Монологтық сөйлеуге оқытудың мазмұны мен міндеттері.
Монологтық сөйлеу – байланысқан логикалық бірізді сөйлеу. Бір адамның ойын білдіреді. Монологтық сөйлеудің міндеті мен мазмұны балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту және монологтық сөйлеудің ерекшеліктерімен анықталады.
Монологтық сөйлеу бірнеше белгілермен сипатталады. Олар: тұтастық (тақырыптың бірізділігі), құрылымы (басы, ортасы, аяғы), байланыстылығы (сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстар).
Қызметіне байланысты монологтың түрі бар: сипаттау (описание), баяндау (повествование), талқылау (рассуждение), контоминация (аралас мәтіндер).
Сипаттау– статикалық жағдайдағы (қвлыпты) затты сипаттау. Сипаттауды затқа деген бағалы қарым-қатынасты білдіретін, қорытынды фразамен аяқтайды. Балабақшада балалар суреттерді, ойыншықтарды, заттарды, табиғат құбылыстарын сипаттайды.
Баяндау– кез-келген жағдайға байланысты әңгімелеу, яғни фактілерді, көңіл-күйді, болған жағдайды баяндау. Ол белгілі бір бірізділікті талап етеді. (жағдайдың басы, оның дамуы, аяқталуы).
Талқылау– бұл дәлелдеу формасында материалды логикалық баяндау. Талқылауда түсіндіріледі және дәлелденеді.
Балабақшада балалар монологтың 2 негізгі типін оқиды: өз бетімен әңгімелеу және қайталап айту.
Қайталап айту – бұл әдеби образды ауызша түрде мазмұнды қайталау. Бұл кезде бала дайын автордың мазмұнын жеткізеді және сөйлеу формаларын пайдаланады (сөздік қор, мәтін ішіндегі байланыстар).
Әңгімелеу– баланың мазмұнды өзбетімен кең түрде жеткізеді.
Сөйлеу көздеріне байланысты монологты былай бөлуге болады:
1. ойыншық және зат бойынша;
2. сурет бойынша;
3. өз шығармашылығынан;
4. творчествалық әңгімелер.
4. Әдеби шығармаларды әңгімелеу - әр жас топтарында әңгімелеуге оқыту әдістемесінің жалпы және спецификалық ерекшеліктері бар.
Монологтық сөйлеуді дамыту бойынша сабақ түрлері: әдеби шығармаларды мазмұндау, ойыншық, сурет бойынша, өз тәжірибесінен әңгімелеу.
Кіші топта балаларды шығарманы дұрыс тыңдап қабылдауға, сұрақтарға жауап беруге үйретеді. 3 жастағы бала үлкендермен бірігіп әңгімелейді, фразаның соңғы қойылған оның сұрағына жауапты бөлек сөздер қойылады. («Ата не отырғызды?», «Шалғыны» - «Шалғы қалай болып өсті? ...»). Баланы бірігіп жауап беруге тарта отырып, алғашында бұл сұрақтарға тәрбиеші өзі жауап береді. Біртіндеп балалар қойылған сұрақтарға өздері тұтас сөйлеммен жауап бере бастайды. («Баяғы өткен заманда кімдер өмір сүріпті?», «Ата мен апа ма?» - «Ата мен апа өмір сүріпті»).
4 жастағы балалар тәрбиешінің көмегімен, қайталай отырып өздеріне таныс ертегілер мен әңгімелерді әңгімелейді. («Бауырсақ», «Репка»). Педагог балаларды ертегіні қабылдауға, мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге үйретеді, осылай біртіндеп оны еске түсіруге әкеледі. Әдеби шығармаларды есте сақтауға оны қуыршақтар тетарының, жылжымалы суреттердің, ойыншықтардың көмегімен драматизациялау көмектеседі.
Естиярлар тобында балаларды сабақтарда алғаш оқылған қысқа ертегілер мен әңгімелерді мазмұндауға, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі жеткізуге үйретеді. Мазмұндауға «Қасқыр және жеті лақ», «Шалғы» т.б.ертегілерді қолдануға болады.
Әңгімелеу бойынша сабақтардың құрылымы:
1. Кіріспе бөлім. Мақсаты – сабаққа деген қызығушылық тудыру, жұмбақты, бақылауды еске түсіре отырып, суреттерді көрсете отырып, қысқа кіріспе әңгіменің жолымен жететін, мәтінді балалардың қабылдауына даярлау.
2. Шығарманы оқу. Балаларға шығарманы таңдау ұсынылады, оның тақырыбы мен авторы хабарланады.
3. Оқылғанның мазмұны бойынша талдауға және мәтінді есте сақтауға бағытталған әңгіме.
4. Қайталап оқу.
5. Балалардың әңгімелеуі.
6. Сабақтың қорытынды бөлімі. Мұнда шығарманы ойыншықтардың, үстел үсті және көлеңке театрының көмегімен драматизациялауға болады.
Естиярлар тобында«Түлкі және шаян», «Өрт сөндіруші иттер», «Мысығым», «Маша қалай үлкен болды», «Өрт сөндіруші иттер» және т.б. ертегілерді айта алады. Әңгіме – балаларды әңгімелеуге даярлаудың міндетті тәсілі болып табылады. Оның негізгі мазмұны балаларға шығарманың мазмұнын түсінуге көмектесу. Мұндай әңгімесіз балалар кейде шығарманың идеясын түсінбейді.
Әңгіме кезінде сұрақтардан тыс балалардың назарын шығарманың тіліне, кейіпкерлерге берілген автордың мінездемесіне аударатын әр түрлі тәсілдер қолданылады.
Ересектер тобында әңгімелеудің жоспары кеңінен қолданылады. Жоспар төмендегідей құрылады: 1. Алдымен, балаларды өрттен қорғау неге қиын болды. 2. Сосын, қалай өрт сөндіруші иттерге балаларды қорғауды үйретті. 3. Боб қалай қыз баланы құтқарды және неге ол алдымен өрттен қуыршақты шығарды. (Н.Толстойдың «Өрт сөндіруші иттер» ертегісі.).
Балаларды әңгімелеуге үйретуде қолданылатын тәсілдер қиындатылады: нұсқау беру (барлықтарың ойланыңдар, сендер қалай әңгімелейсіңдер), көмекші сұрақтар (әңгімелеуден кейін қойылады, оның тұтастығын бұзбау үшін), қажетті сөзді немесе фразаны сыбырлау, қателерді түзеу.
Мектепке даярлық тобында әңгімелеуге арналған әдеби материалдар қиындатылады. Олар «Түлкі мен ешкі», «Төрт арман», «Жасыл көбелектер», «Қонжықтардың жуынуы». Әңгімелеуге қойылатын талаптар күшейеді. Тәрбиеші көп жағдайда бұл топта табиғатты поэтикалық бейнелеуді әңгімелеуге үйретеді. Балаларды әңгімелеуге даярлау бақылаумен, табиғат, таныс әдеби образдар жайында олардың елестерін жандандырумен байланысты. Бұл топта әр түрлі кейіпкерлердің атынан әңгімелеу, оқылған мәтіннің жалғасын ойлап табу тәсіілдері қолданылады.
Ойыншық бойынша әңгімелеу. Ойыншық бойынша сабақ түрлері.
1. Ойыншықты суреттеу – ойыншықтың сыртқы келбетін байланысты, бірізді суреттеу.
2. Сюжетті әңгімелеу (баяндау).
А) ойыншықты таңдау бойынша әңгімелеу - ойыншықтар тобы бойынша байланысқан бірізді әңгіме, көбіне тәрбиеші драматизациялық ойын типі бойынша ойыншықтардың ойындық әрекеті жайында.
Б) жеке ойыншықтар бойынша әңгіме – бір ғана кейіпкердің оқиғасы мен әрекеті жайында әңгіме. Бұл әңгімелеудің қиын түрі. Ойыншық басты кейіпкерді анықтайды, басқа кейіпкерлердің әрекетін, ситуацияларды балалар өздері өз тәжирибелері және шығармашылық қабылдаулары негізінде ойлап табады.
Енді ойыншықтармен сабақ өткізуде монологтық сөйлеуге оқыту әдістемесін қарастырайық. Алдымен балаларды ойыншықты және заттарды қарастыруда өз ойларын жинақтауға, оларды суреттегенде сұрақтарға жауап беруге үйрету. Балалар тәрбиешінің көмегімен ойыншық жайлы 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды. Жеке және топпен әңгіме ұйымдастырылады: Сенің үйіңде қандай ойыншықтар бар?, Қай ойыншықты сен жақсы көресің?, Оны саған кім сыйлады немесе кім сатып әперді?, Ол қандай (көлемі, түсі, материалы), Сен онымен қалай ойнайсың?, Балабақшада саған қандай ойыншықтар ұнайды?
Сабақта алдымен ойыншықты таңдау маңызды. Олар балалардың назарын ашықьылығымен (түсі, формасы) аудару керек, сөйлеуін белсендіріп, көңіл-күйін көтеру керек. Ойыншықтар атауы бойынша жеке, бірақ сыртқы келбеті бойынша әр түрлі болуы мүмкін (қуыршақ пальто және берет кигенде үлкен, қуыршақ одеяланың астында және коляскада кішкентай болады).
Суреттеуге оқыту бойынша сабақта ойын ұйымдастыруға болады. «Тап және суретте» Әр түрлі ойыншық таңдалып алынады. Екі қуыршақ – біреуі бантикпен, екіншісі –бантиксіз, түстері әр түрлі екі мысық. Ойыншықтар кезекпен қарастырылып, салыстырылады, олардың ерекшеліктері және айырмашылықтары айқындалады. Сөздік қоры белсендіріледі. Сосын тәрбиеші ойыншықтарды тығып, балаларға табу ұсынылады: «Марат сен ақ мысықты ізде, Болат сен қара мысықты ізде, Самал сен бантигі бар қуыршақты ізде». Балалар ойыншықтарды тауып әкеледі және тәрбиешінің сұрақтарына суреттеп жауап береді. («Сенде қандай мысық?, Мысықтың басында не бар?, Ал мынау не?»). Осындай әңгімелесудің нәтижесінде балалар байланыстырып әңгімелеуге үйренеді.
Балалар сұрақтарға дұрыс және жақсы жауап беруге үйреген соң, оларға тәрбиешінің суреттеуін қайталау ұсынылады. Осы кезде балаларға заттарды суреттеуде көмек көрсетуге бағытталған амалдар қолданылады: қарастыру, сұрақтар, педагогтың қорытындылауы (суреттеу үлгісі). Сонымен қатар тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар қолдануға болады.
Естияр жаста, ойыншықты өз бетімен суреттеу және олар жайында өзбетімен әңгіме-баяндау құрастыру іскерлігін дамыту үшін негіз қаланады.
Оқыту кезінде балалар суреттеу арнайы жоспар бойынша жүргізілетіні түсіну керек. Ол үшін ойыншықты қарастыру дұрыс ұйымдастырылып, сұрақтар, арнайы жаттығулар орындалу керек. Сондықтан тәрбиеші сұрақтарды арнайы тәртіп бойынша қойып, балаларды қандай бірізділік бойынша ойыншықтарды суреттеуге, ойлануға үйретеді. Бұл суреттеу логикасын сақтауға көмектеседі.
Байланысқан мәтін құру балалар үшін өте қиын. Олар көп жағдайда әңгімелеуді қалай бастап, қалай аяқтау керектігін, сөйлемді байланыстыруды білмейді.
Ойыншықты суреттеуде үлгіні қолдануға болады:
1. «Досың сияқты айт», «Мен сияқты айт». Досы және бала мазмұны бойынша бірдей ойыншық алады, бірақ біреуінде аю қара, үлкенг, ал екіншісінде аю қоңыр, кішкентай. Досы: «Менде үлкен, қара аю», Бала: «Менде де аю, бірақ кішкентай», Досы: «Менің аюымның құлағы үлкен жұмсақ, үлкен», Бала: «Менің де аюымның құлағы бар, бірақ кішкентай».
2. Досы: «Менде үлкен әдемі қуыршақ». Бала: «Менде үлкен ақ машина». Досы: «Қуыршақтың үлкен көзі, ақшыл шашы бар». Бала: «Машинаның ролі және дөңгелегі бар».
Бірінші нұсқада балалар екі ғана сөзді ауыстыра отырып, оларға ұсынылған суреттеу құрылымды қайта жаңғыртады. Екіншіде балалар сөйлемнің құрылымын сақтай отырып, оны өз беттерімен жаңа сөздермен толықтырады.
Үлгімен қатар басқа да амалдар қолдануға болады: сыбырлап айту, толықтыру, бірігіп суреттеу, мадақтау.
Суреттеуде маңызды орынды дидактикалық ойындар алады. Сөйлеуге талаптың мазмұны күшейеді. «Ойыншықтар дүкені» ойынында сатып алушы-бала жоспарға немесе үлгіге сүйене отырып, ойыншықты суреттейді, ал сатушы – қандай ойыншық екеніншешіп, оны сатады.
Осы жаста балалар өздері тәрбиешінің үлгісі негізінде жұмбақтар құрастырады.
Ересек мектепке дейінгі жаста ойыншық басты орында болмайды. Бірақ оны суреттеу және баяндау іскерлігіне қойылатын талаптар күшейеді. Суреттеу – толық, логикалық, ешқандай белгілерді тастамай, қайталамай, бірізді болу керек. Балалар тақырыпты таңдай отырып, бір ойыншық немесе ойыншықтар тобы бойынша баяндауды құрастыру керек.
Мектепке даярлық тобында белгілерді толық суреттейді (егер ол аң болса, оның пайдасы, өмірі жайында). Сабақты үйдегі ойыншықтың атын атамай, оны суреттеп, балаларға түсінікті етіп аяқтауға болады.
Сурет бойынша әңгімелеу. Суретті суреттеу және әңгіме-баяндама құрастыру іскерлігін қалыптастыру үшін әр түрлі типте өңделген дидактикалық суреттерді қолдануға болады.
Заттық суреттер– арасында ешқандай сюжетті байланыс жоқ бір немесе бірнеше заттар бейнеленген (үй жиһазы, киім, ыдыс, аңдар; «Бие мен құлын», «Сиыр мен бұзау»).
Сюжетті суреттер – мұнда заттар, кейіпкерлер бір-бірімен сюжетті өзара байланысқан.
Бірдей сюжетті мазмұнды байланысқан суреттер жинағы немесе сериясы.
Әңгімелеу үшін суреттерді таңдауға көптеген талаптар қойылады:
- суреттің мазмұны қызықты, түсінікті, қоршағандарға тәрбиелік жағымды әсер ететіндей болу керек;
- жоғары көркемдік сипатта болу керек;
- кейіпкердің, аңдардың және басқа да объектілердің бейнесі шындық негізде болу керек, шартты белгілерді балалар дұрыс қабылдамайды.
Кіші жастағы балалар үшін суреттің ролі балалар тәжірибесін тереңдету және бекіту үшін қажет. Негізгі әдістемелік тәсіл – сұрақтар болып табылады. Сұрақтар арқылы педагог орталық образды көрсетеді (суретте не көріп тұрсыңдар)., сосын басқа объектілерін, заттарды, олардың сапасын қарастырады. Осылай суретті қабылдап, ашық бөліктерін айырады, сөздік қоры белсендіріледі, диалог дамиды. Сұрақтан басқа түсіндіру және ойындық тәсілдер қолданылады. (Балаға ойша суретте тұрған кейіпкердің орнына өзін қою, ат қою ұсынылады).
Суретті қарастыруда балалардың қызығушылығын, олардың психологиялық ерекшеліктерін ескереді. Сабаққа дейін суретті көрсетпеу керек, себебі, суретке деген қызығушылық жоғалады.
Естияр шақта қиын заттық және сюжеттік суреттер қарастыру ұсынылады. («Құрметті қонақтар», «Әжемнің үйінде қонақта», «8 наурызға анама арналған сыйлық»). Біреуі қарастыруға берілсе, басқалалары қарастыру және әңгімелеу үшін беріледі.
Сурет бойынша әңгімеде, балалар басты нәрсені көріп қана қоймай, оның белгілерін байқауға үйренеді. Мысалы: «Ит күшіктерімен» суретінде тек итке, оның күшіктеріне ғана назар аудармайды, торғайларға, олардың әрекеттеріне де назар аударады.
Ересек жаста мазмұны бойынша қиын суреттер ұсынылады. Сурет бөліктерге бөлініп қарастырылуы мүмкін. Алғашында басты мәселе, кейін басқа бөліктерін балалар өздері байқау керек. Сонымен қатар интерьеріне, фонына, пейзажына да көңіл аударып, суреттейді.
Тіл дамыту әдістемесінде сурет бойынша әңгімелеудің бірнеше түрлерібар:
1. Заттық суреттерді суреттеу – суреттегі заттардың немесе аңдардың, олардың қасиеттерін, әрекетін, өмірін байланыстыра отырып суреттеу.
2. Сюжетті суреттерді суреттеу – суреттің мазмұнынан шықпайтын ситуацияны суреттеу.
3. Суреттің сюжетті сериялары бойынша әңгімелеу – бала бір ертегінің сюжетті суреттерінің сериясын баяланыстыра отырып, мазмұнын әңгімелейді. Балалар бір оқиғаны екінші оқиғамен байланыстыруға үйренеді, баяндау құрылымын (басы, ортасы, аяғы) меңгереді.
4. Сюжеттік сурет бойынша баяндама әңгіме. Бала суреттегі эпизод бойынша басы мен соңын ойлап табады. Одан суреттің мазмұнын игерумен қатар, оны сөзбен жеткізе алу, қиялының көмегімен болатын және болған оқиғаны ойластыру талап етіледі.
5. Пейзаждық сурет және натюриортты суреттеу.
Балаларды сурет бойынша әңгімелеуге үйретудің бірнеше кезеңдері бар. Кіші мектеп жасында даярлық кезеңі болады. Мақсаты: балалардың сөздік қорын, белсенді сөйлеуін молайту, суреттерді қарауға және олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беругеүйрету. Естияр жаста заттық және сюжеттік суреттерді қарап және суреттеуге үйрету, алғашында тәрбиешінің сұарғы бойынша, сосын үлгі бойынша. Ересек жаста балалардың ойлауы және сөйлеуі жоғарлайды. Балалар өз беттерімен кейде тәрбиешінің көмегімен заттық және сюжеттік суреттерді суреттейді, суреттер сериясы бойынша сюжетті әңгіме құрастырады, сурет сюжетінің басы мен соңын ойластырады. Мектепке даярлық тобында балалар сурет бойынша баяндау мен суреттеуді өз беттерімен құрастырып, образдық сөйлеуді қолдана отырып, құрылымын сақтап, оның мазмұнын дұрыс жеткізуге үйренеді. Көпэпизодты, сериялық суреттер бойынша әңгімелеуге оқыту әрі қарай күрделене отырып жалғастырылады.
Өз тәжірибесінен әңгімелеуге оқыту бағдарлама бойынша ересек топтан басталады. Бірақ одан ерте, яғни 4 жаста тәрбиешінің сұрағының көмегімен қысқа хабарлама формасында өз ойын білдіруге үйретуге болады. Естиярлар тобында балаларды тәрбиешінің үлгісінің және сұрақтары бойынша әңгімелеуге үйретеді, ал ересек топта олар не көргендерін өз беттерімен әңгімелейді.
Төмендегі тақырыптарды ұсынуға болады:
Естиярлар тобында – жаңа жыл кешін қалай өткіздіңдер, үйі, мысығы, күшігі, ас үйде не көрдің, аквариумда балықтардың суын қалай ауыстырдың.
Ересек және мектепке даярлық тобында - мектепке, кітапханаға саяхат барысында не көрдіңдер, жазда қалай демалғандары жайында, киімді қалай тігеді, менің жақын досым, құрбым.
Өз тәжірибесінен әңгімелеуді екіге бөлуге болады:
- балалардың ұжымдық тәжірибесіне негізделген әңгімелеу (барлық балалар қатысқан оқиға жайында. Мысалы: саяхат).
- Балалардың жеке тәжірибесіне негізделген әңгімелеу («Демалыс күніңді қалай өткіздің», «Өз үйің жайында айт»).
Ұжымдық әңгімелеу тиімді әдіс болып табылады. Тәрбиеші жоспар құрып, тақырыптар таңдап, оларды балаларға бөліп береді. Мысалы, мектеп жайында: мектеп ғимараты, сынып, оқушы және мұғалім, мектеп сабағы, қоңырау.
Әрбір бала әңгіменің өзіне берілген бөлігіне ойланады.Педагог бастайды, ал балалалар бірінен кейін бірі жалғастырады. Әрі қарай балалармен біріге отырып, әңгіменіңі жоспарын, тақырыбын құруға болады.
Тіл дамытудың негізгі әдісі болып хат жазу табылады. Ауырып қалған жоллдасына, тәрбиешіге хат немесе балабақшаға ұжымммен бірігіп жазылады, әрбір бала өз мәтінін ұсынады. Хатты қалай бастау керек, әрі қарай қалай жазу керек, қалай аяқтау керектігі жайында жоспар ойластырылады.
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Баймуратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. А, 1998ж.
Баймуратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. А, 1991ж.
2. Баймуратова Б.Б. Біздің кітап. А, 1991ж.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 5597;