Мектепке дейінгілердің сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Балалардың сөздік қорын дамыту ерекшелігі жеткілікті, толық физиологияда, психологияда, психолингвистикада оқытылған. Мектепке дейінгі мекеменің бағдарламасы бойынша бір-бірімен сабақтас өтілетін тәрбие жұмысында баланың ой-өрісін, дүние танымын, сөйлеу тілін дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл мәселені кешенді тәрбие жұмыстарының барлық саласында үзіліссіз жүзеге асырып отыру көзделіп, бағдарламада «Тіл халық қазынасы» атты тақырыпппен берілді. Балалардың сөздік қорын ауызша сөйлеу тілін ждамыту жұмыстары осы тақырып төңірегінде бір топтан екінші топқа өткен сайын сатылап күрделеніп отырады. Баланың тақырыптарға сәйкес жүзеге асады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді үйретіп, сөз мәнісін айта білуге, оны күнделікті өмірде қарым-қатынас, дербес іс-әрекет кезінде орынды пайдалана білуге үйретіледі.
Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілінің дамытуда басты назар аударылатын – олардың орындаған жаттығуларының мазмұндығы, жүйелілігі, анықтығы, мәнерлілігі, тазалығы, өрнектей түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық қатесіздігі. Көптеген зерттеулерге қарағанда нашар оқитын балалардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Керісінше, тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді, олардың табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндігі де соғырлұм мол болады. Балалар тілі үлкендермен және басқа балалармен қарым- қатынас жасау барысында, сөйлеу әрекеті арқылы меңгереді.
Мектеп алды даярлық тобындағы тіл дамыту сабағы мен қазақ тілі сабағының негізгі мақсаты негізінен балалардың сөздік қорын дамыту. Серуен кездерінде түрлі заттың нақты атын, іс-әрекетін, сан-сапасын, көлемін, формасын, түр-түсін білдіретін сөздерді әр-түрлі грамматикалық тұлғада (жекеше, көпше түрде жіктеп, тәуелдеп, септеп) қолдана білу.
42 дыбыс үйретіліп, ауызша дыбыс, әріп туралы ұғымдар меңгеріледі. Үйренген дыбыстар қатысатын сөз ойластыру, оған дыбыстық талдау жасау, дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрастыру бағытында жаттығулар жүргізіледі. Сөздердің көп мағынал ыжәне бір-біріне ұқсас, жақын мағыналы болатынын ұғындырып, сөйлеу, сөйлеу кезінде орынды қолданып, ол сөздердіғ, мағыналас сөздерді дәл тауып, таңдап алуға, әдеби шығармаларда кездесетін бейнелі сөздерді тауып айтуға үйрету. Осылардың барлығы мынадай бағытта жүзеге асады:
- Ауызекі сөйлеу мәдениеттілігі. Онда сөйлеп отырған адамды тыңдау, өзіне қойылған сұраққа түсініп, ойланып жауап беру. Баланы айтылу қиын р,л,с,м,щ,б,в,п,ц,ф т.б. дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге жаттықтыру.
- Грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету. Онда ауызша сөйлеуге үйрету. Заттың атын білдіретін сөздер. Заттың іс-әрекетін, қимылын, заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді мөлшерін білдіретін сөздерді көмекші мағынаны білдіретін сөздерді ажырата білуге, сөйлемді сөзге талдау тәсілдеріне үйрету. Диалог, монолог түрінде сөйлеуге үйрету. Синоним сөздерді және көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді білдіру.
- Сөйлем, сөз, буын туралы ұғымдарды меңгерту. Бұл ретте ауызша байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Берілетін білім дағдылары: оқыған шағын ертегіні, әңгімелерді түсініп, жүйелі түрде, оқиға жүйесін бұзбай, қайталмай, сөз қалдырмай, орын ауыстырмай әңгімелеуге дағдыландыру. Мазмұнды әңгіме құрап айта білу. Сол мазмұнға ұқсас оқиға жөнінде өздігінен әңгімелеп беріп сурет мазмұнын толықтырып айтуға үйрету. Өзіне бұрыннан таныс, күнделікті өмірде көріп-біліп, қолданып жүрген заттарға (үй жануарлары мен құстар, гүл ағаштар т.б.) сипаттама беру.
- Төртіншіден ертегі, әңгіме, тақпақтарды сахналау. Осы тұрғыдан жаңадан меңгертілген сөздерді, бейнелі сөздерді, бейнелі сөздер мен сөз тіркестерін қолдана білуге үйрету.
Мектепке дейінгі жастағы бадалардың сөздік қорын дамытудың екі жағы бар: сөздік қордың сандық өсуі және оның сапалы дамуы. Қысқаша тоқталар болсақ:
Сөздің сандық өсуі: Мектепке дейінгі шақ - сөздік қорды байытудың кезеңі. Алғашқы сөзді бала 1жастың аяғында айтады. Қазіргі отандық әдістемелерде бір жасқа 10-12 сөз норма деп санайды. Бір жарым жастан кейін белсенді сөздік қордың дамуы тез жүреді, екі жастың соңында ол 300-400 сөзді құрайды, ал үш жасында 1500 сөзге жетеді. Төрт жасында сөздің саны 1900ға жетеді, Бес жасында 2000-2500, алты-жеті жасында 3500-4000 сөзге жетеді.
Сөздің сапалы дамуы: А.А.Потебняның пікірінше балалардың алғашқы сөзінің мағынасында зат, әрекет емес сезімдік образ бар деген. Бала 10-11 айында сөздің дыбыстық жағына ғана емес, оның мағынасына да сезінеді. Алғашында бала үшін сөз нақты заттық бірлік негізінде болады (Үнемі ақ доппен ойнайтын балаға, өзіне таныс ақ және таныс емес үлкен түрлі түсті допты береді. «Доп қайда» деген сұраққа бала тек ақ допты көрсетеді). Біртіндеп жалпылау қабілетінің дамуымен ол берілген категорияның барлық заттарын белгілеп, айыра бастайды.
Сөздің мәнін игеру негізінде заттың қызметтік белгісі жатыр. Балалар сөздің ауыспалы мағынасын жылдам игермейді. Алғашында негізгі мағынасын игеру жүреді. Қалай болса солай сөздің ауыспалы мағынасын қолдану балаларда таңқалушылық, келіспеушілік тудырады («Ол әтешпен ұйықтауға жатты» деген сөйлемді естігенде бала «Жоқ, ол шұқиды» деп жауап береді).
Сөздің мағыналық мазмұнын белгілеу 6-7 жаста әлем, өмір жайында жаңа білімдерді игерумен байланысты. Алғашында бала сезінбей өз тіліндегі метафоралады қолданады. Мектепке дейінгілердің сөздік қоры өздері ойлап тапқан сөздермен байиды.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 5681;