Сурет салуға оқытуда дидактикалық ойындарды қолдану.

Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің ең ықпалды және өзгермейтін басты құралы. Эстетикалық тәрбие барысындамына міндеттерді шешу қажет:

- Баланың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын, көркемдікті қабылдау қабілетін үздіксіз дамыту және талғамын қалыптастыру;

- Баланы өмірдің көңілді сәттеріне сезе білуге, айналадағы әдеміліктерді көре білуге және оларды сүйе білуге баулу.

Ақыл ойында бұзылысы бар балалар шындықты шынайы, пәк күйінде қабылдайды және оған барынша сенеді. Олар өте еліктегіш келеді: көргендері мен байқағандарын ойын барысында бейнелі түрде іске асырады. Ойын – бала үшін нағыз өмір. Егер мұғалім ойынды зеректілікпен ұйымдастыра білсе, ол балаларға игі ықпал жасауға толық мүмкіндік алады. Сондықтан да бейнелеу өнеріне баулуда дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану балалардың ой – өрісін кеңейтіп, өмірдегі әсемдік пен әдемілікке деген сүйіспеншілігін артырады. Жақсыға сүйсіне білуге, жаманға жек көре қарауға, өнердің алуан түрін көріп, сезу арқылы әсемдік атаулыны танып білу қабілетін қалыптастырады, қиялын өрістетеді. Өмірдегі, өнердегі сұлулық туралы түсініктерін жетілдіріп, өз өлкесінің әсем табиғатымен, өз халқының өнеге боларлық әдет – ғұрыпымен, ұлттық өнер сүйіп кең түрде танысуына жол ашады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, бейнелеу өнерінің мүмкіндігі мол. Өйткені өз мәні жағынан бейнелеу өнерінің жаңартушылық және жасампаздық сипаты бар. Бейнелеу іс – әрекеті барысында тәрбиенің сенсорлық, ақыл – ой, эстетикалық, адамгершілік және еңбек пен дене тәрбиесінің алуан түрлі жақтарын жүзеге асырылады. Бала ақыл – ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып, содан кейін әрекет ете бастайды. Олар іс – әркетке кірісер алдында өздерінде қалыптасқан түсініктердің негізінде ақыл – ойдың алға қойған міндеттерін шешу үшін оны жүзеге асырудың әдістерін іздестіреді. Осы әдістерді балаларға меңгеру үшін ойынның алатын орны ерекше. Тәрбиелеу барысында ойындық тәсілдерді қолдану баланың бейнелеу іс – әркетіне деген құштарлығын арттырады, оған ынта ықыласын тудырады. Әсіресе дидактикалық ойынның бейнелеу іс – әркетіне бейнелеуде маңызы зор. Дидактикалық ойындар – тәрбиелеудің аса маңызды құрлымының бірі болғандықтан, ол балалар меңгерген дағдыларды бекіту немесе үйрету үшін ғана емес, сол алған білімдерін іс – әркетке пайдалана білуге, жұмыс барысындағы икемділік дағдылармен қарулануға, ақыл – ойдың дамуына белсенділігінің артуына, өз бетінше әрекет етуіне жәрдемдеседі.

Дидактикалық ойынның маңызы:

- Дидактикалық ойын балалардың ақыл – ойына күш түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмаларды қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді.

- Ойын балалардың зейінің тұрақтандырады, есте сақтауын, іс – әркетке икемділігін, қабілетін өсіріп, байқағыштығын арттырады.

- Ойын үстінде бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын жеңіл меңгеріп, әсемдік пен сұлулықты сергек сезініп, көркемдік талғамы артады.

Дидактикалық ойындар арқылы жүргізілген жаттығулар мен қайталаулар баланы жалықтырмайды, өйткені олар біреклкі болмайды. Мұндай ойындар әр түрлі сипатта және түрлі мақсаттарда қолдану мүмкін. Дидактикалық ойындардың маңызы – баланың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсенділігін дамытатындығында.Дидактикалық ойын атары: Қандай түс, Кім тез жинайды? Моншақтарды тіземіз, Біздің ыдыстарымыз, Шапан тарту сияқты ойындар.

 

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 3756;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.