Ауаның ластануына болжамды жасақтау
Өнеркәсіптік нысандардың құрылысын жүргізу және оларды эксплуатациялау кезінде ауа бассейнінің ластануы қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың ең негізгілерінің бірі болып табылады.
Ауа бассейнінің ластануы ауаның жер бетінен 50-100 м қалыңдығындағы ластаушы заттардың концентрациясы арқылы анықталады.
Ауаның ластану болжамын жасақтау залалдаушы заттардың (шаң-тозаңдар мен газдар) мөлшерін оларды лақтырып шығаратын қайнар көзінің маңындағы мөлшерін ауданның құрылымының шифрінің өзгеру болашағы мен ластағыш заттарды өзге де өнеркәсіптік және тұрмыстық-азаматтық нысандардың бөліп шығару шарттарын ескере отырып жүргізіледі.
Құрылыс ауданының ауа бассейнінің ластануының болжамын даярлау үшін келесі мәліметтер анықталынған болуы тиіс:
1. Құрылыс ауданының физика-географиялық және табиғи-климаттық (1-кестеге сәйкес толтырылатын) шарттары (орналасу орны, климаттық және өзге де параметрлер);
2. Жобаланудағы нысан туралы мәліметтер (кәсіпорынның қуаттылығы, негізгі өндірістердің тізімі, технологиялық параметрлер және сипаттамалар), негізгі өнім түрлерінің өзіндік құны, жұмыс істейтін адамдардың саны. Өндірілетін өнімдердің атаулары және энергиятасымалдаушылардың түрлері;
3. Ауа бассейнінің фонды ластануының мөлшері (қадағалауда болатын заттардың тізімі, олардың концентрациясы, ауаны ластау мүмкіндігі зор болатын қайнар көздер жайлы мәліметтер және т.б.).
4. Жобаланудағы нысанның ластаушы заттарды бөліп шығаруының қайнар көздерінің сипаттамасы.
Кесте 1
Нысанның орналасқан ауданның климаттық сипаттамасы
|
5. Нысанның ұйымдастырылмаған қайнар көздерінен және газдарды тазарту қондырғыларынан шыққаннан кейін атмосфераға түскен залалдаушылардың құрамы мен мөлшері жайлы мәліметтер.
6. Болашақта ауданның өзгеде инфрақұрылымдарынан атмосфераға түсетін ластаушы заттардың құрамы мен мөлшері туралы мәліметтер.
1.5.3 Беткі және жерасты суларының жағдайын болжау.Объектінің ауданының беткі және жерасты суларының жағдайына әсер етуін болжауды жасау үшін келесі мәселелер анықталуы керек:
- жобаланудағы объектіні сумен қамтамасыз ету немесе одан суды алып кетуді қамтамасыз ету үшін сулы объектілердің гидрологиялық, гидрогеологиялық және гидравликалық мінездемелері (характеристики);
- қазіргі уақыттағы беткі және жерасты суларының залалдану деңгейі;
- жобаланудағы объектінің суды қолдану және суды жіберу көлемі;
- объектінің суқоймалары мен ағынды суларының орналасу орындары;
- берілген уақыт аралығында ауданның басқада суды қолданушыларының қолданатын су мөлшерлері;
- құрамы және залалдаушы заттардың негізгі түрлері, олардың концентрациясы мен қауіптілік класы көрсетілген лақтырлып шығарылатын ағынды сулардың мөлшері;
- сулы ортаның жағдайына әсер ететін объектінің басқада құрылымдарының тастанды суларының орналасуы мен олардың техникалық мінездемелерінің көрсеткіштері;
- жобаланудағы объектінің әсер етуіндегі аймақтарының беткі тосымдарының параметрлерінің өзгерістері;
- белгіленген уақыт аралығында ауданның басқада объектілерінің өзендер мен су қоймаларына лақтыратын тастанды суларының құрамы мен мөлшері немесе сулы объектілердің залалдануларының келешектегі фондық деңгейі;
- қарастырылып отырған аймақтардағы суды қадағалау мекемелерінің суды қолдану режиміне қоятын талаптары.
Болжам жасау үшін сушаруашылық балансын (СШБ), ауданның инфрақұрылымының өзгерістеріменен объектіні эксплуатациялауға байланысты берілген уақыт аралығында суды қолдану режимінің өзгергендегі келешектегі суға деген сұранысты білу аса маңызды.
1.5.4 Ықтимал апаттар кезіндегі объектінің әсер ету болжамы.Түрлі мақсаттардағы өндірістік кәсіпорындардың объектілерінде технологиялық процестерінің істен шығуы, қызмет көрсетушілердің техникалық қателігі, өртке қарсы және техника қауіпсіздігін тәртіптерінің бұзылуы, энергиямен немесе сумен қамтамасыз ету, суды алып кету жүйесінің істен шығуы секілді жағдайлар, террорлық актілер және т.б. авариялық жағдайлардың пайда болуының негізгі себептері болуы мүмкін.
Негізі, жобалық және жобадан тыс апаттар деген ұғымдар бар (проектные и запроектные).
Жобалық апаттар үш класқа бөлінеді:
- максималды экологиялық апат – нәтижесінде халық қоныстанған пунктілерге немесе табиғи ортаға үлкен, қайта қалпына келмейтіндей катастрофалық зардап алып келетін апаттар (мысалы: гидроэнергетика тізбегінің плотиналарының бүлінуі, нәтижесінде радиоактивті және т.б. заттармен залалдау мүмкін атом-электростанцияларнының реакторларының апаты);
- өндіріс элементтерінің (оборудования) сынуы, қызмет көрсетушілердің дұрыс жұмыс ітемеуінен (мысалы: өндірістік объектінің ағынды суларын тазалау жүйесіндегі апат, ағынды сулардың ауқымды деңгейде сыртқы жаққа қарай шығып кетуі) ірі экологиялық апат - нәтижесі, қоныстанған халықпен табиғи орта үшін ауыр болатын апат;
- қайта қалпына келмеу жағдайы орын алмайтын және аз уақытты әсерлерімен сипатталатын технологиялы экологиялық апат - технологиялық сызбалардың элементтерінің апаты (мысалы: нәтижесінде атмосфераға залалдаушы заттардың шығып еніп кету жағдайы орын алатын жылу электростанциясының электрофилтірінің апаты).
Әдебиеттер:
1. Под. ред. А.И.Михайличенко Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 18-20 б.
2. Под. ред. А.И.Михайличенко Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 20-25 б.
Дәріс №3
Тақырыптың аты:Технологиялық процесс өнеркәсіптік жобалаудың негізі
Қарастырылатын сұрақтар:
1.1Өндірістік технологиялық сызбанұсқа.
1.2 Жанасу әдісі арқылы күкірт қышқылының өндірісінің сызбанұсқасы.
1.1 Өндірістік технологиялық сызбанұсқа. Өндірістік технологиялық сызбанұсқа жобаның архитектуралық-құрылыстық жасақталынуының негізі болып табылады. Өндірістік технологиялық сызбанұсқа жекелеген өндірістік процестердің арасындағы функционалдық тәуелділіктердің графикалық көрінісі болып табылады.
Өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылымдар ең тиімді технологиялық процестің талаптарын ескере отырып жобаланылуға тиіс. Өнеркәсіптік кәсіпорынның жобасын құрастырғанда ғимараттардың типтерін олардың көлемдерін, қажетті көлемдік шаршыны, жұмысшылар мен қызметкерлердің сандарын, қондырғылардың типтері мен сандарын, шикізаттың, материалдардың, энергиялар мен жағар отындардың қажетті мөлшерлерін анықтау қажет.
Кәсіпорынның жоспарын және цехтердің ішкі жақта орналастырылуларының жоспарын құрып алу керек. Осы мәселелердің барлығы өндірістің қабылданған технологиялық процесінің мәліметтереінің негізінде шешіледі. Сондықтан өнеркәсіптік ғимаратты жобаламас бұрын өндірістің қабылданып алынған технологиялық процесін жақсылап мұқият зерделеп алу қажет.
1.2 Жанасу әдісі арқылы күкірт қышқылының өндірісінің сызбанұсқасы. (ПЛАКАТ). Реакторный блок және жұтып-сңіргіш мұнаралар блогы (ПЛАКАТ).
Химиялық технологияда қолданылатын негізгі процестер мен аппараттардың түрлері (ПЛАКАТ)..
Технологиялық қондырғыларды жинастырып-баланыстырудың сызбанұсқасы (ПЛАКАТ)..
Химиялық кәсіпорындарды ұйымдастырудың деңгейлері (ПЛАКАТ)..
Әдебиеттер:
1. Под. ред. А.И.Михайличенко Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 25-33 б.
Дәріс №4
Тақырыптың аты:Химиялық кәсіпорындардың генералдық жоспары.
Қарастырылатын сұрақтар:
- Бас жоспар;
- Техникалық жоба;
- Жалпыламалық анықтама парағы;
- Бас жоба және транспорт.
Бас жоспар - өнеркәсіптік кешеннің (жеке бір немесе бірнеше кәсіпорындардың тобы болатын болса да) (өнеркәсіптік түйін)) жобасының маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындарды жоспарлау, олардың құрылысын жүргізу және абаттандыру мәселелерінің кешенді шешімі (4-сурет).
Өнеркәсіптік кәсіпорынның жобасы дегеніміз, кең ұғымда – бұл принципті негіздемесімен және жоспарланудағы кәсіпорынның макеттері мен құрал-саймандары келтірілген техникалық құжаттардың кешені.
Жобаны құрау құрылысты жүргізудің орынды екендігін дәлелдейтін технико-экономикалық негіздемеден басталады. Негіздеме ғылыми және жобалау мекемелерімен нақты өнімнің белгілі бір түріне мұқтаждықтың бар екендігін зерттеу нәтижесінде даярланады. Осы жерде қаржылық салымдардың экономикалық тиімділігіне қатысты негізгі сұрақтар шешіледі, яғни құрылыс ауданы мен нүктесі, кәсіпорынның қуаттылығы мен оның құрамы анықталады, өнімнің түрлеріне, шикізатпен, энергиямен, кадрлармен қамтамасыз етудің тәсілдері мен қайнар көздері таңдалынып алынады, осымен қоса шикізатты және жаңашыл техниканы кешенді қолдану мәселелері шешімін табады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау екі сатыда жүзеге асырылады: техникалық жобаны жасақтау және жұмыс сызбаларын даярлау немесе осы екі сатыны біріктіріп қосса – техножұмысшы жобасын даярлау (жұмысшы сызбалар келтірілген техникалық жоба).
Техникалық жоба зауыт құрылысының қарастырылып отырған жерде және межеленген уақытта жүргізілуінің экономикалық тұрғыдан дұрыстығын анықтауы қажет, және де өндірісті және құрылысты бастапқы шикізаттармен, материялдармен, энергиямен, сумен және т.б. ресурстармен, құрылыс материялдарымен, құрамалармен қамтамасыз ету мәселелерінің сұрақтарының шешімін табуды; еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін технологиялық процесті анықтауды; өндірісті басқарудың жүйесі мен оны ұйымдастыруды, кадрларға деген мұқтаждықты анықтауға тиісті.
Техникалық жобада құрылысты ұйымдастырудың реттілігі, жобаланудағы кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері жасақталынады, және де құрылыстың құны анықталады, себебі мұндағы смета, капиталды құрылысты жобалаудың және тапсырыс берушімен құрылыс мекемесінің арасындағы есеп айырысудың негізгі құжаты болып табылады. Техникалық жобаға келесі құрамдас бөліктер кіреді: жалпыламалық анықтама парағы, техника-экономикалық бөлім, бас жоспар және транспорт, «технологиялық процестерді автоматтандыру» тарауы бар технологиялық бөлім, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйелері, құрылыс бөлімі, құрылысты ұйымдастыру, сметалық және графикалық бөлім.
Жалпыламалық анықтама парағында жобаның қысқаша мазмұны келтірілуі керек, негіздеме негізінде жобалық шешім қабылданған түрлі нұсқалар салғастырылады, жобаның барлық тарауларынан негізгі техникалық шешімдерге қатысты қысқаша мағлұматтар, жобаның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері келтіріледі. Жобаның қолданыстағы нормалар мен тәртіптерге сәйкестілігі және жасалынған келісімдер туралы мәліметтер келтіріледі.
Техника-экономикалық бөлім негізгі бастапқы мәліметтер мен кәсіпорынның құрылысын жүргізудің орынды болатындығын және тиімділігіне қатысты техника-экономикалық есептеу нәтижелерін қамтиды.
Сурет 4. Химия өнеркәсібінің кәсіпорындарының бас жоспары
Осы бөлімде келесі мәліметтер келтіріледі:
- өндірісті бастапқы шикізатпен қамтамасыз ету көздері мен тәсілдері және негізгі материалды ресурстармен қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
- кәсіпорынның шикізаттық, отындық және энергетикалық базасының сипаттамасы;
- өндірістік байланысы мен киілісу мүмкіндіктері көрсетіледі;
- кәсіпорынның жұмысшылардың негізгі категорияларына және инженерлі-техникалық қызметкерлерге деген мұқтаждығы негіздемеленіледі және осы мұқтаждықты қамтамасыз ету көзі туралы мәліметтер;
- кәсіпорынның қаржылай салымдары мен негізгі қорларына сараптама беріледі;
- дәл осындай өнім өндіруші алдыңғы қатардағы кәсіпорындардың дәл сол секілді негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерімен (ТЭК) (еңбектің өнімділігі, өндірісті мехнизациялау және автоматизациялау деңгейі, өнімнің өзіндік құны, өзін-өзі өтеуі т.б.) салыстыра отырып өндірістің негізгі ТЭК көрсетіледі.
Бас жоба және транспортжоспарланған шешімдердің транспорттық ағымдардың және транспорт түрлерін таңдау негіздемелерін; вертикальді жоспарлау және кәсіпорын территориясын абаттандыру сұрақтарын шешуді, жауын-шашын тосындарын, инженерлік және коммуникация тізбектерін жасауды; кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды; азаматтық қорғаныс шараларын және сыртқы транспорттық байланыстарын ұйымдастыруды қамтиды.
Жобаның технологиялық бөлімі (Технологиялық регламент) бірнеше тарау астыларынан тұрады:
а) Өндіріс технологиясында өндірістің жалпы сипаттамасы, оның технико-экономикалық деңгейі және негізгі техникалық шешімдердің негіздемесі келтіріледі; өндірілетін өнімнің, бастапқы шикізаттың, материалдар мен жартылай өнімдердің сипаттамасы; технологиялық процестердің физика-химиялық негізі; өндірістің технологиялық сызбанұсқасын таңдау және оған негіздеме беру; технологиялық процесті сипаттау және сызбанұсқалар; материалдық баланс; өндіріс тастандыларының түзүлуінің жылдық нормасы; технологиялық режимнің нормасы; өндірісті бақылау және технологиялық процесті басқару; құрал-саймандарды, қондырғыларды құрастыру; қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар, өндірістік санитария және еңбекті қорғау; қоршаған ортаны қорғау; өндірісті ұйымдастыру және оның экономикасы келтіріледі.
б) Технологиялық процестерді автоматтандыруда автоматтандыру ісі жобаланып жатқан өндірістік процестердің тізімін; автоматты басқарудың, дистанционды және жергілікті бақылаудың, дабылқаққыштандырудың сызбанұсқасы мен негіздемесін; қондырғылар мен материалдарға қатысты тапсырмалы спецификациялармен тапсырыстық ведомосттердің тізімі келтіріледі.
в) Электрқамтамасыз ету және электрқондырғылар. Бұл тарауастыларында электрэнергияларды тұтынушылардың бекітілген қуаттылығы туралы мәліметтер келтіріледі; қабылданып жатқан электрэнергиялардың көздерінің, кернеулерінің, тармақтағыш және трансформаторлы подстанциялардың негіздемесі туралы мәліметтерді қамтиды. Бұл жерде ауа және кабельді электртасымалдаушылардың желілерінің саны мен типі, ғимараттың табиғи электр көзінен қорғаныстылығы, басты желіден алатын элекрқұралдар, электрлік жарықтандырудың мәселесі анықталынады, және де, негізгі материялдар мен құрал-саймандарға тапсырмалы спецификация мен тапсырыстық ведомосттар беріледі.
г) Жылу жүйелері. Бұл тарауастында жылу және қамтамасыз ету көздерін тұтынушылар туралы бастапқы мәліметтер, жылу тармақтарының сызбанұсқасы мен жүйесін сипаттау және негіздемелеу, негізгі құралдарды таңдау мәселесі, жылу жүйелерінің құрылымдық шешімдері және трассалары және де негізгі материалдар мен құрал-саймандарға деген тапсырмалы спецификация мен тапсырыс ведомосттері келтіріледі.
Әдебиеттер:
Под. ред. А.И.Михайличенко Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 33 - 37 б.
Дәріс №5
Тақырыптың аты:Өнеркәсіптік ғимараттардың түрлері (типтері)
Қарастырылатын сұрақтар:
- Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар;
- Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар;
- Қосалқы көмекші ғимараттар және химиялық кәсіпорындардың жайлары (помещениялары);
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоймалары.
Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар. Химиялық өнеркәсіпте бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар технологиялық процесі горизонтальді өндірістер үшін құрылымдалынады (синтетикалық және жасанды талшықты; шина және резинатехникалық бұйымдар; пластикалық масса; хлорлық өндірістердегі электролиз цехтері; қайта жөндеуден өткізу жіне механиклық цехтер; қоймалық жайлар т.с.с.).
Әр түрлі өндірістердің әкімшілік-шаруашылық меңзелінудегі қызметтерінің ғимараттарын блоктау қажет. Ол әкімшілік-қоғамдық орталықтардың территорияларын азайтуға және жұмысшы қызметкерлерге қызмет көрсету жүйесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар. Химия өндірісінің технологиялық процесі вертикальді болып келетін түрлерін орналастыруғы тек көп қабатты ғимарттар ғана қолданылады Мысалы: аммиакты силитра өндірісі; органикалық синтез өндірісі; химиялық талшықтар зауыдтарының цехтары; пластикалық масса, органикалық еріткіштер, бояулар мен қышқылдар өндірісінің технологиялық сызбанұсқалары мен ғимараттарының келбеттері (плакаттар).
Шатырларының түсіретін салмағына байланысты колонналарының торларының өлшемдері 9 ×6 м (1000 кг/м2), ал 6 ×6 м (2500 кг/м2). Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттардың биіктіктері ретінде қабаттың еденінің деңгейінен биік жақта орналасақан келесі қабаттың еденінің беткі деңгейіне дейінгі аралық алынады (3.6; 4.8; 6.0; 7.2 және 10.8).
Химия өндірісінің көп қабатты ғимараттары: крансыз және көпірлі кранды немесе аспалы кранды болады. Жоғарғы қабаттардағы өткелдері 18 және 24 м. Жалпы химия өндірісінің көп қабатты ғимараттары үшін олардың ендері (жалпақтықтары) 18 метрден кем болмағаны дұрыс болады. Жарылыс қауіптілігі жоғары өндірістер үшін 30 метрден артық болмауы тиіс екі жағынан біркелкі әйнектелініп терезеленілген жағдайда, ал бір жағынан ғана терелеленіліп әйнектелінсе 18 метр болуы шарт.
Қосалқы көмекші ғимараттар мен химиялық кәсіпорындардың жайлары (помещениялары) тіршілік, сауықтыру және мәдени демалу мәселелерімен тікелей байланысты, яғни әлеуметтік немесе мәдени-сауықтыру нысандары (санитарлық-гигиеналық, тамақтандыру, ден саулық сақтау пункті, мед пункт, дем алдыру ғимараттары, клубтық және спорт ғимараттары және т.б.).
Гардеробныйлар, душтар, жуыну орындары. Кептіргіштер, залалсыздандыру камералары, киімді тозаңсыздандыру камералары және т.с.с. Анилин. Қорғасын, сынап, мырыш, фосфор, радиоактивті және т.б. заттармен жұмыс істелінетін, яғни зияндылығы күрт жоғары өндірістерде гардеробныйлар мен душтар өткізгіштер (пропускниктер) түрінде орналастырылады.
Қоймалар.
- Жылдам тұтанғаш, жарылғыш, улы заттардың және өртке қауіпті реактитвердің және концентрлі қышқылдарға арналған қоймалар;
- Жағар-жанар май материалдарының қоймалары және мұнай базасы;
- Пиломатериалдар, қағаз, текстиль және полимерлі материалдар қоймалары;
- Ерекше оқшауландыруды қажет ететін қоймалар (радиоактивті материалдар);
- Өрт қауіптілігі тұрғысынан қауіпсіз материалдарға арналған қоймалар (қосалқы бөлшектер, саймандар және т.с.с.).
Ашық алаңды; Навес немесе платформа; Жабық.
Қойманың территориясының алаң: а) жүктер орналастырылған жағымды аудан (материалдардың штабелдері мен стеллаждар); б) Оперативтік аудан (өткелдер, яғни проход, сортировочный және қабылдап тармақтап таратқыш алаң, яғни өлшеу құрылғылары орналастырылған және қызмет көрсету жайлары орналастырылған).
Әдебиеттер: Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 37-46 б.
Дәріс №6
Тақырыптың аты:Инженерлік құрылымдар
Қарастырылатын сұрақтар: тіреуіштер мен эстакада; галереялар; каналдар мен тоннелдер; бункерлар мен силостар; металды сыйымдылықтар мен газгольдерлер; градирнилер мен водрнапорный башнялар; түтінді алып кетуге арналған құбырлар.
Тіреуіштер мен эстакада – әр түрлі химиялық және өзге де процестер жүзеге асырылып жататын горизонтальді және вертикальді аппаратураларға арналған. Олар химия, мұнай өңдеу, каучук өндірісінде, темірбетондық және пластмасса бұйымдарының өндісінде жиі қолданылады. Құбырларды жүргізуде.
Тіреуіштьердің бір ярусты және екі ярусты түрлері бар. Тіреуіштер мен эстакадалар ҚНжЕ 2.09.03-85 «Өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылымдары» және МЕМСТ 23235-78 «Технологиялық құбыржелілерге арналған бір ярусты эстакадалар» бойынша жасалынады.
Галерейлер – технологиялық коммуникациялар мен адамдардың өтуі үшін (ені 1 м болса, онда ол сағатына 2000 адам өткізуге ес ептелнген деген сөз) арналған жер беткі, жерүсті, горизонтальді немесе еңкейтіліп жасалынған ұзындықты ені бар құрылым.
Каналдар мен тоннельдер – жерасты, жабық, горизонтальді немесе еңкейтіліп жасалынған ұзындықты ені бар технологиялық коммуникациялар мен адамдардың өтуі үшін арналған инженерлік құрылым. Каналдар өткізбейтін (биіктігі 0.3 м), жартылай өткізгіш (биіктігі 0.6-1.2 м) және өткізгіш (биіктігі ) болып бөлінеді. Биіктіктері 1.2-1.8 м және одан үлкен каналдарды әрбір 60 ме тр сайын өлшемі 600-800 мм лютар ескеріліп жасалынады. Плиталары жанбайтын болады. Ашық каналдарда қол сүйендіргіштері болуы шарт. Эксплуатациялау кезінде бақап қарап шығуға және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоннелдердің биіктіктері 2 және одан үлкен болады. Мұнда жарық, өткелдер, қаждет болса вентиляция мәселесі де болуы керек.
Бункерлер мен силостар сусылдақ материалдарға арналған сыйымдылықтар болып табылады. Ашық және жабық қақпақты бункерлер болады.
Металды сыйымдылықтар мен газгольдерлер мұнай мен мұнай өнімдерін, суды, химиялық өнімдерді, минаралды тыңайтқыштарды, сұйылтылған газдарды, рудалардың пульпаларын, және т.б. сұйық және жартылай сұйық өнімдерді сақтау және технолдогиялық өңдеуден өткізу үшін қолданылады. Ойыстандырылған, доғалданылған және тік бұрышты болады.
Резервуарлар жерасты, жартылай жерасты және жер беткі болып келеді. Жанармайларға арналған резервуарлар бас жоспарда рельстік және автокөліктік жолдармен, су және судың жағасының желілерімен байланыстырылған болуы керек.
Градирнилар, сулы тегеурінді мұнаралар суларды салқындатуға арналған құрылымдар болып табылады.
Әдебиеттер:Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 44 - 59 б.
Дәріс №7
Тақырыптың аты:Химиялық кәсіпорындарды жобалаудың арнайы сұрақтары
Қарастырылатын сұрақтар:
- Ауаны жылыту, вентиляциялау және кондиционерлеу;
- Сумен қамтамасыз ету;
- Канализация;
- Ғимараттың өртке қарсы қауіпсіздік және жарылыс қауіпсіздігінің шарттары.
Көлемі 3000 м3 –тан артық және бірнеше мәрте ауысу арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін (2 немесе 3 смена) химия өндірісінің ғимараттарын жылытқыш-циркуляционный агрегаттарды қолдану арқылы ағындық желдету арқылы ауамен жылыту қолданылады. Ағындық желдету арқылы ауамен жылыту ауамен қоспа түзгенде жоғары температура әсер бергенде өздігінен тұтануы мүмкін қоспалар түзуге бейім парлар мен газдарды және сумен немесе су буымен әрекеттескенде, иә болмаса сумен жанасқанда тұтанып жануы мүмкін тозаңдар бөліп шығарумен сипатталатын өндірістерде қолданылады (фосфор, бертолетовый тұзы, алюминий пудрасы, кальций карбиді және т.с.с.). Мұндай тәсіл қолданылатын ғимараттардың ауасында ауыру тарататын микрооргнизмдер, өте қатты улы әсері бар заттар, өте жағымсыз иістер және зиянды заттардың концентрациясы өте лезде артып кетпейтін болуы шарт.
Барлық жайларда меңзелінуіне қарамастан барлығында механикалық, жаратылыстану бойынша және аралас желдету жолдары ескерілген болуы керек. Ауаны тарту тазарақ жағынан ластаныңқыраған бағытқа қарай жүзеге асырылу шарт (немесе ауаны сырттан тарту керек). Сырттан кіргізілініп тұратын ауаның (сорып алынатын жердің ауасы залалданып тұрған жердің нүктесінен вертикал бағытта 6 метрден, ал горизонталь бағытта 10-12 метрден кем болмауы шарт) температурасын тұрақты ету үшін қосымша жылытқыш приборлар ескерілген болуы тиіс. Сондықтан жобалау сатысы кезінде зиянды парлар мен газдардың бөлінетін жерлері және оларды жергілікті түрде тартып алып кету жолдары ескеріледі.
Сумен қамтамасыз ету. Химия өндірісінің зауыдтарында таяу маңдағы су көздерінен тасылып алынатын таза сулармен өндірістік циклдан кейін тазаланылған сулар қолданылады.
Өндірістік қажеттілікке қолданылатын суларға кермектілік, тұнбаға шөгетін қоспалардың мөлшері (коллойдты бөлшектер) және еріген тұздар және т.б. параметрлер бойынша нақты бір талаптар қойылады. Қажетті шартқа сәйкес келетін суға қол жеткізу үшін су сәйкесінше өңдеу мен тазалаудан өткізіледі (тұндыру, фильтрлеу, жұмсарту және т.с.с.).
Градирнилар қолданылады. Айналмалы түрде сумен қамтамасыз ету жүйесін жекелеген технологиялық процестің түріне байланысты кешенді түрде жобалау керек. Ол жүйелердің құбырлары тіректер, эстакадалар немесе шпалдар арқылы өзге де құбырлармен бірге жүргізілуі мүмкін, кейде ондай құбырларды жердің астымен де жүргізуге рұқсат беріледі.
Канализация. Тұрып қалған тастанды суларды кетіруге арналған канализационный жүйелер ашық және жабық қабылдағыш қондырғылардан тұрады (лотоке, трап-ловушка, тазалағыш қондырғылардың тұндырғыштары, смотровой колодецтары бар канализационный сеть, перекачкалауц станциясы).
Өндірістік сулар магистральный жүйеге түспес бұры біріншілік тазалаудан өткізіледі (қышқылдар мен сілтілерді бейтараптау, өрт және жарылыс қауіптілігі бар заттардан тазарту, май, шайыр және т.б. токсинді заттардан тазартылғаннан кейін) содан соң биологиялық тазарту құрылымдары мен су қоймаларына қарай бағытталады.
Қысым астында жұмыс істейтін аппараттардан шығарылатын сулар аралық сброс тастайтын сыйымдылықтардан өткізіліп барып гидравликалық тығын арқылы ғана канлизацияға ағызылып шығарылады.
Өртті сөндіруге арналған гидранттардың бір-біріне дейінгі аралығы 100 метрден артық болмауы керек, ал ол гидранттар ғимараттардың қабырғаларынан 6 метр, ал жол торапынан 2 метрден артық болатын қашықтықтан алыс орналаспауы шарт.
Ғимараттың өртке қарсы қауіпсіздік және жарылыс қауіпсіздігінің шарттары. Күкіртсутек, ацетилен, этиловый эфир және т.с.с. ұшқыннан тұтанып кету қаупі бар газды- немесе булыауалы қоспалы заттармен жұмыс істелінетін химия өнеркәсібінің кәсіпорындарының цехтарының едендерін соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан (известнякты толтырғышы бар асфальт, глазурланылмаған керамикалық плитка, қыйын тұтанатын пластик және т.с.с.) жасалынуы негізгі шарттардың бірі.
Бутан, бутилен, пропан, пропилен, дивинил және т.б., көмірсутектер қолданылатын цехтардың едендерін соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан және осы заттардың әсерінен еріп кетпейтін заттардан жасалынуы керек.
Фонарьы және терезелерге арналған ойықтары бар ғимараттарда түтінді алып шығарып кететін түтінге арналған люктері қарастырылған болуы шарт.
Фонарьсыз өрт қауіптілігі жоғары өндірістерге арналған ғимараттарды түтінде алып кетуге арналған люктерін дистанционды ашып-жабу секілді басқару мүмкіндігі бар вытяжной шахталар болуы керек. Ол шахталардың люктерінің өлшемі өндірістік жайдың көлденең қимасының 0,2 % болады.
Әдебиеттер: Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 60 - 67 б.
Дәріс №8
Тақырыптың аты:Бастапқы мәліметтердің құрамы және химия өнеркәсібінің кәсіпорындарын және олардың қондырғыларын жобалаудың негізгі сатылары
Қарастырылатын сұрақтар:
2.1 Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
2.2 Конструкторлық құжаттардың түрлері
Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
Технологиялық қондырғы өнеркәсіптік кәсіпорынның қондырғы жүйесінің құрамдас бөлігі болып кіреді, және оның өмірлік циклы өндірістің өніміне тәуелді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы өндіріс өнімінің өмірлік циклының қысқаруына (көнеру циклы) алып келеді, және көпшілігі үшін ол қазіргі таңда бес жылдан артпайды. Сондықтан технологиялық қондырғыны жобалауға арнаулы бөлінген уақыт мүмкіндігінше минималды деңгейге дейін келтірілуі қажет. Жобалаудың негізгі сатылары 1-суретте келтірілген.
Технологиялық қондырғыны жобалаудың мақсаты:
· сапаның өте жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып жобаны орындау шарты жағдайында жобалаудың, даярлаудың және эксплуатацияға енгізудің мерзімін қысқарту;
· өндірістің, ғылыми-техникалық жетістіктердің, ұтымды ұйымдастыру мен басқарудың алдыңғы шепті тәжірибесін қолдану арқылы еңбектік, материалдық, энергетикалық ресурстадың шығындарының мүмкіндігінше минималды шығындалуын қамтамасыз ету.
Технологиялық қондырғыны жобалаудың міндеттерін қою үш сатыда өтеді:
1) өндірістің өнімін (зат) даярлап жасап шығаруға немесе өңдеу технологиясына деген идеяның немесе мұқтаждықтың туындауы;
2) болжанылған технологиялық қондырғының негізгі параметрлері туралы және оған қойылатын талаптар бар материалдарға сараптама жүргізу;
3) технологиялық қондырғыны жобалауға қойылатын міндеттерін құрастыру.
Технологиялық қондырғыға қатысты идея немесе мұқтаждық өнім және оны өңдеудің технологиясы пайда болғанда туындайды. Сондықтан, технологиялық қондырғы өндіріс өніміне және технологиясына қатысты қараса екіншілік болып келеді. Технологиялық қондырғыны жобалау өндіріс өнімі және оны өңдеу немесе даярлау технологиясы туралы толық ақпарат бар болған кезде мүмкін. Жобалаудың бастапқы сатысы негізгі параметрлерді және технико-технологиялық сипаттамаларды және олардың өзара байланыстарын экономикалық және әлуметтік факторлармен байланысын зерттеу болып табылады.
Жобалаудың келесі сатысында ұсынылған өнімді өңдеудің технологиялық процесінің физикалық іске асырылуы бағытында жүргізілген зерттеулердің, технологиялардың, инженерлік ізденістердің, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың материалдарын сараптамадан өткізу қарастырылады.
Технологиялық қондырғыны жобалау міндеттерін құрастыруға мәселені алдын ала қарастыру, бастапқы мәліметтерді меңгеру, қаржыландырудың көзін және оның жуықталынған құнын, жобалау, жасау және эксплуатацияға енгізу мерзімін анықтау кіреді.
Технологиялық қондырғыны жобалау туралы шешімді қабылдау алдын ала келесі тапсырмаларды орындаумен жүзеге асады:
· технологиялық қондырғының көптеген (үштен көп емес) аналогтары мен прототиптердің арасынан жүзеге асуы тұрғысынан ең мүмкін болып келетін нұсқасын таңдау және оптималдылық критериін анықтау;
· технологиялық қондырғыны жобалау кезінде еңбектік, материалдық, энергетикалық ресурстарды, макеттерді немесе тәжірибелі-өндірістік (зертханалық) желілерге қатысты жуықталынған шығындарды анықтау;
· экономикалық және әлеуметтік факторлардың талаптарын қанағаттандыратын жобалау жүйесінің ұтымды құрылымын ұйымдастыруды қарастыру.
Технологиялық қондырғыны жобалау туралы шешімді қабылдау принципі ғылыми-техникалық білімді, даму тарихын, алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибені және жобаның оптималды нұсқасын анықтаудың прогресивті әдістерін қолдануға негізделген.
Химиялық өндірістің қазіргі дәрежесі жоғары сапалы машина мен аппараттарды жобалауды және жасауды талап етеді. Бұл келесі техника-экономикалық көрсеткіштердің оптималды үйлескенде мүмкін болады: максималды жұмысшы көлем, жоғары өнімділік, қарапайымдылық, жұмыста сенімділік және қауіпсіздік, ең аз энергия- және металды- сыйымдылық, автоматтандырудың жоғары дәрежесі және максималды жұмыс істеу мерзімі.
Бұйымның Жасақтаудың қажетті
меңзелінуі сатылары
Бұйымның Техникалық Даяр өнім мен
техникалық тапсырма шикізат сапасына
сипаттамасы қойылатын талаптар
Техника- Эксплуатациялау және
экономикалық қайта жөндеу шарттарын
талаптар ескере отырып
арнайы талаптар
Таңдалған конструк-
цияның дұрыс- Патентті құжаттар
мақсаттылығының
техника- экономикалық
негіздемеленуі Техникалық ҒЗЖ нәтижелерінің
ұсыныс және таңдалынған
конструкцияның
Конструкцияның эксплуатациялау
принципиалды тәжірибесінің
нұсқасын таңдау сараптамасы
Бұйымның құрылысы
мен жұмыс істеуінің
Тәжірибелік үлгілерді Эскиздік жоба принципиалдық
даярлау. Негізгі конструкторлық
өлшемдерін белгілеу шешімі
Жұмысшы жобаны Техникалық Аппараттың
жасақтау үшін жоба құрылысымен оның жұмыс
бастапқы мәліметтер. істеу принципі туралы
Макеттерді даярлау. мағлұмат беретін соңғы
техникалық шешім.
Жұмысшы Сериялық массалық
Тәжірибелік үлгі құжаттарды өндіріс
жасақтау
Бекітілетін
серия
Жоқ Конструкторлық Иә Процедура соңы
құжаттарды
түзету
Сурет 1. Жобалаудың негізгі сатылары
Бұйымның құрылымын жасақтау – өзіне тән айрықша дараланған үш сатылы күрделі көпбаспалдақты процес:
- біріншісі (жобалық конструкторлық құжаттарды жасақтау) – техникалық тапсырмалардың мәліметтерінен, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік сынақтардың нәтижелерінің негізінде орындалатын инженерлік шешімдердің техника-экономикалық жетілдірулердің қадамнан-қадам арқылы тереңдейтін процес;
- екіншісі ( жұмысшы конструкторлық құжатты жасақтау) – инженерлік ізденістердің нәтижелерінің материалдық тұрғыдан жүзеге асырылуы, тәжірибелік-өндірістік мәліметтерді жүйелеу және оларды техникалық тапсырмамен салыстыру, құжаттарға қажетті анықтамалар мен толықтыруларды енгізу процесі.
- үшіншісі ( техникалық тапсырманы жасақтау) – жасақталынатын нысанға қатысты бастапқы талаптарды анықтау процесі және жасақталынатын нысанның алдын-ала (мүмкін және меңзелінген) кескінін құрастыру процесі.
Конструкторлық құжат – бұл жеке немесе үйлесулері арқылы бұйымның құрамы мен құрылысын анықтайтын графикалық және мәтіндік құжаттар. Жалпы конструкторлық құжаттар жобалық және жұмысшы конструкторлық құжаттар болып бөлінеді.
Жобалық конструкторлық құжатта (техникалық қосымша, эскиздік және техникалық жоба) бұйымды жасақтауға қажетті барлық мәліметтер болады, ал жұмысшы конструкторлық құжатта осы бұйымды даярлап шығару үшін қажетті мәліметтер келтіріледі.
Конструкторлық құжат бұйымды дарлап жасап шығарудың әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар олардың қолданылу реттіліген регламенттемейді. Бұл технологиялық құжаттардың міндеті. Бірақ конструкторлық құжаттарда келтірілген мәліметтер оларды таңдауға және қолданылуына анағұрлым әсер етеді.
Техникалық тапсырма (ТТ) бұйымды жобалаудың мақсатты бағытын және ұтымды бірізділігін анықтайтын маңызды бастапқы құжат болып табылады. Анализ және тәжірибелік сынақтар мен өндіріс қажеттіліктерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен салыстыруға негізделе техникалық тапсырманы дайындау процесінде сапалы сипаттамалар құрастырылады. Жалпы жағдайда ТТ–да бұйымның құрамы мен конструктивті құрылғысына, оның сапасының көрсеткішіне, құрамдас бөліктеріне, бастапқы және эксплуатационды материалдарына, жасақтау сатылары мен кезеңдерін және т.б. талаптар көрсетіледі. Техникалық тапсырма келісіліп және бекітілгеннен кейін жобалық құжатты даярлауға кіріседі.
Жобалық құжатты дайындауға жаңалығы мен бұйым конструкциясының күрделігіне байланысты нысанды көпнұсқалы модельдеу және оптималды нұсқаны бөлу және әртүрлі жаңалығы мен күрделігі бойыншажәне т.б. құрамдас элементтердің қасиеттерінің үйлесуіне негізделген әртүрлі модельдердің сараптамасы жатады.
Макет – бұл жобалық немесе жұмысшы құжаттарды орындағанда, эксперименттік үлгіні құрастырғанда олардың жұмыс істеу принципін тексеру үшін жасақталынып даярланудағы заттың немесе оның көлемдік құрамдас бөліктерін жүзеге асыратын бұйым.
Техникалық ұсыныс тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасының сараптамасына, ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелеріне, жасақталынудағы бұйымның құрылымдық және эксплуатационды көрсеткіштерін ескере отырып шешімдердің әртүрлі нұсқаларын салыстырмалы бағалау және таңдалған құрылымның аналогтарының тасымалдау тәжірибесінің негізінде бұйымды даярлаудың құжаттарын жасақтаудың ақылға сиымдылығының дәлелі бар конструкторлық құжаттардың жиынтығы болып табылады. Техникалық ұсыныс келісіліп бекітілгеннен кейін эскизді (техникалық) жобаның негізі болып табылады.
Эскиздік жоба – бұйымның құрылысы мен жұмыс істеу принципі, меңзелінуі, жасақталынудағы бұйымның негізгі параметрлері мен габаритті өлшемдерін анықтайтын мәліметтер беретін және принципиалды конструктивті шешімдер келтірілген конструкторлық құжаттардың жиынтығы. Эскиздік жобаны қарастырып және бекітіп алғаннан кейін техникалық жобаны орындауға кіріседі.
Техникалық жоба – жасақталынудағы бұйымнаң құрылысы туралы толық мәлімет, соңғы техникалық шешімдер мен жұмысшы конструкторлық құжатты жасақтауға қажетті мәліметтер келтірілген конструкторлық құжаттардың жиынтығы. Техникалық жоба мақұлданып және бекітілгеннен кейін тәжірибелік үлгіні, бұйымның бекітілетін сериясын және бұйымның сериялық (массалық) өндірісінің жұмысшы конструкторлық құжаттарын жасақтау үшін негіз болып табылады.
Бұйымның тәжірибелік үлгісі – техникалық тапсырмаға сәйкестілігн тексеру үшін және де бұйымның негізгі бөлшектерін (жекелеген жағдайларда бұйымның тәжірибелік партиясын даярлап шығарады) жасап шығарудың технологиялық процестерін даярлау мен құжаттарға қажетті түзетулерді енгізу үшін қайта жасақталынған жұмысшы конструкторлық құжаттарға сәйкес даярланған бұйым үлгісі.
Бекітілген серия бұйымы – бұйымның тәжірибелік үлгісін жасап шығарып және оны сынау нәтижелерінің негізінде жасақталынған құжаттарға сәйкес даярланған бұйым. Мұндай сериялы бұйым оның техникалық тапсырмаға сәйкестілігін қадағалау, бұйымды даярлаудың технологиялық процесін тексеру және одан ары қарай құжаттарға қажетті түзетулерді ендіру үшін қажет.
Сериялық өндірістің бұйымы – біріңғай конструкторлық құжаттарға сәйкес периодты қайталанатын сериялармен сериялық өндіріс жағдайында жасалған бұйым.
Массалық өндірістің бұйымы - біріңғай конструкторлық құжаттарға сәйкес массалық өндіріс жағдайында үздіксіз бұйым.
Химиялық өндірістердің қондырғыларын 3 класқа бөлуге болады;
1) аппараттар;
2) машиналар;
3) тасымалдау құралдары.
Меңзелінуіне байланысты химиялық қондырғыларды әмбебап, мамандандырылған және арнайы деп бөледі.
Әмбебап қондырғылар – бұл жалпыламалық меңзелінудегі немесе жалпы зауыдтық қондырғылар. Оларды әртүрлі химиялық өндірістерде ешқандай өзгеріссіз-ақ қолдануға болады. Ондай қондырғылардың қатарына: сораптар, компрессорлар, желдеткіштер, калориферлер, центрифугалар, кептіргіштер, экстракторлар, сеператорлар, сонымен қатар газ тазалағыш және тозаң ұстағыш қондарғылар мен тасымалдау құралдары жатады.
Мамандандырылған қондырғылар - әртүрлі модификацияланған бір ғана процеске пайдаланылады: жылуалмастырғыштар, ректификациялық бағаналар, абсорберлер және т.б.
Арнайы қондырғылар – тек қана бір процесті жүргізу үшін арналған: каландрлар, вулканизациялық нығыздауыштар, грануляторлар, хлораторлар, сублиматорлар және т.б.
Технологиялық қондырғыларды негізгі және көмекші деп ажыратылады. Негізгі технологиялық қондырғыларға әртүрлі технологиялық процестерді (химиялық, физикалық және т.б.) жүзеге асырып нәтижесінде мақсатты өнім алуға мүмкіндік беретін аппараттар мен машиналар жатады. Осылайша, негізгі технологиялық қондырғыларға келесі құралдарды жатқызуға болады: реакциялық-жанасу аппараттары, реакторлар, конветорлар, синтез бағаналары және химиялық реакциялар жүзеге асатын басқа да аппараттарды, сонымен қатар физика-химиялық процестер үшін қолданылатын аппараттар мен машиналар – абсорберлер, экстракторлар, ректификациялық бағаналар, сатурациялық мұнаралар, кептіргіштер, буландыру және жылуалмасу апараттары, вальцалар, каландрлар, нығыздауыштар және т.б.
Көмекші қондырғылардың қатарына сыйымдылықтарды, резервуарларды, сақтағыштарды және т.б. жатқызуға болады.
Әдебиеттер:
Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 67 -71 б.
Дәріс №9
Тақырыптың аты:Бастапқы мәліметтердің құрамы және химия өнеркәсібінің кәсіпорындарын және олардың қондырғыларын жобалаудың негізгі сатылары
Қарастырылатын сұрақтар:
2.3 Өнеркәсіптік химиялық өндірісті жобалау үшін бастапқы мәліметтердің тарауларының мазмұны
Химиялық саланың кәсіпорнының жобасын жасақтау кезінде нақты құрылған Техникалық тапсырмалар негізгі құжат болып табылады. Олардың құрастырылып жасалынуы мен берілуіне Жетекші ғылыми-зерттеуші ұйыммен немесе Құрылтайшылар кеңесімен келісілген және бекітілген тапсырыстық құжаттарға сай
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 2414;