Бейнеленген заттар формаларын қабылдау және кеңістік бағдарлау байланыстары.
Сурет салу сабағында баланың алдында арнайы міндеттер болады. Зат пішінің анықтау: тану, таңдау, салыстыру. Сурет салуда оның түрімен басқа көлемі, түсі, құрлымы анықталады. Осындай танымдық нәтижесінде заттардың толық мағынасын игеріп зат туралы толық түсінік пайда болады қабылдау сапасы жоғары болса, зат туралы түсінік бай болады. Н.П. Сакулинаның жасаған қорытындысы бойынща көмекші мектептерде сурет салу сабағында түзету тәрбиелеу жұмысы аса маңызды құрлым болады.Олигофрен балалардың заттың түрлерінің ерекшеліктері неден тұрады? Ең адымен ақыл – есі кем балалар денсау қатарластарынан заттық сурет салуды кеш меңгереді. Кіші мектеп жасындағы оқушылар үй, адам, ағаш сияқты әдеттегі суреттер қалыпты дамитын мектеп жасындағы оқушылардың суреттерінде байқалады. Көмекші мектептің кіші сынып оқушылары сурет салуда затқа көп мән бермейді. Тіпті оның алып қойғанында сезбейді. Ақыл – есі кем оқушылар заттардың кейбір элементтерінің мағынысын түсінбеуден қателіктер жібереді. 3 сыныптың көп оқушылары балғаның басты бөлігі ағаш ұстағышығының жалғасы екенін түсінбейді. Олар суреттің жоғарғы бөлігін салып, өз ойынша салады. Заттың суретін салу кезінде кейбір бөліктер үлкен болады. Көмекші мектеп оқушылары негізгі геометриялық белгілерде әлсіз түсінеді. Ал топтан салғанда күделі қателіктер жібереді. Қателіктер саны оқушыға берілген затқа қажетті геометриялық пішінді таңдағанда көбейеді. Көмекші мекткеп бірінші сынып оқушылары басты геометриялық түрді көшіргенде қиындыққа ұрынады: төрт бұрыш пен тік бұрыш салғанда ұзындық, көлемін шатастырып, қателеседі т.б. Мұның барлығы сурет салу сабағында түзете – тәрбиелеу жұмысының жүргізу кезінде ескеру керек.
Натурадағы сурет салу сабағындағы түзету-тәрбиелеу жұмыстары1-4 сынып оқушылары натурадан салуда негізгі сызықтарын бейнелейді, яғни заттың маңызды емес сызықтарды, жалпы жағдайда оқушыларға талап қойылады, себебі сурет салуда кейінгі сабақтарда салуды қажет етпес үшін. Натурадан сурет салуды оқытудың негізгі талаптары – бастауыш сыныптарда балаларға сурет салуда заттың кеңдігі, биіктігі, бөліктер мен толық конструкциясын үйрету.
Натурадан сурет салуда оқушыларға суретерін натурадан толықтай немесе бөлшектерін натурадан толықтай немесе бөлшектерін үнемі салыстырып отыруды машықтандыру қажет.
Суреттің дұрыстығын білу үшін баланың орталық сызықтарын сала білуді дамту, маңызды болып табылады. Сурет салуда оқушының жұмысты жүйелі орындалуында үлкен маңызы бар, себебі бұл жұмысты жоспарлай алумен байланысты. Бірақта жұмысты оырдауды жоспарлау қабілеті ақыл – есі кем балаларда кеш қалыптасады. Осыған байланысты мұғалім әрі сабақта сурет салудың жолдарын міндетті түрде түсіндіріп отыруы керек және жұмыстардың оындалу тәртібін сақтай отырып орындалады.
Натурадан сурет салу бейнелік есте сақтауды ғана емес сонымен қатар басқада есте сақтау түрлерінде: қимылдық, эмоциялық және сөздік логикалық. Натурадан сурет салу балалардың эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуына қөмектеседі. Натурадан сурет сала отырып: ағаш, гүл олардың пішіндерін анықтай отырып, бала мұғалімнің жетекшілігімен табиғат әсемдігіне деген қызығушылығы пайда болады. Мысалы: пішіндер мен түстердің көптігіне. Мұғалім балалардың заттың бөлшектік және толық пропорциялық байланысын көруге, табиғаттың гормониясы мен ритмін, түстердің ерекшеліктерін байқауға көмектесуі керек. Балаларда байқағыштықты дамыту арқылы, мұғалім сонымен бірге эстетикалық тәрбиені дамытады.
Натурадан сурет салу арқылы түзетушілік бағыт күшейе түседі және пән аралық байланысты анықтайды (қол еңбегі, сөйлеу тілін дамыту, әдебиет және музыка). Суреттерді түрлі – түсті қарындаштармен, фломастермен, акварельмен және гуашпен боялады (0-1 сыныпта 6 түрлі түстермен; 2 сыныптан 12 түрлі түспен жұмыстар орындалады).
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2982;