Пропедевтикалық оқыту
Дайындық сабақтарының мақсаты - балаларда мұғалімді тыңдау және берілген тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру. Қаламды дұрыс ұстауды (бас бармақ пен ортаңғы саусақтың арасында, сұқ саусақты жоғары ұстау арқылы), дәптер (партаның үстінде дұрыс орналасуы), өшіргішті қолдануды (қалам жазуын бір бағытта өшіру), түстерді атау және ажырату, қолдан жуан және жіңішке сызықтарды жүргізуді, қиын емес суреттерді салуды және контурдан шығып кетпей бояуды үйретеді.
Оқудың дайындық кезеңінде мұғалім балалардың зейін, қабылдау, елестету процестерінің дамуына бағытталған жұмыстар жүргізеді. Белгілі бір заттың көлемін, түсін, санын, орналасу ретін ажыратуға үйретеді. Негізі мұндай жұмыстарды ойын әрекетімен байланыстырады. Бұл үшін құрылыс конструкторы, әр түрлі мөлшердегі фигуралар, түстік картондар, суреттік үлгілері бар кесте, геометриялық мозайка т.б. қажет.
Балалардың графикалық дағдыларды үйрену дайындығы келесі бағыт бойынша жүргізіледі:
а) саусақтар мен қол білегінің гимнастикасы;
б) қағаз бетінде бағдарлау;
в) әлбетте графикалық жаттығулар.
Дайындық сабақтарында тірек-қимыл аппаратын және ұсақ саусақ қимылдары, қол білегін түзетуге арналған жаттығуларды жүргізу өте маңызды. Саусақтар мен қол білегіне арналған гимнастика әр сабақтың басы мен ортасында 2-3 мин жүргізіледі.
Графикалық даңдылардың қалыптасуы көбінесе баланың қағаз бетінде бағдарлануына байланысты, ал балалардың көбі дұрыс бағдар жасай алмайды. Сол себепті көріп қабылдауының дамуына жаттығулар жасау,қағаз бетінде бағдарлау және қозғалыс жасау дағдысын қалыптастыру қажет. Жұмыс үлкен форматтағы қағазда жүргізіледі және балалардың ойыншықтармен белсенділік қабілетіне сүйенеді.
Қағаз бетінде бағдарлауға арналған жаттығулар сабақтың соңында жүргізіледі. Оқушылардың саналы түрде қаламмен қозғалыс жасауын, яғни қозғалыс бағытын өзгертуін, қозғалысты керек нүктеде тоқтатуын қадағалау қажет.
Дайындық сабақтарындағы маңызды орын көру диктантына,мозайка және трафаретпен (шаблон) жұмыс жасауға бөлінуі қажет. Трафарет көлемі қарапайым геометриялық фигуралармен тоқталмауы қажет: шеңбер, тіктөртбрыш, үшбұрыш, квадрат. Картоннан қиылған жемістер мен көкөністердің формаларын, сонымен қатар саңырауқұлақтар, жидектердің қарапайым формаларын нәтижелі қолдануға болады.
Дайындық кезеңінде балаларға түзу сызықты әр түрлі бағытта салуды үйрету маңызды болып табылады. Балалардың жұмысқа деген қызығушылығы ойындық жаттығуларды қолдануда пайда болады. Бастапқы тапсырмаларды жүйелі түрде фломастермен орындау қажет: фломастермен сурет салу күш түсіруді қажет етпейді және сызықтар айқын, тартымды болады. Қаламмен сурет салуға фломастерді жеткілікті меңгергеннен кейін көшуге болады. Оқытушы әрқашан оқушының сурет салуындағы қалыпын және қаламды қолда дұрыс ұстауын қадағалауы қажет. Графикалық дағдыларды қалыптастыруда әр тапсырманың дұрыс және тиянақты орындалуы маңызды. Графикалық тапсырмаларды орындау дұрыстығы 10-15 мине аспау қажет.
Төменгі сынып оқушыларына суретті дұрыс бояуын үйрету өте қиын.Түске арналған жаттығулардың түзете-дамытушылық рөлінің маңызы зор. Олар түсті ажыратудағы кемшіліктерді түзетуге, таңдауға, талдауға бағытталған. Түрлі-түсті заттармен, қаламмен және бояғыштармен (гуашь, акварель) жұмыс жасағанда орындалатын тапсырманың сағынасын түсінуіне көңілін аудару қажет. Эстетикалық талғамның тәрбиеленуіне де қөңіл бөлу керек.
Дайындық кезеңіндегі практикалық жұмысқа үлгідегі оюларды бөліктерге бөлу арқыы сурет салу кіреді. Берілген ою формасының қағаз бетінде дұрыс орналасуы үшін балаларға көмек ретінде мұғалім тірек нүктесін қоюы қажет.
Арнайы дайындықтан кейін 0-сынып оқушылары көлемі мен құрылысы бойынша күрделі суреттерге көшеді.
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 3798;