Атмосфераны ластайтын заттарды классификациялау.
Агрегаттық күйлеріне қарай, атмосфераны ластайтын заттарды 4 топқа бөледі: қатты, сұйық, газ және аралас. Сонымен қатар, өндіріс қалдықтарының атмосфераға тарайтын бөлігін төмендегідей етіп те топтайды:
§ Шығару және бақылау жүйелерін үйлестіру бойынша;
§ Ластаушы заттарды шығару режимі бойынша;
§ Температура бойынша;
§ Шоғырландыру бойынша;
§ Тазалау сипаты немесе тәсілдері бойынша;
1.3 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер.
Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының қүрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдар болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 108 кішігірім метеорит түседі. Жерде атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн.тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиусы 106-105м шамасындағы бөлшектерден тұрады. /7-9/.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қорғаныш ортаға әсер етін ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.
Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: түсіндіру, баяндау, пікіралмасу, сұрақ-жауап
Деңгейлік тапсырма (20 балға дейін)
1-ші деңгей:Атмосфераның құрамы мен сапасын сипаттаңыз.
2-ші деңгей: Атмосфераның әртүрлі өнеркәсіп салаларынан ластануын түсіндіріңіз.
3-ші деңгей: Парникті газдардың шығарындыларын айқындаңыз.
СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары (слайд): (30 балға дейін)Атмосфераның құрамы мен сапасына антропогендік әсер. Атмосфераны ластайтын заттарды классификациялау.
Әдебиет:
Негізгі:
1. Полонский В.М. Охрана воздушного басссейна.-М., 2006.
2. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2013.
3. Воровьев В.И. Эколого-градостроительные основы расчёта приземных
концентраций газа.-М., 2006.
4. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2011.
5. Рекомендации по оформлению и содержанию проектов нормативно
предельно допустимых выбросов в атмосферу (ПДВ) для предприятия
Республики Казахстан. РНД 211.2.02.02-07. Алматы, 2007.
Қосымша:
1. Методическое пособие по расчету, нормированию и контролю выбросов
загрязняющих веществ в атмосферный воздух. НИИ Атмосфера.- Спб., 2005.
2. Пыле – и газоулавливающие устройства. Методические указания к
выпускной работе для студентов – бакалавров специальности 5В0717 -
Теплоэнергеника. - Алматы: АИЭС, 2010 - 44 с.
Дата добавления: 2016-12-26; просмотров: 3577;