Лекция Монтаждаудың дәлдігін және сапасын қадағалау әдісі.

 

Бұрғылау қондырғысын және барлық ғимараттарды орналастыру алдында, құрылыс алаңында фундаменттерді орналастырмас бұрын бұрғылау қондырғысы бойлық және ендік өстерін анықтайды.

Бұрғылау қондырғысы бойлық өсі ұңғы центрі арқылы қабылдау көпірі бағытында (оның өсі арқылы) өтеді және сонымен қатар құрылыс алаңының жалпы еңісіне және желдің жиі тұратын бағытына бағдарланған мұнара блогы бағытымен анықталып, ал ендік өс оған кесе көлденең ұңғы центрі арқылы өтеді.

Беті көлбеу емес, барынша тегіс құрылыс алаңында қабылдау көпірі бағыты желдің жиі соғатын бағытына байланысты келесі есеппен орналасады, бұрғылау қондырғысы қақпасы және қабылдау көпірі қондырғының ық бетіне қаратылады. Мұнара блогының осылай орналасуы көп жағдайда жұмысшы алаңды желден, жауын шашыннан біраз қорғайды.

Беті көлбеу орналасқан жұмыс алаңында қабылдау көпірі бағыты жер көлбеулік бағытымен орналасып, циркуляциялық жүйе жабдықтары төменірек орналастырылып, шлам, техникалық су бұрғылау жабдықтары фундаментіне және мұнараасты алаңына, лақтыруға қарсы жабдықтарға бармайтындай болуы тиіс.

Таңдалған кенорынның бұрғылану торы сұлбасы бойынша, бұрғылау кәсіпорны комиссиясы, тапсырыс беретін кәсіпорын қатысуымен, әр жыл сайын көктемде бұрғылау қондырғыларының түпкілікті орнатылатын жер бөлігін дүниенің төрт бағытына қатысты белгілеп береді. Ірі блоктарды тасымалдайтын жолдарды, құбырөткізгіштер салынатын және электрберіліс жүйесі тартылатын орындарды белгілейді. Одан соң әрбір ұңғы нүктесінде блоктардың орналасу орнын анықтап, оларды бірқалыпты тасымалдайтын көліктің маршрутын көрсетеді. Алдын ала дайындық және жер қазу жұмыстарының көлемі анықталып, инженерлік диспечерлік қызмет көрсету ғимараты, бұрғылау алаңына және басқа нысандарға келетін жолдардың орнындары белгіленеді.

Осыдан соң жүргізілетін жұмыстардың орындалу ретін, қажетті материалдар, техникалық құралдар тапсырысын, жұмыстардың орындалу мерзімін анықтап және сол жұмыстарға жауап беретін адамдарды сайлайды. Бүкіл жаз бой бұрғылау алаңын дайндауға байланысты барлық жер қазу, дайындық жұмыстарын орындайды. Жаз кезінде тағы да орман ағаштарының кесіліп бұрғылау алаңы орны тазалануын, коммуникация және блоктар тасымалданатын жолдарының салынуын қадағалайды.

Аталған жұмыстардың жүргізілуіне жыл мезгілінің көп әсері болмайтын оңтүстік аудандарда алаңды дайындау жұмыстары жыл бойы жүргізіле береді.

Құрылыс алаңын ағаштардан олардың діңдерінен бульдозерлердің көмегімен, жер қазу жұмыстарын қопсытқыштардың, бульдозерлердің, грейдерлердің, скреперлердің және басқа техниканың көмегімен жүргізеді.

Қопсытқыштарды өте тығыз жерқыртысын қопсыту үшін қолданған кезде жер қазатын машиналардың өнімділігі артады. Грейдерлерді жол салатын жерлердің топырағын ысырып, тегістеп жаю үшін қолданады. Біраз алыс қашықтықтарға топрақты скреперлердің көмегімен жылжытады. Электр желісі тіректері астына қазылатын шұңқырларды тракторға немесе автомобильге орналастырылған бұрғылау машинасымен қазады.

Тұрақты су құбырлары орнатылатын траншеяларды роторлы немесе шынжырлы экскаватормен қазады. Ұзындығы онша үлкен емес траншеяларды шынжыртабанды немесе пневматикалық жылжытылатын бірковышты экскаваторлармен қазады. Кейде бірковышты экскаваторлармен жуу сұйығына және бұрғыланған тау жынысының шламына арналған амбарларды қазуға қолданады.

1.6 - суретте үлгі ретінде Уралмаш 4Эбұрғылау қондырғысының алғашқы монтаждалу кезіндегі жабдықтарының орналасу сұлбасы келтірілген.

Монтаж жұмыстарын бастамас бұрын, құрылыс алаңына бұрғылау жабдықтарын түгелімен және керекті материалдар мен технологиялық бөлшектердің 70-80% тасып орналастырады.

Жабдықтардың құрылыс алаңына орналасу реті монтаждық сұлбаға (агрегаттық бөлшектенген, аралас немесе іріблокты), жер бедеріне, топырақ сипаттамасына, жүру жолдарына, жабдықтарды тасымалдау әдістеріне және фундамент блоктары өлшемдеріне байланысты болатындығы, механимдерді қайтадан қозғап тасымалдамау, жұмысшылардың монтаждау орнын өзгерте бермеу және жұмыс жүргізілетін жерлердің тар, ыңғайсыз болмауын қатамасыз ету үшін.

Бұрғылау жабдықтары мен блоктары монтаждау орнына өте жақын орналасуы тиіс.

Бұл кезде келесі қағидалар басшылыққа алынуы керек:

-арнаулы негіздер мен фундаменттік құрылымдарға орнатылмайтын жабдықтар мен блоктар тасымалданатын транспорттан, мүмкіндігінше тура монтаждалатын алаңға немесе бөренелер мен тақтайлардан жасалған төсеніштерге түсірілуі тиіс;

 

Сурет, А-типті, ВАС-42 мұнаралы Уралмаш 4Э бұрғылау қондырғысын құрылымдау кезіндегі жабдықтар мен материалдардың орналасу сұлбасы

1- элетрқозғалтқыш; 2- РВНО; 3- сорап блогы; 4- әртүрлі ыдыстар; 5- сазараластырғыштар; 6- компенсаторлар; 7- әртүрлі құбырлар; 8- шапшағдық берілісі; 9- шығыр; 10- магниттік станциялар; 11- электрстанция; 12- компрессоры; 13-ағаш материалдар; 14- көтеру сырығының бөлшектері; 15- бүйірден тіреулер ; 16- оң жақ төменгі секция; 17- мұнара секциялары; 18- алдыңғы блоктар; 19- фундаменттік брустар; 20- орталық ферма; 21, 24- мұнара асты тіректері; 22- артқы тірек; 23- швеллерлер; 25- шығыр фермасы; 26- редуктор фермасы; 27- тас; 28- құм; 29- цемент; 30- сорап; 31- циркуляциялық жүйе үшін ағаш материалдар; 32- елек конвейер; 33- полати бөлшектері; 34- мұнараның кронблоктық бөлігі; 35- кронблок; 36- кронблокасты рама; 37- кронблокасты бөлшектер; 38- қабылдау көпірі бөлшектері; 39- солжақ төменгі секция; 40- бұрғылау сораптары үшін ағаш материал.

 

-фундаменттер мен негіздерге орналастырылатын жабдықтар мен блоктар монтаждық сұлба бойынша, құрылымданатын фундаменттердің жанына, оның үстіне отырғызу реті бойынша орналастырылады;

-тас, құм және цемент фундаменттер мен негіздер құрылымданатын маңайға түсіріледі;

-тақтайлар, бөренелер және брусь тақтайлар құрылымданатын жердің маңына тракторлар мен крандардың қозғалуына кедергі келтірмейтіндей болып түсіріледі;

-құрылыс алаңына жеткізілген материалдар мен жабдықтар олар қолданылғанша, уақытша белгілі бір тәртіп бойынша сақталуы керек: домалақ және өңделетін ағаштар әр бөлек стеллаждар мен төсемелерге; су тақтайлардың будасы қатар-қатар өздерінен тасталған төсемелерге; бұрғылау сораптары, ротор, трансмиссия және басқа жабдықтар ылғал топыраққа ауа райының салқын кездерінде жабысып қатып қалмас үшін ағаш брустарға немесе метал төсеніштерге орналастырылуы керек.

Мұнара жинақтау бригадасы тоқтамай жұмыс істеу үшін ең қажетті технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етілу керек және олардың саны және қажеттілігі ұңғының бұрғылау тереңдігімен анықталады.

Бұрғылау қондырғысының мұнара жинақтау бригадасына керек материалдар жұмыс барысы кезегімен, арнайы технологиялық есептеулермен анықталады.

Фундамент жер бетіне бір жағы қазылып отырғызылатын, екінші жағы жер бетінен көтеріңкі және оған орнатылған жабдықтың жұмыс барысында туындайтын жүктемелерінің бәрін жерге беретін аралық құрылым болып табылады. Фундамент монтаждалатын жабдыққа тірек болуымен қатар, оның жұмыс кезіндегі шайқалуы мен дірілін толығымен немесе бір бөлігін өшіруі тиіс.

Фундаменттерді негізгі екі топқа бөлуге болады: статикалық жүктемеге арналған фундаменттер және динамикалық жүктемеге арналған фундаменттер.

Статикалық жүктеме деп конструкцияның және жабдықтың массасынан болатын жүктемені, ал динамикалық деп периодты немесе айнымалы түрде мәні мен бағытын өзгертіп тұратын жүктемені атайды.

Статикалық жүктемемен жүктелген фундаменттерге ғимараттар қабырғалары астындағы фундаменттер, колоннналар, тірек бағандары, жуу сұйығы және су қоры, саз ұнтағы силосы, цемент, циркуляциялық жүйе ыдыстары астындағы фундаменттер жатады.

Бұл фундаменттер келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

-есептелген жүктемені қабылдап, оны жерге біртегіс беруі керек;

- олардың отырып кетуі есептелген шамадан аспауы керек;

- керекті жағдайда бүйірден берілетін қысымды көлденең жылжымайтындай қалыпта қабылдауы керек;

-олардың жерге әсері топырақты деформацияламауы керек (мәңгі мұздақ жерлердегі фундаменттер).

Динамикалық жүктемелерге арналған фундаменттерге, жүктелу кезінде уақытқа байланысты жүктеме мөлшері өзгеретін, бұрғылау қондырғысы мұнаралық-күштік блогы, сораптар қондырғысы, компрессорлар, газтурбиналы қондырғылар, электрқозғалтқыштар, дизель-электрстанциялар астына орнатылған фундаменттер жатады.

Осыған байланысты бұндай фундаменттердің және олардың негіздерінің жұмыс жасау шарты, статикалық жүктелетін фундаменттерге қарағанда өте күрделі.

Жоғарыда аталған агрегаттардың астына орналасқан фундаменттер, агрегаттар мен жабдықтардың массасынан пайда болатын статикалық және одан басқа оларды іске қосу және өшіру кезінде, айналатын немесе жылжитын бөлшектер массасы инерциялық күштерінен пайда болатын жүктемелерді қабылдайды.

Күрделі жұмыс жасау шартын ескере отырып, мұнара, бұрғылау және қолданым жабдықтары келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1. Фундаменттің массасы оған берілетін вибрациялық жүктемелерді, аудару моменттерін өшіруге жеткілікті болуы керек.

2. Жерге берілетін меншікті қысым сол жердің тау жынысына беруге болатын меншікті қысымнан аспауы керек (1.7 - кесте).

3 Фундамент материалына ең үлкен жүктемеде берілетін нақты сығу кернеуі сол материалдың мүмкін болатын кернеуінен артық болмауы керек.

4. Фундамент қатты болуы керек: жұмыс барысында қатты қозғалтатын жүктемелер оның тұрақтылығына, беріктігіне әсер етпеуі керек.

5. Фундамент материалы температуралық және атмосфералық әсер етулерге тұрақты болу керек.

 

1.7 - кесте, Әртүрлі тау жыныстарының мүмкін болатын меншікті қысымы

Тау жынысы Мүмкін болатын меншікті қысым, МПа Тау жынысы Мүмкін болатын меншікті қысым, МПа
Созылмалы саз 0,1-0,25 Гравий 0,5-0,6
Қатты саз 0,3-0,6 Щебень 0,4-0,6
Созылмалы суглинок 0,1-0,25 Созылмалы мергель 0,3-0,5
Қатты суглинок 0,25-0,4 Көгал, жер 0,05
Құрғақ құм 0,2-0,3 Ил, торф 0,005
Дымқыл құм 0,15-0,25    

 

6. Фундамент берік және құрылымдау еңбек, материалдар және уақыт шығыны тиімді болуы керек.

7. Фундаменттің элементтері көп рет қолданылатын болуы керек, өйткені монтаждалған бұрғылау қондырғысы уақытша ғимарат.

8. Бұрғылау мұнарасы астына орнатылған фундамент лақтыруға қарсы жабдықтарды орналастыруға мүмкіншілік беруі керек.

Фундаменттерді отырғызу тереңдігі және конструкциясы монтаждалған жабдықтардың сенімді жұмыс жасауына жеткілікті болып және құрылыс алаңының геологиялық, гидрогеологиялық жағдайына, тау жынысы түрі мен физикалық күйіне, қабат сулары деңгейіне, топырақтың қатуы кезінде ісінуіне, жыл мезгіліне байланысты топырақтың қатып, еруіне, құрылымның арналуына, конструкциясына, мөлшеріне және негізге әсер ететін жүктеме түріне байланысты.

Дайындалған алаңның жер бетінен фундаменттің отырғызылу тереңдігі оның табанына топырақтың қатуына байланысты ісіну күшінің әсер етуін болдырмайтын шартына байланысты СНиП 2.02.01-83 талаптарына сәйкес анықталады.

Жылтылмайтын ғимараттың ішкі және сыртқы конструкциялары фундаменттерінің отырғызылу тереңдігі құм, супес және суглиноктерге жер бетінен қату тереңдігіне байланысты есептелген тереңдікке орналасуы тиіс. Температураның төмендеуінен топырақтың қатып, көлемінің өзгеруіне байланысты фундаменттің, ғимараттың немесе оның бөлек бөлшектерінің біркелкі емес отыруы, ғимарат элементтерінің жылжуы және қирауы мүмкін. Осындай қауіпті болдырмау үшін фундаменттің табанын топырақтың қату тереңдігінен 0,3 м төмен отырғызу керек.

Фундаменттердің өлшемдері орнатылатын агрегаттардың өлшемдеріне байланысты болады және оларды топрақтың тұрақтылығы мен тығыздығына қарай таңдалады. Топрақ тығыздығы төмен болғанда, оған отырғызылатын фундаменттің өлшемдерін үлкейтіп, оның өзінен өлшемдері үлкен бетон негізге орнатып немесе свайлардың көмегімен беріктігін арттырады. Бетон негіздің қалыңдығы 200-300мм тең етіліп, және бұл негіз фундамент шетінен 300-350мм шығып тұратындай, фундаменттің төменгі бөлігінің конструкциясы жобалау кезіндегі есептік өлшеміне сәйкес болуы керек. Фундаменттің жоғарғы бөлігінің өлшемдері және формасын машина дайындаушы зауыттың сызбаларына сәйкес анықтайды.

Фундаменттің өлшемдерін анықтау үшін келесі берілгендер болуы тиіс: фундаментке берілетін статикалық жүктеменің орналасуы мен мөлшері; жинақталған ең ірі агрегаттың монтаждық массасы; фундаментке берілетін монтаждық жүктеме мөлшері; теңестірілмеген жүктемелер; жетек электрқозғалтқышының тұйықталу моменті; фундамент негізі орналасатын жердің геологиясы және гидрогеологиясы, топырақтың физикалық қасиеттері.

Бұрғылау қондырғысын монтаждау кезіндегі фундаменттің отырғызылу тереңдігінің біраз ерекшеліктері бар. Бұрғылау қондырғысы барлық жабдықтары металлконструкция - блоктарда монтаждалған. Шығыр, энергетика және сорап блоктары металлконструкциялары, монтаждалған жабдықтардың сенімді жұмысын қамтамасыз етеуге жеткілікті беріктік пен массаға ие және бұл металлконструкциялар арнаулы фундаментке бекітпей ақ шектен асып кететін вибрацияның туындауын болдырмайды.

Бұл блоктардың металлконструкциялары тіректік белдіктерінің тіректік ауданы жеткілікті, олардың үлкен өлшемдері көлденең туындайтын күштердің иінтіректерін азайтып отырады. Үлкен масса және монолитті металлконструкция вибрация мен дисбалансқа қарсы тұрады. Сондықтан көп жағдайда бұрғылау қондырғылары астына құрылымдалатын фундаменттер біраз қарапайым, тірек бағандары арнаулы фундаментсіз тура топыраққа орнатылуы мүмкін, алайда блоктардың астындағы алаңды тегістеу, невелировка және бетон төсеме салу арқылы дайындайды.

Монтаждау жұмыстарының тәжірибесіне сүйеніп, бұрында ұсақблокты құрылымдау кезінде қолданылатын ауыр бетон фундаменттерді, іріблокты әдіс кезінде брустардан дайындалған төсемелерге, металл фундаменттік тумбаларға, көп рет қолданылатын жеңілдетілген бетон плиталарға, жол плиталарына ауыстыруға мүмкіндік туды.

Тәжірибелік және есептік жолмен, бұрғылау тереңдігі 3200 м ұңғыны бұрғылауға арналған қондырғы блогын, табанына қалыңдығы 200-300мм құм төселген, тереңдігі 0,5м фундаментке орнату жеткілікті. Құм төсеме үстіне қалыңдығы 70мм тақтайдан тұтас төсеме төселіп, одан соң қалыңдығы 0,6м бетон плита орнатылып, оған металлконструкцияның тіректік бағандары (тумбалар, тағандар) орнатылады. Сораптық және күштік блоктардың фундаменті мұнаралық блокка қарағанда қарапайым. Оларды орналастыру жұмыстары өсімдік өскен қабатты қыруға және құм төсемеге немесе тура тазаланған жерге қалыңдығы 0,15м брустарды орналастыруға саяды.

Берілген региондағы бұрғылау қондырғыларын монтаждау жұмыстарына арналған техникалық шарттарда фундаменттерді орналастыру сұлбасы келтіріледі.

Бұрғылау мұнарасы, күштік және басқа блоктар бес түрлі фундаменттерге орналастырылуы мүмкін (1.7 - сурет).

Құм төсемелерді түйіршіктері ірі және орташа іріліктегі құмдардан (ұсақ түйіршікті құмдар төсеу ұсынылмайды), қабаттарымен тығыздап жасайды. Дайындалған төсемеге керекті фундаментті отырғызып, оның екі жандарына топырақ салынады.

Бетондық момнолитті фундаменттерді дайындау өте көп жұмысты қажет етеді және қымбат, өйткені олар демонтаж кезінде сол орнында қалады. Сондықтан экономикалық көзқарас тұрғысынан көптеген жағдайларда бұрғылау қондырғысы фундаменттері тайыз отырғызылады, өйткені монтаждалған бұрғылау қондырғысы ұзақ мерзімді құрылым емес және оның құрылымдау нүктесіндегі қолданылу мерзімі, өндірістік 50 жылға арналған тұрақты құрылымдармен салыстырғанда өте қысқа.

Дайын бетон, темірбетон блоктарынан дайындалған көп рет қолданылатын фундаменттер экономикалық өте тиімді болып саналады. Негізінен өлшемдері 2,0х1,0х0,6 м (массасы 3 т) 1,2х0,6х0,6 м (массасы 1,92 т), суырып алуға, тиеуге және қайта орналастыруға ыңғайлы болу үшін, екі ойықта диаметрі 16мм жұмыр темірден жасалған ілгіштері бар блоктар түріндегі фундаменттер қолданылады.

Фундаменттік блоктарды отырғызудан бұрын, алаңдағы белгілерді тексеріп, бөлшектеу өстері бойынша болат немесе ағаш қазықтар қағылады. Фундаментті монтаждаудан бұрын олардың отырғызылатын жерлеріне құмнан қалыңдығы 50-100 мм төсеніш төселеді. Құм төсеніштің беті тегіс, ауытқусыз көлденең, тығыздалған болуы керек.

Фундаменттік блоктарды төрт тармақты строптармен монтаждық ілмектерінен іліп кранның көмегімен отырғызатын жеріне береді. Орналастырылатын жерден шамамен 10 см биіктікте фундаменттік блокты бұрып центрлейді, одан соң орнына түсіреді.

Фундаменттік блоктың дұрыс орналасқандығын геодезиялық аспаптардың көмегімен тексереді. Блоктардың центрлері аралығын рулетканың көмегімен сынақтық тексереді. Фундаменттік блоктардың алаң жазықтығындағы бір-біріне және жобалық орнына қатысты ауытқуы ±10мм аспауы керек.

Фундаменттік блоктардың алаң жазықтықтығындағы орналасуын тексерумен қатар оларды биіктік бойынша да тексереді. Фундаменттік блоктардың биіктік бойынша жобаланған мөлшерден ауытқуы ±5мм аспауы тиіс.

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2146;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.019 сек.