Дәріс 15. Логарифм амплитуда жиіліктік сипаттамалары үшін түзету құрылғыларын синтездеу.

Жалпы сипаттамасын салғанда, оның төменгі, орташа және жоғары жиіліктер аймағындағы бөліктерін жеке-жеке қарастыру керек. Қалаулы қ сипаттамасының ең төменгі жиіліктегі түрін, беріліс коэффициенті және берілген астатизм реті бойынша анықталатын, төмен жиілікті асимптотамен анықтауға болады. Шынында да, бірінші жанасу жиілігінен кіші жиіліктерде

қ . (7.42)

Жоғары жиіліктік аймақта

(7.43)

сондықтан қ қалаулы сипаттаманың түрі негізінен жүйенің берілген бөлігінің түрімен анықталады.

Шынында да, бұл аймақты, жүйенің динамикалық сипаттамаларына елеулі әсерін тигізбейтін кіші параметрлер аймағы деп қарастыруға болады. Осы себептен, бұл аймақта жұмыс істейтін жүйені корректирлеудің керегі жоқ және де (7.43) теңсіздігі қанағаттанатын болса

(7.44)

деп жазуға болады.

Сонымен, жүйенің динамикалық қателіктеріне, өтпелі процесс сапасының көрсеткіштеріне және орнықтылығына елеулі әсерін тигізетін, орташа жиіліктер аймағындағы қалаулы қ сипаттаманың түрін таңдау ең күрделі жұмыс. Бұл таңдау көбінесе жүйеге қойылатын талаптарға байланысты. Егер жүйенің берілген бөлігінің сипаттамасы минимал –фазалы болса, онда арнайы номограммалар бойынша, берілген сапа көрсеткіштеріне сәйкес, орта жиіліктер аймағындағы қ қалаулы сипаттаманың түрін таңдап алуға болады.

Минимал-фазалы деп, оң жақ жартылай жазықтықта түбірлері жоқ беріліс функциясы бар немесе модулінің берілген мәнінде, аргументі ең аз шамалы болатын жиіліктік функциясы бар жүйені айтады. Бұл жүйелердің АЖС мен ФЖС арасында бірмәнді байланыс болатындықтан, әртүрлі есептерді шығарған кезде ол жүйенің тек логарифмдік амплитудалық сипаттамасын ғана қолдануға болады. Ал номограмманы «Техническая кибернетика», под ред. В.В.Солодовникова кітабының 599-601 беттерінен табуға болады [1].

Орташа жиіліктік асимптота еңістігін оптимал логарифмдік амплитудалық сипаттамасының еңістігіндей - 20дБ/дек етіп алу керек. Себебі одан кем еңістікті жүзеге асыру өте қиын, ал одан үлкен еңістік жүйенің қажетті орнықтылығын қамтамасыз ете алмайды.

Қалаулы логарифмдік сипаттаманы алғаннан кейін корректирлеуші құрылғының синтезіне көшуге болады.








Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 3177;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.