Бұйымды жасау түрлері мен кезеңдері және техникалық құжаттардың құрамы

 

Бұйымдар бөлінеді:

пайдалану түрі бойынша:

- тұтынушыға арналған, негізгі өндіріс бұйымдары;

- көмекші өндіріс бұйымдары – жасап шығаушы мекеменің өз қажеттілігіне арналған.

құрамы мен күрделілігі бойынша:

- материалдың бір бөлігінен жасалатын бұйымдар;

- жинау бірліктері – функционалдық қызметіне байланысты бір түйінге жинастырылған бөліктерден тұрады (жинау бірлігі бірнеше жинау бірліктерінен тұруы да мүмкін).

- кешенді бұйымдар – пайдалануға тағайындалуы ортақ, жасаушы бір-біріне қосқан немесе қоспаған;

- көмекші сипаттағы пайдалануға тағайындалуы ортақ комплект-бұйымдар, жасаушы жинау операциясымен бір-біріне қоспайтын, мысалы, құрал, қосалқы бөлшектер.

Негізгі өндірістік бұйымды жобалаудың бастапқы құжаты тұтынушы жасайтын өтініш және бұйымды игеруге бастапқы талаптар болып табылады. Өтінште жабдықтың талап етілетін параметрлері, алдағы жылдарда қажетті саны көрсетіледі.

Игеруші әрі қарай техникалық тапсырма (ТТ) жасайды, онда мыналар көрсетіледі:

- бұйымның негізгі тағайындалуы;

- техникалық сипаттамасы;

- игерілетін бұйымның сапа көрсеткіштері мен оған қойылатын техника-экономикалық талаптар.

Техникалық тапсырма конструкторлық құжаттарты игерудің қажетті игеру кезеңдерін орындауды және оның құрамын анықтайды.

Техникалық тапсырма негізінде игеруші техникалық ұсыныс (П) жасайды. Онда көрсетіледі:

- бұйымды игерудің техника-экономикалық негіздері;

- бұйымның құрылымының мүмкін шешімдерінің салыстырмалы бағасы;

- бұйымның патенттік тазалығы мен патентке қабілеттілігі анықталады, авторлық куәлігін, бұйымның құрылымы мен сұлбасына қабылданған шешімдерге патент алудың, оны шығару лицензиясын басқа мемлекеттерге сату мүмкіндігі қарастырылады. Мұның бәрі патенттік формулярда орын алады.

Техникалық тапсырма (ТТ) мен техникалық ұсыныс (П) негізінде игеруші эскиздік жоба (Э) жасайды. Мұнда келесілер көрсетіледі:

- құрылымның принциптік шешімі;

- бұйымның жұмыс принципі көрсетіледі;

- бұйымның негізгі параметрлері, габариттері, массасы және т.б. анықталады;

- патенттік формуляр құрастырылады;

- техникалық деңгейдің картасы құрастырылады.

Эскиздік жоба негізінде бұйымның макетті үлгісі жасалуы мүмкін.

Макеттік үлгіні бұйымды жасау үшін сынайды.

Эскиздік проект (Э) негізінде техникалық жоба (Т) жасалады, онда көрсетіледі:

- соңғы құрылымдық шешім;

- бұйым құрылымы жөнінде түсінік пен оның бөлек бөлшектерінің байланысы;

- техникалық деңгей картасы мен патенттік формулярды тексеру мен қайта құрастыру;

- бұйымның жаңа макеттік үлгінсін жасау мен сынауы мүмкіндігі;

Техникалық жоба негізінде бірқатар жұмыс жобаларын жасайды:

Тәжірибелік үлгі немесе тәжірибелік партияға жұмыс құжаттары.

Бұл кезде жасайтыны:

- жинау бірліктері мен бөлшектің конфигурациясы;

- машинаның негізгі көрсеткіштерін белгіленеді;

- игерушілер, жасаушылар, тұтынушылар, Мемтехқадағалау мен еңбекті және қоршаған ортаны қорғау өкілдері қатысуымен өтетін сынақтар үшін бұйым үлгілерін жасайды;

Құрастыру партиясының жұмыс құжаттары келесі мақсатпен жасалады:

- сынау нәтижелері бойынша құжаттарды тәжірибелік үлгіні дұрыстау және орындаушының талаптарына сәйкес техникалық құжаттарды өзгертумен техникалық процессті жасау.

Бұл жоба негізінде орнату сериясы жасалады және сынақтардан кейін жаппай мен сериялық шығару үшін құжаттар дайындалады.

Оның мақсаты:

- құжаттарды дұрыстаудың соңғы кезеңі;

- бұйымның басты сериясын жасау мен сынау;

- бұйымды жасау мен оны тұтынушыға жеткізу.

Жұмыс жобасына патенттік формулярлар мен техникалық деңгей карталары қосылады.

Құжаттардағы (сызба, жазуы) әрбір кезеңнің литері болады: ТЗ, П,Э,Т,О,А немесе Б.

Техникалық құжаттардың құрамы.

Өндірістегі бұйымды шығару графиктік, тексттік құжаттар сияқты конструкторлық құжаттар бойынша жүргізіледі.

Графиктік және тексттік құжаттар бөлек немесе бірге бұйымның құрамы мен құрылысын анықтайды және оның игеруге немесе жасалуға, бақылауға, қабылдауға, пайдалану мен жөндеуге қажетті мәліметтерден тұрады.

Графиктік құжаттар былай бөлінеді:

1. Бұйымның сызбасы – бұйымның көрінісі мен құрастыру мен бақылауға арналған басқа да мағлұматтардан тұратын құжат;

2. Жинақ сызбасы (ЖС) – жинақ бірілігінің көрінісі мен оны жинау (жасау) мен бақылауға арналған басқа да мағлұматтардан тұрады;

Сонымен қатар жинақ сызбаларына гидромонтаждық, пневномомонтаждық және электромонтаждық сызбалар жатады.

3. Жалпы көрініс сызбасы (ЖКС) – бұйымның құрылымын, оның негізгі бөлшектердің өзара әсері және жұмыс принципін қарастыратын құжат;

4. Теоретикалық сызба (ТС) – бұйымның геометриялық формасы мен оның және бөлшектердің орналасу координаттары көрсетілген құжат;

5. Габариттік сызба (ГС) – габаритті, орнату және қосылыс өлшемдері бар контурлық көрінісі бар құжат.

6. Монтаждық сызба (МС) - бұйымның контурлық (қарапайым) сызбасы бар және оны қолдану жерінде құрастыру мағлұматтары бар құжат.

7. Сұлба – бұйымның бөлшектері мен арасындағы байланыс шартты көріністер немесе белгіленулер түрінде көрсетілген құжат.

Бұйымның тексттік конструкторлық құжаттарына жататындар: түсіндіру жазуы, кестелер, есептеулер, техникалық шарттар, пайдалану және жөндеу құжаттары, патенттік формуляр, техникалық деңгей және сапа картасы, әртүрлі ведомостер, спецификация – кешеннің немесе комплектінің, жинақ бірлігінің құрамын анықтайтын құжат.

Бұйымның негізгі конструкторлық құжаты берілген бұйымды және оның құрамын толықтай анықтайды. Негізігі конструкторлық құжаттарға жататындар:

-бөлшектер үшін - бөлшек сызбасы;

-комлекттер, кешендер және жинау бірліктері үшін – спецификация.

Конструкторлық құжаттардың негізгі комплектісі бұйымға жататын конструкторлық құжаттарды біріктіреді, мысалы жинақ сызбасы, схема т.б.

 








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 3077;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.