Лекция. Қол еңбегі сабағының міндеті, пәні және сабақ мазмұны.

Зерттеудің негізгі міндеттері мен әдістері. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы. Жыл сайын оқытылатын әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерімен байланысты еңбек амалдарын игеру және интеллектуалды біліктілігінің даму деңгейі. Дамуында ауытқушылығы бар балалардың еңбек іс-әрекетіндегі ерекшеліктері. Ақыл-есі кем балаларды еңбекке оқыту көмекші мектебінің оқу және түзете-тәрбиелеу жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызды бөлігі болып табылдады. Бастауыш сыныптарындағы қол еңбегі пәні мен арнайы және міндеттерді шешумен қатар оқушыларды кәсіптік-еңбекке оқытуға дайындауға бағытталған.

Еңбекке оқытудың жалпы міндеттері болып мыналар табылады:

- Оқушы тұлғасын жағымды қасиеттерге тәрбиелеу ( еңбекке суйгіштік, ұжымда жұмыс истей алу қабілетін және т.б ) еңбек түрлері бойынша қарапайым білімдерді хабарлау, еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбектің қарапайым түрлерін тәсілдерін оқыту, еңбекке дербес болуын дамыту.

- Ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру, еңбек сабағына тура уакытысында келу, қол еңбегі сабағына ұйымдасқан түрде кіру, тек өзінің ғана жұмыс орнында жұмыс истеу, онда материалдар мен құрал саймандарды дұрыс жайғастыру, оларды соңынан жинастыру, жұмыстың ішкі тәртіп ережелері мен қауіпсіздіктерін білу және дұрыс орындау, сонымен қатар оларға қойылатын санитарлы- гигиеналықталаптарды ұстану.

Қол еңбегін танымдық сферасының кемістіктерін түзетуге міндетті түрде қолдануы тиіс. Ең алдымен байқағыштығын , қиялын, сөйлеуін, кеңістікті бағдарлауын түзетуі тиіс. Мұғалім зейіні оқушылардың материалдық ерекшелік теріне сүйене отырып, келешек бұйымның көрінісін жоспарлы және мақсатка бағыттап көз алдына елестету қабілетін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс

Түзету мектебіндегі «Қол еңбегі» курсының мазмұны.

Еңбек баланың іс-әрекетінің қосымша түрі болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы ақыл-есі кем балаларда еңбекке деген қажеттілік туындамайды Олар өз-өзіне әрең қызымет етеді. Кейбір ақыл есі кем балалар тұрмыстықдағдыларды да меңгермеген болып келеді.

Қол еңбегі сабақтарында негізінен заттық карта қолданылады, онда белгілі жүйелікпен әр түрлі дайындық дәрежесінде бір заттық үлгілері бекітілген.

Қол еңбегі жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатардүниетанымын, кеңістік қиялын, ой өрісінтағы басқа көптеген жаксы қабылеттерін дамытуды көздейді.

Қол өнер сабағын дамытуда педагогика ғылымының бір саласы , ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни қол өнер әдістемесі педагогика ғылымы психология, эстетика және қол өнер негіздерін дамытуды көздейді, оқытудың жаңа – заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады.








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 4173;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.