Генераторлық жабдықтың жалпы құрылу принциптері
Арналары уақыт бойынша бөлінетін ЦБЖ функционалдық блоктарының сигналдарды цифрлық өңдеу жұмыстарының барлық кезеңдерінде: цифрлық ағындарды мультиплексорлау және демультиплексорлау; желілі цифрлық сигналды құру; соңғы жабдықтың синхронды жұмысын қамтамасыз ету үшін, басқарушы сигналдардың белігілі түрі қажет, ол сигналдың параметрлері уақыт бойынша қатаң регламенттелген. Басқарушы сигналдарды құру генераторлық жабдықпен ГЖ іске асырылады, бұл сигналдарды соңғы станциялардың беру ГЖбер және қабылдау ГЖқаб бөлімдеріне бөлек жүргізіледі.
Генераторлық жабдық дискретизация, кодалау – декодалау, уақыттық топ құру, процесстерін басқаруға арналған, импульстік кезектілігін құру және таратуды іске асырады. Бұдан басқа генераторлық жабдық беру циклының белгілі позицияларына қызметтік сигналдардың символдарын енгізу/шығаруды және т.б. іске асырады. ГЖ келесі жиіліктері бар, импульстік кезектіліктер алу қажет:
- дискретизация жиілігі (әдетте 8 кГц);
- біріншілік цифрлық ағынның БЦА тактылы жиілігі, мынаған тең:
мұндағы - кодалық комбинациядағы элементтер саны, - БЦА арналық интервалдар саны және мынаған тең:
- кодалық комбинациялардың (арналық интервалдар) жүру жиілігімен, ол тең;
- жоғары деңгейлі цифрлық ағындардың тактылы жиіліктерімен, ол жиіліктер төменгі жиілікті бірнеше цифрлық ағындардың біріктірілу нәтижесінде алынады.
Біріншілік цифрлық жүйенің генераторлық жабдығы қарастырылады, бұл генераторлық жабдыққа қажет импульстік кезектіліктерді автономды жоғары тұрақты беруші генераторлық БГ жабдықтан алынатын, тактылы жиілікті бөлу арқылы алады. Автономды жоғары тұрақты беруші генератордың қатысты тұрақсыздығы төмен болмау керек (сурет 4.2). БГ шығысында жоғары тұрақты гармоникалық сигнал құрылады, әдетте бұл сигнал тактылы жиілікке тең немесе еселі болады. Тактылы кезектілікті құрушы ТКҚ жүру жиілігі тең негізгі импульстар кезектілігін өндіреді. Тактылы кезектілік импульстары кодалау және декодалау операциялары, желілі цифрлық сигналдарды құру және өңдеу үшін қолданылады.
Разрядты бөлуші РБ импульсты кезектіліктерді құрады. РБ құратын разрядты импульстардың саны кодалық комбинацияның разряды санына тең, ал олардың жүру жиілігі үшін тең. Кодалау және декодалау операцияларын іске асырғанда, сәйкес синхроимпульс позициясын беру үшін уақыттық интервалды бөлу қажеттігі болғанда, басқару және әрекеттесу сигналдарын және әр түрлі қызметтік сигналдарды беру үшін, топтық ИКМ сигналды құрғанда, РБ шығысынан пайда болған импульстік кезектіліктер кодалық комбинацияның әр разрядын дұрыс анықтау үшін қолданылады.
Арналық бөлуші АБ басқарушы арналық импульстік кезектіліктерді құрады. АИ жүру жиілігі дискретизация жиілігіне тең болады.
Сурет 4. 2 – Беруге арналған генераторлық жабдықтың құрылымдық сұлбасы
Циклдық бөлуіш ЦБ циклдық импульстік кезектіліктерді құруға арналған, мұндағы аса циклдағы циклдар саны. тең болғанда, циклдық импульстардың жүру жиілігі тең болады.
Әдетте соңғы станцияның генераторлық жабдығының бірнеше жұмыс режимы бар:
- ішкі синхрондау, бұл режимде жергілікті жоғары тұрақты автономды БГ жұмысы іске асырылады (сурет 4.2);
- сырттан қосылу, бұл режимде сыртқы беруші генератордан жұмыс істейді;
- сыртқы синхрондау, сыртқы сигналдан басқарылатын, фазалық жиілікті автоматты реттеуші (ФЖАР) көмегімен жергілікті БГ жиілігінің реттеуін іске асырады.
Анықталған кірістің барлығы берілген станцияның ГЖ басқа жетекші станция ретінде таңдалған станцияның ГЖ жұмысын реттеу мүмкіндгін қаматамасыз етеді. 4.2 суретте көрсетілгендей, қажетті импульстардың кезектілігін жиілікті бөлумен қамтамасыз етіледі. Жиілік бөлгіштерін қолданатын, ГЖ жұмыс істеуінің уақыттық диаграммалары 4.3 суретте көрсетілген. Тактылы кезектілік құрушысынан түсетін импульстардың периодты кезктілігі разрядты импульстар бөлгішінің РБ кірісіне түседі. РБ сегіз разрядты импульстар құрады. Әр разрядты импульс келесі разрядты импульске қатысты тактылы интервалға жылжытылған. Аталған импульстардың жүру интервалы тең. 4.3,а суретінде тактылы импульстерге қатысты импульсты кезектіліктердің орналасуы көрсетілген. Кез келген кезектілігінен арналық интервалдың шекарасын және олардың уақыттық орналасуын анықтайтын, кезектіліктері құрылады. Арналық интервалдардың разрядты импульстарға және тактылы кезктілікке қатысты орналасуы да 4.3,а суретінде көрсетілген. 4.3,б суретінде және басқарушы импульстардың кезектіліктерінің кезектіліктеріне қатысты орналасуы және 4.3,всуретінде аса циклдағы циклдардың өзара орналасуы көрсетілген.
Қабылдаудағы ГЖ сұлбасы берудегі ГЖ сұлбасынан қабылдаудағы ГЖ жұмысын берудегі ГЖ жұмысының синхрондығын және синфаздығын қамтамасыз ететін, келесі ерекшеліктерімен айрықшаланады. Бірнішіден, тактылы жиілігі тең импульстік кезектілік РБ кірісіне беруші генератордан БГ емес, тактылы жиілікті бөлушіден – ТЖБ түседі. Екіншіден, қабылдаудағы ГЖ цикл және аса цикл бойынша орнығуы синхросигнал қабылдағышынан түскен, сигналдардың көмегімен іске асады, ол туралы кейінірек айтылады.
Сурет 4.3 – Генераторлық жабдықтың жұмысының уақыттық диаграммалары
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 1597;