Table компоненті, ерекшеліктері.
Table компоненті навигациялық тәсілмен жұмыс жасауға негізделген. Table мен кесте арасындағы байланыс TableName, DataBase қасиеттері арқылы орнатылады.
BDE арқылы Delphi жергілікті кестелерді көпшілік қолданады деген принцип орнатады. Ал, қолданушыға жазбаларды өзгертуге рұқсат етілмесе, оның ReadOnly қасиетіне true мәнін меншіктету керек. Exclusive: boolean типті қасиеті арқылы кестені қолдану режимін өзгертуге болады. Егер ол true мәнін меншіктесе, онда кестені тек бір қосымшада ғана қолдануға болады. Exclusive қасиетін өзгерту үшін мәліметтер жиынтығы жабық, яғни кестемен байланыспаған болуы тиіс.
Монополиялық режим AddIndex және DeleteIndex әдістерімен индексті анықтауда немесе EmptyTable әдісімен кестені тазатқанда қажет. Table мәліметтер жиынтығында индексті орнату арқылы мынадай амалдарды орындауға болады:
- жазбаларды сұрыптау;
- жазбаларды іздеу;
- кестелер арасында байланыс орнату.
Мәліметтер жиынтығында ағымды индексті IndexName немесе string типті IndexFieldNames қасиеті арқылы орнатуға болады. Мұндағы IndexName қасиетінде кесте құру барысында анықталған индекс аты көрсетілсе, IndexFieldNames қасиетінде – индекс құрылған өрістер аттары көрсетіледі.
Мысалы:
Table1.IndexName:=’ind_fio’;
Table1.IndexFieldNames:=’Fio’;
немесе
Table1.IndexFieldNames:=’Fio; Post; Gr’;
Мәліметтер жиынтығы режимдері.Мәліметтер жиынтығы әртүрлі режимде болуы мүмкін. Ағымды режим State қасиетімен анықталады. Ол қосымша орындалу барысында оқуға ғана ашылады. Мәліметтер жиынтығын басқа режимге ауыстыру арнайы әдістермен орындалады. Мәліметтер жиынтығы төмендегідей режимде бола алады:
- dsiactive – мәліметтер жиынтығы жабық, екпінді емес;
- dsbrowse – қарау режимі, бұл режимге мәліметтер жиынтығы мынадай жағдайларда көшеді:
а) dsiactive режимінен Active қасиеті true мәнін қабылдағанда;
б) dsedit режимінен Post немесе Cancel әдістерін шақырғанда;
в) dsinsert режимінің Post немесе Cancel әдістерін қолданғанда;
- dsedit – ағымды жазбаны өңдеу режимі, бұл режимге мәліметтер жиынтығы dsbrowse режимінен edit шақырғанда ауысады.
- dsinsert – жаңа жазба қосу, бұл режимге мәліметтер жиынтығы dsbrowse режимінен insert, insertrecord, append немесе appendrecord әдістерін шақырғанда ауысады.
- dssetkey – жазбаны іздеу режимі (шартты қанағаттандыратын).
- dscalefields – есептелетін өрістер есептелу режимі, OnCaleFields өңдеу жағдайы қолданылады.
- dsfilter – жазбаларды електен өткізу орындалады, бұл режимге OnFilterRecord жағдайы орындалған сайын ауысады.
Программа орындалу барысында мәліметтер жиынтығы режимін State қасиеті арқылы таңдауға болады, яғни DataSourse үшін режим өзгерген сайын OnStateChange жағдайы орындалады.
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 2332;