Сөздік жұмыс түсінігі және оның мәні
Қазіргі әдістемелерде сөздік жұмыс сөздік құрамды тиімді игеруді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекет ретінде қарастырылады. Сөздік қорды дамыту сапалы сөздердің жинақталуы, оларды қоғамдық жағдайларда қолдана білуін қалыптастыру ретінде түсіндіріледі. Сөздің басты ерекшелігі оның лексикалық және грамматикалық мәндерінің бірлігі болып табылады.
Бала сөздің мәнін, ол сөз тіркестерінде, сөйлемдерде, байланысқан әңгімелеуде қолданылғанда ғана игереді. Сондықтан сөздік қорды қалыптастыру балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытумен тығыз өзара байланысан түрде жүру керек.
Балалардың лексиканы игеру ерекшеліктерін және сөйлеу табиғатын талдай келе, мектепке дейінгілермен сөздік жұмыстың екі аспектісін бөледі: 1. Ол балалардың танымдық әрекетін дамытумен байланысты және заттық байланыс пен қарым-қатынас логикасында жүзеге асады. Тіл дамыту әдістемесінде бұл аспект алдымен Е.И.Тихеева, М.М.Конина, Л.А.Пеньевская және т.б. еңбектерінде көрсетілген. 2. Сөзді лексика жүйесінің бірлігі ретінде игеру, оның басқа лексикалық бірліктермен байланыстарын білдіреді. Мұнда басты көңіл бөлінеді: балаларды көп мағыналы сөздермен таныстыру, нақты мағынасы бойынша антоним, синоним сөздерді қолдану және т.б. Бұл бағыт бойынша С.А.Сохина, О.С.Ушакова және т.б. еңбектерінде тоқталған.
Сөздік қорды дамыту – мектепке даярлаудың негізгі факторларының бірі. Жеткілікті лексикалық қорларды игермеген бала мектепте өз ойын білдіру үшін қажетті сөздерді таба алмай қиналады.
Мектепке дейінгі мекемеде сөздік жұмыстың ерекшелігі, ол балалармен жүргізілетін барлық тәрбиелік-білімділік жұмыстармен тығыз байланысты. Сөздік қорды байыту қоршаған ортамен таныстыруда, балалар әрекетінің барлық түрлерінде, күнделікті өмірде, қарым-қатынаста жүреді.
Сонымен тілдің және сөйлеудің қажетті бірлігі ретінде сөздің ролі, баланың психикалық дамуында оның мәні балабақшада балалардың тілін дамыту бойынша жалпы жұмыстар жүйесінде сөздік жұмыстың орнын анықтайды.
Балалардың сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білуге қабілеттерін дамыту – осылардың барлығы байланыстырып сөйлеуге үйретудің алғышарттары болып табылады.Бағдарламада көрсетілгендей негізгі мақсат- балалардың өз бетінше байланыстырып сөйлеу болғандықтан, бұл кезеңде мектепке даярлық тобындағы балалардың өз бетінше әңгімелесе алуға, үш-төрт сөйлемнен сипаттама әңгімелер құрастыруды үйрене бастайды. Балалардың өздңігінен байланыстырып сөйлеуі олардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырады. Бала бастапқы кезде бір-екі сөз арқылы өз ойларын жеткізбек болады. Ым-ишаратпен, бет әлпетін өзгерту, қолымен әр-түрлі қозғалыстар жасау олардың белгілі бір түсініктерді жеткізу шаралары іспетте болады. Академик Л.В.Щербаның анықтауы бойынша, балалардың екі сөздің басын құрап ойын білдіруі бастапқы байланыстырып сөйлеу қабілеті түрінде көрінеді. Ондай сөйлемдер синтагмалар деп аталады.
Жекелеген грамматикалық дағдылар қалыптасқаннан кейін балалар әр-түрлі ситуативті жағдайлар туралы қысқа сипаттама әңгімелер құрастыра бастайды. Қазақ тіліне оқытудың соңғы кезеңінде мектепке даярлық тобына балалар мынадай сөйлем дағдыларын игеру тиіс:
1. Өздеріне қаратыла айтылған сөзді толық түсіну.
2. Бір немес бірнеше адамдарға толық өзінің ұсынысын айта білу.
3. Өтініш, алғыс айтудың сыпайы түрлерін қолдана білу.
4. Жекелеген заттарға сипаттама беру.
5. Өз әрекеттерін немесе жолдастарының жасап отырған жұмыс туралы сипаттау.
6. Өзі және жанұясы туралы әңгімелей білу.
7. Жыл мезгілдерін сипаттай білу.
Балаларға берілетін барлық тілдік материалдарды қорыта келіп төмендегідей әңгімелердің түрлерін ұсынуға болады.
1. Балабақша туралы сурет бойынша қарастыралатын әңгімелер:
Мынау балабақша. Балабақшада балалар көп. Балабақша үлкен және әдемі. Мынау сөре. Сөреде ойыншықтар бар. Мынау доп. Мынау – қонжық, мынау қоян т.б.
Біз бақшаға келдік. Анам екеуіміз сәбіз ектік. Болат ағаштарға су құйды.
Мынау аула. Аулада балалар келе жатыр. Гүлнәр қуыршақ әкеле жатыр. Маратта машина бар. Машинада қонжық отыр.
Балалардың ойындары, режимдік сәттерге байланысты әрекеттері бейнеленген суреттер бойынша әңгіме құрату:
Балалар сурет салды. Болат үй салды. Гүлнәр қызыл, көк, сары шарлар салды. Бұл хайуанаттар паркі. Онда көп аңдар бар. Мынау қасқыр. Мынау аю т.б.
Мынау бала. Ол сағат жетіде тұрды. Тамақ ішті. Сағат сегізде балабақшаға келді т.б.
Грамматикалық мағыналар бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдіретін қарым – қатынастар мағынасы. Яғни бұл логикалық қатардың тілдік мағыналары.
Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы: бала лексикалық мағынаны яғни алма ағашын отырғызу сөздерінің тілдегі тысқары болмыспен ара қатынасын білуі мүмкін. Алайда алма ағашы отырғызылды немесе алма ағашын отырғызады деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді. Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегіайтылғанойды да түсінбейді. Ана тілдің грамматикалық мағыналарды үйретудің қиындығы мынада: бұл мағынаны оқытушының өзі жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп интуициялық жолмен қолданады.
Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі адамды ойлана білетін етеді. Ана тілдің грамматикалық мағынасын түсіну, жас жеткіншекке ақыл кіру және оның даму процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін алайда, егер бұл процесі нашар оқытылуы арқылы бәсеңдетілетін болса баланың ақыл ойының өсуі шектеліп қалады.
Балалар алдын – ала аздаған сөз мөлшерін үйренбейінше дыбыстарды және сөйлем интонацияларының ерекшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту. Олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.
Тәрбиеші балалармен сөзбе – сөз қарым – қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анықтап, дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет. Әсіресе зат ретінде сөздер мен іс – қимылды білдіретін етістік сөздерді өзара байланыстыра сөйлеу, үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. Мысалы: бала сурет салып отыр, қыз доппен ойнады деген сөйлемдегі затты білдіреді және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу. Қалай байланысып тұрғанын түсіндіреді. Коллективтік әңгіме құрап айтуға үйретеді. Бірыңғай жай мүшелі сөйлем түрінде сөйлеуге үйретуден бастаған жөн. Заттың қасиетін, оқиғаның себебін, өткен мезгілін білдіретін сұрақтарға жауап беруге үйрету. Оны Қашан? Қайда? Неліктен? Не себепті? Сұрақтарын қойып, оған жауап алу арқылы үйрету керек. Көрсетіліп отырылған 2 – 3 жасар баланың тілі өте тез дамиды. 3 жасар баланың сөздік қоры 1300 – 1500 сөзге жетеді. 4 жасар баланың сөздік қоры 2 есе көбейеді. Естиярлар тобында қазақ тілінің грамматикалық құрылысын меңгеру күнделікті өмірде, үлкендермен сөйлесу кезінде іске асады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыз айтады. Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелді жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті.
Сондай–ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әртүрлі жағдайға орналастырып, балалардан сұрау қажет. Бала Қайда? деген сұраққа заттың орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар “жасырылған затты тап”, “орныңды тап” деген ойынды өткізуге болады.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 5825;