Кәсіпорынды орналастырудың ауданын және құрылыс алаңын таңдау
Жаңа кәсіпорындардың орналасуларының жуықтау орындары осы салалардың дамуының болашағы бар жоспарларының негізінде айқындалады.
Құрылыстың ең соңғы пункті мен алаңы осы құрылыс нысанының техника-экономикалық негіздемелері мен алдын-ала ізденістену негізінде анықталады, ал таңдалынып алынған ауданда құрылысты жүргізуге өте қолайлы алаңның (белгілі бір көлемі бар жер телімі) болуы кәсіпорынның құрылысын жүзеге асыруға белгілі бір негіздемелердің бірі бола алады. Ал бірақ, зауыдтың құрылысын жүзеге асыруға арналған алаңды таңдау кезінде кәсіпорынның құрылыс жұмыстарына қаржылық салымдардың минималды мөлшерін және өндірілген өнімнің ең төменгі өзіндік құнының болуын қамтамасыз ететін әр-түрлі алаңдардың бірнеше нұсқаларының техника-экономикалық тұрғылдан сараптау және салыстыру жұмыстары жүзеге асырылады.
Құрылысқа арналған алаңдардың өлшемдері кәсіпорынның кеңейу мүмкіндіктерін ескере отырып (егер мұндай мүмкіндік жобалауға тапсырмада ескерілген болса) өндірістік территориялардағы құрылыстардың құрылыстық нормалары мен ережелеріне (ҚНмЕ) сай құрылыс коэффициенттеріне сәйкес болуы тиіс.
Құрылыс алаңы кәсіпорындарды эксплуатациялауды ұйымдастыруда тиімді және үнемді болуды, атмосфераға шығарылатын тастанды қалдықтар бойынша санитарлық шектеулерді сақтауды қамтамасыз етуі және мүмкіндік болса елді мекенге, сумен қамтамасыз ету көзіне, энергиямен қамдауға, темір жолға және қалдық суларды тастауға арналған жерге жақын маңда орналасуы керек.
Құрылыс алаңы өндірістік корпустарының едендерінің еш атыға және үстіге қарай ауыспалы болмайтын және территорияны жоспарлауда террасалар мен тіреуіштік қабырғаларсыз, жер беткі суларды қажетті бағытқа қарай бағыттайтын құбырлық жүйелерсіз, яғни жерге қатысты жасалынатын жұмыстардың тек минималды мөлшері ғана жүргізілінуіәне ықпалдайтын және қамтамасыз ететін жайдары рельефті болуы керек.
Алаң үшін көшкінді-жылжымалы және пайдалы қазбалардың қоры бар жерлер құрылыс алаңдары үшін берілуіне болмайды.
Алаңның территориясында ғимараттардың іргесіне құны өте қымбатқа түсетін арнайы негіздемелік тіреуіштер мен күрделі гидроизоляциялау жұмыстарын жүргізуді қажетсінбейтіндей жер асты суларының деңгейіінің төмен болуы абзал.
Зауыдтың алаңын дұрыс таңдауды жүзеге асыру территорияны орналастыру, жоспарлау және құрылыстық климатологияның талаптары секілді технико-экономикалық және инженерлік талаптардың кешендерін мұқият ескере отырып жасалады.
Жобалау ұйымы орындайтын алаңды таңдауға байланысты жұмыстардың кешеніне экономикалық есептеулер, инженерлік зерттеулер, кәсіпорынды әр-түрлі алаңдарда орналастырудың бірнеше нұсқаларының мүмкіндіктерін техника-экономикалық тұрғыдан негіздемелерін салыстыру, кәсіпорынның бас жоспарының сызбанұсқасы келтірілген жобалық ұсыныстар, меңзелінудегі жобалық шешімдерді сәйкесінше тиісті органдармен келісімдеу секілді жұмыстар енеді.
Құрылыс ауданын таңдау негізіне экономикалық аймақтарды аудандық жоспарлау сыбанұсқасы кіруі тиіс. Бұл кезде келесі шарттарды ескеру қажет:
- ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын жүргізуге қолайлы жердің болуы;
- табиғи топографиялық, гидрогеологиялық, метеорологиялық шарттар;
- шикізаттың болуы;
- темір және автокөлік жолдарының болуы;
- зауыдтың құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін жасалынатын құрылысқа жұмсалынатын шығыдардың мөлшері;
- құрылыс ауданында жұмысшы күштер мен тұрмыстық қордың бар болуы;
- бұйымды өткізіп жіберу нарығының болуы;
- зауыдтың энергетикалық ресурстары;
- кәсіпорынды сумен қамтамсыз ету мүмкіндігінің болуы;
- қаланың басқада кәсіпорындарымен киілісе үйлесу мүмкіндігінің болуы.
Құрылыс ауданы таңдалынып алынғаннан кейін келесі факторларды ескере отырып құрылыс алаңын таңдау жұмыстары жүргізіледі:
- алаңның жеткілікті көлемі және оның кеңейу мүмкіндігі;
- жер телімінің конфигурациясының ыңғайлылығы;
- жер телімінің және оған іргелес жерлердің алаңдарын ғимараттар мен көліктік жолдарға арнап осы жерлерде жерге қатысты жұмыстарға жұмсалынатын шығынның минималды болуына ықпалдайтын топографиялық шарттары;
- құны қымбатқа түсетін жасанды іргелер мен терең фундаменттерді қолданбай-ақ құрылысты жүргізуді қамтамасыз ететін қанағаттанарлық деңгейдегі геологиялық және гидрогеологиялық шарттар;
- магистральді байланыс жолдарына (темір жол, су және автокөлік) тиімді жанасу мүмкіндіктері;
- алаңның су көзіне, тастанды суларды лақтырып шығару жерлеріне, энергия көздеріне және халық қоныстанған жерлерге қатысты тиімді орналасуы.
Әдебиеттер:
Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. - 9-18 б.
Ефремов С.А., Тасибеков Х.С., Аргимбаева А.М., Могильный В.В. «Основы промышленного проектирования химических предприятий». Учебное пособие. - Изд. «Қазақ университеті», 2009. - 108 с.
Дәріс №2
Тақырыптың аты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары (этаптары) және ұйымдастыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.4 Химия өндірісінің ғимараттары мен қосымша құрылымдар (сооружения) жобалаудың негізгі принциптері;
1.5 Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты жобалық құжаттарды жасақтау:
- Экологиялық болжау;
- Ауаның ластануына қатысты болжамды жасақтау;
- Жер беткі және жер асты суларының жағдайларына қатысты болжам;
- Ықтимал апат жағдайында нысанның әсерін болжау.
1.4 Химия өндірісінің ғимараттары мен қосымша құрылымдар (сооружения) жобалаудың негізгі принциптері.
Ғимараттар мен құрылымдардың көлемдік-жоспарлық және құрылыстық шешімдеріне әсер ететін спецификалық ерекшеліктер:
- жұмыс істеуші қызметкерлерге, құрылыстық құрылымдар мен материалдарға әсері әр түрлі болатын агрессивтік орталардың болуы;
- локальдік немесе жалпыламалық сипаттарға ие токсинді бөлінділердің болуы;
- ықтималдылығы жэоғары деңгейлі өрт және жарылыс қауіптілігі.
Химиялық өндірісі ішкі және сыртқы кооперацияға негіздемеленілген болып келеді (шикізаттық және энергетикалық базаға байланысты болғандықтан).
Химиялық өндірістерді химиялық емес өндірістермен бірыңғай өнеркәсіптік түйіндерге біріктіруге болады (комбинат). Бұл кезде жұмсалынатын жер телімінің көлемі 15-30 %-ға, автокөлік жолдарының ұзындығы 20-40 % - ға, әкімшілік ғимараттардың саны 2,0-2,5 есеге, яғни 200-250 %-ға кемиді. Тиімді.
Негізгі және көмекші өндірістер кооперацияланады, құрылыстық параметрлер мен құрылымдар эконмдалынады және унификацияланылады.
Кешенді игерудің технологиялық сызбасы тұрғызылады және жүзеге асырылады.
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 2404;