Педагогикалық жобалаудың тарихи-мәдени даму негізі.

Мысалы, тәрбиелеу мен білім беру сияқты, педагогикалық салаға жобалық іс-әрекетінде қолданбалы онтологиялық түсінік болып берілмейді. Алайда адамда жобалау қабілеті қоғамның ең ерте даму сатыларында пайда болды. Ең алғашқыда жобалау тіршілік іс-әрекетімен тығыз байлныстыболды, жеке дербес іс-әрекет түрі болып бөлінбеді. «Әр әрекет, инстинкті, импульсивті жүзеге аспайды... ол бағытталған, жүзеге оның алғашқы жобалау негізінде мақсатқа бағытталып орындалады». (Каген М.С. Философия культуры. СПБ., 1996.-С.240). Тәжірибелік деңгейде еңбек құралын жасау нәтижесінде ол аң аулау қашасы немесе баспана болама деген көрініс қалыптасты. Бірдей деңгейде мақсатқа жету тәсілі жобалау.

Философиялық жобалауадамды тіршіліккеоңай өзгерту механизімдердің бірі деп қарастырды. Адамдардың тәжірибелік санасында басқа өндірістік қабылдау ежелгі мифалогиялық санада сонымен қатар балалардың ойындық санасында бейнесін тапқан. Сонымен қатар, мақсаттық көрініспен бағдарлама іс-әрекетін жасау әр адамның жас ерекшелігіне қарамастан жеткізуге болады.

Уақыт өте мақсаттық жобалау мен бағдарлама олардың орындалуын, санада сақтау мен мәтінге бекіту, іс-әрекеттің барлық оның кері байланыспен түзету мүмкіншілігін қалыптастырады. Дифференциалдық іс-әрекет түрлері арнайы жобалауда оның әр қайсысының түрін қамтамассыз етуді талап етті.

Қоғамдық санасынның даму кезеңінде адамдар жобалау қабілеттерін мақсаттық түрде жұмысты дамытуға мүмкіншіліктері болды. Жобалау іс-әрекет ретінде инженерлік-техникалық іс-әрекет архетектура, құрылыс өңірінде интенсивті дамыды. Жобалау іс-әрекетінің логикалық ұжымы алдын ала ойларды жасауды қарастырып, олардың жаңа объект түрлерін қарастыру мен бөліктерін моделдеумен түйінін жасап шығарды.

Полетехникалық сөздікте жобалауды техникалық құжаттарды жетілдіру жиынтығы деп қарастырады, оның мазмұнында техника-эканомика дәйектеме, есептеу, сызбалар, макеттер, схемалар және тағы басқа құрлысқа қажетті құралдар елді мекен, кәсіп орын, ғимарат, объект өндіруші құрлыс жабдықтары жайында мазмұнында көрсетіледі. (Полетехнический словарь: 2-е изд.-М., 1980.- С. 412)

Сонымен қатар жобалау инженерия мен өндірістен, өзіндік спецификалық тілі мен анықталған ойы мен өндірістік процедурасының болуы мен өзгеше. Бұл дегеніміз, жобалаумен ғылымды, жобалаумен зерттеуді жақындастырады.

Көрнекті орыс философ Н.Ф. Федоров (1828-1903), өзінің жобалау жұмысының іс-әрекетін тану әдісін атап өткен және оны жұмыс жобалауын тану деп қарастырған. (Федоров Н.Ф. Сочинения. –М, 1982.-С. 429). Ұстанымға сүйенетін болсақ, теориялық білім мен практикалық іс-әрекеттің бірлігі, философ айтқан, адам өзі құрған дүниені тануға мүмкншілігі бар, жобалау болжауға сәйкес оның қажеттілігі қандай болуын пракикалық реализациямен тексеріледі.

Философиялық деңгейде жобалау рухани- білім іс-әрекет нәтижесі деп қарастырылады. Іс-әрекетте- жоба шешімі тәрізді. Адамдар қандай объектілер арқылы жоба жасау мүмкіншілігі бар? Техникалық жобалаудан бөлек, жобалау іс-әрекетінің қажетті бағыттауы болып, қоғамның құбылыс немесе институт моделдерін құруы болып табылады. Адамдар жобалауға өздерінің күрделі әлеументтік тапсырмаларын шешу үшін келген. Әлеументтік жобалау қоғамдық өмірдің жаңа түрін жасауға бағытталған заттық жобалаудан өзгеше.

Әлеументтік жобалау утопияда, әр түрлі ғасырларда көрнекті ойлар жасалған, олар пеадагогикалық компоненттерде кездеседі. Аристотель, Т. Мор, Т. Компонелла, Р. Оуэн еңбектерінде, біз «адамдардың жаңа тегін» идеал кейпін табамыз. Идеал бұл жағдайда жоба мақсатты болып шығады, (адамды, оқушыны, адамдардың өмірінің құрылымын) мүлтіксіз ойлауы іске асырылады. Адам өзін-өзі жобалауға мүмкіншілігі бар екенін дәлелдейтін көптеген мысалдар өмірде және әдебиеттерде кездеседі. (бұған мысал, Н.Г. Чернышевски «Что делать?» романының кейіпкері Рахметова). Бұның барлығы педагогикалық жобалаудың іс-әрекеттің ерекше түрі деп айтуға мүмкіншілік береді.

2. Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикада дамуы мен қолдануы.Сонымен, жобалау қоршаған орта тіршілік іс-әрекетінде түрлі деңгейлерде байқалады, қоршаған дүние оны зерттеулер жүргізіп білуге мақсатты түрде белсенді араласты. Білім беру саласы мен түрлі мамандандырылған белсенді педагогикадағы жобалау әрекетінің даму бұлағы ретінде мәдениет тарихында ұзақ уақытта қалыптасқан. Бұған үш жүз жыл бұрын ұлы чех ойшылы теориялық-педагогиканың негізін қалаушы Я.А. Коменский, жемісті білім беру үшін педагогтың зерттеу жүргізу әрекеті ынталы болу керек деген ойын білдірген. «Адамдарды ең негізгіге, аспан мен жер және тағы басқа қажетті заттарды зертеп тануды, өзгелердің тануы мен түсініктерін есте сақтағанша, кітаптардан білім алуды емес, өздері зерттеп танудға үйрету қажет» деп жазған. (Коменский Я.А. Великая дидактика/ Пер. А. Щекинскикого.-М., - С. 138).

Бұндай ойлар ақырында атақты философтар мен пеадгогтардың көптеген жұмыстарында даму алды. Соның ішінде, француз философы Ж.Ж. Руссо, «Эмиль, или О воспитании» әйгілі педагогикалық романының авторы, біздің алғашқы ұстаздарымыз ол- біздің қол аяғымыз, көзіміз деп айтқан. Балалармен қарым-қатынасқа түскенде түсінікті сұрақтар қойып және оны шешуге мүмкіншілік беру керек деген кеңес берген. «Сіз айтқанды емес, өзі түсінгенді білсін, ғылымды жаттап алмаса да, оны ойдан шығарсын» (Ж.Ж. Руссо Эмиль, или О воспитании.- М., 1996.- с. 211). «Біз тәжірибеге кездейсоқ сияқты ұшырасуымыз қажет, оны тексеруге арналған құралдар жасауымыз керек» (Там же.-С. 225). Тәрбиеленушінің өз бетінше ойды тудыру, мен өндіруді қадағалау, Руссо білу ынтасының тудыру үшін ойын ынтасын қолдану қажет деп санаған.

Алайда ХХғасырдың 20-30 жылдары атақты ресей әдіснамашы К.П. Ягодов әділескерту айтқан, әр бір ғылыми практикалық пәннің тәртібі, хирург, құрлыстық өнер, қандай да бір құрлыс материялдарды өңдеу болсын, жаңа ой айтылғаны аз: өмірде практикалық қолданысқа кіретіндей, сол бір қалып түрін табу қажет. Егер ол барлық практикалық тәртіпке сәйкес болса, онда ол педагогикалық қатынасқа ерекше маңызды болады. (К.П. Ягодовский Исследовательский метод в школьном обусении.- М.: Л., 1929.- С.46)

Бұндай қалыптар біртіндеп қалыптасты. Ұлы швейцар педагогы И.Г. Песталойии еңбектерінде оқушымен ойлау деңгейінде қоршаған құбылыспен біріккен тәжірибелік жұмыстар толығымен жазылған. Ақыл-ой бәрінде іскер сабақтарда жақсырақ дамыды, өйткені сол кезде түрлі қателіктер табылды, деп санаған. Ерте кезден шынайлық пен сапалық шешімі педагогикада білім беруге кілті сияқты талап ретінде қарастырады. Педагогикалық ойлар мен практикалық оқыту тарихында қысқарған әңгіменің дамытушы катехизациялық әдісіне қозғалыс бағытын қадағалайды Ф. Динтер (1817). Одан- эвристтік (грек.heurisko – табам) және эвристік әдіс А. Дистерверг (1835). Соңғы айтулар бойынша, барлық әдістер жақсы, егер өзбетіншелікті оятса.

Дистерверг эвристикалық әдістің өзіндік ерекшелігін айтады:

· оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ояту;

· оқушының өзінен туған сұраққа өз бетінше жауап табуға тырысу;

· зерттеу құбылысы;

· ақиқатты табу үшін өзіндік ойлану, тергеу жүргізумен қайта қарау жолдары арқылы табу;

· ұстаздың ұсынған пәнімен оқытуды зерттеу және жетілдіру үшін;

· сұрақтарды индуктивті жол арқылы жетілдіру. – Изд. Т. Тихомирова, 1913).

Эвристикалық әдістің негізін қалаушылардың бірі Г. Армстронг (1898) оны келесіде сипаттаған. Эвристика әдісі оны естуді оқушыны зерттеу жағдайына және ғылыми фактыны ашуға мүмкіншілік береді. Бастаушы бірінші зерттеушілер тобының мүшесі болғандарына қуанады. Балалардың барлығы ғылыми ақиқатты ашуға бірге жұмыс істегенде, оларда табиғи қажеттілік пайда болады өздерінің жұмыстарын бірге талқылайды, пікір аламасады, бір-бірінен кеңес сұрайды... (Цит. По: Ягодовский К.П. Исследовательский метод в школьном обучении.- М., 1929.-С. 64).

Педагогикалық-мамандандырылған даму санасаының шегіндегі жобалау педагогикалық практикадан теориялық салаға араласып кеткен. ХХ ғасырдың бірініші жартысында жобалау іс-әрекеттің ғылыми әдісінің дамуын қамтамассыз етуге әлеументтік-білім беру саласына түрлі білм саласы ендіріп, қолданды. Солардың ішіндегі әйгілі ғалымдар Дж. Дьюи, К. Поппер, Г. Саймон, В.Х. Клипатрик және тағы басқалары.

Педагогикалық контекстке жобалаудың енуі зерттеушілікпен экспирименталды білім беру формаларының даму кезеңімен сәйкес келеді (ХХ ғасырдың бірінші жартысы). Әдіснамашылардың арасында мектепті зерттеу әдісі деп санауы жайлы сұрақтар талқыланды. Бұл жағдайда, оқушының объектпен қарам-қатынасы үрдісі, оған таныс өзбетінше өзіне таныс емес жаңа дәлел немесе барлық ақиқаттардан өз бетінше жаңа шешеімге жетуі жайында айтылып отыр.

Педагогикада бұл кезең білім берудің және практикалық білім мінезінің белсенді басы болып келеді. Соның ішінде болашаққа бағытталған белсенділік жайында айтылады. Педагогтар «тіршілік» білім, тіршіліктің өзінен алынған, сұрақтың кішкентай жауабы шығады. Ғылыми жүйеге экспирименттік тәжірибе мен тәжірибе туралы түсінікке талап қойсын, мақсаты мен құралды таңдауға мүмкіндік берсін. Тану саласында экспирименттік тәжірибе мен реконструкцияға қол жеткізу, рационалдық даму мүмкіншілігіне ие боладыы, ол жобалық бейне болып келеді. (С.Ш. Гассен).

ХХ ғасырдың бірінші жартысында техналогиямен білім беру жұмыстарының түрлі педагогикалық ой жобалаудың әдісі ретінде таралды. Американ философы және педагогы Дж. Дьюи, жобалау әдісінің негізгізіне көңіл аударды, ол балалық шақты өз бетіншелік және адамның қымбат кезеңі деп қарастырған.

Дж. Дьюи мектепті, баланы өзімен жастылар мен үлкен адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге, қоршаған дүниеде өмір сүруді үйрететін, сонымен қатар білім алатын жер деп қарастырған. Білім беру оқушылардың жеке тәжірибесімен олардың қызығушылық қажеттеліктер негізіне байланысты болу қажет. Оқытудағы негізгі тәсіл қоршаған өмірді жобалық түрде зерттеу болып табылады. Түрлі іс-әрекеттерді, жеке топта болсын, мұғалім немесе басқа адамдардың қолдауымен жүзеге сырылса да, балалар өз бетінше ойлап, жүзеге асырып, анализдеп және баға беріп, орындаулары қажет (См., Dewey J. Experience and Eduction.-N.Ү., 1938).

Жобалау әдісінің Дальтон- жоспарын атап айтқан жөн (Дальтон-план- схема индивидуального обучения, разработаная Е. Паркхерст в г. Долтон (США) в начале 1920 г.), ең негізгі ерекшелігі оқу жоспарының құрастырылуы мен жеке әр оқушыға оқыту құралдарын құру болып табылады.

Бала ыңғайлы темте қозғалып, қажеті уақытта басқа адамдармен араласып, мұғалімге сұрақтармен жолыға алатын. Дальтон-жоспарының мақсаты бойынша, білім берудегі жинаған білімнің бағасы балаға қажетсіз екендігі ескеріледі.

Педагогикалық контексте жобалауды іс-әркет түрінде ендірген Дж. Дьюидің ізбасары В.Х. Клипатрик болған, «мақсатты іс-әрекетті шын жүректен жүргізген, танымал қоршаған орта талабында көрінген, оқушының ерекше түрі» (Клипатрик В.Х. Метод проектов.- Л., 1925.- С. 42). В.Х. Клипатрик жаңа педагогикалық жүйенің ең негізгі үш компонентін атаған; табиғат пен оқушылардың қызығушылықтарынана шыққан, оқыту құралы; мақсатты әрекет; өмірдің қайта құрылуы мен жоғарғы сатыға көтерілу, тоқтаусыз ретінде оқыту. Бұндай деңгейде жобалау әдісі «мақсаттық әрекет» ұйым арқылы оқыту, оқушылардың нақтылы жағдайына жөн табуға мүмкіншілік беретін кезең. Білім берудің мақсаты оқушыларды мәселені шешуде, ізденуде, зертеуде әдістермен қаруландыру болып табылады.

1920 жылы Клипатрик (См.: Коллингс Е. Опыт работы американской школы по методу проектов. – М., 1926. Основы метода (1925, русски перевод- 1928); Тәрбие өркениетті өзгерту шарты бойынша, жобалаудың төрт түрін айтуға болады;

1. өндірушілік;

2. пайдаланушылық, соның ішінде ойын сауықпен байланысты;

3. жобалаудың мәселе мен интелектуалды қиыншылықтарды шешу;

4. жаттығу-жобасы.

Білім беру бағдарламасы, осы әдіс негізінде салынған жобалардың өмірлік тапсырмалармен шыққан топтамалар мен байланысты салынған. Әр жаңа жобаның орындалуын (баланың өзімен ойластырылған, топпен, сыныппен, мұғалінің қатысуынсыз немесе өз бетінше) бірнеше қызықты, қкжетті және шынайы өмірмен байланысты тапсырмаларды шешу қажет болады. Баланың өз мүмкіншіліктерін басқалардығ күштерімен салыстыруды үйренулері талап етіледі. Жеміске жету үшін, оған жаңа білімді тауып және соған сүйене, нақтылы жұмыс ұсыну қажет болады. Бір ғана емес, тұтас кешенді мәселені шешуге мүмкіншілік беретін, оны орындауға түрлі саланың білімі болуы талап етілсе, сол жобалау идеалды деп санаған. Өмірдегі нақтылы тапсырмаларды шешу, бір-бірімен қарым-қатынас құрып өмірді таниды, балалар өздеріне шынайы өмірдегідей қажетті білімі кешенді түрде алады. Олар білімді өз бетінше алып оқиды.

Алғашқыда жобалау педагогтар білім беру құралы ретінде тар мағанада қолданды. Оның көмегімен білім беру үрдісінде белсенді оқыту құралы мен оқушы ұстанымының меңгеруіне тәжірибе жасалып көрген. Сол кездегі көп таралған жобалау түрі қалалық мектеп жағдайында орындалады, ол жерде жобалау мазұмны мен пәнді оқумен байланысты болған, алайда аулыдық мектептердегі оқушылар қызығушылықтарына сүйенетін болсақ, жобалау жүйесі табиғи жолмен шынайы өмірде енді. Жобалауды өндіру түрі бола алды. Ақиқат жұмысын басқа кіші немесе ойынды қолданылған нақты жұмыс тудырушы. Оған жобалау әдебиеті, географиялық «саяхаттауды» жатқызамыз. Бұндай мектептердежұмыс істеу тәжірибесі балалардың шынайы өмірде өздерін оқыту бағдарламасының мақсаты негізінде көрсетеді. «На путях к новой школе» 1929 жылы кеңес кезіңіндегі журнал американдық мұғалімдердің жобалау әдісті тәжірибеде қолданулары жайында жазылған.

Американдық мектептерде жобалау әдісі кең түрде түсінеді. Жобалау оқу іс-әрекетнің әдісі болып келеді. Ең негізгісі: баларда қызығушылықпен әуестікті тудыру, себебі мектептік жұмыстардың түрлері тірі және өмірлік жағдайға шоғырлануы қажет.

Педагогикалық ортада «түрлі қоғамдық өмірдің өзара әрекетінің даму» (С.И. Гассен), «белсенділіктің таралуы» (В.Х. Клипатрик) жобалауға қатысушылар бақылауда болады. Жобалау іс-әрекетін педагогтар әлеументтік білім беру аумағының ішіндегі демократиялық қарым-қатынас үшін қолданған.

Дж. Дьюидің танымал «Демократия ивоспитания»(1916) жұмысынан кейін, қоршаған ортаның білім берудегі мінездемесін айтады, жобалау мақсатт түрде білім берудегі әлеументтік мазмұнының мәселе мен қоршаған өмір сұрақтарын іздеу негізінің тәсілі ретінде дамыды. Өмір, күнделікті динамикада болған уақытта, тұлға әлеументтік тәжірибеге сәйкес келетін жаңа дағдыларды алуды талап етті. С.И. Гассен, «бүкіл мектептік өмірдің негізгі түрін тануға кіруде екі оңай қарым-қатынас, оймен алмасй, болжаммен шешім, адынғы тәжірибедегі сәттілікпен сәтсіздікке байланысты. Мектеп «кіші қоршшаған ортаға» ауысу». (Гассен С.И. Педагогические сочнения.- Сарнск. 2001.- с. 404).

Ресейде жобалау білім беру ойың туылғанда, американдық педагогтардың жетілдіруімен қатар шықты. С.Т. Шацки 1905 жылы басшылығымен үлкен емес қызметер тобы ұйымдастырылды, балармен тәжірибелік жұмыс істеуде, түрлі жобалау түрлерін белсенді түрде қолданды. Бақылаушылықпен экспирименттік негізі және қажетті білім берудегі түрінен құралады.практикалық (В.А. Герд) тәжірибелік-сынау, (А.П. Пинкевич) табиғи- ғылым, (Б.Е. Райков) зерттеушілік, тәжірибелік-көрсетуші әдіс, (К.П. Ягодовский) зертханалық әдіс сабағы, деген көптеген анықтаулы келеді.

1925 жылы Ресейде кітап аудармасы шыққан соң, В.Х. Клипатрик білім беру мен әлеументтік-педагогикалық жобалау педагогикалық іс-әрекеттің спецификалық қалпы ретінде ауқымды таралды.

1931 жылы ЦКВКПП(б)ның қауылысы бойынша, жобалау әдіске тоқтау қойылды, өйткені ол «оқушыларға білім берудегі жүйесінде нақты оқу курсында білуге мүмкіншілік бермеді», Ресейде бұндай әдіс жарты ғасыр өз бетінше қолданбады. Алайда шетел мектептерінде белсенді және табсыты жетілді. АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, Италия, Бразилия, Нидерланд және тағы басқа көптеген елдерде гуманитарлық ойлардың білім берудеге Дж. Дьюи мен жобалау әдісі ХХ ғасырда үлкен танымалдылыққа ие болды.

Жобалау түсінігі кеңес уақытындағы педагогикалық ғылымға А.С. Макаренко қолданды, педагогикалық ойлаудың логикалық негізін жасаған. Тұлғаны тәрбиелеу мақсатының негізінде жобалау саонымен қатар тәрбиелеушінің мүмкінішілігімен нақты сәйкестілігі жайында айтылады. Г.П. Щедровский 1968 жылы «Педагогика и логика» атты еңбегінде, өз уақытында әлемді таңғалдырмай, 1994 жылы ғана түгелімен басып шығарды.

ХХ ғасырдың -70 жылдарында жлбалау компоненті педагогикалық іс-әрекетінің жүйесі (Н.В. Кузьмина) болып ерекшеленді. Педаготың терминалогиялық аппараты «педагогикалық жобалау», « мұғалім жобалау іс-әрекеті», «педагогикалық жоба» оысндай түсініктермен толтырылды. Бұндай жағдайда жобалау объектісі болып мазмұны, педагогикалық іс-әрекетінің әдісі мен қалпы болып идеалды құралы болып табылды.

Жобалау бұл педагогикалық шындықты иновациялық қайта өңдеу амалы ретінде. ХХ ғасырда шетелде мәдениеттің технологиялық түрінің қалыптасуы, ғылымдарды жобалау іс-әрекетінің негізгі әдісі ретінде ерекше құбылысты жүзеге асыруды анализдеуге ынталандырылды. Жобалауды ойлау әрекетінің ерекше түрі деп қарастырды.

Ойлау іс-әрекетінің әдістемелік жүйе аумағында жобалау тәжірибесінің дамуы қоғамның жүйесінде (О.И. Анисимов, Д.Б Генисаретский, В.М. Розин, Г.П. Щедровский, П.Г. Щедровский)жобалауды қайта өңдеуінің басқару процедурасы ретінде (И.В. Бестужова –Лада, Н.И: Лапин, И.И. Ляхов, Б.В. Сазано, Ж.Т. Тощенко, С.Ф Фролов) білім беру аймағында жобалаудың әдістемесінің болуына әсер етті (Ю.В. Громыко, В.И. Брозенков, О.Г. Прикот, В. И. Слободчиков, Г.Л. Ильин, Н.А. Масюкова).

Білім беру мен тәрбие беру жүйесінде жобалау іс-әрекеті негізінен белсенді түрде 1990 жылдың екінші жартысында стандарты білім беру ойының дамуыен байланысты қолданылды. Бұл жағдайға В.П. Беспальктің еңбегімен байланысты. Біртіндеп гуманитарлық философиялық, мәдениеттану, психологиялық білімдері жобалау әдіснамасына жақындай түсті. Білім беру иновациялық мәдениет түрі ретінде жобалауға байланысты трактовкалар шықты (Н.Г. Алексеев, Ю.В. Громыко, В.А. Никитин, В.В. Рубцов), ролифункционалдық іс-әрекет ретінде, классикалық емес, дәстүрлі емес мінез (В.Е. Радионов). Жобалау іс-әрекетінің практикалық мүмкіншілігі білім беруде, информациаляқ-коммуникациялық техналогиялырдың дамуымен байланысты одан кең етек жайды. Жобалау педагогика үшін спецификалық «болашақ құрушы» тәсілі бола бастады.

Педагогиклық бірлестіктен жобалау әдісінен жобалау білім беруге ауысты (жобалау көмегімен білім беру арқылы, жобалауды оқыту) (См., например, учебники англиского автора начала 1990 г.), (жобалау мәселені оқыту ойы арқылы салынуы), жобалық тәрбиелеу (О. Газман) және жобалық білім беру (Г. Ильин) жобалау саласында білім беру саласының қасиеттерін иемденіп жүр.

Қоғам дамуына байланысты жобалау білім беру саласында үлкен орын алды. Бірлік құралынантұтас білім беру идеологиясына дейін ауқымдана түседі. Білім мен ғылым үрдісінің өзгеруінің теңесуі, ағарту дәуірінде қалыптастыру. Бүгінгі таңда білімдік жүйе ішінде жаңа ғылыми білімді алу мүмкіншіліг, бұл жаңа әлеументтік деңгейде білім саласында жаңа білімді өндіру. Бұл зерттеушілік, экспирименталды-тәжірибе, табиғи жобалаудың оқыту тәсілінің жаппай кең таралғанын талап етеді.

Әйгілі орыс әдіснамашы Ю.В. Громыко, білім беру парадигмасының талаптарының ауысуында қазіргі уақытта жобалау-бағдарламасының ғылыми типі болып қалыптасады.Қазіргі білім беру ерекшелігіне көз салсақ, жаппай жобалау іс-әрекетін меңгеруі анық көрінеді. Егер өмірдегі әр кезеңдегі адамға қажетті мотивация мінезімен білім үздіксіз өмір принціптеріне бейімделеді.

Мұғалімдер, оқытушылар ғылыми дамуының дамуын қадағалып үлгеру үшін, оқу пәнінің немесе кәсіптік көрсетілген ауқымды ақпараттармен қатынасып отырады.

Ғылыми ақпараттың тез ескіруі білім беру үрдісі мен білім жүйесінің ішінде жаңа білім іздеудің бастауын табуды талап етеді. Бұндай бастау жобалау болуы мүмкін.

Жобалаудың білім беру мүмкіншілігі қызығушылық экрандық атау алған, жаңа мәдениеттің қалыптасуы кезінде жүзеге асады. Ол уақыттың ағынға негізделген экрандық бейне, кейіпкердің іс-әрекеті мен сөйлеуін, оңай өзіне араластырады, анимациялық түрлерін, жазбаша мәтінмен тағы басқаларды өзіне оңай алмастырады. Экрандық мәдениеттің негізгі белгісінің бірі, кітаптан сапалы ерекшеленеді, секунд сайын диалогтық мінездің өзгеруі мен әріптесіне экрандық мәтінің қарым-қаынаста болып келеді. Экрандық мәдениет бізді жеке мәдениетпен түрлі коммуникациялық байланыс құру көмегемен ақпарат қолданушының жолымен ұштасуы арқылы, әр қайсысына барлығы мен және барлығының әр қақайсымен араласуына мүмкіншілік береді. «Білім беру» мен кейіптің, бейне мен бейнелеу түсініктерінің арасында байланыс қойылады. Қоршаған дүниені экрандық ақпараттың ұсынушының негізінде өзбетінше білім берудің құрылуы деп түсіндіріледі. Негізінен кейіп, елестету жобалаудың орталық түсінігі болып келеді.

«Білімділік» ақпараттың порадигмаларының білім беруге көшу білім берудің мазмұнының» толысуына тәжіоибелік сұрақты оятады. Енді неге оқыту қажет, деген түсініксіз болып келеді. Білім, білік, дағды көлемін таңдау мәселелері адамнан өмір және кәсіп талап ететін мәселелермен міндеттерді бөлу шешіміне айналады.

Егер білім беру жүйесі ғасырлар бойы мұғалімге, оқытушыға, ғалымдарға байытылса, бүгінде білім беру жүйесі білім деңгейіне қатыссыз ақпаратын меңгеруші кез келген тұлға болады. Білім беру деңгейіндегі оқушылар өз бетінше анықтау ситуациясында ақпараттың қозғалыс траекториясы, білім беру мазмұнын өз бетінше құру, оқу құралын өз бетінше жобалауы, білім беру жобалау арасында басқаларға қажетті болуы мүмкін.

Инновациялық мектептер қатарында жобалау балар мен үлкендермен іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде бекер белсенді дамыды.

Ақпараттың қоғамды білім беру көпшілік таныған дайын білімді меңгеру құралы болып өсуі мүмкін, ол тұлға мен оны қоршаған адамдармен ақпарат алмасу тәсілі бола бастайды. Бүкіл өмір бойы болатын алмасу ғана емес, сонымен қатар генетарлық ақпаратты да меңгеру болып табылады Педагогикалық жобалауға незар аудару- қазіргі білім берудің тек бейнесі ғана емес. Ол тарихи объективті қажеттіліктің педагогикалық іс-әрекеттің жобалау бейнелеуінің, ойлануы, іс-әрекет тәсілінде дамуы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жобалау іс-әрекеттің ұйымдасытырылуы логикасы немен аяқталады?

2. Сіз қалай ойлайсыз, неге жобалау әдісі ХХ ғасырдың бірінші жартысында таралды?

3. Жобалау іс-әрекеті бірліктік құралдан тұтас білім беру идеалогиясына дейін дамуы неге байланысты?

Дебиеттер

Негізгі:

1. Безрукова В.С. Проеутивная педагогика: Учеб. Пособие для инженерно-педагогических институтов и индустриально-педагоггических техникумов.- Екатеренбург, 1996.

2. Дитрих Я. Проективное и конструирование: Системный подход/ Пер. С польск.- М.,1981.

3. Заир-Бек Е.С. Основы педагогического проектирования.-СПб., 1995.

Қосымша :

1. Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования.-М., 1996.

2. Педагогические оновы проектирования образовательных систем нового вида.- СПб., 1995.

3. Проектирование профессионального педагогического оброзовани/ В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко// Педагогика.-1997.-№ 4.

Лекция білім беру сферасындағы педагогикалық жобалаудың теориялық мақсаты педагогикалық жобаның негізгі түсінігі жайлы негіздері білімдерді іріктеу.

Кілттік сөздер: жоба, жобалаушы, жобалаудағы білім, жобалық.

Негізгі сұрақтар:

1. педагогикалық жобалаудың негізгі түсініктері.

2. педагогикалық жоба «Проект» терминінің қазіргі түсініктемесі.

3. «жобалық», «жоба», «жобалау» түсініктерінің білім беру сферасымен ұштасуы.

Педагогикалық жобалаудың негізгі түсінігі. «Егер де педагогикалық түсініктемелерге аса көп зейін қойылған жағдай да ғана, олар тірі қалыптарында болады. Көптеген жұмыстарда терминологиямен байланысты жұмыстар келтірілген, бұл әсіресе кәсіби әрекеттің спецификалық анализіне бағытталады.

Педагогикалық жобалауды қарастырудағы ғылыми контекстінің негізін түсінік, жоба, жобалау, жобалық секілді категориялар қарастырады».

Жобалау (лат. Projectus – алға қарай бағытталған) ғылым мен жобаны құрудағы инженериялық әрекетпен, болашақтағы ұсынылып отырған құбылыстың үлгісін құрумен тығыз байланысты. Адам еңбегінің көптеген өнімдері оны алдын ала жобалау нәтижесінде жүргізілетіні анықталды. Бұл контексте жобалау - жобаны, яғни ұсынылып отырған обьектінің үлгісін, прототипін құрудағы процесс болып табылады. Қазіргі кезде, жобалау – бұл білім берудің жаңа құндылықтары. Бұл жерде қандайда бір нәрсенің толықтай бір көрініс орнатылады және де шынайы болашаққа деген ұмтылыс та өте жоғары. Яғни ойлаудағы басты нәрсе ойлаудың шынайы бір функцияның дамуына байланысты болатын қарым қатынас жобалауды былайша қарастыруға болады:

· өнімнің ерекше түрі ретіндегі жобаны құруға бағытталған әрекеттің спецификалық түрі.

· шынайылықты игеру мен қайта өңдеудің ғылыми практикалық әдісі.

· техникалық мәдениетке тән инновациялық қалыптасуының формасы.

· басқармалы процедураны.

Осыған байланысты педагогикалық жоба былайша түсіндіріледі:

· Практикалық бағытталған әрекет, мақсаты білім беру жүйесімен педагогикалық әрекет түрінің практикасында жоқ жаңа әрекеттерді өңдеу. (мысалы, жобалау пәніне, болашақ программалардың, оқулықтардың үлгілері жатады).

· Білімнің жаңадан дамытылған аймағы, педагогикалық әрекеттің трактовкалық қабілеті.

· Педагогиканың қосымша ғылыми бағыты, ол дамудың тапсырмаларының шешілуіне, орындалуына бағытталған.

· Педагогикалық және ғылыми зерттеушілік әрекеттің трансляциясы мен нормалау қабілеттілігі.

· Педагогикалық жобаның құрылу және жүйелендіру процесі.

· Тұлғаның спецификалық даму қабілеттілігі.

· Білім беру технологиясы.

Білім беруде жоба әрекеті жиі педагогикалық әрекеттің басқа түрлеріне қатысты қосымша рөлді орындай отырып, тәрбиелік білім берудің құралы болып табылады. Оған мысал ретінде оқу жобаларын (диплом, курстық жұмыс) жатқызуға болады. Жобалау педагогтар мен қатысушылар әрекетінің екі негізгі сызығына бағыттала отырып, педагогикалық өзара әрекеттің ұйымдастыру формасы бола алады.

Мәнді және мазмұндық қарым қатынаста «педагогикалық жобалау» және «білім берудегі жобалау» түсініктері ерекшеленеді. Солардың ішіндегі соңғылары педагогикалық сфера құрамына енеді. Сонымен қатар экономика, құқық, менеджменттің кеңістігінде орналаса отырып әрекеттерді қамти алады.

Алайда гуманитарлық педагогикадағы кез келген әрекет білім беру жүйесінің өзгеруі бойынша, педагогикалық құндылықтармен және мәндермен байланыса келе адамдарға бағытталады. Білім беру жүйесінде осы жобалауды педагогикалық функциялар да орындайды.

2. Педагогикалық жоба. «Жоба» терминінің қазіргі түсініктемесі. Педагогикалық жобалаудың алуан түрлі анализдік жағына қажетті болып табылатын түсініктің орталығына жоба жатады. Философиялық деңгейде жоба рухани білім әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Әрекет – жобаның мақсаты мен нәтижесі секілді. Жалпы мәнде жоба – жеке бір жүйенің орнатылған қажеттіліктермен бірге нәтиже сапасына деген бағытталған өзгерісі. Сонымен бірге жоба әрекетінің мақсаты мен нәтижесі де болып табылатын жобаларды дайындауда керекті материалдарға теориялар, модельдер, түсініктемелер, формулалар, алгоритм мен прадигмалар жатады. Әр түрлі аймақтарда жобалаудың құрал жабдық жүйелеріне әрекет теориясы жатқызылады.

Педагогикалық терминдердің сөздіктерінде педагогикалық жоба былайша сипатталады:

· Көрсетілген уақытқа байланысты педагогикалық жүйенің өзгеруі бойынша өзара әрекеттесетін іс шаралар комплексі.

· Педагогтың пдагогикалық тапсырмаларды іс әрекет рөлі мен орнына және осы әрекетті орындау уақытымен оны жүйелендіруге байланысты бағытталған әрекет құрылымы мен жүйесі.

Келтірілген анықтамаларда мыналар енгізілген: уақыт факторы, бағыт, өзгеріс нормасы, әрекетті ұйымдастыру спецификасы. «Жоба» терминінің қазіргі түсінігі білім беру контекстімен байланысты басқа да талқылауларға ие.

· Қандай да бір документтің алдын ала ұсынылған мәтіні (мысалы: заң жобасы).

· Кейбір акциялар бір ғана программамен қамтылған немесе жалпы ұйымшылдық форманы иеленетін мерекелер құрамы (мысалы: білім беру жобасы, басып шығару, телевизиялық жоба).

· өнімді индивидуалды немесе бірлескен әрекеттің аяқталған циклі (жеке бір қатысушының, жоба тобының, үйреніп келе жатқан, білім беру мекемесінің).

Педагогтармен ұсынылған жоба түсінігінің кең дәрежеде қолданылуы жоба әрекетінің педагогикалық мүмкіндіктерін анық әрі нақты көруге көмектеседі. Мысалы, экран секілді жоба түсінігінің фонында педагогикалық әрекетінің диагностикалық мүмкіндіктері нақтылана түседі. Мысалға, мүмкін болатын жоба ұсыныстарының барлық диапазонын анализдей келе, мектеп мұғалімі немесе ЖОО мұғалімі орта комфорттылығын, жұмыс мазмұны мен әдісінің өнімділігін бағалай алады.

Практикада қолданылатын идеялар «Кәсіби картиналар» кез келген басқа жоба әдістеріне диагностикалық информативтілігі бойынша ұқсас. Алайда, экрандық нұсқауларда біз субьектінің қарым қатынасының немесе актуалды күйінің «көп жақты» диагностикасын ала аламыз.

Жобаны мәтін ретінде қарастыру кезінде ол тілді таңдау қажеттілігімен тығыз байланысты. Осы тілді меңгеруге деген қажеттілік тек түсіну деңгейінде ғана емес, сонымен бірге кез келген мәтіннің ішкі ұқсастық деңгейінде де туындайды. Ал мұның өзі шын мәнінде білім беру тапсырмалары.

Белгілі бір контекстіде жобаны әрекет ретінде қарастыру кез келген жоба қадамы қоршаған ортаның күрделілігімен бірігетін ақыл ой мен энергияның жұмсалуын талап етеді. Білім беру жағдайында контекст пен мәтіннің мәселесі спецификалық үлгімен шешіліп отырады. Бұл жерде жоба кез келген пәннің әрекеттілі ретінде құрылған мәтіні секілді, ол қайта қайта құрылатын қосымша, педагогикалық контексті қамтиды. Сол себептен, қандайда бір нәрсені шешпей тұрып, ең алдымен жоба өзгерісінің нәтижесі білім беру ситуациясында және жоба қатысушыларының өмірінде қалай берілетінін біліп алу өте маңызды.

Жобалау контекстерінің арасында жалпы әдістемелер негізінде экологиялық, мәдени және құндылықтарды бөлу керек. Жобалау акті жоба-үлгіні құру этапындасубьект, құндылық және контекстік фонда обьектіні, құндылықты түрде қабылдау есебімен гуманитарлық ізді немесе қолтаңбаны қамтиды. 1990 жылдың басында құрылған білім беру жобасының контексті былайша берілген, яғни ол Ұлыбритания оқушыларымен көрсетілген. Сәйкес сайттарға байланысты беттерді ашып көрсетуде ең алғашқыда әлемдік жердің панорамасы пайда болды. Нәтижесінде Еуропа, кейін Ұлыбритания, үлкен көлеммен Нью-Касланың картасы көрсетілді. Содан кейін қатысушылардың портреттерінің қабырғаға, класта ілулі тұрған суреттері де болды. әрбір портреттен жанұя тарихына байланысты гипержіберілімдер ашылып отырды. Саналы түрде ассоциативті қатар өмір контекстіндегі оқушының жеке отбасының өмірді қабылдауын ұйғарды.

Жобаны қарастыру бір жағынан оны қабылдауға деген қажеттілігін актуализациялайды, жобалау әрекетіне диалогиялық пен полефонистік элементтерлді жинақтайды, әр нәрсенің өзіндік авторы болады. Жоба бұл жағдайда автормен қолданушы адам арасында «тірі, бағалы түрде бейнеленген агент» есебінде көрінеді.

Егер де жобаны қатысушылар өмірінің қандайда бір оқиғасы ретінде бағалайтын болсақ, оқиғаның педагогикалық инструментовкасы, жобаның барлы процедурасының аспектасы басталады. Жобаға қатысу (өмірдің, қатысушы сезімінің, қуанышты сезімнің) эмоцианалды ізін қалдыру қажет.

Мысалы, Е.Коллинге «Жоба әдісі бойынша жұмыс тәжірибесі» атты кітабында, балаларды әсіресе жобада өздеріне қажетті нәрсеге деген ұмтылыс, стимул, мақсатқа жету ұмтылысы қызықтырады дейді.

Қазіргі философиялық педагогикалық түсініктемелерде оқиғаны бірлескен тұрмыстармен байланыстыру керек екені көрсетілген. Сондықтан да жобада бірлесіп әрекет ету өте маңызды. Жобалауға арналған әдебиеттерде тағы бір спецфикалық түсінік- жобалық түсінігін кездестіруге болады. Жобаның «көлемдік» трактовкасының контекстінде жобалық адам қабілеттілігіне негізделетін, оны орындау мүмкіндігінің негізгі түрі ретінде қарастырылады.

3. «Жобалық», «Жоба», «Жобалау» түсініктемелерінің білім беру сферасында байланысуы. Жобалық пен жобалаудан басқа ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде педагогикалық жоба контекстін терменологиялық ретінде анықтайтын әр түрлі қосымша модификацияларды кездестіруге болады. Алғашқыда кейбір нюанстар маңызды емес, алайда оларда жобалау феноменнің және оның табиғи контекстінің тарихи даму түсініктері бейнеленген осы бейнелердің көп жақтылығы жобада қатысушылар өз әрекетін жазудағы сөзді таңдап білудің нақтылығын көрсетеді.

Жобалық («жоба» сөзінен шыққан) осы қосымша сөзді қолдану мүмкіндігі олар арқылы анықталатын пән. Жоба арқылы жүзеге асырылатын әрекет жүйесіне жататындығын көрсетудегі немесе олар жоба контекстісімен сәйкестендіріледі. Мысалы: жобалық құжат, жобалық бағыт, жобалық мәдениет.

Жобалау (қасиеттердің бір обектіден екінші обекті обектіге ауысуының психологиялық көшулерінің процедура секілді «проекция» деген сөзінен шыққан). Жобалау кезінде адамның санасының обект үлгісін көтеріп алу қабілеттілігі жайында сөз болады. Дәл қазіргі сәтте жобалау белгілі бір әдістермен процедуралар көмегімен актуализациланатын тұлғалық қасиет ретінде болады. (Жобалау санасы, жобалау әдістемесі, жобалау тесті).

Жобаландырылған – жобалауға әрекеттің қандайда бір ерекше түрі ретіндегі қажеттілікті көрсетеді. Жобаландырылған этап – жоба мүмкіндіктері қолданылатын этап процестерінің бірі. Жобаландырылған қабілет жобалық әрекетті орындау қабілеттілігін қамтиды. (әдетте «жобалау»мен «жобаландырылған» түсініктемелер мәтіндерді ғылыми педагогикалық ұйымдардағы қалыпасқан дәстүрлерді бейнелей отырып, өзара өзгермелі болып табылады).

Тағы да бір түсінік жоба әрекетінің білім беру сферасында қолданылуына жол ашатын көптеген техникалық мүмкіндіктерді бейнелейді. Егер жоба әдісі білім берудің активизациялық формасы ретінде басқа да әдістермен байланысатын болса (зерттеулер мен эвристикалықпен лобараториялықпен), онда жобалау арқылы жоба әдісінде приориттетті түрде құрылған білім алу деген түсінігі көрсетіледі. Бұл жобадағы және жобаның көмегімен жасалады. Егер жоба әдісінің концептуалды негізі мен білім алудың продуктивті жобасын салыстыратын болсақ, біз көптеген аналогияны табамыз. Педагогикалық және жобалық мән бұл жерде параллельді түрде орналасады. Кез келген жағдайда да пеедагогикалық әрекет мынаған бағытталады:

· танымның активизациялық процесіне

· білім алу процесінің жалпылама формасына

· ойлаудың қандай да бір типінің және қоршаған ортаға, ірекетке деген қарым қатынастың құрылуы

· Жоба әрекеті арқылы білім алу

· Білім алу парадигмасының толыңымен өзгеруі.

Жобалық білім процесінің оқушы үшін тұлғалық мәні бар әрекет логикасында құрылуын ұсынады, сонымен бірге тұлғалық дамудың біркелкілігін қамтитын жобаны өңдеуге деген комплексті бағытты, шынайы ситуациялардағы бағалық білім мен ақыл ойды қолдану вариативтілігін де ұсынады. Жобалық білім қатысушылардың жобалық белменділгіне негізделеді.

Жобалық тәрбие (О.С.Газман) тұлғаның нормативті моделі түріндегі әлеуметтік бағытқа бағытталған, мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктердің педагогикалық өзіндік бағытында белгісіз бір ситуациядағы тұлғаның әлеуметтік және индивидуалды жүріс тұрысының моделі жобаланады.

Жобалық білім дамытылған және мәселелік қарым қатынасқа біркелкі. Алайда мүмкін болатын жобаларға интеграциялана отырып, ол қатысушылардың көзқарасын тек әлем мен қоршаған әлемге ғана емес, сонымен бірге өз білімінің мазмұнына бағыттауғағ әрі қарайда қадамдар жасайды. Білім қазір адаммен өмір әрекетін жобалау сияқты қарастырылады, ал білім беру сферасы осындай жобаларға белгілі бір жағдайлардың құрылатыны көрсетілген әлеуметтік өмірдің аймақты өкілдігі. Г.Л.Ильин

Жобалық әрекет мәні оқушыға өткен тәжірибені ғана емес, оның өзіндік тұлғалық және жалпы мәдени өсуін қамтамасыз ететін тәжірибесінің кеңеюі қамтамасыз ету. Мұғалімнің оқушы әрекетін оның тұлғалық білім беру нәтижесін аналогиялармен салыстыра отырып қамтуы маңызды. өзінің арнайы білім беру ситуацияларында өмір сүре отырып, оқушы өзінің ішкі әлемін, ақыл ой қабілеті мен мүмкіндіктерін дамыта отырып, өмірі мен әрекеттің мәдени үлгілерін дамытады.

Жобалық білімнің терминологиялық сөздігі екі негізгі кезеңді біріктіреді: жоба және өнімділік. Көп жылдық тәжірибе жобалық әрекеттің көп жағдайда өнімді болып табылатынын көрсетті: түрлі тұрғындар категориясын меңгеруде, педагогикалық әрекет пен білім беру кеңістігінде орналасқан адамдарды қайта өңдеу мен зерттеуде, мәдениет аралық өзара әрекетте. Осыған байланысты жобалық білім үздіксіз білім берудің формасы секілді түсіндіріледі. Г.Л.Ильин оны білім берудің приоритетті әдісі ретінде қолдану арқасын да емес, жоба құрумен жүйелендіру құралы болғандықтан ол жобалау болып табылады.

Жобалық білім берудің мақсаты оқушыларға өз білімін өздері ойлап табуына, барлық пән бойынша білім беру жүйесін өнімін құруға және пайда болған мәселелерді өздігінен шешуге мүмкіндік беру. Осы мақсатқа жету формасына пән бойынша алғашқы жобалар жатқызылады. Бұл жағдайда олар пән бойынша тапсырмалардың индивидуалдық мәнін анықтай алады және өзіндік мақсаттарын қойып этаптарды өзіндік танымдық әрекетпен жобалап, өз жұмыстарына бақылау жасай алады. Өнімді білім дамытылып келе жатқан білімнен жаңа бір тапсырмалары бойынша ерекшеленеді. Оқушының дамуына ғана емес, сонымен бірге оқушының өзіндік белсендік әрекетінен туындайтын білім беру мазмұнымен айқындалады. Оқушы өз білімінің субьектісі, конструкторы, жемісі, өз білімін құрастырушы, өз өзін дамыту этапының жобалаушысы болып табылады. Білім берудегі басты ерекшелік – оқушылар мен тұлғалық білім беру өнімінің құрылуы. Интнлнктуалды ашылулар, конструкциялар, өлеңдер, тапсырмалар, гепотезалар, ереже, зерттеулер, шығармалар білім беру программасын құру.

өнімді білім беру – адамды білім мазмұнынан шеттету қабілетін қамту мүмкіндігі. өнімділік білім беру қорытындысында спецификалық білімнің жемісін оны жобаландыру көмегімен алынғанын көрсетеді. Мұның тапсырмасы мұғалім мен оқушы үшін психологиялық педагогикалық көмегімен орындалатын ңылыми қамтамасыз етілулер жатады. Әлеуметтік мәдени және білім беру отасын жобалау; қоршаған ортаны тану - өзара тыңғыз байланыста қатысушылар мен мұғалім қатынасы, жоба бойынша мамандар мен ғалымдардың өз ара тыңыз байланысы.








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 11223;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.073 сек.