Оршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша жобалық құжаттарды жасақтау
Экологиялық болжау
Экологиялық болжау жобаланудағы нысанның құрылысы мен эксплуатациялануының, яғни меңзелінудегі шаруашылық тіршіліктерінің қоршаған ортаның құрамдас бөліктерімен әсерлесуіне алдын ала болжамдар жасау мақсатында жасалынады.
Экологиялық болжау үдерісі келесі реттілікпен жүзеге асырылады:
1. Қоршаған орта параметрлеріне сараптама жасау. Бұл табиғи шарттарды, жобаланудағы нысанның жұмыс істеу жағдайында орналасуы және қазіргі жағдайда өзге де шаруашылық тіршіліктердің нәтижесіндегі технологиялық жүктемелерді бағалауды қамтиды.
2. Жобаланудағы нысанның меңзеліну мақсаты, эксплуатациялануына тән ерекшеліктерін, шығарылатын залалдаушы заттардың түрі мен олардың шығарылу жиілігін, құрылыс ауданында табиғи жағдайдағы шарттардың бұзылуының болжамды параметрлерін жән т.с.с. қоршаған ортаға әсер ету сипатын анықтау.
3. Нысанның әсеріне душар болатын экологиялық жүйенің параметрлері мен оның құрамдас бөліктерінің шекараларын анықтау (табиғи ортаның әрбір құрамдас бөлігіне ықпал ету жағдайын бағалау кезінде жасалынады).
4. Жобаланудағы нысанмен әсерлесудегі табиғи құрамдас бөліктердің жеке дара маңыздылығын анықтау.
5. Жобаланудағы нысанның қошаған ортамен әсерлесуінің болжамын жасақтау.
Құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік нысандар ортаның әр-түрлі құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Олардың қатарына:
а) құрылысқа жүргізуге бөлінген жер теліміндегі топырақ жамылғысының және жалпы территорияның көлемі бұзылады;
б) жерді қазып ұңғымалар және суды қажетті бағытқа бұруға арналған бағыттағыштар салу нәтижесінде территорияның су режимінің бұзылуы жер беткі суларының жүру және жинақталу шарттарының өзгеруіне және ылғалмен қамтамасыз етіп тұрған табиғи көздерінде судың болмай қалу салдарынан территорияның құрғақшылыққа шалдығуы;
в) Жер беткі және жер асты суларын нысанды сумен қамтамасыз ету үшін пайдалану;
г) кәсіпорынның тастандыларымен және жасанды өзгерістерге ұшыраған жерлердің бетінен (карьерлар, хвостохранилищелар және т.б.) желдің әсерінен көтерілетін шаң-тозаңдармен ауа бассейінінің, территорияның және сулы ортаның заладануы;
д) сулы нысандардың қолданыстан кейін лақтырылып шығарылған сулармен ластануы;
е) қоршаған ортаның радиациялық заладануы;
ж) ауаның және судың температураларының көтерілуіне алып келетін жылудың бөлінуі, мұздың қату және еру мерзімдерінің өзгеруі, тұмандардың түзілуі және т.с.с.;
з) шуылдың, сәуленің, электромагниттік және т.б. физикалық әсерлердің іргелес маңайларда орналасқан территорияларға әсер етуі;
и) өсімдік жамылғысының және жан-жануарлар әлемінің тіршілік ету орталарындағы табиғи шарттардың бұзылуы.
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 1750;