Дәріс Атмосфералық ауаның ластануы.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:Студенттерге атмосфераны ластағыштардың құрамын, ауаның стацоинарлы көздерден шыққан заттармен ластануын түсіндіру. Сонымен қатар, ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануын және ластанған ауаның зиянды әсерімен таныстыру.
Жоспар:
3.1 Атмосфераны ластағыштардың құрамы.
3.2 Ауаның стацоинарлы көздерден шыққан заттармен ластануы.
3.3Ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануы.
3.4Ластанған ауаның зиянды әсері
Атмосфераны ластағыштардың құрамы.
Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындының құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, әр түрлі ұшпа көмір сутегілері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутегі, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. /9-10/
Кесте
Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері.
млн.тонна
Заттектер | Дүние жүзі бойынша | Қазақстан | ||
Тұрақты көздер | Көлік | Тұрақты көздер | Көлік | |
Қатты бөлшектер | 6,4 | 3,7 | ||
Көміртек оксиді | 7,6 | 10,1 | ||
Күкірт оксиді | 0,7 | 9,2 | — | |
Азот оксиді | 3,0 | 1,1 | ||
Көмір сутектері | 0,2 | 2,0 |
Бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға тасталады. Мұнай мен көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда газ экологиялық таза отын болып саналады.
Ауаның стацоинарлы көздерден шыққан заттармен ластануы.
Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп, денсаулыққа зиянын тигізеді, ал улы заттар денені улайды.
Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 пайызы иісті газ, 27 пайызы күкіртті газ, 1,1 пайызы азот тотығы, 28,3 пайызы қалқып жүретін қатты түйіршіктер.
Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электростанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай – химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру кәсіпорындары жатады.
Кесте.
Ндірістің негізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы заттардың үлес салмағы
Негізгі өндіріс салалары | Шаң-тозаң | Күкіртті газ | Көміртек тотығы | Азот тотығы | Көмірсутек | Жалпы үлес салмағы |
Жылу электр станциялары | — | — | — | 29,0 | ||
Құрылыс материалдарын өндіру | — | — | — | — | 8,1 | |
Қара металлургия | 24,0 | |||||
Түсті металлургия | — | — | — | 10,5 | ||
Мұнай өңдеу, мұнай-химия өндірісі | — | — | 15,5 | |||
Химия өнеркәсібі | — | — | — | — | 1,3 |
Автопарктің облыс бойынша саны 2009 жылы 36214 бірліктен 2010 жылы 45278 бірлікке дейін өсті.
Автотранспорттан шыққан улы қалдықтар:
— 2009 жыл – 75,5%
— 2010жыл – 71,6%
— 2011 жыл – 60,8%
Дата добавления: 2016-12-26; просмотров: 1736;