Жұппен, топпен, ұжыммен араласа білу іскерлігі.
Байланыстырып сөйлеуді дамытудың теориялық негіздері мен диалогтық байланыстырып сөйлеуге оқытудың міндеттері, әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды қабілеттерінің қазіргі уақытта тіпті айқындалып келеді. Үлкендердің сөзіне еліктеп қана қолдану балалардың тіл үйрену белсенділігін төмендетуі мүмкін.Өйткені мұндай тәсіл балалардың ақыл-ой қызметін арттырмайды.Мектеп жасына дейінгі тіл үйрету әдістемесін жасаушылар /Ф.А.Сохин, В.И.Негневицкая, А.Протасова/ байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін оларға сол тілдің өзіне тән ережелері жайлы түсінік беру керектігін айтқан.
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерді түсінуден естіген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдерді, сөз тіркестерін, сөздерді, үйренеді. Байланыстыра айтылған сөздерді игеру оның компоненттері, сөйлемдерді, сөздерді және т.б. мүшелерін даралап айыру қабілетін дамытпайынша мүмкін болмайды. Балалардың осы қабілетін дамытуға көмектесу және сол арқылы оның байланыстыра сөйлеуді үйренуін жеңілдету үшін дидактикалық тілді материалды әзірлеу кезінде әдетте қиындық тудыратын сөз тудыру мен грамматикалық тұлғалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алу қажет.
Байланыстыра сөйлеудің 2 типі бар: 1 Диалогтық.
2 Монологтық.
Диалог дегеніміз 2 немесе одан да көп адамның әңгімесі. Балабақшада диалогтық сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс қарым-қатынас үшін қажетті іскерлікті қалыптастыруға бағытталған.
Бірнеше диалогтық іскерліктер тобын бөліп көрсетуге болады:
1. Арнайы сөйлеу іскерліктері:
- қарым-қатынасқа түсу (таныс және таныс емес адаммен қалай және қайда әңгіме бастау керектігін білу);
- қарым-қатынасты қолдау және аяқтау (қарым-қатынас ситуациясын және жағдайын ескеру, әңгімелесушіні тыңдау және есту, өз көзқарасын дәлелдеу, өз ойын ашық ілдіру, салыстыру, мысалдар келтіру, сұрау, жауап беру, бағалау, келісу, келіспеу, логикалық байланысты айту);
- қалыпты деңгейде мәнерлі сөйлеу, диалогтың интонациясын қолдану.
2. Сөйлеу этикеті іскерлігі: (сөйлеу этикеті – бұл сөйлеу тәртібінің ережесі). Оған: танысу, амандасу, назарын аудару, шақыру, өтініш, келісу және келіспеу, кешірім, ескерту, құттықтау, алғыс білдіру, кешірім және т.б. енеді.
Жұппен, топпен, ұжыммен араласа білу іскерлігі.
4. Бірлескен әрекетті жоспарлау, нәтижеге жету және оны талқылау үшін, арнайы тақырыпты талқылау үшін араласа білу іскерлігі.
5. Вербалды емес іскерлігі – мимика мен жестілерді қолдануы.
Күнделікті қарым-қатынаста диалогтық сөйлеуді қалыптастырудың негізгі әдісі – тәрбиешінің балалармен әңгімесі болып табылады. Тәрбиешінің балалармен әңгімесі, егер топта жағымды атмосфера болған жағдайда дамытушылық сипатта болады. Бұл жағдайда қарым-қатынаста басты жағдай бала тұлғасын түсіну қабылдау болып табылады. Бала егер үлкендер әңгімесінен ақылдылық, қызығушылық сезінсе ғана олармен қарым-қатынасқа шын ние тімен кіріседі.
Тәрбиеші балалармен кез-келген уақытта әңгімелеседі. Тәрбиешінің сөзі әр түрлі болады: сұрақ, түсіндіру, нұсқау түрінде.
Балалармен әңгіме жеке және ұжымдық болады. Ұжымдық әңгіме үшін нағыз уақыт – серуен болып табылады. Жеке әңгіме үшін кешкіі және таңертеңгі сағаттар болып табылады.
Әңгіменің тақырыбы және мазмұны тәрбие міндетімен және балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Кіші топта әңгіме балаларды қоршап тұрған заттармен байланысты: олар ойыншықтарды, транспорттарды, даланы, отбасын бақылайды. Естияр және ересек топтарда әңгіменің тақырыбы балалардың қоршаған өмірден, кітаптан, теледидардан алған тәжірибелері мен жаңа білімдері арқылы кеңейеді.
Балалардың сөйлеуіне тәрбиеші қатты әсер ететіндіктен оның сөзі балалардың жас ерекшеліктерін ескеру керек.
Балабақшаға алғаш келген бала үшін кіші топта жеке әңгіме басымырақ болады. Баланы қызықтырып, өзіне қарату өте маңызды. Көңілін аударатын ойыншықтар, ашық суреттер, табиғат бұрышындағы аңдарды көрсетуді қолдану керек. Тәрбиеші балаларды ұжымға тарта отырып, үлкендерді және бірін-бірін тыңдауға үйретеді..
Ересек топта ұжымдық әңгіме басымырақ болады. Мұнда тәрбиеші балалардың сөйлеу мазмұнына олардың дұрыстығына назар аударады. Олармен көшеде не көргені, кітаптардағы әңгімелерді мазмұндай отырып, салыстырулар, әдемі сөздер қолданады. Әңгімелесу кезіндегі балардың тәртібіне қатаң талап қойылады: олар әңгімені бөлмейді, анық, асықпай, бірізді сөйлеу керек.
Диалогтық сөйлеуді қалыптастыру үшін ауызша нұсқау беру тәсілі қолданылады (кубиктерді жуу үшін тәрбиешінің көмекшісінен тряпка сұрау, көрші топқа кітапқа барып келу). Бұл тәсілдің сөйлеу этикетін игеруде маңызы зор. (Самал өтінемін Алма Мұхтаровнаға барып былай де: Алма Мұхтаровна егер сізге қиын болмаса легендегі суды ауыстырып бере аласыз ба?) үлгіні тәрбиеші ұыснады,оны балар қайталайды.
Ересек топта диалогтық сөйлеуді дамыту үшін біріккен әрекет өте маңызды. Ол балаларға диалогтық іскерлікті игерудің қажеттігін сезінуге, оны дамытуға көмектеседі.
Осымен қатар, диалогтық сөйлеуді дамытудың келесі тиімді әдісі дидактикалық, қозғалыс ойындары болып табылады.
Әңгіме – бұл алдын-ала таңдалған тақырыпқа ұйымдастырылған, дайындалған диалог және мақсатқа бағытталған талқылау.
Әңгіменің мазмұны балаларды қоршаған өмірмен: адамдар тұрмысымен, еңбегімен, қоғамдық өмірдегі жаңалықтармен, балабақшадағы балалар әрекетімен (ойын, еңбек, өзара көмек, достар) таныстыру бойынша бағдарламалық материал болып табылады.
Әңгіменің тақырыбы балалармен жүргізілетін тәрбиенің нақты міндеттерімен олардың жас ерекшеліктерімен, серуен және бақылау процесінде алынған сөздік қорларымен анықталады.
Мысал ретінде әңгіменің тақырыптары:
1. Қоғамдық өмірдегі құбылыстарды көрсететін тақырыптар;
2. Еңбек тақырыптары: ата-аналардың, балабақша қызметкерлерінің жұмыстары;
3. Балалардың өз еңбектері байқалатын әңгіме;
4. Үй шаруашылығында техниканы қолдану бойынша әңгіме;
5. Тұрмыстық тақырыптар бойынша әңгіме: ойыншық, ыдыс-аяқ, киімдер, мектепке қажетті құрал-жабдықтар бойынша;
6. Табиғат жайында әңгіме;
7. Моральды-этикалық тақырыптар бойынша әңгіме.
Әңгіменің топтары, Е.А.Флерина дидактикалық міндеттерге сүйене отырып, әңгіменіңтоптарын 3-ке бөліп көрсетті. 1. Кіріспе әңгіме, әрекеттің кез-келген түріне балаларды ұйымдастыру; 2. Балалардың бақылауына және әрекетке байланысты әңгіме; 3. Қорытынды әңгіме, балалар тәжірибесын нақтылайтын және кеңейтетін.
Әңгіменің аталған түрлеріне тоқталар болсақ:
Кіріспе әңгіме, мақсаты – болатын әңгімеге қызығушылық құру және жан-жақты тәжірибесін көрсету. Мұндай әңгімебалалар тәжірибесінен шектен тыс кетпесе, қысқа, эмоционалды болса табысты болады.
Жаңа тәжірибені жинақтауға байланысты әңгіме. Ол балалар әрекеті, серуен, бақылау кезінде жүргізіледі және балалардың жалпы қызығушылықтарын біріктіреді. Мақсаты – мол және мақсатты тәжірибеге жинақтауға балалардың көңілін аудару және ынталандыру. Бұл кезде балалар еркін қозғалып, бір орыннан екінші орынға орындарын ауыстыра алады. Тәрбиеші қатаң тәртіп сақтауды, балалардан қосымша жауап алуды талап етпейді.
Қорытынды әңгіме, оны басқаша жалпылау деп атайды. Мақсаты – бақылау, серуен, әрекет процесінде алынға, балалардың тәжірибесін кеңейту, нақтылау, жүйелеу. Бұл әңгіме түрі алдыңғы екеуіне қарағанда қарым-қатынастың сұрақ-жауап формасына байланысты, диалогтық сөйлеуді дамытуға көмектеседі.
Әңгімеде білімді жүйелеу оның дұрыс құрылымына байланысты болады. Е.И.Радина әңгіменің төмендегі құрылымдық компоненттерін бөліп көрсетеді:
- өмірлік тәжірибесіне жақын құбылыстарды еске түсіру негізінде әңгіме басында тірі образды балалардың сезінуі;
- осы құбылыстарды әңгіме барысында талдау, қорытындылауға қажетті шынайы бөліктерді бөліп көрсету;
- қарапайым қорытындылау.
Әңгіменің басталуы –балаларда олар көрген құбылыстар мен заттардың образдарын қайта жаңғырта алатындай образды, эмоционалды болу керек. Әңгімені әр түрлі бастауға болады: педагогтың әңгімесін еске түсіру арқылы, ойыншықты, заттарды қарап. Эмоционалды құрал негізінде сурет, жұмбақ, тақпақтар қолдануға болады. Мысалы: «Күз» - жайында әңгімені бастау үшін «Неге күзді алтын деп атайды?», «Мәдениетті тәртібі жайында» - қандай адамды мәдениетті, сыпайы деп айтуға болады.
Әңгіменің негізгі бөлімінде – құбылысты талдау барысында оның мазмұны ашылады. Педагог түсіндіреді, балалрдың жауабын қолдап, қорытындылап, қосымшалар, түзетулер енгізеді. Бұл бөлімде бірнеше логикалық аяқталған бөлімдер болады. Мысалы: «Ана жайында» әңгімеде 3 мазмұнды бөлімдерді бөлуге болады: өндірістегі ананың еңбегі, ананың үйдегі еңбегі, баласының анасына көмегі. «Мектеп жайында» әңгімеде: мектеп ғимараты және сынып, оқушылар мен мұғалімдер, мектеп құралдары, 1 қыркүйек мектепке барамыз.
Әңгіменің аяқталуы – барлық әңгіме жайында жалпы қорытынды шығарумен байланысты. Әңгіменің аяқталуы оның сипатына және мазмұнына байланысты әр түрлі болады. Егер әңгіме танымдық сипатта болса, балалар немесе тәрбиеші аяқтайды, жалпылайды. Этикалық әңгіме ережелерді орындауға байланысты аяқталады. Мысалы: «Сыпайы адамдар бірінші кіргенде барлығымен амандасып, күледі. Сыпайы балалар ешқашан бірінші болып амандасуды ұмытпайды. Осыны үнемі есте сақтаңдар». Әңгіме тақырыпқа байланысты жұмбақпен, тақпақ оқумен, мақал-мәтелмен, магнитофон тыңдаумен аяқталады.
Әдістемеде қандай топта әңгіме-сабақ өткізуге болатыны анықталады. Кіші топта тәжірибе жинақтау процесінде қолданылады. Ол ойыншықтар, суреттер көрсетумен іске асады. Естияр топта серуен және бақылау кезінде жаңа білімдер алуда қолданылады. Ересек топта әңгіменің барлық түрі қолданылады.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1436;