МШ балалардың сурет салуға қызығушылығы және суреттің жалпы тақырыбы.
Жалпы псифизиологиялық дамымау күші жүйе процестердің инерттілігі және ақыл-есі кем мен мүмкіншілігі ектеулібалалар оқу жұмысында және сурет сабағында арнайы ұйымдастыруды қажет етеді. Қарама-қарсы жағдайда оларға мұғалім қанша тапсырма берсе, сонша тапсырманы формальды түрде орындайды. Л.И.Божовичтің айтуы бойынша білімдегі формализм тек оқушы меңгерген материалды түсінбеген жағдайда ғана туындамайды, сонымен қатар оқып жатқан материалға деген қызығушылықтың жоқ болуы кезінде де байқалады. Оқушылардың білім сапасының жоғарылауында қызығушылықтың жоқ болуы кезінде де байқалады. Оқушылардың білім сапасының жоғарылауында қызығушылықтың мәнін көптеген кеңес психологтары белгілеген. Кемістігі бар балалардың психикалық дамуында оларға өте үлкен маңызы бар.
Жалпы даму соның ішінде балалардың ақыл-ой әрекетінің дамуы үшін қызығушылықтың мәнін Выготский жан-жақты талдады. Оған іс-әрекеттің қозғалыс мотивтері қажеттіліктерді, қызығушылықтарды дамытқан.
М.Г.Морозов көрсеткендей, қызығушылықтың болуы кезінде мүлдем басқаша жұмыс істейді. Морозов: олигофрен балаларда оқуға деген қызығушылықтың пайда болуы мен олардың кейпі өзгереді, танымдық белсенділігі оянады. Шаршағаны басылады, қуанышты сергек көңіл-күй пайда болады деп көрсетті.
Морозовпен танымдық қызығушылықтықалыптастырудың тиімді жолдары белгіленген. Автор мынандай қортындыға келеді. Оқу әрекетіне деген қызығушылықты тәрбиелеу мен дамыту бойынша жұмыс, егер ол кезең бойынша жүзеге асырылса, интенсивті түрде жүреді.
1 кезең. Сурет салуға оқытудың дайындық кезеңімен сәйкес келеді. Бұл кезеңде балалардың сенсорлы процестердің алғашқы түрлерін тәрбиелеу маңызды. Соынмен қатар бейне нысанасының белгілі бір қасиетіне өз зейінінің тұрақтандыруға үйрету. Сурет салуға қызығушылықтың дамуына маңызды алғышарт балаларда «қолдың шеберлігінің болуы» саналады. Ақыл-есі кем оқушылардың мұндай әлсіз техникалық іскерлігі осы күрделі жетіспеушілік болып табылады. Сондықтан алғаш кезеңде ең қарапайым графикалық қимылдарды орындап үйрену үшін қимылдарды орындап үйрену үшін қолды қарындашпен тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруды жүргізу керек.
2 кезеңде оқушыларда сурет салу әрекетіне деген жағымды қарым-қатынасын ояту керек. Осы мақсатпен оқушылар алдағы жұмыстың мазмұнымен және заттың бейнесімен танысу барысында мұғалімнің кіріспе әңгімесі қызмет етеді. Сурет салу бойынша сабақтарда оқушылар белсенділігінің маңызы бейнеленген заттың түсі болып табылады. Түрлі-түсті зат оқушылардың зейнінің өзіне қатты аудартады. Осындай заттарды қабылдауға байланысты оқушылар жағымды эмоцияны сезеді және тапсырманы тезірек орындағысы келіп тұрады.
Көмекші мектептің кіші сынып оқушылары түрлі-түсті заттарды салуды жақсы көреді. Морозовтың айтуы бойынша «мотив қызығушылықтың сипатына, оның бір компоненті болып кіреді. Іс-әрекетке деген қызығушылықтың болуы кезінде оның мотиві осы әрекетті тану және меңгеру мақсатымен сәйкес келеді». Сурет салу процесін ұйымдастыруда оқушыларды алдағы жұмыстың мазмұнына еліктіру керек.
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2870;