Бұрғылау жабдықтарын іске қосуға, қолданысқа тапсыруға дайындау.
Бұрғылау қондырғысын монтаждағаннан кейін, оны қолданысқа берер алдында, барлық агрегаттары мен механизмдерін іске қосып, сынақтық тексерістен өткізеді.
Сынақтық тексерістің алдында агрегаттар мен механизмдердің дұрыс монтаждалғандығын, шынжырлар мен сынабелдіктердің керілу жағдайын, кожухтар мен қалқандардың бар жоқтығын және жағдайын тексеріп, сонымен қатар түйіндерді майлап, агрегаттар мен механизмдерді маймен және сумен толтырады.
Осыдан соң жабдықты, монтаждау барысында жіберілуі мүмкін кемістіктерді анықтау үшін, жүрісі кезінде сынап көреді. Алдымен сынақ үшін бұрғылау қондырғысының энергетикалық агрегаттарын іске қосады: электрстанция, қондырғының жетек қозғалтқыштары, компрессор станциялары. Одан соң ауажинағыштағы ауа қысымын жұмыстық мөлшеріне жеткізіп, пневмобасқару жүйесі жұмысын дұрыстайды: клапандардың жұмысын, крандар қысымы регуляторын, ұршықшаларды және бұрғылау шығыры тежегіш жүйесін, басқару жүйесі атқару механизмдері дұрыс қосылуын тексереді, сонымен қатар муфта баллондарындағы ауа қысымын тексеріп, керек болса оларды реттейді.
Қозғалтқыштарды сынақтық қосудан кейін және басқару жүйесі жұмысын тексергесін, қондырғының агрегаттарын және атқару механизмдерін сынақтық жүріске қосып көреді. Осы мақсатпен оларды жүктемесіз қысқа мерзімді жұмысқа қосады, осы кезде бекітілген жерлерінің сенімділігін, үикеліс түйіндерінің жағдайын, түйіндердің өзара үйлесімділігін, шынжырлы, тісті, сынабелдікті берілістердің қалтқысыз жұмыс жасауын, машинаның және оның бөлек түйіндерінің вибрация дәрежесін тексереді. Сынақтық тексеру кезіндегі анықталған кемістіктерді жетілдіргеннен кейін, агрегаттар мен механизмдерді техникалық паспортында көрсетілген мерзімге жүктемесіз қосып қояды.
Сынақтық қосуға аралық немесе күрделі жөндеуден өткен жаңа машиналарды қояды. Бұл кезде үйкеліске түсетін бөлшектері өзара орнығады, сондықтан мойынтіректердің, сальниктердің, және басқа үикелісетін бөлшектердің қызып кету дәрежесіне аса көңіл аудару керек, олардың қызу температурасы 65-750С аспауы керек. Сынақтық қосуды аяқтаған соң майды жаңасымен ауыстырып, қондырғының барлық агрегаттары мен механизмдерін ұқыпты түрде жуып, ластан және шаңнан тазалау керек.
Сынақтық қосып тексеру кезінде, сақтандырғыш қондырғылар жұмысына, кронблок астына сүйреп кетуге қарсы механизмнің іске қосылуына және оның пневмобасқару жалпы жүйесіне дұрыс жалғануына аса назар аударады. Түптік ажыратқыштың іске қосылуынан соң тәл блогы инерциялық жүгіру жолы ұзындығын анықтайды. Ол үшін сүйреп кетуге қарсы механизмнің тросын кронблок рамасынан 20-25м жерге қондырып, тәл блогын көтерудің шектік шапшаңдығында, оның толық тоқтағанға дейінгі инерциялық жолын анықтайды. Тежелу жолы ұзындығы 5-6м шамасында болуы тиіс. Сынақ нәтижелерін актымен құжаттап, оған тежелу жолы ұзындығын көрсетеді.
Монтаждалған бұрғылау қондырғысын қолданысқа, бұрғылау жұмыстары басшылығы тағайындаған комиссия қабылдағаннан кейін береді. Комиссия құрамына РИТС бастығы, бас механик, бас энергетик, мұнарамонтаждау цехы бастығы, прораб және мұнарамонтаж бригадасы бригадирі, бұрғылау мастері және техникалық сақтық инженері кіреді.
Комиссия жұмысына райондық таукентехникалық инспекция және өрт сөндіру бөлімі өкілдері қатысады.
Бұрғылау қондырғысын қабылдау оның қолданысқа жарайтындығын және жабдықтардың монтаждалу сапасы ұңғыны жобалық тереңдікке дейін бұрғылауға жарайтындығын актымен құжатталады. Актыға электрнадзордың бұрғылау қондырғысын жүйеге қосуға берілген рұқсаты (бұрғылау қондырғысы электр жүйесінен жұмыс жасайтын болса), сонымен қатар бұрғылау сораптары айдау жүйесін, пневмобасқару жүйесін сынақтық сығымдау және жабдықтарды жерге тұйықтау кедергісі мөлшері актылары болуы тиіс.
Қабылдау комиссиясы мыналарды тексереді:
-бұрғылау қондырғысы айналасын және оған келетін жолдарды;
-қабылдау көпірі жағдайын, стеллаждарды, қондырғы еденін, қондырғы ғимараттарын, науалар жүйесі еңістігін және науа жанымен салынған баспалдақтарды, фундаменттерді, мұнараны және басқа жабдықтарды;
-сатылардың, алаңдардың, қоршаулардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және қосқыш аппаратураның дұрыстығын;
-қалқандардың орнында және дұрыс болуын, механизмдердің айналып, жылжып тұратын бөліктерін қалқанмен жабу ережелері сақталуын;
-сүйреп кетуге қарсы механизмнің, жабдықтардың жерге тұйықталу және бұрғылау қондырғысын жарықтандырудың дұрыстығын;
-суағарлардың болуын;
-аптечканың және оның ішінде бірінші көмек көрсетуге арналған медикаменттердің болуын, сонымен қатар өрт сөндіру құралдарының бар екендігін.
Бұрғылау қондырғысын қабылдау кезінде анықталған барлық кемістіктер, ол іске қосылғанша жөнге келтірілуі тиіс. Осыдан соң бұрғылау қондырғысын іске қосуға рұқсат беріледі.
Дебиет
1 негізгі/51-62/
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1434;