Лекция Бұрғылау және өндірістік жабдықтарды монтаждаудың жалпы мәселелері
Барлық категориядағы ұңғылар қорық аймақтарынан, электржелісі жүйесі аймағынан, мұнайгаз магистральдарынан және басқа өндірістік және қоғамдық объектілерден тыс жерде орналасуы керек.
Ұңғыны тұрғызуға арналған негізгі құжат, кенорынды игеру үшін геологиялық барлау жұмыстарының және технологиялық жобаның талаптарын ескеретін, тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша құрылымдалған жоба болып саналады.
Жұмысшы жоба жағдайлары ұқсас, осы алаңда немесе жақын маңда бұрын бұрғыланған ұңғылардың тәжірибесін пайдаланып, ұңғының барлық қолданыс кезінде сенімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және қоршаған ортаның жер қыртысы қорғалуын қамтамасыз етуі керек.
Ұңғы құрылысы келесі шарттар орындалған кезде ([13], 2.1.4) басталуы мүмкін:
-тағайндалған тәртіпке сай бекітілген жобалық-сметалық құжат болса;
-өндірістік атқарушы ұжыммен және материалды техникалық қамсыздандыру базасымен жылбойына байланысты қамтамасыз ететін транспорттық магистралдар, жолдармен қамтамасыз етілгенде;
-бұрғылау қондырғысын тасымалдауға арналып, ЛЭП жүйелері арқылы, теміржол арқылы, құбырлық магистрал арқылы өтетін келісілген трасса болған кезде;
-ұңғыны орналастыруға рұқсат беретін акт болған кезде;
-фонтандық лақтыруға қарсы қызмет көрсететін бөлімше және тапсырыс берушімен екіарада жұмыс жүргізетін рұқсат келісімге қол қойылған кезде.
Жергілікті жерде ұңғы нүктесіне рұқсат етілсе, акт жазылып, оның орналасу нүктесі кем болмау керек:
-тұрғын үйлерден және елді пункттен 500 м;
-магистралді құбырөткізгіштен 80 м;
-байланыс және электржүйесінен 90 м;
-тасжолдардан, мелоративтік және дренаждық каналдардан 80 м;
-лақтыруға қарсы жабдықтың манифолді ұштары мен бұрғылау қондырғысына қатысы жоқ коммуникация мен құрылымдарға дейінгі аралық 100 м ([13], 2.76.6).
Дайындық және мұнара монтаждау жұмыстары ұңғыны тұрғызуға рұқсат етілген, бекітілген жоба және мұнарамонтаждау бригадасына жұмыстарды бастауға берілген наряд болған жағдайда басталуы мүмкін.
Құрылыс алаңының ауданы мұнай және газ ұңғыларына арналған жер телімдеудің шектік нормалары бойынша, бұрғылау қондырғысының түріне байланысты анықталады.
Құрылыс алаңын дайындау барысында жер бетінің кедір-бұдыры тегістеледі, бұталар, ағаштар, ағаш діңдері, қойтастар, тастар алынып тасталады. Одан соң танспорт жүретін жолдар тұрғызылып, ірі блоктар орналасатын алаңшалар таңдалады, құрылыс алаңына электр желілері, су құбырлары тұрғызылып, материалдар мен жабдықтарды түсіретін орындар дайындалады, болашақ ұңғы сағасы нүктесінен 50 м кем емес аралыққа мұнара монтаждық, тұрмыстық будкаларды орналастырады.
Құрылыс алаңының жоғарғы құнарлы қабатын (10-30 см) қырып алып, алаң сыртына ысырып ГОСТ 17.4.3.02-85 талаптарына сәйкес жинап қояды. Бұрғылау қондырғысын жабдықтауға дайындық жүргізу барысында, ауылшаруашылында жиі қолданыстағы жерлердің құнарлы беткі қабатын қырып алып, артынан қайта рекультивация жасау үшін ұқыпты сақтап қояды.
Жерді реттеп өңдеу жұмыстарында бульдозерлер (1.1- кесте), грейдерлер (1.2 - кесте 1.1 - сурет), скреперлер (1.3 - кесте, 1.2 - сурет) қолданылады. Электрберіліс тіректеріне арналған шұңқырларды қазу үшін тракторға немесе автомашинаға орнатылған бұрғылау машинасы қолданылады (1.3 - сурет).
1.1-кесте, Бульдозерлер
Параметрлер | Бульдозер маркасы | ||||
Д-579 | Д-535 | Д-492А | Д-275А | Д-385А | |
Трактор маркасы | Беларусь | ДТ-75 | Т-100 | Т-180 | ДЭТ-250 |
Қозғалтқыш қуаты, кВТ | |||||
Өнімділігі, м3 /сағ | 50-60 | 100-120 | 200-220 | ||
Үйме өлшемдері, мм ені биіктігі | |||||
Қазу тереңдігі, мм | |||||
Өлшемдері, мм ұзындығы ені биіктігі | |||||
Трактормен бірге бульдозер массасы, т | 3,5 | 6,56 | 14,2 | 18,97 | 29,5 |
1.2 - кесте, Грейдерлер
Параметрлер | Грейдер маркасы | ||
Д3-6 (Д-241А) | Д3-1 (Д-20БМ) | Д3 (Д-700) | |
Түрі | Жеңіл тіркемемен, және жартылай тіркемелі | Ауыр тіркемелі | Ауыр тіркемелі |
Тартатын трактор маркасы | Т-74; ДТ-75 | Т-100 | К-700 |
Үйме өлшемдері, мм: ені биіктігі | |||
Жылдамдығы, км/сағ | 3,6-7,9 | 2,4-10 | 2,4-20,0 |
Базасы, мм | |||
Дөңгелектер колеясы, мм: алдыңғы артқы | |||
Алдыңғы сыртқы дөңгелек бойынша бұрылу радиусы, мм | |||
Сыртқы өлшемдері, мм: ұзындығы ені биіктігі | |||
Массасы, кг (тракторсыз) |
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1351;