Монтаж жұмыстарына арналған саймандар мен құралдар

Мұнара монтажы бригадасы монтаждалатын бұрғылау қондырғысы түріне, таңдалған монтаждау әдісіне және жасалатын жұмыстардың түрлері мен көлемдеріне байланысты, өздерінің қарауында ауыр жұмыстарды механизациялайтын техникалық құралдар мен қол саймандары болуы тиіс.

Бригаданың монтаждау, демонтаждау жұмыстарына қолданатын саймандары мен құралдардың ең қажет түрлері -кестеде келтірілген.

Техникалық құралдардың біраз бөлігі бригадаға уақытша белгілі бір жұмыстарды орындау үшін бөлінеді:

-А түріндегі мұнаралар үшін мұнара көтергіш (монтаждық сырық);

-бұрғылау қондырғысы ірі блоктарын тасымалдауға арналған ауыржүктасығыш арбалар;

-бұрғылау қондырғысын демонтаж жасаған жерден жаңа нүктеге материалдар мен жабдықтарды тасымалдауға арналған тасымал көліктері;

-жабдықтар астына фундаментке бетон дайындауға арналған бетонараластырғыш;

-трассаны, құрылыс алаңын дайындауға және басқа жер өңдеу жұмыстарына арналған бульдозерлер, грейдерлер, скреперлер, экскаваторлар;

-электржелісі тіректерін, мұнара кергілері зәкірлерін орналастыруға арналған шұңқырлар қазуға арналған бұрғылау тракторы және бұрғылау кранды машинасы;

-талқандағыш пневмобалғаларымен пневмокомпрессорлар;

-бұрғылау мұнараларын сынақ жүргізуге арналған жабдық;

-мұнараның негізгі тірегі болып келетін құбырларды, айдау құбыр желісін тексеруге, алаңды, фундаменттерді невелир жасауға арналған аспаптар мен аппаратуралар.

Торпақты, қатты тау жыныстарын қолмен жөндеуге арналған аз мөлшердегі жұмыстар үшін қолданылатын саймандардың дұрыстығын және өңделетін материал қаттылығына сәйкестігін тексеру қажет (1.5 - сурет).

 

Сурет, Қол жұмыстарына арналған саймандар

1, 2-ломдар; 3-бірұшты қайла; 4-екіұшты қайла; 5-ағаш сына; 6, 8-шот қайла; 7-болат сына; 9-кувалда; 10-үшкір күрек; 11-үшкір емес күрек; 12-жалпақ ұшты күрек; 13-доғал ұшты күрек.

Бақылау сұрақтары

1. Элементтердің жүру (несущий) кабілеттігі деген не?

2. Элементтердің шектік жағдайының басталу шарты қандай?

3. Элементтердің жүру қабілеті неге байланысты?

4. Сынғыштық бұзылыстың басталу шарты қандай?

5. Шаршау қисығы қалай салынады?

6. Шаршау қисығының теңдеуі қалай жазылады?








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3710;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.