Арнайы мектепте қол еңбегі сабақтарды оқытудың әдіс – тәсілдері.
Ақыл – есі кем балаларды еңбекке оқыту көмекші мектептің оқу және түзете – тәрбиелеу жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызды бқлігі болып табылады. Бастауыш сыныптардағы қол еңбегі пәні арнайы міндеттерді шешумен қатар оқушыларды кәсіптік - еңбекке оқытуға дайындауға бағытталған. Қол еңбегін танымдық сферасының кемістіктерін түзетуге міндетті түрде қолдануы тиіс. Ең алдымен байқағыштығын , қиялын, сөйлеуін , кеңістікте бағдарлануын түзетуі тиіс. Мұғалімнің зейіні оқушылардың материалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып, келешек бұйымның көрінісін жоспарлы және мақсатқа бағыттап көз алдына елестету қабілетін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.оқу дағдылары туралы айтатын болсақ, онда оларды қол еңбегі сабақтарына кіріспестен бұрын мәнерлеп оқу, дұрыс оқу, оқуды түсіну, оқу сабағының құрамы мен міндеттерімен таныстырып, оқу дұрыстығын, оқу дағдыларын қалыптастыру керек. Себебі бала бірінші кезекте өзіне брілген тапсырмамен танысуда оның мазмұнын мұғалім оқығаннан соң қайталап оқиды, жазылған жоспар бойынша жұмыс істейді, сондықтан оқу дағдысын қалыптастыру керек, бұл әдіс – тәсіл қол еңбегі сабағына оқытудағы ең тиімді тәсіл болып саналады.
Арнайы мектепте оқыту әдістерге қойылатын дидактикалық талаптар. Көбінесе еңбек бойынша сабақтың құрылымы жалпы білім беретін пәндерді оқытудың негізгі ережелеріне бағынады. Жалпы педагогикадан белгілі сабаққа деген талаптар қатары толық мөлшерде әділ. Олардың негізгілері:- мұғалім әрбір сабаққа нақты оқыту мақсатын қояды; - сабақ тек білім беріп қана қоймай , тәрбиелік мәні де болуы тиіс; - оқу материалын таңдау сабаққа толығымен және оның әрбір бөлігі үшін негізделген болуы қажет; - сабақта оқушылардың барлығы оқу материалын біршама эффективті меңгеруін қамтамсыз ететін оқыту әдістерін қолдану қажет; - сабақтың ұйымдастырылуы дәл анық болуы қажет; - сабақтың вариативті құрылымын қолданған жөн; - сабақтың оқу материалын бекіту мен оқыту нәтижесін бақылауды қамтамасыз ету қажет; - сабақтың сапасының басты критерийі сол немесе басқа жұмыс түрін қолданбай оқушылар алған білім мен дағдыны қолдану. Көмекші мектепте қол еңбегіне оқыту сабақтары , жетекші дидактикалық мақсатқа қарамастан келесідей типтерге жатады: 1. Теориялық сабақтар – оқушы-ң еңбек құралдары мен материалдары, технологиялық процестері туралы білімі мен түсінігін қалыптастыру. 2. Дайындық сабағы – еңбек тапсырмасында оның жоспарын қажетті бағдарлану деңгейін қамтамсыз ету. 3. Кешенді тәжірибелік жұмыстар – бұйымды толығымен жасау. Оқушылардың профессионалды дағдылары мен жалпы еңбекке деген ептілігін қалыптастыру. 4. Тәжірибелік қайталау – жүйелі шығармашылық еңбекке арналған оқушыларда қажетті сапаларды дамыту мақсатымен еңбек тапсырмаларын орындау.
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 5859;