Лекция. Ақыл-есі кем оқушылардың бейнелеу өнері әрекетінің ерекшеліктері.
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың бейнелеу өнеріндегі көру және қимыл әрекетінің дайындығы. Бейнеленген заттар формаларын қабылдау және кеңістік бағдарлау байланыстары.
Көмекші мектептегі оқушылар, әсіресе төменгі сынып оқушылары сурет салуды ұнатады. Балалар сурет салуға деген ұсынысты қуанышпен қабылдап іске ерекше көңілмен кіріседі. Кіші мектеп оқушылары үшін сурет салу ойынның бір түрі сияқты. Сабақтың бұл түрі балаларды қуантып қызықтырады. Мұндай қызығушылық сурет салу сабағында да және бейнелеу әрекеті бойынша сабақтан тыс уақытында да байқалады. Кейбір жағдайда ғана « Мен не салу керектігін білмеймін » деген сөздерді естуге болады.
Оқушылардағы ерекше белсенділік еркін тақырыпта, яғни мұғалім белгілі бір заттың суретін салуға итермелемеу, арнайы тақырыпта сурет салуды ұсынбаған жағдайда байқалады.Түрлі-түсті бояулар мен қарындаштарға қуанып балалар өздеріне ұнаған заттарды салады.
Егер оқушыға белгілі бір тақырыпты немесе заттың өзін салуды ұсынса балаларда аса үлкен құлшыныс және қызығушылық болмайды. Бұл жерде белгілі бір тұжырымға келуге болады: оқушылар өздеріне ұнаған және сала алатын затты ғана ерекше көңілмен салады. Олардан белгілі бір білімділік пен іскерлікті талап етсе, балада енжарлық пен жұмысқа деген жағымсыз қарым-қатынасты байқауға болады.
Бейнелеу әрекетіне деген қызығушылық пен белсенділіктің төмендеуі кейде жоғары сынып оқушыларынан да байқауға болады. Оны бірнеше себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, ақыл-есі кем оқушылар үлкейген сайын өз жұмыстарына сынмен қарай бастайды, ал белгілі бір заттың графикалық пішінін дәл келтіре алмағандық әлсіздігінен болады.
Екіншіден, жоғары сынып оқушыларында «Интеллектуальды енжарлық» байқалады, (Л.С. Славина) оның себебі оларда оқу жұмысына деген қызығушылық өз уақытында қалыптаспаған, әсіресе сурет салу сабағынан.
Үшіншіден, жоғары сынып оқушылары, кіші сынып оқушылары сияқты тапсырманы орындауға қызығушылық пен сезім болмаса, оған олар селқос қарайды.
Бейнелеу әрекетіне деген қызығушылықтың төмендеуі салынған суреттің тақырыбына ғана емес, оның сапасына да әсерін тигізеді. Бұл жоғары және кіші сынып оқушыларына тән нәрсе.
Оқушылардың өз қалауымен салынған суреттерде олар өздеріне жақын нәрсені ғана емес, өздерімен жиі кездесетін жағдайды, достарымен байланысты жағдайды көруге болады.Бұл көбіне жаттап алынған бейнелер (үй, көлік, кеме, ұшақ, гүл т.с.с) олар бір суреттен екінші суретке аз ғана өзгеріспен қайталанады. Сонымен қатар бір қателер қайталанып отырады, ақиқат салынған суреттің сәйкессіздігі сақталады. Мысалы, бірнеше қабаттан тұратын үйді салғанда, оқушы оның есігін биіктігімен тең өлшемде бейнелейді.
Кейде оқушылар бір қағаз парағына бір-бірімен байланысы жоқ екі-үш салынған суретпен толтырып қояды. Балаларды суреттің мағынасы қызықтырмайды – оларды салып отырған көлем,пішін,сурет салу процесі қызықтырады.
Көптеген оқушылар суретке өз ойларын түсіре алмайды, кейде алғашқы ойы ауысып кетеді. Екінші сынып оқушысы Салтанатаса бір үлкен тілекпен жұмысқа кіріседі. «Мен қыздың суретін саламын» - деп айтты.Сосын басын,көзін, мұрнын, аузын салады. Салынған суретке анықтап қарап «Бұл балақай» деді. Мұғалім оған «Неге?» деп сұрақ қойды. Салтанат былай жауап берді: «себебі онда ... жоқ бұл қыз. Бұл сары бантик ... міне мынандай. Тағы не? Тісі қажет» Содан соң қорапқа қарындашты қайтадан салып: «Иттің суретін саламын ...» дейді. Көп ойланып, суретті көрсетіп: «Бұл мама, ал қазір кішкентай бала болады, ол шар ұстап тұр ... міне ...» деді.
Кейбір балалар өздері үйренген сандар мен әріптерді салуға бейімделген. Мұндай суреттер кейде парақтың бүкіл бетін алып, жазу немесе есеп дәптер жұмысын еске салады.
Кейде балалардың суреттері қайталана беретін фигуралардан тұрады. Олар көбіне төртбұрыштар, ұшбұрыштар немесе шеңберлер мен қисық пішіндер. Бір заттың сансыз түрде бірнеше рет қайталануы, ол ақыл-есі кем кіші сынып оқушысына тән нәрсе. Олар аспандағы жұлдызшалар, құстар, жаңбыр тамшылары т.с.с.
Сурет тақырыбының шектеулігі оқушылардың «Графикалық штамптарды » жиі қолданумен пайда болады, яғни белгілі бір суретті жаттап алғандық. Бұл дегеніміз-мұржасынан түтін шығып жатқан үй, дуалдар, талдар, күн « штамп » болып табылады.
Кіші сынып жастағы ақыл-есі кем балалар көшіріп алуды, яғни дайын суретті бастырып алуды ұнатады. Бірақ мұндай жағдайда суреттің негізі қатты бұзылады. Кейбір суреттер көрсетілген заттан өте айрықша, зорға ұқсас келеді. Олардың жеке бөлшектері мүлдем мағынасыз болады.
Көмекші мектептегі кейбір оқушылар нағыз суретшілер сияқты көрінеді. Олардың суреттері нағыз сюжетімен тұтас бір картинаны көрсетеді. Олардың сурет техникасы жоғары, сурет бояулары әр алуан, сызықтары анық келеді. Бұл балалардың сурет салу қабілетін бөлшектеп тексергенде кітаптан, жаттап алған бір-екі суретті салуға шамасы жететіні анықталған. Олардың өнерге деген қабілеті байқалмайды.
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 3340;