Машинаның өмірлік циклі
Жаңа машинаны жасау күрделі және ұзақ процесс болып табылады, сонда бұл іске ғалымдар, конструкторлар, дизайнерлер, сынаушылар мен өндіріс және пайдалану салаларының мамандары катысады.
Машинаның өмірлік циклі ретінде машинаны жасау мен оған қойылатын бастапқы талаптарды қалыптастыру бастап, оның пайдалануы аяқталуына дейінгі машина жағдайының біртіндеп өзгеру процестерінің жинағын түсінеді, Өнімнің сапасын басқаратын мемлекеттік бірыңғай жүйеге сәйкес өмірлік цикл сатыларға бөлінеді, яғни нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген және машина жағдайын анықтайтын көзделінген жұмыстар түрлері мен олардың нәтижелермен сипатталатын өмірлік циклдің бөліктері.
Машинаның өмірлік цикліне оны жасау, өндіру, қолданыста болу және пайдалану сатылары кіреді, сонда олардың әрбіреуі кезеңдер, операциялар мен процедуралар тізбектерінен тұрады.
Машинаны жасау
Бұл саты жобалау алдындағы зерттеулерден басталып, машинаны жасаумен аяқталады. Жаңа машинаның жобасын дайындау және жасау кезеңінде оны жасаудың принципиалды мүмкіншілігі мен мақсатқа лайықтылығы анықталады. Жаңа машинаның керектігі қоғамдық қажеттіктен шығуы тиіс, сондықтан ол ғылым мен техника прогрессінен, сонымен қатар елдің экономикалық дамуынан туындайтын техникалық және экономикалық мүмкіншіліктер ескеріліп, мұқият және терең негіздеуді керек етеді. Бұл үшін ізденіс зерттеулері жүргізеді, ал олар, өз кезегінде, фундаменталды зерттеулер нәтижелеріне, осындай машиналарды қолданудың практикалық үлгілеріне, осы саладағы техниканың ретроспективті талдауы мен даму болжамына сүйенеді.
Ізденіс зерттеулердің маңызды элементтері болып макеттерде, яғни машинаның (немесе оның дербес бөліктерінің) физикалық модельдерінде жүргізілетін эксперименттер табылады, сонда бұл макеттер машинаның нақты қасиеттерін електейді және қайталайды, сонымен қатар машинаның сипаттамалары анықталады және жұмыс істеу принципі тексеріледі.
Жобалау алдындағы кезеңдегі ізденіс зерттеулердің нәтижелері болып машинаға қойылатын техникалық талаптарда көзделінген жобалау мәселелерін қою және оны жасауға арналған техникалық тапсырманы қалыптастыру табылады.
Конструктор машинаның өмірлік циклінің барлық сатыларына қатысады. Дегенмен, конструктордың айналысатын негізгі жұмыстар машина жасаумен байланысты болады және де ғылыми-техникалық ізденістен, жобалаудан, сынауға арналған үлгілерді істеуден, машина құрылысын аяқтап бітіруден құрастырылатын бірнеше кезеңдерден тұратын аяқталған цикл болып табылады.
Жобалау сатысы жобалау операциялары мен процедураларының үлкен тізімін қамтиды, яғни алдын ала есептеулер мен эскиздерден бастап, түзетілген есептеулерге, сызбаларды, баяндаманы, инструкцияны, техникалық шарттарды жасауға дейін. Жобалаудың нәтижесі болып жобаланған машинаны жасау мен оның пайдалануын ұйымдастыруға арналған барлық керекті ақпараттардан тұратын техникалық құжаттар жинағы табылады.
Машина жасау процесінің барлық кезеңдерінде машинаның макеттік, тәжірибелік үлгілері істелінеді және де оларға әртүрлі сынаулар жүргізеді: зерттеулік, аяқтап бітіру, алдын ала және тағы басқа сынаулар (ГОСТ 16504-81).
Машина жасау сатысының ақырғы кезеңі болып қабылдау сынаулары табылады, сонда олардың нәтижелері бойынша машина өндірілуінің мақсатқа лайықтылығы шешіледі. Қабылдау сынаулары мемлекеттік, ведомство аралық және ведомстволық болуы мүмкін; олардың жүргізілу тәртібі ГОСТ 15.001-88 көрсетілген.
Машина өндірісі
Бұл саты өндіріске дайындаудан, тұрақтанған өндірістен және өндірістен алудан тұрады.
Өндіріске дайындау екі кезеңде жүргізіледі: өндіріске дайындау және оны игеру. Өндіріске дайындау бойынша атқарылатын жұмыстар машина жасаудың технологиялық процесін қамтамасыз етуге бағытталған және де олар машинаны жобалау сатысында басталуы мүмкін. Бұл жұмыстардың маңызды кезеңі болып өндірістің технологиялық дайындалуы табылады, ал оның ұйымдастырылуы мен басқарылуы өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттарында келтірілген (ЕСТПП). Сонда технология мен жабдықтар таңдау, материалды-техникалық қамсыздандыруды ұйымдастыру, уақыт бойынша өндіру процесін жоспарлау, жұмыстарды үлестіру іске асырылады.
Тұрақтанған өндіріс конструкторлық және технологиялық құжаттардың ақырғы түзетілуінен кейін басталады (ГОСТ 14.004-83). Машина өндірісінің игерілуі туралы шешім қою сериясының немесе бірінші өндірістік партиясының мамандық сынаулардың нәтижелері бойынша қабылданады (ГОСТ 16504-81).
Машинаның қолданыста болуы
Бұл машинаның жасаушы кәсіпорыннан тұтынушы алғанға дейінгі өмірлік циклінің бөлігі болып табылады. Мұндай сатының үлгілік кезеңдеріне машинаны дайын өнімдердің қоймасында сақтауды, жарнаманы, орау, тасымалдауды, орнатуды жатқызуға болады. Машинаның қолданыста болу кезінде дайын өнімнің жоспарлық тапсырмаларда, стандарттар мен техникалық шарттарда бекітілген көлемі мен сапасының барынша сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Машинаның пайдалануы
Бұл сатыда машина таратылады және де оның сапасы қайта орнына келтіріледі, сонымен қатар оның сапасы ұстап тұрылады (ГОСТ 25866-83). Жалпы жағдайда машина пайдалануына машинаны пайдалануға енгізу, қажеттігі бойынша оны пайдалану, техникалық күту, жөндеу, жаңарту және сақтау жатады.
Ақырында, машина пайдалану процесінде оның моральдік және физикалық тозуына байланысты машина қойылған талаптарға сай келмейді, яғни оны қажеттігі бойынша пайдалану және оны жөндеу машинаны әрі қарай пайдаланғанда тіпті тиімсіз болады, сондықтан машина пайдаланудан алынуы тиіс және де ескі-құсқыға айналдырылуы тиіс. Машинаны пайдаланудан алу ГОСТ 25866-83 сәйкес бекітілген тәртіппен құжатты рәсімделеді.
1.2 Автомобильді жобалау машинаны құрастыру процесі
Автомобильді жобалау ғылыми-зерттеулік және конструкторлық - эксперименталды жұмыстардың жинағы болып есептеледі, сонда бұлардың соңғы мақсаты болып жаңа автомобильдің немесе шығарылатын автомобильді жаңартуға арналған техникалық құжаттарын жасау табылады.
Жобалаудың негізгі бөлігі болып құрастыру саналады. Ол жобаланған бұйымдардың өндірісін игеруге арналған керекті сызбалар мен басқа техникалық құжаттарды жасау процесі болып табылады.
Автокөліктік құралдарды жаңадан жасағанда немесе олардың құрылысын жаңартқанда керекті конструкторлық құжаттарды жасау кезеңдері ОСТ 37.001.503-72 бекітілген. Міндетті түрде техникалық тапсырма, техникалық жоба, тәжірибелік үлгі мен қою сериясының (бірінші өндірістік партия) бұйымдарының жұмыстық сызбалары жасалынуы тиіс.
Жобалауға кірісу алдында конструктор автомобиль құрылысын жетілдіру жолдарын оны өндіруден бастап, өндірістен алынғанша қарастыруы тиіс. Мұндай зерттеу берілген уақыт аралығында жобаланатын бұйымның техникалық деңгей (сапа) көрсеткіштерін болжау негізінде жүргізіледі. Болжау мәселелері болып автомобильдің сапа көрсеткіштерінің ғылыми дәлелденген шамаларын алу табылады.Жаңа автомобиль жобалағанда немесе шығарылатын автомобильді жаңартқанда пайдаланатын болжау қысқа уақыттық - нақты объект жасау немесе үлгілеу үшін 5...10 жыл аралығында; орта уақыттық - автокөліктік құралдың даму перспективасын жасау үшін 10...20 жыл аралығында; ұзақ уақыттық - автокөліктік құралдардың негізгі даму бағытын анықтау үшін 20...30 жыл аралығында.
Автомобиль қозғалмалы құрылымының техникалық деңгейін ғылыми-техникалық болжауда зерттеулік және нормативтік болжам пайдаланады.
Зерттеулік болжам автокөліктік құралдардың даму заңдылықтары мен даму тенденциясын талдау мен жинақталған тәжірибеге негізделеді, сонда осылардың нәтижесінде халық шаруашылық ресурстармен қамтамасыз етілген ғылыми-техникалық прогрестің жаңа мүмкіншіліктері мен перспективалы бағыттары анықталады және қалыптасады. Болжам «қазіргіден - келешекке» схемасымен жүргізіледі.
Нормативтік болжам зерттеулік болжамның мәліметтеріне сүйенеді, ресурстардың көлемі мен құрамын, келешектегі ғылыми-техникалық даму деңгейін анықтайды. Бұл болжам «келешектен - қазіргіге» схемасымен жүргізіледі.
Егер де пайдалану саласында жаңа технологияға өтсе, сонымен қатар қарастырылып отырған бұйымның сериялы шығарылуы болмаса сарапшылар бағалауы әдісін қолданады.
Автомобильдік қозғалмалы құрылымның қолданушылық қасиеттерін болжау модельдеу әдісімен жүргізіледі.
Ақырғы болжау кем дегенде екі болжамда алынған нәтижелерді талдау негізінде жүргізіледі. Болжаудың қосымша әдісі ретінде арнайы әдебиеттердегі жариялаулар мен хабарлар бойынша ақпараттық қадағалау әдісі пайдалануы мүмкін.
Ақпараттың негізгі қайнар көзі болып отандық стандарттар, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың, ЕЭК ООН, ИСО және экспорт жасалатын елдің ережелері мен ұсыныстары, TIR (халықаралық жол тасымалы ережелері) талаптары; отандық және шет елдік автомобильдерін сынау және пайдалану нәтижелері; ҚР және шет елдерде болған көрме мәліметтері; патенттік құжаттар мен лицензиялар; конструкторлық және технологиялық құжаттар табылады.
Автомобильді жобалау кезінде макеттеу әдісі кеңінен пайдаланады. Макеттерде бұйымның және оны құрастырушы бөліктердің жұмыс істеу принципі тексеріледі, сыртқы сәулеттік - көркем түрі таңдалады, жүргізуші мен жолаушыларға керекті ыңғайлылық жасайтын интерьерге байланысты негізгі конструкторлық шешімдер тексеріледі.
1.3 Техникалық тапсырма
Техникалық тапсырма конструкторлық құжаттар жасағанда бастапқы құжат болып табылады.
Техникалық тапсырма ОСТ 37.001.508-73 «Техникалық құжаттар жасау және бекіту» сәйкес жасалынады және бес негізгі бөлімнен тұрады.
1-бөлім «Автомобильді жасау мақсаты және қолдану саласы» мыналардан тұрады: автомобильдің түрі (аталуы); оны қолдану саласының, жол жағдайлары мен ГОСТ 15150-69 сәйкес климаттық аудандар көрсетілген пайдалану тәртіптерінің қысқаша сипаттамасы; экспорттау туралы мәлімет; жасалатын автомобильмен әрекеттес болатын бұйымдардың параметрлері; жасалатын автомобиль алмастыратын шығарылатын автомобильдің аталуы және белгіленуі; автомобиль жасауға негіз болатын құжаттардың аталуы.
2-бөлім «Техникалық талаптар» стандарттар мен нормалар ескерілген автомобиль сапасы мен қолданушылық қасиеттердің көрсеткіштерін анықтайды және де он бөлімшеден тұрады.
2.1-бөлімшеде «Негізгі параметрлер мен өлшемдер» автомобильдің негізгі техникалық параметрлерін көрсетеді: жылдамдық, қуат және оның техникалық деңгейі мен сапасының карталарында көрсетілетін басқа параметрлер; автомобиль массасы және керек болған жағдайда кейбір құрастыратын бөліктердің массаларының шектелуі; автомобиль мен оны құрастыратын бөліктерге қойылатын конструкторлық талаптар (габариттік, қою және байланыстыру өлшемдері).
2.2-бөлімшеде «Автомобиль құрылысының сенімділігі» күрделі жөндеуге дейінгі автомобильдің ресурсін, ал кейбір жағдайларда автомобиль толық істен шыққанға дейінгі гарантиялы уақыт пен гарантиялы жүрісін; автомобильдің тораптарына қойылатын бірдей беріктік талаптары мен оның кейбір бөліктерінің еселік ресурстарын анықтайды.
2.3-бөлімшеде «Қолдану және жөндеу технологиялығы» техникалық қараудың мерзімділігін, автомобильдің техникалық қарауға бейімділігіне қойылатын талаптарды, дербес агрегаттардың алмастыруға ыңғайлығына қойылатын талаптарды, диагностика жүргізуді және ағынды жөндеудің жұмыс көлемділігін келтіреді.
2.4-бөлімшеде «Бірыңғайлау және стандарттау деңгейі» автомобиль жасағанда стандартты, бірыңғайланған және басқа құрастыру бірліктері мен тетіктерді пайдалануды; автомобиль құрылысының бірыңғайлау және стандарттау деңгейін; жасалатын бұйымның стандарттарға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкестігі; біртұтас автомобиль мен оның тораптарының басқа кәсіпорындар шығаратын тораптармен және бұйымдармен агрегаттауды қамтамасыз етуге арналған талаптарды келтіреді.
2.5-бөлімшеде «Автомобиль құрылысының қауіпсіздігі» автомобильді пайдаланғанда және оған қызмет көрсеткенде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған талаптарды, діріл жүктемелерінің шектік деңгейі мен басқа санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес талаптарды қалыптастырады.
2.6-бөлімшеде «Эстетикалық және эргономикалы көрсеткіштер» автомобильдің комфорттығына қойылатын талаптарды, кабинаның ішкі көлемін, ішкі жабдықтарды пайдалануды, сонымен қатар оларды басқару және күтім көрсету үшін керекті күштерді анықтайды.
2.7-бөлімшеде «Патенттік тазалық және бәсекелестік» біртұтас автомобиль мен оның құрастыратын бөліктердің ГОСТ 15.011-82 сәйкес патенттік тазалыққа тексерілген елдердің тізімін, сонымен қатар дүниежүзілік базарда автомобильдерді талдап және бағалай отыра, оларға қойылатын талаптарды көрсетеді.
2.8-бөлімшеде «Автомобильді құрастыратын бөліктер, бастапқы және пайдаланатын материалдар» автомобильді құрастыратын бөліктерге, отынға және жаңа автомобильде пайдалануға ұйғарылған материалдарға, сонымен қатар кейбір құрастыратын бөліктер мен материалдарды жаңа жобалауда қолдануды шектейтін тізімдер ескеріліп, қойылатын талаптарды, автомобильді жасағанда, жетілдіргенде және жаңартқанда көршілес кәсіпорындардың бұйымдарына қойылатын талаптарды анықтайды.
2.9-бөлімшеде «Тасымалдау, сақтау және консервациялау» автомобильді тасымалдау шарттары мен бұл үшін керекті көліктік құралдар түрлерін, тасымалдау кезінде бекіту әдістері мен қозғалыс жылдамдығын, сақтау орындарын (ашық алаң, күркелі орын, жылы ғимарат), сақтау шарттарын, сақтау кезінде автомобильге керекті күтім көрсету мен оның мерзімдерін, әртүрлі жағдайларда сақтау уақыты мен консервациялау шарттарының талаптарын келтіреді.
2.10-бөлімшеде «Арнайы талаптар» белгіленуінде «В» литера бар бұйымдардың стандарттарға сай келуі мен ерекшеліктерін анықтайды. Бұйымның түрі мен қажеттігіне байланысты оған 2-бөлімде көрсетілген қойылатын талаптар түзетілуі және қосылуы мүмкін.
3-бөлімге «Экономикалық көрсеткіштер» жасалатын автомобильдің техникалық-экономикалық көрсеткіштері, жылдық шамаланған шығарылуы, оны пайдаланғанда болатын техникалық-экономикалық тиімділік көрсеткіштері және автомобиль өнеркәсіп министрлігінің әдістемелік нұсқауларына сәйкес анықталған шектік баға кіреді.
4-бөлім «Жасау сатылары мен кезеңдері» ОСТ 37.001.503-72 бойынша жасаудың керекті сатылары мен жұмыстардың кезеңдерін анықтайды. Осы бөлімде жасалатын автомобильді жасайтын кәсіпорын көрсетеді.
5-бөлімге «Техникалық тапсырмаға кіретін қосымшалар» автомобильдің жалпы көрінісінің сызбасы, оны құрастыратын жүйелердің схемалары, сонымен қатар таңдап алынған техникалық шешімдердің дәлелденуі бар басқа құжаттар, жасалатын автомобильдің техникалық деңгейінің жалпы бағасы, техникалық тапсырма жасағанда ғылыми-техникалық және эксперименталды жұмыстардың нәтижелері пайдаланған ғылыми-техникалық және эксперименталды жұмыстардың тізімі кіреді.
Әдебиет: 2[5-17]
Бақылау сұрақтары:
1) Машинаның өмірлік циклі деген ұғымға түсінік беріңіз.
2) Жобалау кезінде қандай болжам түрлері пайдаланады?
3) Техникалық тапсырма не мақсатпен жасалады?
4) Техникалық тапсырманың екінші бөлімі қандай құрастыратын бөлімшелерден тұрады?
5) Техникалық тапсырманың бесінші бөліміне не кіреді?
Дәрістің тақырыбы Техникалық құжаттар жасау кезеңдері. Автомобиль жасауда стандарттаудың, бірыңғайлаудың және агрегаттаудың атқаратын рольдері
2.1 Эскиздік жоба
Техникалық тапсырма жасағанда керекті автомобильдің негізгі параметрлері мен өлшемдерін, оның эстетикалық және эргономикалы көрсеткіштерін анықтау үшін эскиздік жоба орындау қажет. Эскиздік жобалау сатысында жасалатын автомобиль модельдерінің принципиалды құрылыстық шешімдері анықталуы тиіс. Эскиздік жобалау сатысында келесі негізгі мәселелер шешіледі:
1) Негізгі тораптар мен агрегаттардың, жүргізуші орны мен жүктік платформаның ең қолайлы орналасуы таңдалады. Сонда шешімнің бірнеше варианттары қарастырылады;
2) Автомобильдің қажеттігіне, оның пайдалану жағдайларына, жүктеулі және габариттік шектеулерге, сонымен қатар нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына байланысты техникалық тапсырманың талаптарының мүмкіншілік қанағаттандырылуына алдын ала талдау жүргізу;
3) Техникалық тапсырмада бекітілген сенімділік көрсеткіштерін қамтамасыз етуге арналған техникалық шешімдер қабылдау;
4) Автомобильдің эргономика мен техникалық эстетика талаптарына сәйкестігін бағалау, сонда автомобильдің бірнеше варианттарының макеттерін жасауға тура келеді. Кей кездерде отырғызу макетімен шектелуі мүмкін, сонда барлық басқару органдарымен жабдықталған жүргізушінің жұмыстық орны қайталанады;
5) Арнайы кәсіпорындарда жасауға тура келетін тораптар мен агрегаттарға (мысалы, күштік агрегаттар, тежегіш аппаратурасы), сонымен қатар автомобиль массасын азайту үшін қолданатын жаңа материалдарға (мысалы, жеңіл қорытпалар, пластмассалар) қойылатын техникалық талаптар жасау;
6) Автомобильдің негізгі моделі мен оның модификацияларының эскиздік жобалауы параллель жүргізгенде олардың өз аралық тораптық және тетікті бірыңғайлаудың тиімділігі туралы шешім қабылдау.
Эскиздік жобаның негізгі бөлігі болып автомобильдің жалпы көрінісінің сызбасы табылады. Автомобильдің габариттік өлшемдерін, оның үйлесім түрі мен массасын алдын ала анықтау үшін ең болмаса күштік агрегаттар (қозғалтқыш, ілініс муфтасы мен берістер қорабы) мен жетекші белдіктердің алдын ала габариттік және байланыстыру өлшемдері белгілі болуы керек.
Эскиздік жобада автомобильдің жалпы көрінісін бейнелеу конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің (ЕСКД) стандарттарында көзделінген оңайлатулар мейлінше ескеріліп, орындалады.
Эскиздік жобаға түсініктеме хаттама дайындалады, сонда оған «Жасалатын автомобильдің қажеттігі мен пайдалану саласы» деген бөлім кіреді. Түсініктеме хаттаманың «Техникалық сипаттамасы» бөлімінде автомобильдің негізгі техникалық сипаттамалары баяндалады.
Түсініктеме хаттамада эскиздік жобаның осы сатысында қабылданған принципиалды үйлесімдік шешімдердің баяндамасы мен дәлелденуі көзделеді. Егер эскиздік жобада макеттік үлгі жасалса, онда жүргізілген сынаулардың нәтижелері келтірілуі, макеттің қойылған талаптарға, атап айтқанда, эргономика және техникалық эстетика талаптарына (макеттердің бейне суреттерін келтіру ұсынылады) сай келуі бағалануы тиіс. Осы бөлімде автомобильді патенттік тазалық пен бәсекелестікке қабылданған принципиалды шешімдерді тексеру туралы, пайдаланған өнер табыстар мен жаңа өнер табыстарға берілген мәлімдемелер туралы, жобаланған автомобильдің қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы, басқа ұйымдар жасайтын жаңа бұйымдар мен материалдарға қойылатын техникалық талаптар туралы мәліметтер келтіреді.
Түсініктеме хаттаманың соңғы бөлімі қабылданған принципиалды және үйлесімдік шешімдерді растайтын бағдарлық есептерден тұрады, яғни доңғалақтық формуланы, автомобильдің табанын, жүктеменің белдіктерге үлестірілуін, жүктік платформаның габариттік өлшемдері мен сыйымдылығын, қозғалтқыштың қуатын таңдау.
Түсініктеме хаттамаға қосымша ретінде техникалық тапсырманың көшірмесі, автомобиль жасаудың келесі сатысында жүргізуге тиісті жұмыстардың тізімі, эскиздік жоба жасағанда пайдаланған әдебиеттер мен материалдардың тізімі кіреді.
2.2 Техникалық жоба
Техникалық жобалау техникалық тапсырма мен эскиздік жоба негізінде орындалады және автомобильдің үйлесімі мен оның дербес тораптары мен агрегаттарының құрылыстық шешімі туралы толық көзқарас қалыптастыратын ақырғы техникалық шешім қабылданады.
Жасалатын техникалық жобаның мақсаты болып жобаланатын автомобильдің техникалық тапсырмаға сәйкестігін мұқият талдау табылады. Техникалық тапсырма сатысында келесі негізгі мәселелер шешіледі:
1) Автомобильдің барлық негізгі тораптарының техникалық шешімдері жасалады. Сонда тораптардың техникалық сипаттамалары, олардың өлшемдері мен массалары анықталады;
2) Үйлесім мүмкіншілігі тексеріледі, яғни автомобильде тораптардың орналастырылуы;
3) Тораптар мен агрегаттарды (қозғалтқыш, ілініс муфтасы, берістер қорабы, тежегіштер) басқару жетектерінің құрылыстарының орындалуы туралы шешімдер қабылданады);
4) Жүргізушінің жұмыстық орны, орындықтардың, баспалардың, басқару рычагтарының, аспаптардың орналасуын анықтайды;
5) Автомобиль жүйелерінің (тежегіш, электрожабдықтар және т.б.) принципиалды схемалары жасалады, жүйелердің дербес тораптарын байланыстыратын коммуникацияларды анықтау үшін бұл жүйелердің элементтерінің ең қолайлы орналасуы анықталады;
6) Автомобильдің массасы, жүктеменің белдіктерге үлестірілуі анықталады. Керек болған жағдайда автомобиль табаны, автомобильге қойылатын тораптар мен агрегаттардың орналастырылуы түзетіледі.
Түсініктеме хаттамада эскиздік жобада келтірілген мәліметтерден басқа қосымша ретінде автомобильмен бірге пайдаланатын тіркемелер мен жартылай тіркемелердің тізімі беріледі. Самосвалдар үшін экскаватордың түрі мен оның шөмішінің сыйымдылығы көрсетіледі. Міндетті түрде техникалық тапсырма мен эскиздік жобаның дәлелдеген себептері көрсетілген орындалмаған талаптарының тізімі, сонымен қатар керек болған жағдайда техникалық тапсырма мен эскиздік жобаны анықтауға арналған ұсыныстар көрсетіледі.
2.3 Жұмыстық құжат
Жұмыстық құжаттар жасау оның қажеттігіне байланысты болады. ГОСТ 2.103-68 жұмыстық құжат тәжірибелік үлгі (тәжірибелік партия), қою сериясы және, ақырында, тұрақтанған сериялы немесе жаппай өндірістің бұйымдары үшін жасалуы мүмкін.
Жұмыстық құжаттың міндетті құжаттары болып тетіктердің сызбалары, құрастыру сызбалары мен спецификациялар табылады. Өндірістің сипаты, қажеттігі немесе шартына байланысты габариттік және орнату сызбалары, схемалар, спецификациялар тізбегі, сілтелетін құжаттардың, көршілес кәсіпорындар беретін бұйымдардың тізбектері жасалады. Бұлардан басқа жұмыстық құжат құрамына сынаулардың бағдарламалары мен әдістемелері, есептер, патенттік формуляр, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасының картасы кіруі керек. Жұмыстық жобалау кезінде автомобильді пайдалану туралы нұсқаудың жобасы істеледі.
Жұмыстық құжат жасағанда кей кездерде күрделі беттер мен пішінді тетіктерді макеттеу керек болады. Макеттеу нәтижелері бойынша тетіктердің дербес элементтері анықталады. Күрделі шанақ беттері үшін оларды жасау дәлдігі тек қана өлшемдер беру арқылы орындау тіпті мүмкін болмайды. Бұл жағдайда сызбаға қосымша ретінде мастер-модель пайдаланады және де ол нақты өлшемдермен өте үлкен дәлділікпен орындалған тетіктер беттерінің ағаштан жасалған макеті болады.
Жұмыстық конструкторлық құжаттың бөлінбейтін бөлігі болып техникалық шарттар (ТУ) табылады.
2.4 Автомобильді өндіріске қою тәртібі
Автомобиль жасау жұмыстарының аяқтайтын кезеңдерінің біреуі болып тәжірибелік үлгілерді жасау және оларға сынаулар жүргізу табылады.
Алдын ала (заводтық) сынаулар автомобильдің параметрлері мен көрсеткіштері техникалық тапсырма мен техникалық жоба, стандарттар мен басқа нормативтік-техникалық құжаттар (жұмыстық конструкторлық құжат, қауіпсіздік талаптары, санитарлық-гигиеналық нормалар) талаптарына сәйкес келуін тексеру мақсатымен жүргізеді.
Алдын ала сынаулардың мақсаты болып үлгілер мен олардың конструкторлық құжатына конструкторлық жөндеудің керекті көлемін анықтау табылады.
Қабылдау сынауларының мақсаты алдын ала сынаулардың мақсаттары сияқты болады. Бұдан басқа сынауға қойылған үлгілердің отандық және шет елдік өндірістерінің өте жақсы үлгілерімен салыстырғанда бәсекелестігі мен жаңалығына баға берілуі тиіс. Бұл үшін өнімнің техникалық деңгейі мен сапасының картасы, автомобиль жасаудың даму тенденциясы, өнімнің стандарттарға, халық аралық талаптарға және дүниежүзілік талаптарға сәйкестігі пайдалануы мүмкін. Сонымен қатар сынау кезінде жасалған автомобильдің халық шаруашылығында пайдалануының техникалық-экономикалық тиімділігі бағалануы керек. Бұл мақсатпен сынау бағдарламасында автомобиль пайдалануының техникалық-экономикалық тиімділігін ең жоғары дәрежеде анықтайтын параметрлері анықталады, яғни әртүрлі пайдалану жағдайларындағы орташа техникалық жылдамдық пен отын шығыны.
Қабылдау сынауларының нәтижелері бойынша жаңа өнімді өндіріске қою туралы шешім қабылданады.
Жаңа өнімді өндіріске дайындау екі кезеңде жүргізіледі.
Өндіріске дайындаудың бірінші кезеңі болып қабылдау сынауларының нәтижелері бойынша конструкторлық құжатты түзету табылады. Кей кездерде қабылданған шешімдердің тиімділігін тексеру керек болуы мүмкін. Бұл үшін тораптардың немесе дербес тетіктердің тәжірибелік үлгілері істеледі, сонан соң оларға бақылау сынаулары жүргізіледі. Байқалған кемшіліктердің сипаты мен эксперименталды базаның жабдықталуына байланысты шапшаңдатылған стендтік, жолдық немесе жолдық қолданушылық сынаулар жүргізіледі.
Өндіріске дайындаудың екінші кезеңі болып технологиялық дайындау табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның технологиялық қызметі конструкторлық құжаттың талқылауы жүргізіледі: технологиялық маршруттар (кәсіпорын бөлімшелеріне тетіктер мен тораптарды өңдеу және жинау бекітіледі), өндіріске дайындаудың технологиялық графиктері жасалады. Бұл графиктерде технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандарды жасау және игеру, жаңа жабдықтарға тапсырыс беру және алу көзделеді.
Автомобильдердің жаңа прогрессивті құрылысын жасау процесі материалдардың, отынның, майлайтын материалдардың және т.б. сапасын жоғарылатумен тығыз байланыста болады. Бұл материалдарға қойылатын талаптар конструкторлық құжатта беріледі.
Өндірістің технологиялық дайындығы аяқталғаннан кейін негізгі кәсіпорынның бөлімшелерінде автомобильдердің қою сериясы (бірінші өндірістік партия) жасалады, сонан соң олар пайдаланатын ұйымдарға жөнелтіледі. Қою сериясының ішінен таңдап алынған үлгілерге арнайы сынаулар жүргізеді және де оларға кәсіпорынның тұрақты бақылауы ұйымдастырылады.
Қою сериясының өнімдері жасалғаннан және олар сыналғаннан кейін түзетілген, аяқтап бітірілген, технологиялық процесс толық жабдықталу және бекітілу бойынша тексерілген конструкторлық құжатқа «А» литерасы беріледі.
2.5 Автомобиль жасаудағы стандарттау
Автомобиль жасаудың дамуы машиналардың әжептәуір күрделенуімен, бір-бірімен байланысқан жүйелерді, тораптарды, агрегаттарды, аспаптарды, жаңа материалдарды қолданумен байланысты болады. Өнеркәсіптің салаларының арасындағы, кәсіпорындардың, конструкторлық және ғылыми-зерттеулік ұйымдардың байланысы күрделенуі және кооперацияның кеңею процесі жүріп жатыр. Бастапқы шикізатқа, материалдар мен жинақтайтын бұйымдарға, машина мен оны құрастыратын бөліктердің сенімділігіне қойылатын талаптар үлкеюі болып жатыр.
Бұл жағдайларда бұйымды жобалаудың, жасаудың және пайдаланудың барлық кезеңдерінде өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын басқару жүйесінде стандарттау маңызды звено болады және оның атқаратын рольі кенет жоғарылайды. Стандарттар параметрлік тізбектерді, бұйымдардың сенімділігі мен сапасына қойылатын талаптарды, оларды бақылау және сынау әдістерін белгілей тұра, техникалық прогрестің әрі қарай өркендеуіне керекті жағдайлар тудырады.
Стандарттар міндетті орындалуы тиіс және олар жаңа техника енгізудің құралына айналады. Өнімнің жоғары техникалық деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін комплексті шешу керектігі комплексті стандарттау жасауға әкеліп отыр және біртұтас объект пен оның негізгі элементтеріне қойылатын талаптар жүйесінің өзгеруі мен жоспарлы белгіленуі іске асырылады.
Комплексті стандарттау негізінде өнімнің, шикізаттың, материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың қолайлы сапалық параметрлері, өнімді өлшеу және бақылау құралдары мен әдістері анықталады, сонымен қатар бұйымның сапасы мен техникалық деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік туғызатын көршілес салалардың ара байланысы қамтамасыз етіледі.
Комплексті стандарттау принциптерін іске асыру автомобиль сияқты өте күрделі және жаппай шығарылатын бұйымның жоғары сапасын қамтамасыз еткенде, ал оны жасау және пайдалану үшін атауы 4000 асатын негізгі жинақтаушы бұйымдар мен материалдар қолданылады (жоғары сапалы бензин мен дизель жанар майы, қозғалтқыш майлары, консистентті майлағыш материалдар, тежегіш сұйықтары, резина бұйымдары, үйкеліс тетіктері, әйнектер, картон, қағаз,шиналар, мойын тіректер және т.б.).
Автомобиль жобалайтын конструктор, ең алдымен, стандартты бұйымдарды пайдалану мүмкіндігін қарастыруы тиіс, осының нәтижесінде жақсы тексерілген, сенімді, өзара алмастырылуымды құрылымдарды қолдану қамтамасыз етіледі.
2.6 Бұйымдарды бірыңғайлау
Бұйымдарды бірыңғайлау деп олардың әр түрінен қолайлы шамасын анықтау негізінде бұйымдарды бірдей түрге келтіруді түсінеді, сонда көп түрлі бұйымдардың, тораптардың, құрылыстық элементтердің сандары қолайлы ең кіші шамаға дейін жеткізіледі.
Бірыңғайланған бұйым ретінде олардың әр түрінің негізінде жасалған және бір түрге келтірілген және де ол осы бұйымның кезкелген алмастыра алатын қабілеті бар бұйымды түсінеді. Бірыңғайланған бұйым болып стандартты және қолданылған тетіктер, тораптар, агрегаттар есептеледі. Бірыңғайлаудың маңызды резервтік қоры болып тетіктер ғана емес,олардың құрылыстық элементтері мен сипаттамаларының (диаметрлер, фаскалар, кедір-бұдырлық шамалары, радиустер және т.б.), материалдар, термиялық өңдеу түрлерінің көп түрлілігін жою табылады.
Бірыңғайлау стандарттау сияқты еңбек өнімділігін жоғарылатудың маңызды факторы болады.
Бұйымның бірыңғайлану деңгейі деп оның бірыңғайланған құрастыратын бөліктермен толтырылуы, ал оның стандарттау деңгейі деп оның стандартты құрастыратын бөліктермен толтырылуы табылады. Бұйымдардың белгілі тобының бірыңғайланған бөлігі деп берілген топтың немесе комплекстің екі немесе одан да көп бұйымдарының өзара алмасатын тетіктері болуы табылады. Стандартты құрастыратын бөліктерге мемлекеттік және салалық стандарттар бойынша жасалынған және конструкторлық құжат спецификацияларда көрсетілген бұйымдар жатады.
Бұйымдардың немесе олардың құрастыратын бөліктердің стандарттау және бірыңғайлау деңгейін келесі көрсеткіштер көмегімен анықталады: қолдану коэффициенті kпр; қайталану коэффициенті kп; жоба аралық (өзара) бірыңғайлау коэффициенті kму.
Бірыңғайлау деңгейінің көрсеткіштерінің бастапқы мәліметтері мен есептері керекті дәлелденуімен конструкторлық құжат кіргізіледі (түсініктеме хаттама, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасының картасы). Бұйымды жаңартқанда бірыңғайлау деңгейінің көрсеткіштері тек қана техникалық тапсырмада жаңарту көзделінген құрастыратын бөліктерге есептеледі, керек болған жағдайда біртұтас бұйым үшін істелуі мүмкін.
25.7 Агрегаттау
Агрегаттау деп өте көп пайдаланатын бірыңғайланған және стандартты тетіктер мен тораптар машиналарды құрастыру әдісін түсінеді. Агрегаттау әр жаңа машинаны айырықша жасамай, көпшілік жағдайларда шығарылатын машинаның жобаланған және өндірісі игерілген тораптар мен агрегаттарды қайта үйлестіріп жасауға мүмкіндік береді. Агрегаттау әдісі автомобиль өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Тораптар мен агрегаттарды мұқият үйлесімі автомобильді құрастыратын бөліктердің бірыңғайланған тізбектерін жасауға мүмкіндік береді және оларды жасалатын автомобильдің әртүрлі модельдерінде пайдаланғанда елеусіз өзгешелігі болады.
Бірыңғайлау және стандарттау әдісі автомобильдерді жобалағанда және олардың құрылысын жетілдіргенде мыналарды қамтамасыз етеді:
- конструкторлық жұмыстардың көлемін едәуір азайтады; жаңа бұйымдарды өндіріске дайындау және игеру уақыт қысқарады; арнайы өндіріс ұйымдастыруға болады;
- тетіктердің (біліктер, арматура және т.б.) конструкторлық элементтерінің номенклатурасы мен өлшемдік түрінің саны азаяды;
- өндіріс процестерді механикаландыру және автоматтандыру деңгейі жоғарылайды; бұйым жасау еңбек көлемділігі азаяды және еңбек өнімділігі жоғарылайды;
- өндірістің үлкен икемділігі қамтамасыз етіледі және бұйымның метал сыйымдылығы азаяды; шығарылатын өнімнің сапасы, оның сенімділігі мұқият істелінген бірыңғайланған тетіктер, тораптар мен агрегаттар және оларды жасау технологиясы пайдалануына байланысты жоғарылайды; автомобильдерді қарауға және жөндеуге кететін шығындар, қосалқы бөлшектердің номенклатурасы мен саны азаяды.
Әдебиет: 2[5-17]
Бақылау сұрақтары:
1) Эскиздік жоба жасағанда қандай мәселелер шешіледі?
2) Техникалық жоба жасағанда қандай мәселелер шешіледі?
3) Жұмыстық құжат құрамына не кіреді?
4) Автомобильді өндіріске қою тәртібін айтыңыз.
5) Автомобиль жасауда стандарттаудың атқаратын рольін түсіндіріңіз.
6) Бірыңғайлау және агрегаттау ұғымдарына түсінік беріңіз.
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 2314;