен құқықтық білім жүйесінің өңделуімен байланысты ұзақ мерзімді жобада қолданылды. Келесі этапта құқықтық білім беру жүйесін құру туралы қажеттілік жайлы сұрақ туындағанда, жоба семинарының рефликсиялық негізінде оқушылардың ата-аналары өте жиі соқтығысатын этика құқықтық мәселелер қарастырылды. Осыған байланысты педагогтардың шығармашылық тобымен графикалық пунктуалды көрсетілген ата-аналарды оқытудың стратегиялық модельдері қарастырылды.
Дайындық пен экспертиза кезінде ата-аналардың құқықтық білімінің үздіксіз, біркелкі қажеттіліктері есепке алынды. Модельдердің мазмұндық өңделуінің деңгейі осы этапта бөлімдерді және олардың ұсынылып отырған нәтижелерін құрастырумен шектеледі. Мұғалім мен әдіскердің жобалық әрекеттегі келесі бір қадамы мектеп тәрбиесі үшін инновациялық тсәлін құарстыру мүмкіндігі қайнар көзі болап табылады, ол ерсек адамдарды үйретуге бағытталған мұндайқайнар көздерге адам мен бала бұқығы бойынша халықаралық және ресейлік құжаттар, заңнамалық актілер, мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты жүйелендіретіндер, әдеби және публититикалық шығармашылықтар, шынайы мәселелік, ситуацияны жазу және т.б енеді.
3. Білім беру программасын жобалау. Программаларды жобалау- білім беру жобасының ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Басты актуалдылықты вариятивті, профильді, көп деңгейлі білім беру жүйесінен қамтиды. Программа білім беру мазмұнының теориялық концепсия деңгейінен кейінгісі. кез-келген білім беру программасы-кезкелген педагогикалық жүйедегі оқу тәрбиелік процесінің мазмұнын құрудағы мүмкіндігі мен типін жарнамалайтын құжат. Программа құрмастан бұрын, оның ең алдымен спецификасын түсініп алу қажет.
Жобалаудың мазмұны мен нәтижесіне деген қажеттілікмынаған бағытталады.
· «білім беру программасының» түсінігінің мәніне
· Білім беру типінің және деңгейіне сай мазмұнын, мақсатын, стратегиясын анықтайтын, әрекет ететін кормативтердің комплекстік біліміне (білім беру стандарттарына, мазмұнының минимумдық қажеттілігіне квалификациондық сипаттамасына).
Ең алдымен өңдеушілер программалардың анықтамасын анализдеп, ондағы кілттік сөздерді тауып, педагогикалық мәнін сезінулері қажет. Жобалаудың өнімі ретінде білім беру программасы нақты оқу орындарындағы білім беру нақты бір деңгейіне бағытталған білім беру мазмұнын, мақсатын анықтайтын нормативті құжаттардың еомплектін көрсетеді. Егерде білім беру деңгейінде (бастапқы, ортаңғы, жоғарғы, кәсіби немесе қосымша) профиль, профессияны (кәсіпті) немесе мамандықты сипаттайтын дайындықтың алуан түрлі бағыттары болатын болса, онда осы бағыттардың әрқайсысынан өзіндік өзіндік білім беру программалары құрылады.
Білім беру программасы білімнің бағытымен, деңгейімен салыстырудағы білім мен тәрбиені, тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін білім беру мекемесінің барлық әрекет жүйелерін бейнелейді.
ЖОО- дың білім беру программасының негізгі құрамына мыналар кіреді:
· Оқу әдістемелік программалармен бірігулермен сәйкестендірілген дайындықтың, профильдер мен бағыттар тізбегі;
· Программалар мақсатын жазу (берілген бағыт бойынша дайындықтың деңгейі мен мазмұнына деген қажеттілік)
· Нақты білім беру мекемесіндегі білім беру мазмұнының инвариантты және нормативті бөлімін білдіретін оқу жоспары
· Осы жоспарға енетін және оқу тәрбиелік әрекетінің ұйымдастыру формасы мен әдісін, мазмұнын ашып көрсететін оқу пәні мен тәжірибелердің программасы;
· Оқу программасы мен байланысты және қатысушылардың интелектуалды, мәдени дамуына, яғни одан әрі жетілуіне деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін арнайы бір шарттарды құруға бағытталған оқу әрекеттерінен тыс жүріс-тұрыс програмалары;
· Білім беру программаларын жүйелендіруде қолданылатын педагогикалық технологиямен ұжымдық педагогикалық шарттарды жасау;
· Білім беру программасының өзгерісі үшін негізін қамтитын педагогикалық диагностиканың жүйесін жазу;
· Білім беру программасын жүйелендірудің келешектегі нәтижесін және
индивидуалды білім беру траекториясының бағытын жазу;
Әр программа блоктарының құрлымының мазмұныны жобалауда, ең алдымен оның жалпы құрлымындағы мәнді және мақсатты көрсеткішін анықтау қажет. Нормативті документке енгізілген позицияның әрқайсысы білім беру деңгейі мазмұнды түрде конкретизацияланған болуы керек.
ЖОО- дағы дайындық жүйесі үшін нақты бір кәсіпке байланысты стандартты түрде көрсетілген келесі дисциплиналық цикл мүмкіндіктерін мәндетті түрде анықтап алу қажет: ГЭС – гуманитарлық-әлеуметтік эканомикалық, ЕН-жалпы математикалық –ғылыми, ОПД- жалпы кәсіби, ДС- специализация дисциплиналары, ФТД- факуультативті дисциплиналар.
Тәжірибе орта және ЖОО-ғы мұғалімдерді кәсіби функцияны орындаудағы мазмұндық компонентер бағытталуда қиналатынын көрсетеді.
Біріншіден ол профильге дисциплиналарды үйретуге қатысты. Мұнда қажеттілікті қанағаттандыруда әп мазмұндық компоненттің тек тұлғалық ғана емес, сонымен бірге кәсіби бағыты жайлыда сөз қозғауға болады. Білім беру мазмұнының оқу орнының профилімен және тұлғаның өз-өзін анықтаудағы қызығушылықтарымен сәйкестілігі құқықпен нәтижеге жетеді. Студенттерге өзінің еркі бойынша оқу материялын 40% тан 50%ге дейіе игеру мүмкіндігі беріледі.
Білім беру программасының негізгі мекеменің білім беру жүйесінің бет-бейнесін анықтайды:
· Білім беру деңгейі мен дәрежесі;
· Тұлғаның дамуымен жас аралық ерекшеліктерімен байланысты білім беру мазмұны мен дәреже көлемінің байланысуы;
· әр деңгейдің білім беру программасының мазмұнындағы жалпы және кәсіби компоненттердің байланысуы;
· тұлғаның өзіндік білімі траекториясын коррекциялаудағы мүмкіндігі мен таңдау еркіндігін қамту;
Білім беру программасы индивидуалды білім беру траекториясының толықтай контекстін көрсетугеде мүмкіндік береді.
Пограммаларды жобалау логикасы жоғарыда айтып көрсеткендей, білім беру прогаммасын жобалу мемлекеттік білім беру стандарттарының анализінен басталады. Келесі қаделі білім беру программасын құрастыратын жобалаулармен байланысты. Классикалық нұсұауларда бұл-
· мақсат (бітірушілер дайындығының сапасы мен деңгейіне деген қажеттілік);
· оқу жоспары;
· жеке оқу дисциплина мен тәжірибелер программасы.
· Білім беру программасын жүйелендіретін ұйымдық –педагогикалық шарттар мен педагогикалық технологиялар;
· Білім беру программасының жүйелендіру нәтижелері және үйренушілердің индивидуалды білім беру траекториясының дамуының келесі бір бағыты
· Педагогикалық диагностика әдістемесі мен уақыт аралық және соңғы нәтижелік шешімді бағалау мүмкіндігі;
Білім беру программсын құруда жобалаудың негізгі орталық пәніне тәрбиелеу мен оқу нәтижесінде жетістікке жететін соңғы-ақырғы мақсаттар жатады.тәрбиелеу мен білім беру мақсаттары мемлекеттілік қажеттілік мемлекеттік қажеттілік секілді мемлекеттік білім беру стандарттарымен беріледі. Білім беру программасын қарастыратын білім беру мекеме орындарында бұл мақсаттар толықтырылуы мүмкін. Жобалау кезінде мазмұндық байланыста олар деңгейге және қатысушылардың дайындық сапасына деген қажеттіліктермен байланысатынын есепеке алу қажет. Мысалы Санкт-Петербургтегі Ломоносовтың гимназия үшін оның бітірушілерінің гуманистік көзқарастарымен, жалпы мәдениетпен, энцклопедиялық білім және зерттеу жұмыстарына ғылыми бағыттары бойынша ерекшеленуі өте маңызды болып табылады. Өмірге «сферада дайын болған (құқықтық, эканомикалық-еңбек, экалогиялық-ғылыми). Осыған сәйкес үш мамандық бойынша дайындықтың нұсқалық модельі қарастырылды: «зерттеуші энциклопедист», шығармашылық потенциялды қамтитын, стандартталған емес тапсырмаларды шешуге деген қабілеттілік (физикалық-математикалық ориентация) гуманитарлық краевед».
Гуманитарлық компоненттің жобалау кезіндегі эксперименталды жұмыстың концепциясы мен гипотезасы үшін әрбір модель үшін мазмұнды доминантты анықтауда. Прогамма мен критерияға ұқсас структуралардың іріктелуін анықтады. Мысалы: интеграциялық элементтерді енгізудегі қажеттілігі анықталады.
Нормативтік документтердің анализдік этапында білім беру идеясын жобалауды күрделендіретін ақпараттау кемшілігі мен қарама-қайшылықтары туындауы мүмкін. Программаларды жобалауда мақсаттар тілде құрылады. Осыған байланысты жобалау, процедурасына категориялды анализ және «білім беру», «үйрену», «тәрбиелік», компоненттілік секілді түсігіктермен жұмыс істеу жатады. Олардың талқылауларына байланысты білім беру мақсаттарының мазмұндық толықтырулары жүреді. Мысалы: теориялық конструкт ретіндегі кәсіби педагогикалық компетенттіліктің құрылымы концептуалды бағытқа байланысты алуан түрлі болуы мүмкін. «Тәрбиелік» категориясы тәрбие теориясында дисску сиялық білім келеді және ол авторлармен түрліше тізбектеледі. Осыған байланысты білім беру мақсаттары және нәтижелерімен байланысты базалық түсініктемелердің бір нұсқаларын қабылдай отырып, өз-өзіңді міндетті түрде концептуалды түрде анықтап алу қажет немесе оларды анықтаудың өз жұмыс нұсқасын ұсыну қажет.
Мақсатты жобалауға қарсы психологиялық әрекеттің жүйесін құастыруда бір ғана бағыты таңдалынады. Мысалы: таксономиялық қадамды қолдану жобалаушылардан мақсаттардың иерархиясын құруды, олардың деколепозициясының қолданылу тәсілін талап етеді. Осы процестерге бағытталуда басқа процедуралар яғни техникалық процедуралар қолданылады. Білім беру деңгейі мен мазмұнына деген қажеттіліктің бірі- социумдағы және кәсіби әрекеттегі белгілі бір адаптацияға ориентациялау,функционалды міндеттерді орындай алу қабілеттілігі, жақсы шешім қабылдай алу. Сол жағдайда ғана жобалау кезінде мақсаттың құрлымын модельдеу сияқты сөз қозғалады. Проритеттіңарасында ол рессейлік білім беруге бағытталуы тиіс, оны адам еркіндігі мен құқығына деген қадір-қасиет, өзара түсінушілік және адамдар арасындағы ұйымшылдық.
Кәсіби білім беру деңгейінде жобалау кезінде стандарттар болмаған жағдайда, бітірушілерге деген талапты маманның Рессей Федерациясының еңбек министірлігінде кезінде қарастырылған квклификациондық сипаттамасын табуға болады. Онда еңбек функцияларын орындауға қажетті маман жұмысшының нені алу, нені білу керек екендігі көрсетіледі. Сонымен қатар кез-келген кәсіби әрекет көп жоспарлы және коммуникатиті бағыт, жүріс-тұрыстық дағдыларды игеруді білдіреді. Сол себептен білім беру программасын жобалауда оқушылардан талаптарды толықтыру мен конкретизациялауміндеттілігі туындайды. Тағыда мысал ретінде 1990 жылдың ортасында қарастырылған білім беру магистіріне деген қажеттік тізбегін келтіруге болады.
Программа құрылымы.Білім беру программасының құрылымына түсініктемелі қағаздар кіреді, онда программаны құруға деген іріктелген бағыттар негізделеді, аргументтер келтіріледі. Хат нәтижесінде программа, оны жүйелендірудың мерзімі көрсетілген адресаты орналастырылған.
Жүйе секілді программаның компоненті болып табылады. Және жұмыс формасының тізбегі болып табылады. (лекция, семинар, тренинг, сынақтық сабақтар) программалық компоненттердің дисциплиналық көлемінің байланысуы, әрі қарай жеке бір оқу программасының (тематикалық бөлулердің, студенттердің деңгейі мен сапасына деген қажеттілік) мақсатқа жетудегі әрекет программасы болып табылады. Мазмұндық бөлімнен міндетті түрде қарастырып алу қажет. Тапсырмалар шеңберіне бұл этаптар кіреді:
1. оқу материялының мазмұнын іріктеудегі критериялардың негізделуі;
2. оның теориялық және практикалық құрлымының арасындағы байланыстардың анықталуыжәне де студент жұмыстарының аудиториялық, аудиториядан тыс көлем арасының анықталуы;
3. эффективті педагогикалық технологияларды қарастыру;
4. оқудан тыс мерекелерді ұйымдастыру форманың анықталуы;
5. бақылау тапсырмаларын өңдеу мен білім бағасының әдісін іріктеу;
Жақсы жүргізілген программа педагогикалық технологиялардың іріктелуін ұсына білу қажет, ол берілген мазмұнын игеруге көмектеседі. Оның құрлымына жеке бөлімдерді игерудің бақылау сұрақтарыкіреді. Сұрақтарға оқу материялының мазмұндық ерекшелігінен игеруге деген қажеттілігінен, бітіруші компоненттідік қажеттілігінен бастала отырып, белгілі бір талартар қойылады. Гуманистік психология деген ориентация және мұғалімдердің, үйренушілердің бірлестігі қарым- қатынастың авторитарлығына емес, үйренушілердің жақсы игеруін ақпараттандыруға тізбектелген сұрақтардың құрастырылуын талап етеді. Оқу программсын жобалауда әрқайсысының игеру нәтижесін болжамдау пайдалы. «Ерте кезде көрсетілген УИРС колледжі үшін ақпататтық-ұйымдық алғы шарттары» деген тақырыпты игеруде келесі кәсіби-тұлғалық нәтижелер қарастырылды.
Құндылық қарым-қатынастары:
· Сабақтарға дайындалу кезіндегі қосымша қасиеттерді қолдану бағыты;
· өнімді жұмысқа қажетті тұлғалық сапаны құру бағыты (зейін, уақыттылық);
Білім:
· кәсіп бойынша негізгі ақпараттың орналастырылған кітапханалардың координатадары (аймақ, қала, мемлекет);
· өзінің білім беру мекемесіндегі кітапхана фондтарының мүмкіндіктері;
· кітапханалақ каталогтардың түрлері;
· интернеттегі жүйелер тізбегі;
· библиографияны құру мен дайындау ережесі;
Қабілеттілік:
· кітапханадағы қажетті деген әдебиетке қатысты сұранысты дұрыс дайындау;
· берілген мәселелер бойынша әдебиеттер тізімін құру;
· берілген мекен жай бойынша интернеттегі ақпараттық мүмкіндіктерді қолдана отырып, керекті сайт пен беттерін табу;
· ГОСТ талабына сай оның негізгі шарттарын орындай алу;
· ақпатартты жүйелендіру (кесте, картотека, берілгендердің компьютерлік базасы, графикалық бейне);
· ұзақ мерзімді жұмыс кезінде денсаулықты сақтау тәсілін қолдану;
Әрекет тәжірибелері:
· училище, аймақ қаладағы кітапханалардың алфавиттік және пәндік каталогын іздеу жұмысы;
· интернет сайытындағы білім беру ақпараты бойынша іздеу жұмыстарын жарнамалау;
· оқу –ақпараттық хабарландыруды жіберудегі электрондық пошталарды қолдану;
Әрекет өнімділігі:
· оқу тақырыбы мен жұмыс мәселесі бойынша библиография;
· мәселелер бойынша әдебиеттер тізімі;
· берілген тиматика бойынша журнал статьяларының картотекасы;
· рекомендатцияланған кітаптардың ішінен біреуіне деген аннотация;
Магистр дайындық программасын жобалауда жеке мазмұнды блок бойынша білім беру нәтижесі келесі жағдайлармен көрсетіледі:
Гуманитарлы дисциплинаның блоктарын игерудегі оның негізгі нәтижелері:
· кәсіби ойлау мен жүріс-тұрыстың гуманитарлық стилін қарастыру;
· білім беру әрекетінің мәдени, аксиологиялық контекстін игеру;
· білім беру жүйксімен процесінің дамуының логикасы мен табиғаты жайлы интегративті білімдер;
· рефлексивті мәдениет;
Математикалық-дисциплина блогын игерудің негізгі нәтижесі:
· қоғам өміріндегі табиғат, қоғам, адам арасындағы междисциплиналары түсініктемелерге жауап беретін білім беру процестерінің орны мен рөліне деген фундаменталды көзқарас;
Психологиялық-педагогикалық дисциплинаның блогын игерудің негізгі нәтижелері.
· әрекеттің гуманистік ориентациясы;
· білім беру стратегиясының дамуындағы әлемдік және отандық тәжірибелер тізімі;
· білім беру облстарында инновациондық тақырыптың негізгі шешімі бола алатын теориялық-әдісткмклік білім;
· адамдармен басқару, үйрету бөлімдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік- педагогикалық технологияларды игеру;
· өз аймағындағы үздіксіз білім беру идеяларының жүйелендіру жолдар мен логикасын түсіну;
Мамандандырылған дисциплина блогын игерудің негізгі нәтижелері:
· білім беру жобасын жүйелендіре алу, инновациондық әрекетті мамандандырылған бағыт бойынша орындай алу, білім беру тәжірибесін жалпылау мен игере алу қабілеті;
· мамандандырылған дисциплина бойынша оқытушылық, әдістемелік, басқару әрекетіне деген дайындық;
НИР бөліміндегі дайындықтың негізгі нәтижесі:
· инновационды білім беру жүйесінде әрекеттің ғылыми зерттелген, эксперименталды, ұйымдық басқару тәсілін орната алу тәжірибесі;
· магистірлік зерттеу жобасын жазу;
· аспирантура қатарында білімді жалғастыруға деген дайындық.
Оқу программасын құруға студент пен мұғалімнің оқу жұмысын қолдайтын ақпараттық қайнар көздердің тізімі жатады (әлеуметтік -әдебиет, интернет-ресурстар). Сонымен мәтін программалар құрамына бақылау және иесттік тапсырмалар тізбегін жатқызуға болады. Оқу программасын жобалауда оқу орындарындағы шынайы уақыт пен материялдық ресурстарды есепке алу міндетті. Программа мазмұнының шынайы моделі құрылатын жобаларды бөлуге болады, бұл-модель апробирилациялануға, ол шынайы білім беру процесінің вариотивті шарттарында корректиризацияланады.
Оқу жоспарын жобалу:Әр оқу орны оқу жоспары үшін қандай пәндерді іріктеп алу керек екендігін, қандай байланыста негізгі базалық цикілді, профильдік дисциплиналарды, іріктеу бойынша дисуиплиналарды орналастыруға болатынын біледі. Материялды игеруде логикалық пен үздіксіздікті қалай қамтуға болады? Осы сұрақтардың барлығын шешу оқу жоспарының деңгейінде білім беру мазмұнын жобалаудың міндеттілігіне жүгінеді.
Оқу орының оқу жоспары – дисциплиналардың игеру реттілігін жәнет лоарды семестр бойынша орналастырылуын қамтитын құжат комплектісі және оқу орнының кадрлік, материялды техникалық потенциялын эффективті түрде қолдану. Білім беру мекемесінің үлгі ретінде қолданылатын оқу жоспары мемлекеттік білім беру стандарттарымен анықталған. ГОСО –ға негізделе отырып, мекеме өзінің оқу жоспарын құрады. Оқу жобаның субьектілеріне білім беру орындарының админстрациялық өкілдері және оқу жұмысына деген жауапкершілікті өзтмойнына алатын адамдар: завучтар, әдістемелік бірігулердің жетекшілері, декандардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері жатады.
Оқу жоспарының құрылымдық компонентіне оқу процесінің графигі, оқушылардың уақыт бюджет бойынша мағлуматтар, оқупроцесінің жоспары, оқу тапсырмаларының түрі бойынша орналасу реттілігі, уақыт аралық және соңы қорытынды бақылау мен қорытынды аттестация формалары жатады. Оқу процесінің графигін құру үшін бөлімнің аттестация мен демалыстардың барлық түрінің орналасу реттілігін ескеріп алған жөн. Графикті білім беру курсымен бірге алдын ала жоспарланған уақыт шығындары көрсетіледі:
1. теориялық білімнің барлыұ түрі;
2. оқу, еңбек тәжірибесін (мамандық профилі бойынша);
3. уақыт аарлық аттестацияны
4. демалыстар;
5. диплом алдындағы тәжірибе;
6. қорытынды мемлекеттік аттестацияға деген дайындық;
7. қорытынды мемлекеттік аттесткциян;
оқу процесінің графигі мамандық бойынша ГОСО ға негізделеді. Студенттің бюджеттік уақыт бойынша мағлұматтыры жылдық боынша білім беру программасын игеру меңгерілуін кһрсетеді. Бюджеттік уақыт бойынша орналасқан кестеде білім беру курстары бойынша уақыт көрсетіледі:
· теориялық білім (апта және сағст);
· уақыт аралық аттестация (апта);
· кәсіби практикамен қорытынды мемлекеттік атестацияға деген дайындық;
· соңғы мемлекеттік аттестацияны (апта);
· демалыстар (апта);
· мемлекеттік күндер (апта);
оқу жобасы оқу орнының соның ішіндегі білім беру процесінің уақыт мерзімі мен мазмұнын, оқу ауырпалғын көрсетілген негізгі құжаттарының бірі болып табылады. Онда теориялық білімді жобалау, аптаға кәсіби білімді семестр бойынша, маман профильі бойынша практиканы жоспарлау көрсетілген.
Игерілген оқу дисциплиналарын уақытпен жоспарлауы келесі циклдермен орындалады:
Теориялық білім федералды компонент дисциплинасы, сонымен қатар:
· жалпы гуманитарлық және әлеуметтік эканомикалық дисциплина;
· математикалық және жалпы жаратылыстану мен ғылыми дисциплина;
· жалпы кәсіби дисциплиан;
· арнайы дисциплина;
· кәсіби практика;
· білім беру мекемесімен орнатылатын студентті іріктеу бойынша құрылған дисцмплина;
· тереңдетілген дайындық бағыты (оқу бөлім деңгейін көтеру үшін);
· оқу орнының резерві:
· теориялық білім-ұлттық аймақтық компоненттің дисциплинасы;
· факульттативті
· консультациялар (әр оқу тобына);
Аймақтық компоненттің мазмұны білім беру мекемесімен немесе Федерация субьектісімен орындалады. Компоненттің мазмұны дайындықтың тереңдігімен, қатысушылардың еркі бойынша құрылған дисциплинамен, білім беру мекемесінің орнатылуымен, білім беру мекемеснің уақыт резервімен, арнайы дисцплина. Циклдегі уақыт резервімен, факультативті дисциплинамен нақтыланады. Ол сонымен қатар олардың вариативті бөлімін құруда жүйелене алады. факультативті сабақтарды жоспарлау және олардың мазмұны қатысушылардың қажеттілігіне байланысты, ГОСО –қ аймақтық компонент тапсырмаларын жүйелендіруде өздігінен орындалады.
Кәсіби білім беру орындарында практиканы жоспарлау логикалық реттілікті орнатуға деген қажеттіліктерге сәцкес орындалады. Ең алдымен бірінші реттілік кәсіби дағдыларды өідеуге қатысты оқу пратикасы жүргізіледі, кеқін мамандық профилі бойынша практика, соңында оны мамандандаралған практика аяқтайды.
Нормативті құжаттар бойынша, қазіргі таңда кәсіби практика, лабараториялық және практикалық тапсарсмалар, курстық жұмыстардың орындалуы уақыттың жалпы көмегінен бастап, 40 -50 құру керек.
Көрсетілген компнненттермен бірге оқу жоспарының құрылымына.
1. Оқу жоспарына деген түсіндірмелі қағаз;
2. дисциплина бойынша тематикалық жоспарлар, үлгі ретінде оқу дисципоина программалары;
3. лабаратория
Түсіндірмелі қағазда оқу жолының бағытталуы, басты құжаттар, дисциплина бойынша оқу уақытын орналастыру. Уақыт резервін қолдану, қосымша арнайы оқу ұйымының атаулары, факультативті білімді жоболау ерекшелігі, аттестация өзгерісінің мүмкін болатын мерзімдері жатады.
Дисциплина бойынша тематикалық жоспарлар лекция мен практикалық сабақтарға жұмсалған сабақ пен уақаттың жүргізілу тематикасын ашады. Оқу жоспарының қарастырылған компоненттерінің бір ғана кестеде көрсету ыңғайлы.Практиктер үшін басты қиыншылықты оқу процесінің жоспарын жобалауы көрсетеді. Оқу процесінің жоспары мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартының, оқу процесінің графигінің негізінде қарастырылады.
Оқу процесінің жоспарын жобалаудағы қажетті толықтырулар:
· оқу дисциплинасының тізбегі білім беру деңгейін сәйкес білім беру стандарттарында көрсетілген;
· нақты бір дисциплинаны игерудегі оқу ауыртпалылығының максималдылығы және өзіндік оқу ауыртпалығы;
· міндетті оқу тапсырмаларын курс, семестр, бойынша орналастыру;
· уақыт аралық және қорытынды аттестауияларды төрт семестр бойынша орналастыру экзамен саны, курстық жоспарлар саны.
Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 3043;