Дәрістің тақырыбы Автомобильдердің сенімділігі
3.1 Жалпы қойылымдар
Автомобильдің сенімділігі ретінде оның уақыт немесе кейбір жұмыс істеу көлемінде керекті функциясын берілген жұмыс істеу тәртібінде және қолдану, техникалық қарау, жөндеу, сақтау және тасымалдау жағдайларында орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерінің белгіленген шамалар аралығында сақтау қасиетін түсінеді.
Автомобильдің қажеттігі мен оны пайдалану жағдайларына байланысты сенімділік келесі қасиеттермен баяндалады: тоқтаусыздық, ұзақ уақыттық, жөндеуге жарамдылық және сақталушылық.
Тоқтаусыздық деп автомобильдің кейбір уақыт ішінде немесе кейбір жұмыс істеу көлемінде жұмысқа жарамдылық күйін үздіксіз сақтау қасиетін айтады. Автомобиль пайдалану кезінде ғана емес, сонымен қатар оны сақтау және тасымалдау кезінде тоқтаусыздық қасиетті иемденуі тиіс.
Ұзақ уақыттық деп автомобильдің бекітілген техникалық қарау мен жөндеу жүйесінде шектік жағдайына дейін жұмысқа жарамдылық жағдайын сақтау қасиетін айтады.
Жөндеуге жарамдылық деп автомобильдің тоқтау, бұзылу пайда болу себептерін алдын ала ескеруге және табуға, сонымен қатар техникалық қарау мен жөндеу жүргізу арқылы жұмысқа жарамдылық жағдайын ұстап тұруға және орнына келтіруге бейімділік қасиетін айтады.
Сақталушылық деп автомобильдің тоқтаусыздық, ұзақ уақыттық пен жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерінің шамаларын сақтау және тасымалдау кезінде, сонымен қатар олардан кейін сақтау қасиетін айтады.
Көрсетілген автомобиль қасиеттері тиісті көрсеткіштермен бағаланады және де олар арнайы курста қарастырылады, сондықтан бұл пәнде автомобильдің сенімділігін жоғарылатуға арналған жолдар қарастырылады.
Автомобиль шектік жағдайы басталуына дейін өзінің жұмысқа жарамдылық жағдайын сақтай алмайтын бұйымдарға жатады, яғни оның тоқтаусыздығы ұзақ уақыттыққа сәйкес келетін жұмыс істеу көлемінен кем болады.
Тоқтау деп объектінің жұмысқа жарамдылық жағдайының бұзылуын айтады. Тоқтау мен зақым алу деген ұғымдардың мағыналарын ажырата білу керек. Зақым алу деп объектінің жұмысқа жарамды жағдайы сақталғанда оның түзу күйінің бұзылуын түсінеді. Объектінің бір күйден екінші күйге өтуі зақым алу немесе тоқтау салдарынан болады.
Тоқтаулардың талдауын жүргізгенде автомобильдің жұмысқа жарамды жағдайының бұзылуына соқтыратын барлық факторлар ескерілуі тиіс.
Барлық тоқтау себептерін үш негізгі топқа бөлуге болады: құрылыстық; өндірістік-технологиялық, пайдаланушылық.
Құрастырудың үлгілік қателіктері болып мыналар саналады: үйкеліс тораптарының жеткіліксіз қорғалуы; кернеулер шоғырлануы болуы; кернеулер үлестірілуі туралы көзқарас дұрыс болмауы; көтеру қабілетінің есебі дұрыс жүргізілмеуі; есептік модельдің дәл келмеуі; материалдардың дұрыс таңдалмауы және т.б.
Өндірістік-технологиялық ақаулар ең көп тараған болып есептеледі, олардың саны технологиялық процестің дәлділігіне, өндірістің ұйымдастырылуына, өндірістік тәртіп пен бақылау тиімділігіне едәуір байланысты болады.
Пайдаланушылық тоқтаулар мен зақым келудің негізгі себептері болып мыналар табылады:
- автомобильдердің пайдалану ережелерінің дұрыс орындалмауы;
- артық және алдын ала белгісіз жүктемелер;
- техникалық қарау дұрыс жүргізілмеуі.
3.2 Автомобильдің сенімділігін жоғарылату жолдары
Жоғары сенімділікті автомобиль жасау оның «өмірлік циклінің» барлық кезеңдерінде бұл мәселені комплексті шешу арқылы іске асыруға болады, яғни оны құрастыру; жасау және пайдалану кездерінде.
Автомобильдің сенімділігін қамтамасыз еткенде конструктор жетекші роль атқарады және келесі тәсілдермен іске асыруға болады:
- автомобильдердің дербес тораптарының, агрегаттарының және жүйелерінің жұмыстарына жақсы жағдайлар туындатуын қамтамасыз ететін біртұтас бұйымның ең қолайлы принципиалды және үйлесім схемаларын пайдалану;
- әртүрлі қажеттікті автомобильдердің үлгілік тізбегінен бірыңғайланған тораптарды жасауға мүмкіндік беретін агрегаттау әдісін қолдану;
- кей кездерде жүйе элементтерінің жарым-жартылай қорын ескеру арқылы автомобильдердің дербес жүйелерінің сенімділіктерін қамтамасыз ету;
- тетіктер мен құрылыстық элементтердің санын азайту арқылы автомобильдің құрылысын оңайлату;
- тетіктің массасын үлкейтпей оның жоғары беріктігін, сонымен қатар тетіктің шектік күйі басталуына тікелей әсерін тигізетін оның жоғары тозуға төзімділігін қамтамасыз ету;
- автомобильдің ең үлкен жүктелген және жауапты тетіктеріндегі кернеулер шоғырлануын мейлінше азайту немесе тіпті болдырмау;
- автомобильдің қозғалтқышының, трансмиссиясының және жүрістік бөлігінің кейбір тетіктерінде жоғары циклдік және динамикалық жүктемелер болу мүмкіншілігін қамтамасыз ету;
- автомобиль трансмиссиясы мен жүріс бөлігінде жүктемелердің кенет үлкею мүмкіншілігін болдырмау немесе оларды гидромеханикалық берістер, демпферлі құрылғылар, жұмсақ аспалар және басқаларын қолдану арқылы азайту;
- тетіктердің керекті қаттылығын олардың қолайлы пішіндері мен тіректерінің орналасуы арқылы қамтамасыз ету;
- тетіктердің жинастыруын тек қана олардың белгілі күйін қамтамасыз ететін құрылыстық шешім таңдау, өйткені басқа күйлерінде олардың сынуына немесе сенімділігі азаюына әкелуі мүмкін;
- бұрандалы байланыстарды мықтап қатайтуды қамтамасыз ету;
- тот басуға қарсы тиімді қорғаныс жасау арқылы тетіктердің тот басуын алдын ала ескеру;
- трансмиссия тетіктерінің үйлесімді температуралық жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету үшін керекті жағдайлар жасау;
- отандық және шет елдік автомобильдердің жақсы үлгілерінің және көршілес өнеркәсіп салаларының машиналарының құрылыстық шешімдерін пайдалану;
- ауаны, отындар мен майларды тиімді тазалауды қамтамасыз ету;
- тоқтау салдарын азайту мақсатымен оларды таратпайтын жағдайлар жасау;
- пайдалану технологиялығын жетілдіру, яғни берілген пайдалану жағдайларында автомобильдің сенімділігін ұстап тұру мақсатымен оның агрегаттары мен тораптарының құрылыстарының техникалық қарау операцияларын орындау және жұмысқа жарамсыздық пен тоқтауды орнына келтіру еңбек көлемділігінің ең аз болуына бейімділігін жақсарту.
Автомобильдің сенімділігі тетіктер жасау сапасына едәуір байланысты болады. Автомобильді өндіру сатысында прогрессивті технологиялық процестерді қолдану тетіктер мен құрастыратын бірліктерді конструкторлық құжат талаптарына сәйкес қылып жасауды қамтамасыз етеді және де олардың ұзақ уақыттығы жоғарылайды.
Жобалау кезінде тетіктердің немесе құрастыру бірліктерінің функционалды қажеттіктеріне сәйкес рационалды дәлділік квалитеттер мен кедір-бұдырлық, пішін мен беттердің орналасуының шектік ауытқулары белгіленуі керек.
Әдебиет: 2[5-17]
Бақылау сұрақтары:
1) Автомобильдің сенімділігі деген не?
2) Автомобильдің сенімділігі қандай қасиеттермен сипатталады?
3) Автомобильдің сенімділігін азайтатын құрастыру қателіктерін айтыңыз.
4) Автомобильдің сенімділігін жоғарылату үшін конструктор қандай тәсілдерді басшылыққа алуы тиіс?
5) Автомобильдің сенімділігін жоғарылатуға арналған өндірістік жолдарды айтыңыз.
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 3744;