Сурет, Көтергіш панелдерін орналастыру сұлбасы: мұнара тағандары (козлы); мұнара негізі.

 

Жинақталған және қатты керіліп бекітілген панельді кран көмегімен көтеріп, табан кронштейндеріне орнатылған құбыр тіктегіш тіректерге шарнирлі бекітеді. Бұрғылау қондырғысы еденіне роликтерімен мұнара тағанын (козел) онатады. Ролик арқылы диаметрі 15мм арқанды жіберіп, көтергіштің жинақталған панеліне бекітеді. Арқанның екінші ұшын тракторға тіркейді. Панельдерді кезегімен арқанның және трактордың көмегімен мұнара негізінен жоғары көтереді. Панелдерді көтеру сұлбасы 2.3-суретте көрсетілген.

Панелдерді көтерген кезде бағыт беру үшін әр жағынан ұзындығы 15м кем емес кендір арқан байланады. Тік жағдайға келтірілген панелдерді негізге болттардың көмегімен бекітіп, бір бірімен бедемелер және диагональ тартпалар көмегімен жалғайды. Тік тіректер басына арқан тартылатын бет жағынан бағыттаушы роликтер орнатылып бекітіледі. Жинақталған көтергшіті төрт кергі көмегімен зәкірге бекітеді.

ПВУ-35 көтергішінің ПВК-1 көтергішінен айырмышылығы оның төменгі тәл блогы жүктемелік балкаға орнатылған, ал жоғарғы блоктары (кронблоктары) тік бағандардан жоғары орналасқандықтан оның көтергішінің биіктігін 900 мм дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Жүккөтергіштіктің артуына байланысты оның тәл жүйесі 4х4-ке тең етіп қабылданған, мұнараның жинақталған бөлігіне тез ілмектейтін және ажыратқыш құрылымның конструкциясы жақсартылған, жүктемелік балкалардың көлденең қимасы беріктігі арттырылған.

 

Сурет, Көтергішті жабдықтау сұлбасы а бір көтергіш балканың полиспасын жабдықтау; б сақтандырғыш құрылымның көтеру белдігін жабдықтау.

 

Құрылымы жағынан ПВ2-45 көтергіші ПВК-1 және ПВУ-35 көтергіштерінің құрылымдарымен ұқсас. Соңғыларға қарағанда оның өлшемдері үлкейтілген және үлкен жүккөтергіштікке ие.

Мұнараларды құрастырудың реті келесідей. Алаң еденінде жоғары белдеудің бөлшектерін түйінге, қамыттар арқылы жинақтайды және диагональ тартқыштардың қапсырмаларын орнатады. Осымен қатар еденде тағандарды (козлы) жинақтайды. Алаң еденіне жүктемелік құбырлардың бірін түсіріп, қамытпен немесе ілмектермен тағанның көлдененең кергісіне бекітіп, оларды белдеу секцияларымен бірге көтереді. Одан соң тағанның кергісіне бекітілген бірроликті блоктың көмегімен кронблокасты балканы орнатады, жүктемелік екі

құбырды босатады және келесі жиналған секцияның белдеулеріне қамытпен (ілмекпен) жалғайды.

Секцияны аздап көтеріп, болттармен немесе иілгіш ілмектердің көмегімен мұнара аяқтарын іледі және секция аяқтарын жалғама қамыттармен бекіту үшін қажетті биіктікке дейін көтерді. Сонымен бір мезгілде бұрандалар арқылы кронблокасты қапсырмаларды және қамыттарды, оның құбырлары жалғанатын аралықтарға және тоғызыншы секция аяқтарына бекітеді. Қапсырмалар тұйықталған тікбұрышты рамалар түрінде (тікбұрыштардың өлшемдері 270х130 мм), 8х70 мм өлшемдегі темір жолақтарынан жасалады.

Кронблокасты алаңды орналастыру үшін жақшаларға көлденең қимасы 26х10 см болатын және ұштары сыртқы жаққа 80 см шығып тұратын екі белдікше орнатылады. Белдікшелерді жақшаларға олардағы тесіктер арқылы шегемен бекітеді.

Кронблокасты алаңын орнатқаннан кейін секцияны қажетті биіктікке дейін көтеріп, еденде келесі секцияның бөліктерін ортақ түйінге жинайды. Көтерілген секцияны түсіре отырып, аяқтарының төменгі бөліктерін қамытқа енгізіп, болттармен бекітеді. Мұнараның көтерілген бөліктерін тоғызыншы секциямен қосқаннан кейін қамыттарды, ілмектерді жоғарғы секция белдеулерінен босатып, көтергіш құбарларды траверсалармен бірге төмен түсіріп, қамыттарды тоғызыншы секцияның төменгі белдеулеріне бекітіп және қайтадан қажетті биіктікке дейін көтереді, яғни үрдіс қайталаныды.

Осындай тәртіппен қалған секциялар жинақталады. Мұнараны көтерумен қатар бұрғышы екінші көмекшісінің алаңын, аралық алаңдарды құрылымдайды, сатыларды орнатады. Бұрғышының екінінші көмекшісінің алаңын құруды мұнараның алтыншы секциясын жинақтап біткесін бастайды. Ол үшін жетінші секцияның қарама-қарсы белдеулеріне диаметрі 32-36 мм, ұзындығы 2400 м болатын сом темірден жасалған екі ілмекті бекітеді. Ілмектерге диаметрі 150-200 мм, ұзындығы 6500 мм болатын қарағай ағаш белдіктерді және оларға кесе-көлденең тағы екі белдік орнатады. Барлық төрт белдік люлькалы және жаппасы бар бұрғышы екінші көмекшісінің алаңына негіз болып саналады.

А-тәріздес мұнараны құрастыру мен оларды жабдықтау көлденең қалыпта жүргізіледі. Монтаждау жұмыстарының алдында өлшемі 30х60 м болатын жұмыс алаңы дайындалады, одан кейін монтаждау жұмыстары ретіне қарай қажетті жабдықтар, мұнара элементтері мен механизмдері орыналастырылады. БУ-2000БрЭ бұрғылау қондырғысы жабдықтарының алғашқы монтаждық сұлбасы өндірістік базада орналасуы 2.4-суретте келтірілген.

Мұнара астындағы топрақтың отыруын болдырмайтын берік фундамент дайындалады. Көлденең жазықтыққа қатысты мұнара блогы оң және сол жақтарының ауытқулары 10 шамасында рұқсат етіледі.

Мұнараны тік жағдайға сырықтан және тәл жүйесінен тұратын мұнара көтергіш механизм (МПВ) көмегімен көтереді. МПВ сырығын мұнара негізіндегі ұяшықтарға бекітеді. Сырықтарды негізге жинау, құрастыру жұмыстарына дейін, жинастыру алаңы бос кезде, кран көмегімен сырықтарды орналастыру қолайлы уақытта жүргізіледі.

МПВ механизмі сырықтарын тартпаларымен бірге көлденең жағдайда монтаждап, трактор-крандардың көмегімен 3-4 метрге дейін, сырықтар тік бағытқа келгенше көтереді. Монтаждық сырықтардың қатаң тік орналасуы уровендермен тексеріледі, олардың дұрыс орнатылмаған жағдайында, мұнара көтеру кезінде аударылып кетуі мүмкін. Сырықты блок негізі өсімен дәл келетін етіп орналастырып монтаждайды. Мұнараны көтеру жауапты шара. Сондықтан жер үстінде жинақтап құрастырғанда технологиялық үрдістердің дұрыс орындалуына қатаң мән беріледі. Ең алдымен алаңға 10 метр сайын мұнараның екі аяқтары орналасатын сегіз тастама орнату қажет, Алдын-ала орнатылғн металл негізге құлақшаларынан іліп, 5 тонналық кранның көмегімен аяқтың төменгі секцияларын орнатып, арнайы саусақтардың көмегімен бекітеді. Секциялардың бос ұштарын тастамаларға түсіріп орнатады.

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1349;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.