Беруші генераторлар
ЦБЖ беруші генераторларына БГ қойылатын негізгі талап – жиілік тұрақтылығы. Сонымен қоса олар белгілі шекте жиіліктің ауысу мүмкіндігіне ие болуы қажет. Бір біріне қайшы келетін, БГ жиілік тұрақтылығын қамтамасыз ету (автогенерация режимінде) және белгілі бір жиілікке ауысу талаптары сәйкес БГ сұлбасын таңдағанда ескеріледі. БГ жиілігінің қатысты тұрақсыздығы жоғары болмауы қажет, сондықтан БГ сұлбаларында жиілікті тұрақтандыру үшін кварцтық резонаторлар КР қолданылады. БГ жиіілігі тактылы жиілікке қарағанда толың сан есе көп таңдалады.
Сурет 4.4 – Транзисторда жұмыс істейтін БГ принципиалды сұлбасы
Мысалы, ИКМ-30 типті біріншілік цифрлық ағынды құрушы БГ аппаратурасы жиілігі тең гармоникалық тербелістерді өндіреді. Ағынның тактылы жиілігінен 4 есеге көп, генерация жиілігін таңдау, БГ тиімді құрылысын іске асыруға мүмкіндік береді. БГ сұлбасына келесі элементтер кіреді: жиілік бөлгіші ЖБ және тактылы кезектілікті құрушы ТКҚ. Қазіргі кезде цифрлық беру жүйелерінің БГ дискретті (сурет 4.4) және логикалық элементтер (сурет 4.5) негізінде іске асады.
Сурет 4.5 – Логикалық элементтер негізіндегі БГ функционалдық сұлбасы
БГ сұлбасы (сурет 4.4) оң кері байланысы бар екі каскадты күшейткіштен тұрады, оның құрамына кварцтық резонатор КР кіреді. Бірінші каскадтың тұрақты тоқ бойынша режимі резисторларымен қамтамасыз етіледі, ал екінші какадтың тұрақты тоқ бойынша режимі резисторларымен қамтамасыз етіледі.БГ жиілігін берілген шектерде өзгерту үшін варикап VD қосылған, Варикаптың VD жұмысы кернеумен басқарылады . Кернеу - БГ сыртқы синхрондалу режимінде жұмыс істегенде, жиілікті фазалық автореттеуші құрылғысымен реттеледі немесе өзгертіледі.
БГ сұлбасы (сурет 4.5) үш инвертордан DD1...DD3 тұрады, R1 және R5 кедергілері D1 және D2 элементтерін активті режимге ауыстыруды қамтамасыз етеді. Импульс ұзақтықтарын R1 и R6 резисторларын реттеу арқылы өзгертуге болады, резисторлардың кедергілері DD3 элементінің кіріс сиымдылығымен бірге уақыт бойынша кідіріс тізбегін құрайды. Жиіліктің реттелуі басқарылушы варикаппен VD іске асырылады.
БГ автогенерация режимінде және сыртқы жиілікті басқару режимінде де жұмыс істеуі қажет болғандықтан, сұлбада режимдерді ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған. 4.6 суретте беруші генератор сұлбасы көрсетілген. Бұл сұлба кварцты тұрақтандырғышы бар автогенератордан, БГ өзі және жиілікті фазалық автореттеуші ЖФАР сұлбасынан тұрады. ЖФАР фазалық детектордан ФД, төменгі жиілікті фильтрдан ТЖФ; және БГ жиілігін ауыстырылуын басқаратын, сигналдарды құратын, тұрақты тоқ күшейткішінен тұрады.
Автогенерация режимінде 1 - 2, 4 – 6 ұстатқыштары орнатылады, ал жиілікті сырттай реттеу режимінде 2-3, 4 - 6 және 7 – 8 ұстатқыштары орнатылады. Осы кезде жұмысқа ЖФАР сұлбасы қосылады, ол синхрондаудың сыртқы жиілігінің фазасын және БГ өзінің жиілігінің фазасын салыстырады. Егер салыстыру нәтижесінде айырмашылықтар болса, сәйкес басқарушы сигнал өндіріледі, және БГ жиілігі синхрондау жиілігіне сай реттеледі.
Сурет 4.6 – Жиілікті фазалық автоматты реттеуші сұлбасы бар БГ сұлбасы
Сыртқы генератор режимін қолданғанда 5-6 ұстатқыштары орнатылады. Жергілікті генератордан жұмыс істейтін және сыртқы генератордан жұмыс істейтін сұлбалардың жұмысы бірдей болады.
Сыртқы синхрондау режимінде сұлба келесідей жұмыс істейді: 7-8 ұстатқыш орнатылады; жергілікті БГ жиілігі және сыртқы генератор жиілігі фазалық детекторға түседі, оның шығысында айырымды сигнал құрылады; ТЖФ сол сигналдың тұрақты құраушысын бөледі, оның шамасы оған әсер ететін сигнал жиілігінің айырымына пропорционалды болады; ТЖФ шығысындағы сигнал тұрақты тоқ күшейткішімен ТТК күшейтіледі, оның шығысында кернеулі сигнал құрылады, бұл сигнал БГ жиілігінің реттелуін басқарады (мысады варикапқа әсер ету арқылы).
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 1421;