Балабақшада сөздік жұмыстың мазмұны мен міндеттері
Әдістемеде төрт негізгі міндетті бөліп көрсеткен:
1. Балалардың бұрыннан таныс емес сөздерді, олардың лексикондарына бар сөздердің жаңа мағынасын- игеруі, жаңа сөздермен сөздікқорды молайту.Сөздік қорды молайту алдымен жалпы қолданатын лексмка негізінде жүреді (заттардың, белгелердің, әрекеттің, процестің және т.б.атауы).
2. Сөздік қорды бекіту және анықтау. Балалар көп жағдайда заттың нақты атауын білмейді. Сондықтан белгілі сөзді тереңірек түсіну қажет, оларды шынайы өмір объектілерімен сәйкестілік негізінде толықтыру, жалпы қолданыстағы сөздерді қолдану іскерлігін дамыту.
3. Сөздік қоды белсендіру. Балалардың игерген сөздері екі категорияға бөлінеді: пассивті сөздік қор (бала түсінеді, байланыстырады бірвқ қолданбайтын сөздер) және белсенді (активті) сөздер (бала түсініп қана қоймай, оны белсенді, саналы түрде қоладанады). Балалармен жұмыста жаңа сөз балалардың белсенді сөздік қорына енгенін қадағалау керек. Ол оның тілінде бекітіліп, қайта жаңғыртылған кезде ғана жүреді.
4. Балалардың тілінде әдеби емес сөздерді алшақтату. (жаргондар және т.б.). Бөтен ортада болғанда жаман.
Жоғарыда аталған міндеттер өзара байланысқан және сәйкес терминологияны қолданбай-ақ практикалық деңгейде шешіледі.
Мектепке дейінгі жаста сөздік жұмыстың мазмұны сөздік қордың құрылуымен анықталады.
Алғашында балалар тұрмыстық сөздерді игереді: дене, бет бөліктерінің атаулары; ойыншық, ыдыс, жиһаз, киім, тамақ, ғимараттар атауы;
Табиғат құбылыстарына байланысты сөздер: өлі табиғат құбылыстарының, өсімдік, жануарлар атауы;
Жалпы сөздер: қоғамдық өмірдегі құбылыстарды білдіретін сөздер (адамдардың еңбегі, туған жер, ұлттық мерекелер, әскер және т.б.).
Эмоционалды-бағалаулексикасы: эмоцияны, сезімді (батыр, адал, қуанышты), заттардың сапалы бағасын білдіретін сөздер (жақсы, жаман, ғажап).
Уақытты, кеңістікті, санды білдіретін сөздер.
Мектепке дейінгі әр түрлі топта сөздік жұмыс мазмұны бірнеше бағыт бойынша қиындатылады. В.И.Логинова 3 түрлі бвғытты бөліп көрсетті:
· біртіндеп жоғарлайтын заттар мен құбылыстарды таныстыру негізінде сөздік қорды кеңейту;
· қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайында білімдерін кеңейту негізінде сөздерді меңгеру;
· нақты белгісі бойынша заттарды айыру және жалпылау негізінде қарапайым түсініктерді білдіретін сөздерді енгізу.
Балабақшада сөздік жұмыс алдымен аномасиологиялық аспект (объектінің атауына назар аударылады – Бұл қалай аталады?) негізінде жүргізіледі. Осымен қатар семасиологиялық аспект (назар сөздің өзіне аударылады – Мына сөз нені білдіреді?) бойынша жүргізіледі.
Сөздік жұмыс принциптері:
-ойлау, қабылдау, қиялдың дамуымен сөздік қорды дамытудың бірлігі;
- қоршаған ортаны белсенді тануға сүйену;
- біртіндеп дамыған балалардың ойлау әрекеттерімен, қоршаған ортаны тану мүмкіндіктерімен сөздік жұмыс мазмұнының байланыстылығы;
- байланыстырып сөйлеуінің дамуымен, сөйлеудің фонетикалық және грамматикалық қалыптасуымен өзара байланысындағы сөздік жұмыстың барлық міндеттерін шешу.
Сөздік жұмыстың әдістері мен тәсілдері:
Әдістің екі тобы бар: балалар сөзінің мазмұнын толықтыру әдісі (қоршаған әлеммен таныстыру және сөздік қорды байыту әдісі); сөздік қорды белсендіруге және бекітуге бағытталған әдістер.
Әдістердің бірінші тобына: заттарды қарау және зерттеу, бақылау, балабақша ғимаратын қарау, мақсатты саяхат, толық таныс емес суретті қарау, көркем шығарманы оқу, кино, бейнефильмдер көру енеді.
Негізінен, сөздік қорды белсендіруде басты орынды ойын алады. Сюжетті-рольдік ойындарда тұрмыстық тақырыптарда, тұрмыстық сөздер, ал өндірістік тақырыптағы ойындарда – кәсіби лексика, құрылыс ойындарында – заттардың кеңістікте орналасуын және сапасын, қасиетін білідіретін сөздер белсендіріледі.
Сөздік жұмыс бағдарламаның басқа бөлімдері бойынша барлық сабақтарда жүргізіледі. Мысалы: бейнелеу өнері сабағында балалар заттардың, жабдықтардың, материалдардың, олардың қасиеттерінің атауын игереді. Мысалы: «Балалар егер дөңгелек шарға таяқшаларды жапсырса, қандай зат болар еді?», немесе, «Егер саздан жасалған таяқшаны майыстырса, не шығар еді?» Егер балалар жауап беруге киналатын болса, онда тәрбиеші өзі түсіндіріп, шыққан заттарды көрсетеді. Болмаса бұрын саздан жасалған фигураларды көрсетеді.
Саздан өздігінше мүсін жасауды былайша ұйымдастыруға да болады. Тәрбиеші: «Балалар, менде шарик және таяқша бар. Ал сылдырмақ жасау үшін не істеуім керек?»дейді. Немесе әрбір балаға екі-екіден шарик пен таяқшалар береді де: Осылар арқылы бір ойыншық жасаңдар!» деп тапсырма береді. Балалар өз беттерінше заттардың мүсінін жасап жатқанда тәрбиеші оларға сұрақтар қойып, кеңес беріп отырады. Дұрыс шешім қабылдауларына жәрдемдеседі. Қорыта айтқанда, әр-түрлі тісілдермен әдістерді меңгеру балаларға саздан мүсін жасауға өз сенімдерін арттырады.
Тәрбиеші сабақ кезінде заттың формасы калай жасалғандығы, композициясы, іс-әрекеті, пропорциясы қалай берілгендігі жөнінде әрбір баланыњ қимыл-қозғалысын қадағалап отырады. Тәрбиеші балаларды өзінің сұрақтарымен, кеңесімен тақырыпты қызықты да, дұрыс шешуге бағыттайды. Егер бала ойнап жүрген мысық балаларын балшықтан жасаймын деп оларды қозғалмайтын жағдайда жасап қойса, тәрбиеші балаларға: «Ойланшы, ойнап жүрген мысық балаларына ұқсау үшін мүсінге не істеу керек?»— деп ойландыратын сұрактар қояды.
Егер бала қиналатын болса, ересек адам сұрақты анықтап қояды: «Ойланшы, бір-бірімен ойнап жүрген мысық балаларының аяқтары калай болады?» Мұндай сұрақтар балаларға тура кеңес бермейді, бірақ оларды сабақ үстінде бейне жайында, ойлауға мәжбүр етеді. Заттың түрін, пропорциясын балалар дұрыс келтіре алмай қиналатын болса, онда балалармен жекелей жұмысқа көшу керек. Балаға ойыншық суретті көрсетіп, осылар жайында оның ойын білу керек. Тіпті, болмаған жағдайда оѓан басқа балшық кесегіне жабыстыру әдісін көрсету керек.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 5705;