Сурет. Арнайы қамыт.
2. Бұрғылау қондырғысы ауыр жабдықтарын орнатуға аналған КП-25 тіркеме краны (бұрғылау шығыры, бұрғылау сорабы, сораптың электрқозғалтқышы, екі электрқозғалтқышты бұрғылау қуаты арттырылған агрегат ж т.б.).
3. Басқару станциясын, көтергіш электрқозғалтқышын РВНО, виброелекті, саз араластырғышты орнатуға мүмкіндік беретін жүк көтеріштігі 5 т болатын көтергіш кран (ЗИЛ автокөліктерінде).
4. Жуу сұйығы мен су сақталатын амбарларды, кабель тартатын траншеяларды және самосвалдарға құм мен тастарды тиеу үшін қолданылатын ожаулы автоэксковатор (КрАЗ автомашинасыда).
5. Мұнара аяқтары мен таспалы фундаменттерді орнатуда котловандар мен траншеяларды қазу үшін қолданылатын пневматикалық қалақшалар.
6. Электр жүйелері бағаналары, тіректер, сарай каркастары тіректері орнатылатын шұқырлар қазуға арналған бағаналық автобур.
7. Ағаш материалдарды өңдеуге арналған электррубанок.
8. Ағаш бұйымдарды тақтайларды бөренелерді болт, шпилька отырғызуға болатын етіп бұрғылап тесетін әр түрлі диаметрдегі бұрғыларымен электрдрельдер.
9. Бетон дайындауға арналған автоараластырғыш.
10. Кершенбаум көтергіштерінің электршығырларын, электрдрельдерді және жарық беру үшін (электр энергиясы болмағанда) қуаты 40-50 кВт болатын жылжымалы элеткрстанциялар.
11.Жүк көтергіштігі 100 және 25 т гидравликалық домкраттар.
12. АСБ-300 элетктрпісіргіш агрегат.
13. Газбен пісіретін құрал кешені.
14. Бұрандалы қосылыстарды бұрап, бекітуге және ағытуға арналған электр және пневмокілттер.
15. Қолмен слесарлық және ағаш шебері құралдары жиынтығы.
Бұрғылау қондырғысы кешенін монтаждау барысында ағаш шеберлері жұмыс көлемін қысқарту мақсатында, ағаш бөлшектері мен мұнара құрылымдары шеберханалдарда алдын ала дайындалып, жинақтау үшін құрылыс алаңына жеткізіледі. Едендерге төселетін дайындалған тақтайларды, мұнара қабырғаларына, сарайлардың құрылысына қойылатын ағаш қалқандарды, сатылардың алаңдарына төселетін тақтайларды, бұрғышы екінші көмекшісі балконына керекті ағаш бөлшектерін, қабылдау қақпасы ағаш конструкциясына керекті бөлшектерді ж т.б. алдын ала кесіп жонып дайындап қою керек.
Бұрғылау кешенін салу кезінде элеткрмонтаждық жұмыстардың уақытын қысқарту мақсатында оған керекті электржабдықтар және жарық беру жүйесі бөлшектері мен түйіндерін электршеберхана жағдайында дайындап монтаждау алаңына әкеледі. Сонымен қатар кабель жүйесі де керекті ұзындығымен, ұштары таратылып, оларға жалғанатын бөлшегі, воронкалары, муфталары дәнекерленіп қойылады.
Қазіргі таңда бұрғылау кешенін құрылымдауда жалғаманың екі түрі қолданылады, атап айтсақ жалпақ және сфералық.
Жалпақ жылдам ажырағыш жалғамалар негіздік фермаларды жалғауға қолданылады. Жалпақ жалғамалар (2.8-сурет) конусты буртиктері бар екі келтеқұбырдан 1, 4, тартпалы шарнирлік қамыттан 3 және төсемеден 2 тұрады.
Жылдам ажыратқыш жалғамаларды қолдану кезінде жинақтау уақыты пісірумен салыстырғанда 10 есеге кемиді. Осындай жалғамаларды кең қолдану осы жұмыстарды орындайтын жұмысшылар санын азайтады.
Шеберханларда барлық болттар бұрандалары бұралуға тексеріліп, өлшемдері бойынша арнайы жәшіктерге салынады, одан соң монтаждау орнына жеткізіледі. Барлық ысырмалар шеберхналарда керекті қысымға тексеріліп, монтаждау орнына жеткізіледі.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1151;