Сөздік қорды дамыту әдістемесінің жалпы сұрақтары
Сонымен, сөздік қорды дамыту әрекеттің әр түрлі түрлерінде жүзеге асады. Мектепке дейінгі балалардың тілінің дамуы тек ғана сабақтарда ғана қадағаланбай сонымен қатар режимдік сәттер, серуендер барысында үлкендер мен балалармен қарым-қатынасы процессінде, тәрбиешінің басқа сабақтарында бекіту жұмысы түрінде өту керек. Ал сөйлеу икемдері мен дағдыларды бекітуінің тиімді жолдарының бірі – сазды және дене тәрбиесі бойынша өтетін сабақтар, яғни балалар әртүрлі ертеңгіліктерге, ойын-сауықтарға қатысып, өлең айтып, тақпақтарын оқиды, қазақ тілінде қысқаша сахна - бейнелерді көрсетеді, қазақ халқының ұлттық аспаптарымен танысып (жетіген, домбыра, қобыз, асатаяқ, дауылпаз), олардың үндерін айыруға үйренеді. Қазақ тілін меңгеру процессін белсендіруі үшін, тәрбиелік мағынасы бар және сөйлеу икемдері мен дағдыларын қалыптастыратын әртүрлі қарым-қатынастардың ахуалдарын ұйымдастыра білу керек. Бұл бағытта мұғалім мен тәрбиешінің, мұғалім мен мектепке дейінгі мекеме қабырғасында қызмет атқаратын басқа мамандар арасында өзара әрекет болуы жөн.
Оқытудың гуманизация процессі сабақта қолданатын оқу жұмысын ұйымдастыруының иілмелі формаларын ізденісін, ойлау стереотиптерін меңгеруін алдын-ала болжайды. Бұндай формалардың бірі – шағын топтарда жұмыс істеу. Танымдық белсендіктің тәсілдерін зерттеу мектепке дейінгі баланың шағын топта жұмыс істеу барысында өз білімдерін серіктерінің білімдерімен салыстырып жүретінін көрсетті. Шағын топта құрылған жағымды жағдай балалардың белсендігін жоғарылатады, ал мұғалім өз жұмысының тиімділігі мен әр баланың және де өзіндік кемшіліктерін көрнекі көріп, оларды жүйелеп жояды. Жұмыс тәжі-рибесі бірлесіп оқыған жеңіл және тиімді екенін көрсетті. Мысалы: балалар тобы екі жартылай топқа 7-8 адамға бөлінеді. Әр жартылай топ жалпы тақырыптың бөліміне жататын бір тапсырма алады. Әр баланың жекеше жауаптары былай белгіленеді: әр жартылай топтың табыстығы әлде сәтсіздігі оның мүшесінің сәттік әлде сәттсіздік жауабына байланысты. Бұндай жағдай жартылай топтың барлық мүшелерін материалды игеру, түсінуінде бір-біріне көмекке келуге ынталандырады.
Оқыту бойынша қолданатын лексикалық тақырыптар ( «Отбасы», «Балабақша», «Қазақстан – менің туған өлкем», «Туған қалам», «Қазақстан табиғаты», «Көлік түрлері», «Халық салт-дәстүрлері», «Кәсіптер», т.б.) жеке тұлғаның дамуымен байланысты. Қазіргі сәттегі жеке тұлға – қоршаған әлеммен өзара әрекетке түсетін мектепке дейінгі бала. Лексикамен танысу аудирование арқылы өтеді. Қазақ тілі бойынша берілетін материалды табысты есте сақтау үшін озық оқытудың технологиясын қолданады.
Мектепке дейінгі баланың психологиялық ерекшеліктері мен оның көрнекі-бейнелік ойлау қабілетін ескеріп, педагогтар баланы халық педагогиканың қайнар көзіне қатыстыру керек – салт-дәстүрлерімен сахналау арқылы таныстырып, олардың қойылуында ауызша халық шығармашылығын кең пайдалану жөн (мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ырымдар; Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова сияқты ұлы сазгерлердің күйлерін тыңдау). Осындай сабақтарда балалар өздерінде Отан-шылдық, қайырымдылық, игілік сияқты рухани қасиеттерін тәрбиелейді. Педагог алдымен өз жұмысын дұрыс жоспарлап, бағыттаса, бұндай жан-жақты ұйымдасты-ру тілдік ортаға «батудың» себепшісі болып, мектепке дейінгі балалардың қазақ тіліне оқыту процессінің тиімділігін жоғарылатады. Және де 6 жастағы бала үшін тіл меңгеруі – еңбекшілдік, жігердің байсалды сынауы болып шығады. Ал бұл қасиеттер балада тек ғана жаңа - жаңа салынады. Сондықтан мектепке дейінгі бала педагогтардың психологиялық қолдауы мен көмегінде мұқтаж болады. Баланы қателік жасаса да, одан қорықпай, саспай, қайтадан сұрап, қайталауға үйрету және тәрбиелеу керек. Өкінішке орай мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет атқаратын қазақ тілі мұғалімдеріне мамандық бойынша білім алатын орын жоқтығының мәселесі тікелей тұр, яғни олардың арасындағы көбісі бұрыңғы тәрбиешілер, әлде мектеп профильдік қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімдері.
Мектепке дейінгі балалардың балалық шағының ерекшеліктерін алдын-ала ескеріп – олардың тез шаршағандығын, қозғалыс және эмоционалдық тиянақсыздығын – сабақ барысында іс-әрекеттің түрлерін жиі айырбастау жөн.
Бұған тапсырмалардың әр - түрлерін орындауы: диалог, ребус, сөзжұмбақтарды шешу; дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, «Танысу», «Дүкенде», т.б. тақырыптарға қарай сұқбаттарға үйрету; сабақ соңында сурет салу; міндетті түрде комментарий беріп, бояу; буындарды әріптерден, буындардан сөз құру, дауысты дыбыстарды танып, оларды дауыссыз дыбыстардан айыру, геометриялық пішіндер мен түстерді танып айту; реттік, кері, тұра санауларды білу; тақпақ, өлеңдер, жаңылтпаштарды таза айтуға дағдыландыру.
Ойын – мектепке дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрі. Сондықтан, ойын арқылы қазақ тілінде сөйлеуге оқыту – маңызды әдіс. Ойынды сүйемелдеу факторлары – қызығушылық, әуестік, қуаныш сезімдері – оқыту процессін жеңілде-теді. Ойындар мектепке дейінгі баланың ауызша сөйлеу дағдылары мен икемдерін жетілдіруі үшін қолданады. Бұл себепке қарай, оқыту процессінде ойынды күрде-ліндіру барысында жүйелік, жеңілдік, көрнекілік принциптерін сақтауы қажет. Рөльдерде, ертегілерде ойнау балаларда әрдайым табыстық табады. К.Д. Ушинскийдің айтуынша «Бала табиғаты көрнекіліктерді талап етеді. Баланы белгісіз бес-алты сөзге үйретсеңіз, ұзақ және текке қиналасыз, ал егер суреттермен, көрнекіліктермен жиырма сөз үйретсеңіз, бала оңай – ақ меңгеріп алады». Балалар нақты ойлайды, сондықтан көру образы жақсы жадында сақтайды және есінде көпке дейін қалдырады.
Балалар ертегілік кейіпкерлерді, хайуанаттар мен құстарды бейнелеп, өздерінің шағын мәтіндерін жаттап, ертегілер бойынша қойылған театрланған көріністерге белсене қатысады. «Отбасы», «Балабақша», «Емхана», «Шаштараз», «Дүкен», «Қонақтар үшін дастархан жаямыз» атты сюжеттік-рольдік ойындар барысында балалар қоршаған әлемнен алған таныс бейнелерді көрсетіп, орындайды. Бұл мақсатта қимылды («Күміс алу», «Тақия тастамақ», «Орамал», т.б.), дидактикалық ( «Лото», «Лабиринт», «Домино», «Саңырау телефон», «Артық сан», «Оң жақта не бар, сол жақта не бар?», «Түстер», «Геометриялық пішіндер», «Мына заттарды бір сөзбен ата», сөздік «Ассоциациялар», «Не жүзеді ?, не батады ?», «Не артық?», «Жекеше - көпше», «Ұшады - ұшпайды», т.б.) ойындары кең қолданады. Сабақ барысында оқыту тиімділігін жоғарылататын сәттер: оқытудың әртүрлі тәсілдерін алмасуы, ойындық тапсырмалардағы нұсқаулар, көрсетулер, түсіндірулер. Мысалы, мұғалім «иттің» суретін әлде ойыншығын көрсетеді, ал балалар оны атап, не істейтінін айтады: «үреді», «күзетеді». Ересек топтағы балалар сөйлем құрайды.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 3196;