Сурет, ПВ5-60 көтергіші

1-төрт тік баған (құбыр 168х14мм); 2- төрт төменгі тірек; 3, 4 – төрт жоғарғы және төрт төменгі тартпалары; 5-шкивтер өсі; 6-сегіз диагональ тартпалар; 7-екі жүккөтергіш белдік; 8-роликтері бар сақтандырғыш құрылым; 9-мұнараның жиналған блоктарын көтеруге арналған жүккөтергіш екі құбыр; 10, 11-төрт төменгі және жоғарғы полиспаст жүйесі; 12-бағыттауыш жылжымалар; 13-бағыттаушы роликтер.

 

ПВК-1 және ПВУ-35 көтергіштері биіктігі 41м мұнара аяқтары тіректерінің өлшемдері 8х8 м болатын мұнараларды жинақтауға арналған. Аяқтары уголоктан құрылымдалатын биіктігі 53 м, аяқтары тіректерінің өлшемдері 10х10 м, секция биіктігі 4м м мұнараларды жинақтау үшін ПВ2-45 көтергіші кең қолданыс тапқан. Құбырлардан дайындалатын және секция биіктігі 6м ВБ-53-320 маркалы мұнаралар пайда болуымен байланысты ВНИИнефтемаш институты (Ресей) ПВ5-60 көтергішін құрылымдаған. Бұл көтергіш ПВ2-45 көтергіші негізінде құрылымдалып, бірқатар жетілдірілулер енгізіліп, көтеру биіктігі үлкейтілген.

Жұмыс принципі жағынан барлық көтергіштер ұқсас тек өлшемдері мен жүккөтергіштігі жөнінен ерекшеленеді. Жүккөтергіштердің техникалық сипаттамалары 2.1-кестеде келтірілген.

Мұнараны жинақтайтын жерге көтергішті түйіндерге бөлшектелген күйінде тасымалдайды. Полиспастпен жабдықталған жұпталған тірек бағандарды транспорттық жағдайға келтіреді. Ол үшін тәл блогын тіктегіштерге (стойка) болттармен тартып, ал көтергіш арқанның бос ұшын тіктегіштегі арнаулы ілмекке орап қысқыштармен бекітеді. Жүккөтергіш белдіктерді олардың ұзына бойына созып ұстатылған қауіпсіздік құрылым арқандармен бірге тасымалдайды.

 

2.1-кесте, Мұнара көтергіштердің техникалық сипаттамасы

Параметрлер Көтергіш түрі
ПВК-1 ПВУ-35 ПВ2-45 ПВ5-60 ПВЛ
Жүккөтергіштігі, т
Жүккөтергіш белдік қадамы, м 4,1 4,3 4,7 6,6 6,4
Жүккөтергіш белдік жылдамдығы, м/с 0,016 0,025
Мұнара аяқтары тіректерінің өлшемдері 8х8 10х10
Полиспаст түрі диаметрі280мм екі үшшкивті блок диамет300мм екі төртшкив ті блок диаметрі 400мм екі алты шкивті блок
Арқан диаметрі, мм 15,5 15,5
Арқан ұшындағы шектік жүктеме, кН 12,5 18,0 17,0 23,0 20,0
Қауіпсіздік құрылғысы арқаны диаметрі, мм
Қауіпсіздік құрылғысы бір жүктемелік белдігіндегі роликтер саны
Тарту механизмі Червяк редукторлы бір барабанды электршығыры Трактормен тарту Екі барабанды эл. шығыр
Шығыр өлшемдері, мм: ұзыны ені биіктігі          
Шығыр массасы, кг    
Көтергіш өлшемі, мм: ұзыны ені биіктігі          
Масса, т 10,0 10,143 17,0 19,7

 

Көтергішті жинақтау мұнара табандарын монтаждап, оларға көтергіштің жұпталған тіректері үшін арналған кронштейндерді орнықтырғаннан кейін басталады. Бұрғылау қондырғысы еденіне қалыңдығы 70мм тақтайлар төселеді. Көтергіш диагоналы бойынша мұнараны жинақтау барысында жүккөтергіш белдіктерді отырғызу үшін қалыңдығы 100мм тақтай төселеді. Еден тегістігін уровенмен тексереді.

Көтергішті жинамас бұрын оның бөлшектерін ластан тазалап, құрамы толықтығын тексереді, полиспаст блоктары роликтерінің және қауіпсіздік құрылғысы роликтерінің жеңіл айналуын, мойынтіректердің майлануын, тіктегіштердің, белдемелердің, диагональ тартпалардың түзулігін тексереді. Байқалған кемістіктерді жөнге келтіреді. Мұнара негізі бұрыштарынан 10-12 м аралықта диагональ бойынша көтергіштің қауіпсіздік кергілерін бекіту үшін төрт зәкір орнатады.

Көтергішті жинақтауды оның екі бүйір беттік панельдерін көлденең жағдайда жинақтаудан бастайды. Әрбір панельдің жұпталған тіктегіштерін екі белдеме және екі диагональ тартпалармен жалғайды. Жүккөтергіш белдіктерді тіктегіш тіректеріне байлайды. Панельді жинақтау сұлбасы 2.2-суретте келтірілген.








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1073;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.