Бақылау сұрақтары

Азіргі заманғы мұнай және газ барлау мен пайдаланылатын терең ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары.

МЕСТ 16293-82-ге бұрғылау қондырғысының 11 сыныбы кірді, олардың басты параметрі ілмекке түсетін шартты жүктеме мен бұрғылау тереңдігінің шартты диапазоны болып табылады. Жаңа бұрғылау қондырғыларының шифрында сәйкесінше бұрғылаудың шартты тереңдігі мен ілмекке түсетін жүктеме көрсетіледі (мысалы, БУ1600/100ЭУ). Бұрғылау қондырғысының шифрында көрсетілетін маңызды белгісіне, күштік жетектің түрі (Д- дизельді, ДГ- дизель гидравликалык, ДЭР – дизель электрлі реттелетін, Э- айнымалы токтағы электрлі, ЭП-тұрақты токтағы электрлі және т.б) және бұрғылау қондырғысы жинақталу қабілеттілігі (У-әмбебап жинауға қабілеттілік) кіреді.

Бұрғылау қондырғыларының сенімділігінің және өнімділігінің жоғарылауы - бұл тоқтаусыз өсіп отыратын бұрғылау көлемдерінің жақсы орындалуына себепкер болады. Көп жағдайларда шығарылатын модельдердің ауыстырылуы бұрғылау қондырғылыраның параметрлерінің өзгеруіне байланысты болады.

 

1.1-кесте, Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының негізгі параметрлері.

Параметрлері Бұрғылау қондырғыларының сыныбы
Ілмектегі рұқсат етілген жүктеме, кН
Бұрғылаудың шартты диапазоны, м 600-1250 1000-1600 1250-2000 1600-2500 2000-3200
Тәл жүйесінің жабдықталуы 4х5 4х5 4х5 4х5 5х6
Тәл арқанының диаметрі, мм 22; 25 22;25 22;25;28 25;28 28;32
Аварияларды жою кезіндегі ілмектің көтерілу жылдамдығы, м/с   0,1-0,2   0,1-0,2   0,1-0,2   0,1-0,2   0,1-0,2
Жүксіз элеваторды көтеру жылдамдығы, м/с, кем емес 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5
Көтергіш агрегат жетектік (кіргіш) білігіндегі қуат, кВт 200-240 240-300 300-440 440-550 550-670
Ротор столының өту диаметрі, мм 460;560 460-560 520,7;560
Ротордың жетектік білігіндегі қуат, кВт, артық емес 180-370
Ротор столына рұқсат етілген статикалық жүктеме, кН
Ротор столымен берілетін момент, кН*м, артық емес
Негізгі бұрғылау сораптарынң саны, аз емес
Бұрғылау сорабы жетегінің қуаты, кВт 300;375 300;375 475; 600; 750 475; 600; 750
Сораптың шыға берісіндегі жоғары қысымы (манифольдта), МПа 20;21 21;25 25;32 25;32
Свечалардың номиналды ұзындығы, м 18;25;27 18;25;27 25;27;36
Негіздің биіктігі, м, кем емес 4,4;5,5 4,4;5,5 5,0;5,5

 

1.1 - кестенің жалғасы

Параметрлері Бұрғылау қондырғыларының сыныбы
Ілмектегі рұқсат етілген жүктеме, кН
Бұрғылаудың шартты диапазоны, м 2500-4000 3200-5000 4000-6500 5000-8000 6500-10000 8000-12500
Тәл жүйесінің жабдықталуы 5х6 6х7 6х7 7х8 7х8 7х8
Тәл арқанының диаметрі, мм 28;32 32;35 32;35 35;38 38;42 42;44
Аварияларды жою кезіндегі ілмекті көтеру жылдамдығы, м/с 0,1-0,2 0,1-0,2 0,1-0,2 0,1-0,2 0,1-0,2 0,1-0,2
Жүксіз элеваторды көтеру жылдамдығы, м/с, кем емес 1,5 1,5 1,5 1,4 1,4 1,4
Көтергіш агрегат жетекті (кіру) білігіндегі қуат, кВт 670-900 900-1100 1100-1475 1475-2200 2200-2950 2500-2950
Ротор столының өту диаметрі, мм
Ротордың жетектік білігіндегі қуат, кВт, артық емес
Ротор столына рұқсат етілген статикалық жүктеме, кН
Ротор столымен берілетін момент, кН*м, артық емес  
Негізгі бұрғылау сораптарның саны, аз емес
Бұрғылау сорабы жетегінің қуаты, кВт 475;600 750 600;750950 600;750;950 950;1180 1180; 1840
Сораптың шыға берісіндегі жоғары қысымы(манифольдта), МПа 25;32; 25;32 25;32; 32;40 40;105
Свечалардың номиналды ұзындығы, м 25;27;36 25;27; 25;27;36 25;27;36 25;27; 27; 36
Мұнара негізі биіктігі, м, кем емес 5,0; 6,0 6,0 6,7; 8,0 6,9;8,0 7,5;8,0 8,5

 

Шығарылатын бұрғылау қондырғылары мезгілді түрде сенімді және өнімділігі жоғары, бұрғылаудың дамып жатқан қажеттіліктеріне және ғылыммен техниканың жаңа жетістіктеріне сай келетін модельдерімен жаңартылып отырылады. Бұрғылау қондырғысының сенімділігі және өнімділіктің жоғарылауы - бұрғылаудың үздіксіз артатын көлемі мен сәтті орындалуының басты көрсеткіші.

Бұрғылау қондырғысының жиынтығына бұрғылау жабдықтары, жуу ерітіндісінің циркуляциялық жүйесінің жабдықтары, лақтыруға қарсы жабдықтар, көтеріп-түсіру амалдарын автоматизациялауға арналған АСП механизмдерінің жинағы және қашаудың берілісін реттегіш және т.б кіреді.

Уралмаш бұрғылау қондырғыларының негізгі жинақтық базасында бұрғылау қондырғылары кең таралған. Сонымен қатар Уралмаш зауыты теңізде бұрғылауға арналған ПБУ 6000/60ПЭМ және ППБУ 6000/200ППЭМ бұрғылау жабдықтарын шығарады. Бұрғылау өндірісінен алынып тасталған БУ80Брд, БУ80БрЭ қондырғыларының орнына Уралмаш 3000ЭУК, Уралмаш 3000ЭУ, Уралмаш 4000Э-1, Уралмаш 4000Д-1, Уралмаш 6500Э, Уралмаш 6500ДГ және де солармен қатар басқа да жекелеген модельдер пайдаланылады.

Зауытта БУ80БрД және БУ80БрЭ-1 бұрғылау қондырғыларының орнына БУ2500ДГУ және БУ2500ЭУ бұрғылау қондырғылары жасалынған. Бұл қондырғылардың негізгі және қосымша жабдықтары жекеленген блоктарда жиналады және шынжыр табанды ауыр жүк тасымалдағыштармен тасымалданады.

Мұнаралы блокта мұнара, ауыспалы берілісті қорапшалы бұрғылау шығыры, ротор, ротор мен шығыр трансмиссиялары, көмекші жетек, АКБ-3М2 кілті, көмекші шығыр, бұрылмалы кран, бұрғылауды басқару пульті және аздаған басқа жабдықтар орналасады. Бұл блоктың негізі тірегі металдық платформа. Көмекші тежегіші және рамасы бар шығыр мұнаралы блоктың шығырлық секциясын құрайды. Мұнаралы блоктың рамалы көмекші жетегінің секциясына үзілісті беріліс қорапшасы, шығыр трансмиссиясы кіреді.

БУ2500ДГУ жетектік блогы үш секциядан тұрады; дизельді, трансмиссиялы және ауажинағыш. Дизельді секцияда қуаты карданды білік арқылы тізбекті көбейетін бәсеңдеткішке берілетін үш күштік агрегат қондырылған. Трансмиссиялы секцияда тізбекті жұпталған бәсеңдеткіш және екі компрессорлы станция орнатылған. Шынжырлы бәсеңдеткіш бұрғылау шығырына, сораптарға, роторға және бір компрессорлы станцияға (екінші компрессорлы станция электірлік жекеленген жетегі бар) күштік агрегаттар қуатын беруге мүмкіндік береді. Ауа жинағыш секциясында екі ауа жинағыш, ауа жылытқыш АПВ200/140 агрегаты, ылғал бөлгіш-фильтр және май бөлгіш орналасқан.

Сораптық блок пневмокомпенсаторларды қуаттандыратын жоғары қысымды компрессорлы-сорапты басқару пульті бар екі сораптық секциядан, қажетті коммуникациялардан тұрады. Әр сораптық секция НБТ-600 бір жақты әсерлі, үш поршеньді сорап және жетек рамасын қамтиды.

Дизель-генераторлы блок негізден, екі дизель-электрлік агрегаттан, басқару станциясынан, құю ыдыстарынан және аккумулятор батареялардан тұрады.

Секциялы конструкция бұрғылау қондырғысына қарайтын блокты жеке секциялардан тұратын ұсақ бөліктерді топтап тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бес дизельді жетегі бар БУ3000БД қондырғысы электрленбеген аймақтардағы барлау және эксплуатациялық ұңғыларды бұрғылауда қолданылады. Ол өндіруші-зауыттан көтеріп түсіру операцияларын автоматтандыруға арналған АСП жиынтықты механизмімен, мұнарамен, негізбен, каркасты жабумен жабдықталынады.

БУ3000БД қондырғысы модификациялау барысында БУ3000БЭ1 қондырғысына айналып электрлік жетекпен жабдықталған, қондырғы қарапайым кинематикалық сұлбамен жоғары өнімділікке (жоспарланған бұрғылау көлемі жылына сәйкесінше 3540 және 5700 м.) ие.

БУ3000ЭУК әмбебап тасымалдану мен монтаждалуды (ірі және ұсақ блоктар және жеке агрегаттар) қамтамасыз ететін, бұрғылау жабдықтарымен жасақталады. Ал Батыс Сібір жағдайында ұңғыны көп тармақты бұрғылауға арналған. БУ-3000ЭУК-1 модификациясы жоғарыда аталған қондырғыдан блоктардың орналасуымен ерекшеленеді. Модернизацияланған БУ3000ЭУК-1М бұрғылау қондырғысы БУ3000ЭУК қондырғысы ілмегіндегі 1700 кН жүктемеге қарсы 2000 кН жүктемеге ие.

БУ3000ДГУ қондырғысында В2-450 дизелі орнына қуаты 475 кВт 6ЧН21/21 дизелі, немесе СА-10 дизель-гидравликалық күштік агрегаты қолданылады. БУ3000ЭУ шығырында гидродинамикалық қосымша тежегіштің

орнына электромагнитті көмекші тежегіш орнатылған. У8-6МА2 екі әсерлі екі поршеньді сораптың орнына одан тиімдірек УНБТ-950 біржақты үшпоршеньді сораппен жабдықталған. БУ3000ДГУ және БУ3000ЭУ қондырғылары БУ3000БД және БУ3000БЭ-мен салыстырғанда монтаждалуы әмбебап және транспорттық негізбен тасымалданады.

БУ4000ГУ-Т тропикалық климатты елдерге экспорттауға тағайындалған. Жинақтық орындалуы және жабдықталу құрамы тапсырыс берушінің сұранысына байланысты орындалады. Олардың параметрлері әлемдік стандартқа сай болу керек.

БУ4000Д-1 және БУ4000Э-1 бұрғылау қондырғылары Уралмаш 3ДЦ-76 және Уралмаш 4Э-76-дан айырмашылығы АСП кешенді механизмімен, қашау берілісін реттегішпен, қосымша қызмет көсететін кранмен, тұтынуышының қалауына байланысты тәл механизмінің 5х6 немесе 6х7 жабдықталуымен, зауыт-өндірушінің бұрғылау жабдықтарымен бірге басқа да бұрғылау жабдықтарының барлығымен ерекшеленеді.

БУ5000-ДГУ және БУ5000ЭУ АСП жинақтық механизмімен, қашау берілісті реттегішімен, УНБ-600 сорабымен және әмбебап монтаждалуы мен тасымалдауға арналған бұрғылау жабдықтарымен жабдықталған. БУ5000ДГУ қондырғысы СА-10 күштік агрегат базасындағы дизель-гидравликалық жетекке ие.

Уралмаш 200Д-IV және Уралмаш 200Э-IV бұрғылау қондырғыларын алмастырған БУ6500Э және БУ6500ДГ АСП жинақтамасымен, У8-7, МА-2 сораптарымен, 1АДГ-1000 агрегаттық дизель-гидравликалық жетегімен, қазіргі заманғы электрожабдықтармен және ұсақблокты монтажға арналған бұрғылау жабдықтарымен қамтылған.

Уралмаш 6000ПЭМ бұрғылау қондырғысы топтамасы негізінде cу тереңдігі 60м теңіз ұңғысын бұрғылауға арналған Уралмаш 6000/60 ПБУ типті қалқымалы өзі көтергіш бұрғылау қондырғысы тағайындалған. Топтаманың КТО механизациялау деңгейі 75%-ға жетуі, реттегіш электрлік шығыр, ротор, сораптар жетегі, АСП жинақтамасымен жабдықталуының арқасында жүзеге асырылады.

Уралмаш 6000/200ППЭМ бұрғылау жабдығының топтамасы қалқымалы жартылай батпалы бұрғылау қондырғыларына арналған.

Бұрғылау қондырғысы жабдықтама кешенінен, бұрғылау құбырларын ұстап тұратын механизмдерден, оның берілісін, жіберу, көтеру және ұзарту және ұңғыдағы бұрғылау сұйықтығы айналысын қамтамасыз ететін жабдықтар кешенінен, одан бұрғыланып шығарылған газдан тазалауға арналған және басқа қасиеттерін қайта қалпына келтіретін жабдықтардан, бұрғылау тізбегін айналдыруға арналған жабдықтардан тұрады.

Ұңғы оқпанын тығыздауға арналған жабдықтар бітеу және өтпелі плашкалы превенторлардан, әмбебап, айналмалы превенторлар мен оны басқару жүйесінен тұрады.

Айналмалы бұрғылау әдісіне тәуелсіз, барлық жұмыстардың орындалуына бұрғылау қондырғысының басты сұлбасы және оның құрамы мен жабдықтары барлық жағдайда бірдей, тек параметрлері және конструкциясымен ғана ерекшелінеді.

Бұрғылау қондырғысы бұрғылау тізбегін ұстап тұратын мұнарадан, күштік жетектен, бұрғылау қашауына айналыс пен жүктеме беретін жабдықтан, бұрғылау сұйықтығын айдауға арналған сорапты кешеннен, бұрғылау сұйығын дайындауға және бұрғыланған жыныстар мен газдан тазартуға және қасиеттерін қайта қалпына келтіруге арналған жабдықтардан, тозған қашауды алмастыру үшін құбырларды көтеріп-түсіруге арналған жабдықтар кешені мен ұңғы оқпанын тығыздауға арналған жабдықтардан, бақылап-өлшеу аспаптары мен басқа да жабдықтар түрінен тұрады. Бұрғылау қондырғысының топтамасына жоғарыда айтылғандармен қатар монтаждау кезінде жабдықтарды жеткізетін негізі, аралық баспалдақтар, жағармайға, сұйықтыққа, суға, химиялық реагенттерге, ұнтақ материалдарға арналған ыдыстар да кіреді.

Ұңғыны шектік бұрғылау жылдамдығына қолданылатын жабдықтардың мінездемесі бұрғылау режимінің талаптарын толығымен қанағаттандырған кезде жетеді. Тау жыныстарының бұрғылануын анықтайтын физика-механикалық қасиеттері жоғары шектерде өзгереді, сондықтан бұрғылау қондырғысы жеткілікті жоғарғы диапазонда бұрғылау режимінің параметрлерінің өзгеруін қамтамасыз етуі керек. Бұрғылау режимін анықтайтын факторларға: бұрғылау шарттарына байланысты типтік қашау өлшемдері сәйкестігі, оған түсетін өстік жүктеме, айналу жиілігі, айдалатын сұйықтық пен газдың көлемі мен сапасы, түптік қозғалтқыштың жұмыс уақыты кіреді.

Құрлықтағы әт-түрлі тереңдікте ұңғыларды тік немесе көлбеу бұрғылау, түрлі барлау, пайдалану ұңғыларын теңіз бетінде немесе басқа да жағдайларда бұрғылау үшін тек бір сыныптық және біртипті бұрғылау қондырғысын пайдалану мүмкін емес, дегенмен барлық жағдайда бұрғылау қондырғылары бірдей немесе ұқсас функцияларды атқарады. Алайда әртүрлі бұрғылау жағдайына арнайы қондырғы жасау мүмкін емес, сондықтан бұрғылау қондырғысы әмбебап немесе тез модификацияланатын және нақтылы бұрғылау жағдайына икемделген болуы керек.

Бұрғылау қондырғысын келесі факторларды ескере отырып таңдауымыз керек:

-қондырғының тағайындалуы және бұрғылау шарты – теңізде, құрлықта бұрғылау (тегістік, тау, орман) т.с.с;

-климат, қоршаған орта температурасы және оның өзгеруі, желдің күші және т.с.с;

- бұрғылау мақсаты, барлау немесе эксплуатациялық;

-ұңғының типік параметрлері - тік немесе көлбеу, бұрғылау тереңдігі, ұңғы конструкциясы;

-бұрғылаудың түрлері мен әдістері (роторлы немесе ұңғы түбі қозғалтқышы арқылы) және түптік қозғалтқышқа қажетті гидравликалық қуат, бұрғылау жуу сұйығының түрі мен қасиеттері (сұйықтығы, көпіршіктенуі немесе газ), сұйықтың негіздік мінездемесі (су немесе мұнай), тізбекті түсіру және көтеру амалы және т.б.;

-бұрғылаудың геологиялық шарттары- бұрғыланатын жыныстар құрамы, шиеленістер туындау мүмкіндігі, қысым аномалдығы, тереңдікке байланысты температура өзгеруі, жерасты суларының агрессивтік дәрежесі және т.б.

Осындай барлық факторларды анықтап талдағаннан кейін, қондырғы түрін тағайындайды. Қазіргі уақыттағы біршама үлкен қондырғы тобын көрсететін, құрлықта бұрғылау үшін классикалық бұрғылау әдісін қарастырамыз.

БҚ біршама үлкен өнімділік пен нәтижелікке ие болуы керек. БҚ нәтижесінің өлшемі ұңғы немесе әр бұрғыланған метр болып табылады, ал өнімділігінің көрсеткіші, ұңғы немесе белгіленген шамадағы 1 м бұрғылану бағасы болып табылады.

Біршама үлкен, терең ұңғыларды бұрғылауға арналған БҚ-мен терең емес ұңғыларды да бұрғылау мүмкіндігі бар, мысалы 6000-7000м ұңғыларға арналған БҚ 2550м ұңғыларды да бұрғылауға болады, әрине экономикалық жақтан бұл өте тиімсіз, ал 2500м тереңдікке арналған БҚ-мен тереңдігі 6000-7000м ұңғыларды бұрғылау мүмкін еместігі мәлім. Әрине БҚ қолданудағы экономикалық тиімділікке жету үшін, оның параметрлерінің анализін (эксплуатацияға арналған берілгендері мен мінездемесі) білуіміз қажет.

Бұрғылау тереңдігі, сораптар жиынтығы мен көтеру жетегінің қуаты, айналмалы бұрғылау тізбегі мен көтеру жабдықтарына түсетін шектік жүктеме, қолданылатын бұрғылау құбырлары мен ұңғы оқпанының диаметрі, БҚ-ның ықшамдығы, жетек ретінде қолданылатын энергия түрі БҚ мінездемесі болып табылады.

БҚ екі түрлі категорияға бөледі: терең барлау-эксплуатациялық ұңғыларды және тайыз структуралық-іздеу ұңғыларын бұрғылауға арналған қондырғылар.

Бірінші категориядағы қондырғылар екіншіге қарағанда, ауыр бұрғылау құбырларымен, ұңғыны терең бұрғылау мүмкіндіктерімен, бұрғылаудың үлкен диаметрімен ерекшелінеді. Әрине бұл қондырғылардың қуаты мен шектік жүктемесі және салмағы да үлкенірек.

Әр БҚ категориялары бірнеше сыныптарға ие, олар белгіленген тереңдік пен белгілі бір құрылымда бұрғылауда сапалы көрсеткіштер көрсетеді.

Қолданылатын шегендеуші құбырлардың диаметрі, құрылымы мен салмағын ескере отырып, қозғалтқыштың белгілі бір күшімен, ілмекке түсетін шектік жүктеме мөлшерін ескере отырып әр түрлі тереңдіктегі ұңғыларды бұрғылауға болады. Терең бұрғылауда ұңғы диаметрін 215мм, тереңдікті метрмен есептеп, бұрғылау тізбегінің диаметрі 114мм және 1 м құбыр салмағы 30кг болатын бұрғылау құбырларын қолданданатын БҚ қуатын салыстыру арқылы оларды сыныптайды. Басқа диаметр мен салмақтағы бұрғылау құбырларын қолданғанда, осы БҚ шектік бұрғылау тереңдігі оның номиналды тереңдігінен өзгеше болуы мүмкін.

Сұлбамен сәйкес орналасуын таңдаудағы басты факторларға кіретіндер:

-орындаудың қарапайым кинематикалық сұлбасына сүйене отырып, ұңғы бұрғылаудағы негізі функцияларды жақсы орындау;

-жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, тасымалдауының қарапайымдылығы мен тез орындалуы;

-бір бұрғылау нүктесінен екіншісіне бірнеше рет көшіргендегі қондырғының параметрлері мен құрылымының тұрақтылығы;

-көптеген орын ауыстырулардан кейінгі біліктердің өстілігінің сақталу сенімділігі;

-құрылымдағы жалпы металсыйымдылығының аздығы;

-агрегаттардың және басқару органдарының монтаждаудағы және техникалық қызмет көрсетудегі қарапайымдылығы;

-бұрғылау свечаларының барлық жинақтамасы мен ауырлатылған құбырлар тізбегін және ұңғының жобадағы тереңдікке арналған шегендеу құбырлары тізбегі салмағын 10% қорымен орнату мүмкіндігі;

-көшіруге бар көліктерді қолдануға, лақтыруға қарсы және басқа да жабдықтарды орнату мүмкіндіктеріне ие болу үшін негіздің биіктігінің жеткілікті болуы;

-ыңғайлы жағдайда, тиімді шарттарда жұмыс жасау үшін техника қауіпсіздігінің жақсы орындалуы.

Сәйкес орналастыруды басты жабдықтардың тиімді орналасу сұлбасынан, БҚ кинематикалық және күштік сұлбасын таңдау мәселелерін шешуден бастау керек.

Сәйкес орналастырудың басты ережесі – бірнеше варианттардың талдауын жүргізе отырып, тиімдірегін таңдау.

Сәйкес орналастыру кезінде – унификацияланған агрегаттар мен бөлшектердің максимал қолдануын, сонымен қатар БҚ негізгі факторларының жұмысқабілеттілігі мен нәтижелілігін ескеру керек. Көбінесе, жеке факторлардың маңыздылығы, монтаждағы қабылданатын әдістер мен демонтаж және жабдықтарды тасымалдауға байланысты.

Ауыр жинақты сәйкес орналастыруды орындау кезінде, жабдықтардың макетін қолдану аса тиімді. Ол жабдықтың орналасуын, қолжетімділігін, тасымалдау және монтаждау шарттарын тексеруге мүмкіндік береді. Ол тік жазықтықта және жоспарда жабдықтардың сәйкес орналасуын талдауға мүмкіндік бере отырып, біріншіден жасалынатын сәйкес орналастырудың нұсқасын жоспар түрінде, содан кейін тік жазықтықта орнатады.

БҚ-ң сәйкес орналастыру жоспары үшін бастапқы нүктесі, ұңғы сағасының центрі болып табылады (1.5-сурет), онымен шығырдың орналасуын анықтайтын ротор тесігінің центрі сәйкес келуі тиіс. Шығырды бұрғылау қондырғысы қақпасына және қабылдау көпірлеріне қарсы орналастырады, себебі шығырдың көмегімен бұрғылау құбырларын және басқа жабдықты іске қосу керек.

Шығыр 2 және ротор 1 диаметрлері Dp арасындағы В кеңісігіндегі оператордың жұмысын қамтамасыз ету үшін шығырдың басты барабанының I-I өсі ұңғының II-II өсінен А қашықтықта орналасуы керек.

Шығырды, шығыр барабанының кесе көлденең өсі (өс III-III) ұңғы осі арқылы өтетіндей етіп орналастыру керек.

Егер басты шығыр бұрғылау еденінен төмен орналасса, онда А арақашықтығын былай таңдау керек; арқанның жетекші тармағы мұнараға ілініспей кронблокқа жақындауы керек және операторға арқанның барабанға оралуы кезіндегі көрінісі қамтамасыз етілуі керек.

Басқа жабдықтарды бұрғылау қондырғысының тағайындалуына және оның сыныбына байланысты, шығырға қатысты әртүрлі арақашықтықта орналастыруға болады. 1.4-суретте беріліс қорабының, трансмиссияның, шығыр артындағы сорап пен қозғатқыштың желілік орналасуы классикалық сұлба ретінде келтірілген. Мұндай сәйкес орналастырудың артықшылығы- трансмиссияның тізбектік берілісін және жеңіл негіздерін қабылдауға мүмкіндік береді, жабдықты шағындап орналастырады. Тізбекті трансмиссия кезінде барлық агрегаттар білігі параллель орналасып және бір бағытта айналуы керек. Ыңғайлы болу үшін жетекке біржақты айналатын іштен жану қозғалтқышын қолданады.

 

1.5-сурет. Бұрғылау жабдықтарының жоспарлы сәйкес орналастыру сұлбасы:

1 – ротор; 2 – шығыр; 3 – свечаны орналастыруға арналған магазин (подсвечник); 4 – құбырларды қабылдау мосты; 5 – құбырларға арналған сөрелер; 6 – беріліс қорабы; 7 – трансмиссия; 8 – қозғалтқыштар; 9 – бұрғылау сораптары; 10 – қақпа, ұңғы центрі.

 

Бұрғылау қондырғыларының сәйкес орналастырылуын әр түрлі етіп орындайды.

Сәйкес орналастырудың белгілі бір сұлбасын таңдау алдында барлық факторларды қарастыра отырып, орныққан жағдайда көбірек техника-экономикалық нәтиже беретін нұсқасын таңдау керек.

Жұмыс орны ондағы өндіру процесінің басты элементтері, жұмыс сапасы нәтижелілігін көрсететін қондырғының басты буыны.

Оператор жұмыс жасайтын, машина органдары мен жұмыс орнының тиімді орналасуы, жоғары өнімділік пен тиімді психофизиологиялық жұмыс шартын қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Көпфункциялы агрегаттардың қондырғы тетіктерін бұрғылау кезінде оператор (бұрғышы) басқаратындықтан, ал бұрғылау бригадасы барлық қажетті операцияларды орындайтындықтан, бұрғылау қондырғысын жобалаған кезде жұмыс орнына және ондағы жабдықтардың сәйкес орналасуына айрықша назар аудару қажет.

Алдымен операция құрамын талдап, оның орындалу ретін, уақыт бойынша бірге орындалуын, бұрғылау бригадасы мүшелері арасындағы функцияларды бөлу қажет. Бригаданың әрбір мүшесі БҚ-да орындалынатын жұмыстардың түрлеріне қарай, әр жерлерде кезектесе жұмыс жасаса болады: ротор маңындағы алаңда, қабылдау алаңшаларында, мұнара балконында, сорапты және күштік бөлімдерде, бұрғылау сұйықтығын дайындау және тазалау аймақтарында. Бұрғылау бригадасы әр түрлі тағайындалудағы және сыныптағы бұрғылау қондырғыларында жұмыс істей алу үшін, жұмыс жасап жатқан қондырғыларда жұмыс орындарының типтік анализін жасау міндетті.

Ұңғыны бұрғылау процесі көп түрлі операцияларды, көп бөлігі бірізді ұңғыларды бұрғылау кезінде қатаң түрде қайталанылатын, ал кейбіреуі әрқашан жасалына бермейтін (жұтылуды ескертетін жұмыстар, газдың пайда болуы, шиеленістерді тойтару және т.б) операцияларды орындайды.

Бұрғылау бригадасының орындайтын маңызды операцияларының біршама бөлігі, көптеген бір типті механизмдермен бұйымдарды қолдануды қажет етеді. Бұл механизмдердің көбісі әрқашан жұмыс орынында болуы керек болғандықтан, операторлардың жұмыс істеу шарттары нашарлайды, сондықтан бұрғылау қондырғысының жұмыс орнында орындалып жатқан операцияда қолданылмайтын механизмдер оған кедергі келтірмейтіндей етіліп, тиімді жобамен қарастырылуы керек. Қондырғыдағы жұмыс орнын жоспарлауда - жұмыс орнын негізгі және көмекші жабдықтармен, механизмдермен, бұйымдармен жабдықталуын қарастыру қажет, жұмыс орны еңбек шартымен, түрлі аралық байланыстарымен қамтамасыз етілуі керек.

БҚ-ның жабдықтарының жалпы сәйкес орналасуын, негізгі агрегаттардың тік және көлденең жазықтықтарда орналасуының сұлбасын таңдағаннан кейін жүзеге асырады. Бұл кезеңде қондырғылардың орналасуын тек орындалатын функциялармен ғана емес, барлық факторлар есебімен анықтайды.

Барлық жұмыс жасау процестерінде екінші деңгейдегі факторлар, мысалы климаттық шарттар немесе аймақтың сипаттамасы басты маңызы болмағанмен, сәйкес орналастыруды таңдау сұлбасында бұл факторлардың әсері көп. Қарапайым жағдайда, құрлықта 2500 м дейінгі ұңғыларды бұрғылауда мұнара және көтеру қондырғылары бұрғылау нүктесінде қосақтала бекітілген негізде жинақталады. Трансмиссия, беріліс қорабы және жетектік электрқозғалтқыштар бұрғылау еденінің деңгейінде, шығыр артыңда бір сызық бойында орналасқан. Жетек негізінің биіктігі жоғары болса (шамамен 3м), бұл монтажды, демонтажды, негіздің құрылымын біршама қиындатады, алайда бұндай ұңғыларды бұрғылау қолжетімді болу үшін, жекеленген блоктардың салмағы 30т-дан аспай және монтаждық, демонтаждық жұмыстарды мұнай кәсіпшілік жүккөтергіш құралдардың көмегімен жүргізілуі тиіс. Сорапты кешен, бұрғылау сұйықтығын дайындау және тазарту жүйесінің жабдықтары мен қабылдау алаңдары ықшам орналасқан болу керек.

Дебиет

5 негізгі /89-101/

Бақылау сұрақтары

1. Қазіргі кезде қандай бұрғылау қондырғыларын қолданады

2. Бұрғылау қондырғылары классификацисын айтып беріңіз

3. Бұрғылау қондырғылары құрылымы қай бағытта дамуы мүмкін

4. Бұрғылау қондырғылары экономикалық тиімділігі қалай артуы мүмкін.

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2172;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.068 сек.