Мектепке дейінгі жастағы ақыл-есі кем балалардың графикалық біліктілігінің ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды арнайы тәрбиелеп,оларға арнайы білім бермесе сурет салуға мүлдем қызығушылығы болмайтыны белгілі.
Балабақшаға түскен 4-5 жастағы олигофрен балалар тіпті қарапайым суреттерді де сала алмайды. Олардың графикалық іс-әрекеттері манипуляторлық мінезді иеленеді және бейнелеу өнерінің сызу деңгейінде болады. Көп балалар алдарына берілген тапсырманы түсінбейді. Олар суретсалудың орнына карандашты тоқылдатады оны кеміреді, қағазды мыжғылайды немесе жыртады. Олардың кейбіреуі бейберекет сызықтар сызады, карандаштан қалған ізге назар аудармайды, қағаздың шетінен шығып кетеді,карандаш сынсада сурет сала береді.
Қалапты дамыған бала 4 жасында затты бейнелей алады. Ақыл-ойы дамуы артта қалған бала,біршама үлкен болсада,мұндай тапсырманы орындауда дәрменсіз болады, көмекті қажет етеді. Бұл балаларда затты бейнелеу кеш қалыптасады (6-7 жаста) онда да білім берудің әсерінен. Ақыл-ойы дамуы артта қалған балаларда «бейнелеу өнері сабағына дайындық әрекеті» жоқ (В.М.Бехтерев). осы кезеңде қалыпты жазылған шымай жазудың арасынан сызықтарды,спиральдарды және сол немесе басқа заттардың кескін көріністерін табуға болады.
Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы дамуы артта қалған балалардың тақырыптық сурет салуы өте шектеулі және көбінесе алдыңғы сабақтың мазмұнымен байланысты. Көбінесе олар дәстүрлі үйдің суреттерін және әртүрлі заттардың суретін салады. Ақыл-ойы дамуы артта қалған балалар өздерінің суреттерін белгілі мағналы сюжетке байланыстырмайды. Оның қасында мекиепке дейінгі жастағы қалыпты балалардың суреттерінің іс-әрекеттерінде сюжеттік құрылымы бар. Дегенмен, оларда сюжетте ойлаған барлық элементтерді дұрыс бейнелей алмайды. Балалар жетіспеген элементтің «орнын басуда» сөйлеуді қолданады.
Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы артта қалған балалар қалыпты балаларға қарағанда бейнелеу іс-әрекетінде сөйлеу тілін қолданбайды.
Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы артта қалған балалардың жарияланған суреттері ерекше мінездемені иеленеді:
а) Толықтырылмаған бейненің фрагменттілігі(үйдің тек қана қабарғасы және шатыры;бұтақсыз ағаштың діңгегі және т.б.).
б) Суреттегі толық бейненің болмауы(бейненің «шашыраңқылығы», элементтерді кеңістік арқылы қағаз бетіне шашу:үйдің есігі ауада ілініп тұр,терезелер дуалдың үстінде орналастырылған;адамның қолы кеудеден бөлек салынған және т.б.).
в) Бейнеленген обьектінің формаларын жетілдіру және бұрмалау(заттың пішінін және оның бөліктерін бейнелеу кезіндегі тұйықтықтың болуы;шаршы шеңбер түрінде берілген, шеңбер үшбұрыш түрінде берілген;түрдің араласуы және бұрмалануы).
е) Әртүрлі мағнасыз бейненің болуы,яғни затты бейнелеуде оның мағнасын және бөліктерін түсінбеумен шартталған (жоғары және төмен орналасқан үйдің 2 шатыры, үйдің шатырындағы есік және т.б.).
д) Салынған затта түрлі-түсті боядың болуы (бейнені әртүрлі бояумен бояу).
Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы артта қалған балалардың суреттерінен басқада жетіспеушіліктерді көруге болады (Мысалы, суреттегі бөліктердің пропоционалды болмауы, бейнені қағаз ортасына байланысты шатастыру, сонымен қатар суреттің және қағаздың пішініне сай келмеуі және т.б.). бірақ мұндай жетіспеушіліктер қалыпты деңгейдегі кіші сынып оқушыларында да кездесдеседі.
Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы артта қалған балалардың суреттерінің өзіңдік сапалығы олардың сенсорлы аймағының және танымдық іс-әрекеттерінің спецификалық ерекшеліктерінің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Көптеген жетіспеушіліктер маториканың бұзылысымен және көздік-қазғалыстық координацияның тежелуімен шартталған.
Олигофрен балаларда графикалық қабілеттіліктерді қалыптастыру қиындықтары назардың төмен болуына, тез шаршап қажумен,белсенділіктің төмендеуімен және мақсатсыздықтың жетіспеушілігімен шартталған. Көптеген балалар мазасыз болады: орындарынан тұрып кетеді,бөлме ішін аралап жүреді,бір-бірінің каркндаштарын және басқада заттарын тартып алады. Үлкендердің ескертулеріне олар айғайлап, жылап немесе мүлдем реакция білдірмейді.
Сонымен ақыл-ойы артта қалған балалардың өзіне тән дамуы өзіндік сурет салуда және оны құру процесінде көрінеді.
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2974;