Агрохимиялық зерттеудің әдістемелері оның маңыздылығы 5 страница

Өсімдіктерде ақуыздарды синтездеуге мыстың жақсы әсер ететіндігі және осының арқасында өсімдік тканьдерінің су ұстау қабілетінің артатындығы анықталады. Ал мыс жеткіліксіз болса, ұлпа коллоидтарының суды өзінде ұстау қабілеті нашарлайды. Астық тұқымдас дақылдар мұндай ауруға шалдыққанда жапырақары, барлық жеміс ағаштарының ұштары қурайды немесе солып қалады.

3. Өсімдіктің өсуіне фосфор тыңайтқышының әсері қандай.Өсімдік организміндегі синтездеу процесі мен зат алмасудың көптеген сатысы фосфор қышқылының қатысуымен өтеді.Әсіресе,әр түрлі органикалық қосылыстар құрамына енетін фосфордың маңызы зор.Солардың ішінде нуклеин қышқылдарын бірінші орынға қоюға болады. Нуклеин қышқылының екі түрі де РНК 153(рибонуклеин), ДНК (дезоксирибонуклеин) ақуыздың синтезделуі,өніп-өсу, тұқым қуалаушылық сияқты тіршілік әрекетінің ең маңызды процестеріне қатысады.Олар өсімдіктің барлық мүшелері мен клеткаларында кездеседі.Көпшілік өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарында нуклеин қышқылының мөлшері 0,1-1,0 пайызға дейін жетеді.Жас жапырақ пен өркеннің өсу нүктесінде нуклеин қышқылы көне жапырақ пен сабаққа қарағанда көбірек болады.Фосфордың органикалық қосылыстарына нуклепротеидтерді - ақуыздың фосфор қышқылымен қосылысын жатқызуға болады.Олар биохимиялық реакцияның өтуін жылдамдатады және клетка ядросының бөлінуіне қатысады.Фосфор өсімдікте фосфатидтер, фитин, қант фосфаты сияқты қосылыстар құрамында да кездеседі. Фитин кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік мүшелерінің құрамында, фосфор қосылыстарының арасында мөлшері жағынан бірінші орын алады.Мысалы, майлы дақылдарда 1-2%, астық дақылдарының тұқымында 0,5-1% фитин болады. Фитиннің өзінің құрамында 27,5 пайыз фосфор қышқылы кездеседі. Фосфор өсімдікте жүретін түрлі биосинтез процестерін жүзеге асыру үшін, көп энергия бөліп шығаратын қосылыстар құрамына енеді.Олардың ішінде ең маңыздысы АТФ (аденазин үш фосфор қышқылы) болып саналады. Өсімдікте фосфор шамалы мөлшерде түрлі минералдық қосылыстар түрінде кездеседі.Оған негізінен орта фосфор қышқылының тұздары жатады. Өсімдік организмінде фосфор көптеген процестерге қатысады. Мысалы, құрамында фосфор қышқылы бар АТФ-сыз фотосинтез және тыныс алу процестері өтпейді, сондай-ақ өсімдіктегі қосылыстардың түрленуі болмайды.Өсімдіктегі көмірсулардың синтезделуі мен ыдырауы фосфордың қатысуымен өтеді. Өсімдік организмінде фосфор қышқылы азотты заттардың алмасуында ерекше рөл атқарады. Мұнда нитратты азоттың аммиаққа дейін тотықсыздануы үшін фосфор қышқылы қажет. Фосфор өсімдікте оның барлық мүшелерінде кездеседі.Ол азот сияқты өсімдіктің жеміс беретін мүшесінде көп, ал қосалқы өнімде аз болады. Фосфорды өсімдік көбінесе өзінің бастапқы өсу кезеңінде аса қажет етеді.Бұл кезеңдегі фосфордың жетіспеушілігін қосымша қоректендіру есебінен толықтыруға болады деп ойлаудың пайдасы жоқ.Жалпы фосфор жетіспесе өсімдіктің сабағы мен жапырақтарының өсуі баяулайды,тұқым салмайды.

Билет

1. Лизметрлік әдістің агрохимиядағы орыны.Топырақ қасиеті мен өсімдік тіршілігін табиғатта егіс жағдайында арнайы құрал – лизиметр көмегімен орындайтын тәжірибелерді лизиметрлік зерттеу дейді.Лизиметр (грек сөзі еру, босау деген мағынаны білдіреді) құралын пайдалану арқылы ағылшын ғалымы Джон Дальтон 18 ғасырдың аяғында жауын-шашыннын жер асты суларының қорын толтырудағы рөлін түсіндірген.Агрохимиялық зерттеулер кезінде лизиметрлік әдісті топырақ ылғалдылығының динамикасын, атмосфералық жауын-шашынның топырақтағы жылжуын, су сүзінділерінің құрамын, тыңайтқыштың құрамындағы қоректік заттардың шайылуын анықтау үшін қолданады.Сөйтіп, қоректік заттардың кіріс және шығыс бөліктерін салыстыра отырып олардың балансын есептеп шығарады.Бұл мәліметтер топырақтың қоректік заттары мен тыңайтқыш және өсімдік арасындағы өзара байланыстың сырын ашуға негіз болады. Сондай-ақ, лизиметрлік әдісті тыңайтқыш әсерінен топырақтың кейбір қасиеттерінің (мысалы, су өткізгіштік) өзгеруін, өсімдіктердің транспирациялық коэффициентін анықтау үшін пайдаланады.Соңғы жылдары лизиметрлік әдіс гидрогеология, агрометеорология, мелиорация және өсімдіктер физиологиясы сияқты ғылым салаларында кең көлемде қолданыс тапты. Ал суармалы егіншілікте лизиметрлік қондырғыларды су балансын, сор, сортаң топырақтарды шаю, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару нормасын анықтау мақсатында қолданады.Лизиметрлік зерттеу әдісін зертхана жағдайында судың және оның құрамындағы еріген заттардың, тыңайтқыштардың топырақ бойымен жылжу заңдылығын, олардың сүзілу жылдамдығын дәлелдеу үшін жиі пайдаланады.Бұл тыңайтқыштарды тиімді пайдалану тәсілдерін анықтауда айтарлықтай маңызды рөл атқарады.Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштардың дұрыс қолдану жолдарын анықтауда лизиметрлік зерттеудің де маңызы зор.Өйткені зерттеушілердің жүргізген көптеген тәжірибелері қоректік заттардың топырақтағы мөлшері мен тыңайтқыштардың әсер етуі арасында белгілі бір байланыс барлығын лизиметрлік әдісті қолдану арқылы анықтады.

2. Агрохимияның пән аралық байланысы.Агрохимия-өсімдіктердің қорегі,тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды қолдану және бітік егін шығаруға арналған топырақ пен өсімдіктердегі химиялық және биохимиялық процестерді зерттейтін ғылым.Егіншілікті химияландырудың ғыл. негізі. Диқаншылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. А-ның негізін салушылардың бірі – француз ғалымы Ж.Буссенго (1836).Ол өсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді. Бірақ бұл процестің ғыл. мәні ағылшын ғалымы Г.Гельригел (1886) және орыс ғалымы С.Н. Виноградский (1893) нитрофикаттану (түйнек бактерияларының ауадағы молекула күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органик. қосылыстарға дейін айналдыруы) процесін ашқаннан кейін түсіндірілді.Кейін неміс ғалымы Ю.Либих топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді (1840), ал Дж. Лооз Англияда дүние жүзіндегі ең алғаш суперфосфат шығаратын зауыт салды (1843). Қазақстанда А. Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-ты құрылғаннан кейін (1934) қалыптасып, дами бастады.Оның негізін салушы ғалымдар И.И. Синягин мен К.Иманғазиев болды.Олар топырақ құрамындағы фосфордың органик., минералдық қосылыстарын анықтап, шалғындағы сұр топырақ пен қызғылт қоңыр топыраққа тыңайтқыш шашу тәжірибелерін жүргізді.Тыңайтқыш қолданудың аймақтық жүйесін жасады.Сондай-ақ Д.Мәденовтың жетекшілігімен Қызылорда облысында көңнің, карбамиформның, Қаратау фосфоритінен өндірілгенаммофос,метафосфат, полифосфат тыңайтқыштарының тиімділігі зерттелді. Б.Бәсібеков тыңайтқыштардың а. ш. дақылдарының өнімінің сапасына әсерін, С.Рамазанова күріш егісінің өнімділігін арттыруға азот тыңайтқышының тигізетін әсерін зерттеді. Р.Елешевтің ғыл. жұмыстары топырақтағы жылжымалы Р2О5,фосфат потенциалы,кальций фосфаттарының әр түрлі негізді қосылыстарына арналды.А-ның міндеті өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін хим. процестерді, тыңайтқыштар мен хим. заттардың тиімділігін зерттеу арқылы а. ш. дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. А. топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы қатынасты, олардың өсімдікке тигізетін әсерін, әр аймақта а. ш. дақылдарына тыңайтқыштың қандай түрін, мөлшерін, қандай әдіспен қолдануға болатынын зерттейді.Топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, а. ш. дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың хим. құрамына талдау жасайды. Осының негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохим. картограммалар жасалады. Нәтижесінде тыңайтқыштар, гербицидтер, химикаттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылады, мол өнім алудың жолдары іздестіріледі.

3. Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлкен еңбек сіңірген К.И.Иманғазиев болды. К.И.Иманғазиев Қазақтың В.Р.Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институтының агрохимия бөлімін 30 жылдан астам уақыт 10басқарды. Оның көп жылдар бойы жүргізген ғылыми жұмыстары,Қазақстанның оңтүстік аймағында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды дұрыс қолданылса, суармалы боз және қара қоңыр топырақтардың құнарлылығын жақсартатынын, одан қант қызылшасы, күздік бидай, жоңышқа, мақта, күріш сияқты дақылдардың түсімінің күрт артатынын дәлелдеді. Оның “Қазақстанда тыңайтқыш қолдану жүйесі” атты еңбегі казірде тыңайтқыш қолдануда бірден-бір құнды нұсқау болып саналады.Ол Қазақстанда тұңғыш рет агрохимияның ғылыми мектебін құрды. К.И. Иманғазиев нақты топырақ-климатттық жағдайларда әртүрлі дақылдар үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолданудың негізін қалады. Кейінгі жылдары агрохимия саласында Д.К.Мәденов, А.Т.Пономарева, Б.С.Бәсібеков, тағы басқа көптеген ғалымдар өсіп жетілді. Д.К.Мәденовтің жетекшілік етуімен Алматы және Қызылорда облыстарында қант қызылшасы, жүгері, күріш, қарбыз, жүзім,күздік бидай дақылдарына сұйық азот тыңайтқыштары мен карбамиформ, мочевина сыналды. Қазақстанда 60-шы жылдардың екінші жартысында Д.К.Маденов басқаруымен минералдық тыңайтқыштардың жаңа түрлерінің (Қаратау отандық фосфориттерінен алынатын аммофос, метафосфаттар, полифосфаттар, фторсыз фосфаттар),сондай-ақ азот және күрделі тыңайтқыштардың химиялық және салыстырмалы тиімділігі бойынша қомақты зерттеулер жүргізілді.Бұл зерттеулер Қазақстан егіншілігі үшін минералды тыңайтқыштардың қажетті ассортиментін анықтауға мүмкіндік берді. 1960-1970 жылдары К.И. Иманғазиев жетекшілігімен ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибелерде топырақтардың агрофизикалық, агрохимиялық және биологиялық қасиеттері,сондай-ақ қызылша ауыспалы егісінің тыңайтқыштармен қамтылуына байланысты топырақтардағы қоректену элементтерінің теңгерімі кешенді тұрғыда зерттелді.

Билет








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2302;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.