Сурет салу сабағында түезту-тәрбиелік жұмысындағы мұғалімнің ұйымдастырушылық рөлі.

Көмекші мектепте ең бастысы ол мұғалім болып табылады. Ол ақыл-ойы артта қалған балалармен спецфикалық жұмысты және оның мазмұнын жақсы біліуі тиіс.

Мұғалім оқушыларды өзіндік оқу материалын меңгеруге дайындауда басты орынды алады. Ақыл-ойы артта қалған оқушылар мұғалімнің көмегінсіз көптеген білімдерді,біліктіктерді және бірнеше дағдыларды меңгере алмайды. Көмекші мектептегі оқушылар мұғалім тарапынан назарларын жоғарлатуды қажет етеді.

Көмекші мектепте арнайы тапсырмаларды іске асыру орны мұғалімге жүктеледі, яғни балалардың танымдық әс-әрекеттерінің жетіспеушіліктерін түзету. Бұл тапсырмалар әртүрлі бағыттағы ықпал ететін тәрбиелеу процесінде шешіледі.

Оқушыларда ақыл-ойы дамуының артта қалған бұзылысын жеңуде сурет салу сабағының маңызы зор. Бірақ анамольды балаларға кейбір сурет салу сабағындағы іс-әрекеттер түзетуге әсерін тигізе бермейді. Өткізілген жұмыстың нәтижиелігі мұғалімге байланысты болады. Мұғалім сурет салу іс-әрекетінде оқушыға көптеген педагогикалық жағынан ықпал ету керектігін түсіну қажет.

Оқыту мен тәрбиелеу бағытындағы түзету жұмысында мұғалім ерекше жауапкершілікті мойнына алады. Білікті педагог өзінің жүйлі практикалық іс-әрекетінде біртіндеп осындай дидактикалық принциптерді жүзеге асырады. Сонымен қатар, түзетушілік-педогогикалық жұмысты анықтау немесе сурет салу сабағында қандайда бір маңызды аймақ оқушылардың жетіспеушілігі болып табылмайды және басқа жұмыстардан шеттетілмейді. Керісінше әрбір сабақ кезеңі дидактикалық,тәрбиелік және түзетушілік мақсаттарына бағытталған,яғни барлық оқу процесінде қолданылады.

Сурет салу сабағы мынадай жүйе бойынша жоспарланса онда дөрекі қателік жіберілетін еді: «жалпы білім беру жұмысы» сонымен қоса «түзетушілік жұмыс», яғни білім берудің басында, сосын арнайы педагогикадан алынған «қосымша». Бұндай білім беру процесінің құрылымы көмекші мектепке айтарлықтай зияның тигізетін еді.

Кейде түзетуді оқыту деп айтады, бұны «оқушының қателігі-оны мұғалімнің түзетуі» деген принцип бойынша ұйымдастырады. Бұл жағдайда түзетудің басты құрылымы балада жіберілген қателігі бойынша дер кезінде дұрыс көмек беру. Бұлай жүзеге асыру көптеген оқытудың жетіспеушілігіне әкеліп соғады. Олардың ең бастысы- сабақты бекіту негізде мұғалімнен көмек күтеді және біртіндеп өз бетімен жұмыс істеуі және белсенділігі төмендейді.

Оқушыға оқытудың шашыраңқылығы, бөлектілігі және тәрбиелігі, қоршаған ортаның барлық шарттары және педагогикалық ықпал әсер ететіні белгілі.

Оқыту процесіндегі тәрбиелеу-бұл ең біріншіден (бәрінен бұрын) қойылған талаптарға сәкес ұйымдастыру. Осындай талаптарға сәкес ұйымдастырылса, педагогикалық ықпал етуде оң нәтижиесін береді. Бұндай шарт ең біріншіден білікті педагогтың дайындығын қажет етеді.








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2462;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.