Лекция Іске қосып реттеу жұмыстары.
Жабдықтарды монтаждау нүктесіне жеткізу әдісіне байланысты бұрғылау қондырғысын құрылымдау әдістері анықталады, олар агрегаттық, ұсақблокты және іріблокты болып бөлінеді. Олардың әрқайсысының қолданылуы бұрғылау қондырғысының маркасына, жабдықталу негізіне, мұнайлы өңірдің ерекшелігіне, бұрғылау қондырғысын тасымалдайтын арақашықтыққа, жер бедеріне және басқа факторларға байланысты.
Агрегаттық әдіс жаңа бұрғылау қондырғысын, алғашқы рет оның ұсақ және іріблоктарын жиыстырып, одан соң оларды іріблоктармен монтаждауға арналған. Әдетте зауыттан жабдықтар монтаждық блок түрінде келеді. Тек кейбір өлшемдері мен массасы темір жол арқылы тасымалдаудың техникалық жағдайларына сәйкес келмейтін жабдықтар агрегаттар күйінде жіберіледі.
Агрегаттық әдіс келесі жағдайларда, қондырғы жабдықтары металл негізбен қосақталмағанда немесе іріблоктарды жер бедерінің, табиғи кедергілердің, тасымалданатын жол бетінің езіліп кету кесірінен тасымалдауға болмайтын жағдайларда қолданылады. Агрегаттық әдістің келесідей кемшіліктер қатарына қосылатын ерекшеліктері бар:
- жабдықтардың монтаждау, демонтаждау кезіндегі, бұрғылау ғимараттарын құрылымдау және бұзу, фундаменттерді құрылымдау және жабдықтарды тасымалдау жұмыстары көлемінің ұзақтығы мен ауырлығы;
-жабдықтарды монтаждау демонтаждау жұмыстарының көп қайталануы олардың уақытынан ерте тозуына, соның кесірінен жөндеу жұмыстарының көбеюіне, жабдық құрамының өзгеріп, бөлек агрегаттарды монтаждауда әртүрлі қосалқы бөлшектер қосылып, оларға қызмет көрсету уақыты әртүрлі болуы;
- бұрғылау ғимараттарының периодты түрде бөлшектенуінен материалдардың қайтымдылығы төмендейді.
Осы аталған кемістіктер еңбек өнімділігінің төмендеуіне және бұрғылау қондырғысы құрылымдануы қымбаттауына әкеледі.
Бұрғылау қондырғыларын құрылымдауда ұсақблокты әдіс агрегаттық әдістің жоғарыда аталған барлық кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, мұнара монтаждау және транспорттық жұмыстардың, фундамент дайындау жұмыстарының көлемі азаяды, құрылымдауға кететін уақыт мөлшері кеміп, жабдықтың сақталуы артады. Ұсақблокты монтаждау кезінде барлық бұрғылау қондырғысы түйіндер санына байланысты, бір бірімен кинематиқалық жалғанған 12-20 блокқа бөлінеді. Осы түйіндер үшін алаңға орналасқанда фундамент ретінде, сонымен қатар жақын аралыққа тасымалдау кезінде транспорт ретінде қолданылатын негіз дайындалады.
БУ-3Д бұрғылау қондырғысының негізгі атқарушы механизмдері көп жағдайда үш негізге монтаждалады: шығыр негізінде шығыр мен ротор; үшдизельдік негізде үш күштік агрегат, беріліс қорабы, май бактары, компрессорлар. Екідизельдік негізде екі күштік агрегат және май бактары монтаждалады. Бұрғылау сораптары бөлек фундаменттерде монтаждалады. Одан басқа бөлек қор және қабылдау ыдыстарына арналған, жуу сұйығын тазалауға, жанар жағармайға арналған ыдыстарды орналастыратын ұсақблокты негіздер қолданылады.
Ұсақблокты әдіс келесі кемістіктерге ие:
-бұрғылау жабдықтарының ұсақ блоктарға көп бөлшектенуі кинематикалық байланыстағы ерекшеленген түйіндердің құрылуын қамтымайды;
-негіздердің шектелген өлшемдері оларға бұрғылау ғимараттары мен коммникацияны орналастыруға мүмкіндік бермейді.
Ұсақблокты монтаждауды ұзақ мерзімді бұрғыланатын, терең барлама бұрғылау ұңғыларын монтаждауға қолданады. Бұл әдіспен БУ-6500, БУ-300 бұрғылау қондырғылары монтаждалады.
Бұрғылау қондырғыларын құрылымдауға арналған іріблокты әдістің ұсақблоктымен салыстырғанда келесідей артықшылықтары бар:
-блоктар санының бірден азаюы;
-фундамент конструкциясының қарапайымдалынуы;
-осының салдарынан құрылыс монтаж жұмыстарының көлемі азайып, бұрғылау қондырғысын құрылымдау мерзімі қысқаруы;
-блоктарды тасымалдау шапшаңдығының артуы және жабдықтар мен негіздердің оларды шынжыртабанды және пневмодөңгелекті ауыржүк тасығыштармен тасымалдаудың арқасында қызмет көрсету мерзімінің көбеюі;
-демонтаж кезінде ағаштардың, төбеге жабатын жұмсақ материалдардың істен шықпауына байланысты құрылыс материалдарының үнемделуі.
Іріблокты әдіс кезінде жабдықтар екі - алты блоктық негізге монтаждалып, олар арнаулы ауыр жүктасығыш транспортпен тасымалданады. Іріблокты әдістің жалпы тиімділігі бұрғылау жұмыстарының көлеміне, жер бедеріне, блоктарды тасымалдау аралығына, тасымалдау жолындағы табиғи немесе жасанды кедергілер болмауына байланысты. Бұрғылау жұмыстары көлемі көп, ұңғылардың бұрғылау мерзімдері және арақашықтықтары аз қолданыс алаңдарында, ашық, тегіс және қатты материалмен беті жабылған тасымалдау трассасы бар аймақта, іріблокты әдісті қолдану үлкен тиімділікке жеткізеді.
Іріблокты әдісте, блоктарды алыс арақашықтыққа тасымалдауға (әсіресе орманды, батпақты және ойлы-қырлы жерлерде) тура келсе тиімділігі төмендейді, өйткені бұндай жағдайда трассаны дайындау үшін көп жұмыс орындауға тура келеді. Бұндай жағдайда жабдықтарды түгелдей демонтаждап, негіздерді ұсақ секцияларға бөлшектеп, автотранспортпен тасымалдаған тиімді болады.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1597;