Лекция Жабық ыдыстарды және құбырөткізгіштерді гидро немесе пневмо сынақтау.

ММҚ-ның негізгі кешені. Сызықты құрылыс. Аудандақ құрылыс Айдау станцияларының технологиялық схемалары. Айдау станцияларының негізгі жабдығы.

Магистральді мұнай құбырының құрамына кіреді:

-тазарту құрылғысының қосу немесе сөндіру торабы, МАС-на қосылған торапталған шын немесе жалған шектеулі тазарту құбырлары.

-телемеханикалық құбырдың құрылғылы, жүйелік және технологиялық байланыспен жабдықталған құбырды тотықтанудан электрохимиялық құрылғымен қорғау;

-құбырдың электрохимиялық құрылғымен қауіпті және тиекті арматурамен дистанционды байланысқан және де құбырларға қызмет көрсету электр жабдықтаушы құрылғыларына арналған электрберіліс жүйесі;

-өртке қарсы құрылғы, эрозияға қарсы және құбырды сақтау жабдықтары;

-мұнай өнімдерінің және мұнайдың апат жағдайына арналған жер қоймасы;

-эксплуотациялық құбырдың сызықтық байланыс жабдықтары жәнеғимараттары;

-трассаны бойлай орналасқан құбырдың тұрақты жолдары және тік ұшақ алаңдары, құбырдың орналасуы туралы тану және сигналдық белгілер;

-басты және аралық айдау, құйылатын сорапты станциялар, резервуарлар паркі.

ММҚ негізін құрайтын – 4 сұлбаның біреуіне кіретін құбыр. 90% құрайтын жер асты схемасының төсеуінде жоғарыда құратын белгі күндізгі беткі грунттың белгісінен төмен орналасады. Орналасу тереңдігі климаттық және гидро-геологиялық шарттар мен айдау режимінің температурасымен қамтамасыз етумен анықталады. Жартылай жер асты сұлбада төмеңгі пайда болатын төменде, ал жоғарыда пайда болатын грунттың күндізгі бетінің жоғарғы жағында болады. Жер беті сұлбасында төменгі пайда болатын грунттың күндізгі бетінің белгісімен немесе грунт жастығының жоғары бөлігінде белгіленеді. Жер асты сұлбаларда құбыр тіректерге монтаждалады. Тау жыныстарының үлкен мөлшерде грунтпен араласуы, сырғыма аймақтарының арындылығы, көлдер мен ағын сулардың қиылысу аудандары, грунттың су жағдайының жоғары деңгей.

Грунттың судың жоғары тұруындағы, қатты суланбаған және майдалап бөлшектенген батпақты аудандарда жер беті схемалары қолданылады. Жер беті схемасы өту жолдарында ыңғайлы болып келеді. Рельефке байланысты 15-20км интервалдағы трассада магистральдың жеке аудандарын қоршау үшін сызықтық ысырмалары жабдқталады. Ең күрделі инженерлік құрылыс кешеніне айдау станциялары жатады.. Басты айдау станциялары мұнайды дайындау қондырғысынан мұнайды қабылдауға және ММҚ-на беруге арналған. ГМАС технологиялық құрамына резервуарлар паркі, тіректі сорап,мұнайды есептегіш, магистральді сорап, қысымды реттеуші тораб, сазұстағыш-фильтр, сақтандырғыш құрылғылы тораб, технологиялық құбырлар. Технолоиялық есепке сәйкес, ГМАС құрылысымен салыстырғанда құрамында резервуарлар паркі, тіректі сорап және мұнайды есепке алу торабтары жоқ аралық айдау сораптық станциялары трассада орналасады. Пайдалану ауданындағы магистральді бөлуде ең ауданның басында бірінші МАС жадбықтайды. Сораптың байланысу сұлбасымен резервуарлық аралық станцияға байланысты 4 айдау схемасы арқылы айырады, ол 13.1-суретте көрсетілген. Станциялық сұлба бойынша мұнайды станциялық резервуарлардың біріне кезекпен қабылдайды, ал басқа станцияға келесі резервуарлардан береді. Кезекпен толтыру мұнай айдаудың нақ санын есептеп білуге мүмкіндік береді. Сұлбаның кемшілігіне үлкен демалудан айтарлықтай шығындардың болуы жатады, нәтижесінде мұнай шикізаты мен түсті мұнай өнімдерін тасмалдауда бұл сұлба ұсынылмайды.

Сорап станциясының резервуарынан айдалған мұнай буферге қызмет ететін резервуарға келеді, сонымен қатар одан кері айдалады. Бұл жүйе станциялық мұнайдй есепке алуды қиындатады және де буланудан көп шығын келтіреді.

Айдау кезінде резервуарды іске қосқанда резервуардағы мұнайдың деңгейі, мұнайды айдау мен келуінің тұрақсыздығынан тербеледі. Шығындар кіші демалумен реттеледі. Қарастырылған сұлба, құбырда гидравликалық соққының әсерінен пайда болатын қысымды поршенді сорап станциясының пайдалануымен анықталған. Бір сораптанекінші сорапқа айдау жүйесінде магистральдегі аралық станциялар сөндіріледі және алдын ала апаттық және жөндеу жағдайларына дайындалған.

 

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1335;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.