А.Байтұрсыновтың ана тілін дамыту тарихына сіңірген еңбегі.
А.Байтұрсынов – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде, қазан революциясына дейін де, одан кейін де аянбай еңбек еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі. Тарихта орны айрықша зор тұлға. Ол ең алдымен қазақ баласының ана тілінде де сауатын ашып ары қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап, танытқан зерттеуші. Әрі сол зерттеудің негізінде тұңғыш Ана тілі оқулығын жазған адам. А.Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалім қауымы еш талассыз қабылдады.Себебі Ахметтің реформасы қазақ тілініңтабиғатына сүйеніліп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар 1912 ж бастап, ұсынған осы алфавитті негізге ала отырып, жаңа жазу іс жүзінде қолданыла бастады.
1915 ж осы емлемен 15 – тей қазақ кітабы басылып шықты. Бұл жазуды 1912 ж бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері қолданыла бастады. Сөйтіп қазақ графикасы 1924 ж Орынборда 12 маусымда басталған Қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Жазу ережелері.
2. Әліпби.
3. Қазақша пән сөздер.
4. Ауыз әдебиетін жию шаралары.
5. Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары.
6. Бастауыш мектептердің программасы.
А.Байтұрсынов реформаланған араб жазуы өз кезінде қазақ мәдени жүйеде үлкен роль атқарады, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниенің дамуына, баспа жұмыстарының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессті құбылыс болды. Ахмет қазақ баласының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын, мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазды.
Ахмет алған білімі, мамандығы жағынан, профессионал – лингвист емеседі. Оны тіл біліміне алып келген, оқу – ағарту ісін жолға қою, халықты жаппай сауаттандыру, көзін ашу, сол арқылы қазақ халқының ұлттық теңсіздігінен құтқару мақсаты болатын, маман лингвист еместігіне қарамастан Ахмет тілдің, оның ішінде қазақ тілінің табиғатын, құрылымдық категориясын дұрыс аңғарған.
А.Байтұрсынов алдына жүйелі прогресс қойғанда ұқсайды, ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен. Бұл үшін әліппе “Оқу құралын” жазған, одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап пән ретінде оқытып үйретуды мақсат еткен, бұл үшін 3 бөлімді “Тіл-құран”, үшінші дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазуға үйретуге көмектесетін және 1 құралды жазған ол “Тіл жұмсар”, төртінші сауттандыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін “Баяншыны” жазған, “Әліппе” астарын жазған, бесіншіден баланың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеген, бұл үшін Т.Ш. Шонановпен берігіп, үлкен хрестоматия жазған.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 8791;